Сұрақтар мен тапсырмалар:
Мысалы, 1-эпизодқа
Ертегі кандай сөздермен басталды?
Қазанқап кедейдің іс-әрекеті, кәсібі туралы не айтылған?
Кендебай дүниеге қалай келді? Оның сипатын, мергеңдігін айтып бер.
Кендебай Керқұла құлынға калай ие болды? Құлын қалай өсті?
Мазмұндап болған соң, эпизодқа тақырып қою жұмысын жүргізу керек. Онда да балалардың өз пікіріне жол ашқан жөн. Балалармен бірге бұл көріністерге, «Кендебай және Керқұла құлын тарихы» деген тақырып қоюға болады. Мұғалім эпизодқа тақырып қоюдың негізгі шарттарын балаларға түсіндіреді, яғни тақырып сол эпизодтың ең басты, негізгі оқиғасы айналасында қойылатынын ескертеді.
Ертегі мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі. Мұғалім өзі мәнерлеп оқып, балаларды да қатыстырып отыруы керек. Бүкіл сынып болып, кезектесе оқуға немесе жекелеген балаларға оқытуға да болады. Соңғысында балалар мәтінді үнемі іштей ілесе оқып отырады, мәнерлеп оқуға дағдыланады, мұғаліммен бірге бәрі де мәтінмен жұмыла жұмыс істейді. Сондай-ақ эпизод бойынша кезектесе оқудың да тиімділігі бар (тақтадағы көрнекілікті негізге алып). Ертегі мазмұнын меңгерту кезеңінде қызықты эпизодтарынан инсценировка көрсетуге болады (үйірме мүшелерінің көмегі, жоғары сыныптың қабілетті оқушыларымен). Онда кездесетін архаизм сөздерге түсінік беріл, сөздік жұмысын жүргізу - басты тәсілдердің бірі.
Содан кейін ертегі мәтінін мазмұндату жұмыстары басталады. Мазмұндату да бірнеше әдіс-тәсілдермен жүргізіледі. Мысалы:
а) мәтінге жуық толық мазмұндау;
ә) эпизодтарға байланысты басты оқиғаларын теріп мазмұндау;
б)өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндау;
в) мұғалім сұрағына жауап-мазмұндау
Мазмұнын толық меңгерткеннен кейін, ертегіге әдеби талдау жүргізіледі. Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, практикалық тапсырмалар (проблемалық сипаттардағы сұрақ, тапсырмалар берудің тиімділігі зор), әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзін қатыстыра отырып, жүргізген дұрыс.
Әдеби талдауды төмендегі үлгіден көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |