Қан айналымының реттелуі



бет1/3
Дата31.03.2023
өлшемі25.27 Kb.
#471464
  1   2   3
Журек қантамырлар жүйесінің реттелесі


Қан айналымының реттелуі. Қан айналуы тамырларды қозғалатын жүйкелер мен гуморальді факторлар арқылы реттеледі. Тамырлардың қалыпты жағдайын реттейтін жүйкелер тамырды тарылтатын және кеңейтетін болып екіге бөлінеді. Симпатикалық жүйкелер қантамырларды тарылтады, ал парасиматикалық жүйкелер кеңейтеді. Тамырларды кеңейтетін заттарға жататындардың бірі – гистамин. Ол қарын мен ішек қабырғасында пайда болады.
Қан қысымы депрессорлық және прессорлық рефлекстер арқылы реттелінеді. Депрессорлық жүйкесі сопақша мидан басталып аорта қабырғасы арқылы жүректің сол қарыншасын эпикард астында орналасқан. Бұл жүйке аортадағы қан қысым мөлшерін реттейді. Жалпы ұйқы артериясының екіге бөлінетін жерінде синускаротид аймағы орналасқан. Бұл аймақ тіл-жұтқыншақ жүйкелерін әр түрлі рецепторларынан құралған. Ұйқы артериясында қан қысымы көтерілген кезде тіл-жұтқыншақ жүйкесінің барорецепторлары тітіркеніп, осы арқылы сопақша миға беріліп, артерияға жауап кезеген жүйке арқылы жеткізіліп, артерия кеңейеді де, қысым мөлшері төмендейді.
4. Лимфа және лимфа айналымы. Лимфа – лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріндегі сұйық зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капиллярларына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа ішкі ортаны қанмен байланыстырады. Лимфаның негізгі қызметі – белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол ағзада суды таратуда, сүт түзуде, асқорыту, зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады.
Лимфа жүйесілимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының әрбір килограмына шаққанда бауырда 21-36 мл, жүректе – 5-18 мл, көк бауырда – 3-12, аяқ еттерінде – 2-3 мл лимфа түзіледі. Салмағы 500 кг сиыр қанына тәулігіне 24 л лимфа қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет