Анатомия без pptx



бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі2.87 Mb.
#472413
  1   2   3
11сем Анатомия


Нейрогенді бездер тобы.
Гипофиз-ми сыңарларының астыңғы жағында,түрік ершігінің үстіңгі ойысында орналасқан.Аралық мимен өте тығыз байланысқан.Салмағы 0.7г.Гипофиз сыртын қатты ми қабығы жауып өтеді,оның өзі алдыңғы,артқы,және аралық деп аталатын үш бөліктен тұрады.
Гипофиз кішкентай болса да,қызметі өте күшті.Қанға 20 дан аса гормон бөледі.Алдыңғы бөлігі адамның жалпы дамуына,өсуіне әсер етеді.Басқа ішкі секреция бездерін реттеуге көмектеседі.
Ересек адамның гипофизі ісік ауруына ұшырап,қызметі өзгерсе,акромегалия ауруын тудырады.
Ал егер бала кезінде өзгерсе,соматропты гормон қанға көп бөлінсе,бала алып болып,әдеттен тыс өседі.
Егер осы гормон аз бөлінсе,аласа бойлы,ергежейлік қалыпта қалады.
Алдыңғы бөлігінен бірнеше гормондар түзіледі.
Артқы бөлігі қан тамырларының,жатырдың,бүйректің қабырғасында бірыңғай салалы ет тканьдерінің жиырылуын реттеп отырады.
Қан тамырларын тарылтатын,қан қысымын көтеретін гормон-вазопрессин,ал жатыр етін жиыратын гормон-окситацин,ал бүйректің несеп шығуын реттейтін гормон-антидиуретикалық деп атайды.
Аралық бөлігі-интермедин гормонын бөледі.Ол тері клеткаларының түсіне әсер етеді.
Эпифиз-аралық мидың таламус бөлігінің үстінде орналасқан.Ұзындығы 7-10,көлденеңі 5-7 мм.
Без алынып тасталған жас малдарда сүйектерінің жылдам өсуі,жыныс белгілерінің ерте дамуы және жыныс органдарынның кенеттен тыс өсуі байқалады.Сол себептен эпифиз безі жыныстық органдардың дамуын тежейді деп айтылған.
Бронхиогенді бездер тобы (бронхиогенные железы).
Қалқанша безі
Қалқансерік бездері
Айырша без
Қалқанша безі ішкі секрециялық бездердің ішіндегі еңүлкені болып табылады. Түсі сарғыш-қызыл, жұмсақ,салмағы 30-40 г, ені 50-60 мм.
Қалқанша бездің атқаратын қызметіне байланысты өтетін аурулық жағдайды екіге бөледі.
Гиперфункция немесе қызметінің кенеттен тыс күшейіп, қанға гормон-ның көп бөлінуі. қанға тироксин көп бөлінсе зат алмасу процесі 15-20 есе артады. Бұл жағдайдаарықтап жүдейді, ұйқысы тынышсыз, беймаза ренжі-гіш, тершең, шөлге шыдамсыз келеді. Түрі бұзылып,көздері шарасынан шығады, бұл ауру «Базедов» депаталады.
Гипофункция керісінше қызметінің на-шарлап гормонының аз шығуы. Оның қызметінің жеткіліксіздігі баланың ерте жасынан байқалса, бойы өспей, тістері кеш шығып, ми қабілеті төмендейді. Мүндай ауруды «микседема» деп атайды. Оның алғашкыбелгілері баланың 8 айлығында-ақ сезіле бастайды. Олаурумен ауырған бала 4 жасқа дейін аяғын баса алмай-ды, бас-аяғы ісініп, шашы түсіп; тілі үлкейіп, түсі сүп-сұр болады. Баланың ақыл-ойы, жыныстық жетілуінашар дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет