Анықтамалық Қаңтар 2015 жыл Ө Орал қаласының экономикасы неркәсіп



Дата23.02.2016
өлшемі155.72 Kb.
#7312
түріАнықтамалық


Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі


ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ


Қаңтар

2015 жыл

Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП


Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

млрд. теңге



Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы



Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП

2015 жылдың қаңтар айына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 8,8 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 106,9% құрайды. Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес (46%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, өндіріс көлемі 4,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі 105% құрайды.

Аталған саладағы өндіріс көлемінің өсуі, өнім өндіру көлемінің көбеюімен байланысты:

тамақ өнімдерін өндіру 12,4% (соның ішінде косервіленген ет өнімдері 2,3 есе, консервіленген балық 2,5 есе);

сусындар 30,8% (минералды су 71,7%, алкогольсіз сусындар 5 есе);

өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 43,9% ( бетоннан жасалынған бұйымдар 65,9%);

металлургия өнеркәсібінде 32,1%;

Ағаш және тығын бұйымдары, жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту, қағаз және қағаз бұйымдарын өндіру былтырғы жыл деңгейінде қалды.

Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібінің қалған бағыттары бойынша өндіріс көлемінің кемуі байқалады:

тоқыма бұйымдарын өндіру 28,7% (соның ішінде төсек-жайма бұйымдарын өндірудің 14,9%, дайын тоқыма бұйымдарының 18,3% кемуі есебінен);

киім 9,7%

химия өнеркәсібі 2,8%;

резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 8,8%;

металл бұйымдар өндіру, машина және жабдықтардан басқа 82,1%;

машина жасау 20,9%.

жиһаз өндіру 4,8% (отыру үшін жиһаз 2,8%, ас-үй жиһазы 3%).

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 0,3млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жыл деңгейінен 6,2% жоғары болып отыр. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою 17,6% өсті.

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 4,2 млрд.теңге немесе 47,9%, ол өткен жыл деңгейінен 2,4%-ға төмен. Өндірістің кемуінің негізгі себебі электр энергиясын тұтынуды үнемдеу мен кәсіпорындарда энергия үнемдеу технологияларын енгізумен байланысты.



А
Орал қаласының экономикасы

УЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ



бас



Орал қаласының экономикасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық аграрлық секторында 34 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде - 1 мемлекеттік кәсіпорын, 7 –жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 26 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 20,6% қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы көлемі 123,6 млн.теңге, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 106,0%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру-0,2 млн.теңге, өсу қарқыны – 66,6%, мал шаруашылығында – 123,4млн.теңге, өсу қарқыны – 106,9% құрады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылы ірі қара малын сату 62,4%, сүт өнімдерін өндіру 98,2% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің (96,3%) негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

2015 жылдың қаңтар айында былтырғы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда ет өнімдері 147%-ға (72 тонна) өсіп, тауық жұмыртқаларын өндіру 9% (5608,3 мың дана) кеміді, сонымен бірге сүт өнімдері 4%-ға ( (161,3 тонна) кеміп отыр.

Ірі қара мал басы 6% өсіп, 3525 басты құрады, оның ішінде сиыр 1810 бас. Сонымен бірге қой 8%-ға (2813 бас) өсіп, ешкі 12%-ға (867 бас), шошқа 5%-ға (1252 бас) кеміді. Сонымен бірге жылқы 2% (216 бас) өсіп, құстар 12%-ға (341521 мың бас) кеміді.

Қала аграрлықтарымен 2015 жылдың өнімі үшін 1088 гектарға күзгі дақылдар егілді. Соның ішінде күзгі бидай – 822 гектар, қара бидай – 266 гектар.

Тұрғындарды қыс мезгілінде көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 10 мың шаршы метр болатын 5 жылы-жай шаруашылығы жұмыс істейді.

К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.

Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады. 2015 жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаланың барлық көлік түрлерімен тасымалданған жүк барлығы 1,1%-ға өсіп (2,8 млн.тонна), жүк айналымы 0,3% (179 млн.т/км) құрады.

Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 323 автобус және 188 шағын автобус шығады.

Жолаушы тасымалдау көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 1,9%-ға (35,2 млн.адам), жолаушы айналымы 3,2%-ға өсіп, (672,4 млн. адам/ш) құрады.

Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ




Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2015 жылдың 1 ақпанына қаладағы есепті деректер бойынша 28 100 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде 4 930 заңды тұлға, 23 170 жеке кәсіпкерлер), олардың 25 890 (4 110 заңды тұлға, 21 780 жеке кәсіпкер) қолданыста (92,0%), еңбек ететіндер саны 40 160 адамды (12 029 заңды тұлға, 28 131 жеке тұлға) құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны 2,8%-ға азайған.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 5 864,6 млн. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.

Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша 2015 жылдың қаңтар айында 249 куәлік берілді, тіркеу салымы 863 000 теңгені құрады.

2015 жылдың қаңтар айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 27(3,47 га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 2 (0,037га).

Сонымен қатар 4 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді және 12 нысан қайта жоспарланып іске қосылды, сонын ішінде: 8 дүкен, 2 кафе, 2 авто шеберхана бар.

2015 жылдың қаңтар айында Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын бизнес субъектілеріне 984,3 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 465,8 млн. теңге, ұзақ мерзімге – 518,5 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиелер 22,1 пайызға кеміді, ұзақ мерзімге берілген несиелер 1,6 пайызға өсті.


Орал қаласының экономикасы

м
лн.теңге




Орал қаласының экономикасы


САУДА

млн. теңге

Орал қаласының экономикасы


САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
2015 жылдың қаңтар айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 12 693,7 млн. теңгені құрады, келесі кезеңге сәйкес былтырғы жылдан 10,0 % өскен.

Нарық айналымының тауар айналымы жалпы көлеміндегі бөлшек салмағы 45,7% немесе 5 798,7 млн. теңгені құрап отыр. Нарықсыз тауар айналымы көлемі 54,3% өсіп, 6 895,0 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 037,3 млн. теңгені құрап, 18,3%-ға өскен.

Нарықтың тауар массасы жылдан жылға көбейіп жатыр, тауар ассортименті тұтынушыларға үлкеюін белгілеу керек. 2015 жылдың 1 ақпанына тауар қалдықтарының көлемі: көтерме саудада – 10 205,6 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 6 159,1 млн. теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2015 жылдың 1 ақпанына қалада 45 ірі сауда үйлері, 1554 дүкендер мен дүңгіршектер, 31 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 420 объект, 246 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 67 ателье, 225 авто шеберхана, 145 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 37 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.


Орал қаласының экономикасы



Т
Орал қаласының экономикасы



ауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері

Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР

Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2015 жылдың қаңтар айында 2014 жылдың өткен желтоқсан айымен салыстарғанда 100,4%, 2014 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 106,5% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 100,9% сәйкесінше 108,1% құрап отыр.

2015 жылдың қаңтар айында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,4%-ға өсті.

2015 жылдың қаңтарында азық–түлік тауарларының баға индексі 100,9% құрады, бұл макарон өнімдері бағасы – 1,2%-ға, ірімшік және сүзбе – 1,7%-ға, қарақұмық жармасы, блық және теңіз өнімдері - 1,9%-ға, жеміс және көкөніс - 4%-ға өсуімен белгіленген. Картоп бағасы – 2,1%-ға, алкогольді ішімдіктер – 1,4%-ға, темекі өнімдері 2,2%-ға қымбаттады. Күнбағыс майы – 2,1%-ға, құмшекер – 2,9%-ға төмендеді.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында азық-түлік емес тауарларының бағасы – 0,1%-ға өсті, сонымен бірге киім мен аяқ киім бағасы - 0,3%-ға, тұрмыс құралдары – 4,8%-ға, фармацевтика өнімдері - 5,3%-ға қымбаттады. Дизель отыны 1,3%-ға, бензин – 5,2%-ға арзандады. Автомобильдер бағасы 2,3%-ға төмендеді.

