Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Әдепті бала ата-анасын мақтар,
Әдепсіз бала ата-ансын қақсатар.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Әкеден ақыл- анадан мейір.
Ананың сүті бал-баланың тілі бал.
Анаңа ауыр сөз айтпа –атыңа ауыр жүк артпа.
Тіл достықтың алтын көпірі.
Тілі өлген ел-тірі өлген ел.
Тіл сүйексіз болса да ,сүйектен өтеді.
Тіл жүйрік емес –ой жүйрік.
Тіл мәртебесі –ел мәртебесі
Ана тілің алпыс тілге татйды.
Отан елдің анасы-Ел ердің анасы.
Отанды сую –от басынан басталады.
Отан оттанда ыстық.
Отансыз адам –ормансыз булбұл.
Отанға опасыздық еткенің-өз тубіңе жеткенін