2015 жылғы қаңтар айында халыққа көрсетілген ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,1%-ға өсті, сонымен қатар ұялы телефон қызметі – 3,1%-ға, құқықтық қызмет – 7%-ға, сақтандыру қызметі 7,1%-ға қымбаттады. Жолаушылардың темір жол көлігі 1,4%-ға арзандады.

Батыс Қазақстан аймағының (Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қалаларымен Орал қаласын саластырғанда 2015 жылдың 15 қаңтарына 18 позициядан статистика органымен сарапталған азық-түлік тауарлар топтары ішінде 10 атауы бағасы кем болып тұр.



Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ


млн. теңге



И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 1890,5 млн. теңгені (алдыңғы жылға 118,2% құрады), соның ішінде: жергілікті бюджет -222,4 млн теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың –1637,8 млн.теңге, несиелер есебінен 30,3 млн. теңге.

Республикалық бюджет арқылы коммуналдық шаруашылық және сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, коммуналдық және несиелік үйлердің құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жеке қаражаты есебінен нақты құны 684 млн. теңгені құрайтын 7 нысан іске қосылды, соның ішінде: жалпы алаңы 214 шаршы метр болатын 5 минимаркет850 шаршы метр 2 қоймалар, 3774 шаршы метр 3 сауда үйлері, 79 шаршы метр 1 кеңсе, Зашаган ауылында 1 кафе, жалпы алаңы 1019 шаршы метр 1 автокешен және 1 кормоцех іске қосылды.

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі – 910,6 млн. теңге құрады, былтырғы жылдан 2,1 есеге артып отыр.




Орал қаласының экономикасы

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 16,4 мың шаршы метр 175 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға-92,1%. Оның ішінде: жұртшылық есебінен-75 пәтер немесе 9 мың шаршы метр, былтырғы жылға 74% құрап отыр.

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 903,6 млн. теңге бағытталды(91,3% былтырғы жылға салыстырғанда), соның ішінде: жергілікті бюджет қаражаты есебінен-222,4 млн теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың – 4,2 млн теңге, жұртшылық есебінен-677 млн теңге.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 72,2 мың теңге құрады(былтырғы жылға 170%).Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 75 мың теңге құрады.


Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге



Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ
2015 жылдың қаңтар айына қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 4218,2 млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 953,6 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 22,6% құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 102,1% құрап немесе 89,4млн.теңгеге өскен. Ол республикалық салықтардың 540,3млн.теңгеге өсімі есебінен және реттейтін салықтар түсімінің 385,9 млн.теңгеге кемуі есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

2015 жылдың қаңтар айының есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 127,1% орындалып, немесе жоспардағы – 1225,5 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 1557,1 млн.теңге соның ішінде бөлінген нысаналы трансферттер сомасы - 363,3 млн.теңге.

Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 145,1%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 657,2 млн.теңге қала қазынасына нақты түскені – 953,6 млн.теңге.

Реттейтін салықтар бойынша жоспар 117% орындалды, немесе жоспардағы – 544,2 млн.теңгенің қалалық бюджетке нақты түскені – 636,8 млн.теңге соның ішінде жеке табыс салығы бойынша жоспар 113,1%, әлеуметтік салық бойынша – 123,4% құрады.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша есепті кезеңнің жоспары 288,4% орындалып немесе жоспардағы 92,9 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 267,7 млн.теңге.

Ағымдағы жылы реттейтін салықтар бойынша түсім былтырғы 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 223,1 млн.теңгеге (25,9%) 863,1 млн.теңгеден 640 млн.теңгеге дейін кеміді.

Ағымдағы жылы түсімдердің кемуінің себебі, жекелеген ірі салық төлеушілердің өткен 2014 жылы алдын ала (аванс ретінде) 215 млн. теңге төлеуімен байланысты болып отыр.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша өсу қарқыны есепті 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда -215%, немесе 143,2 млн.теңгеге өсті.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша толық алынбаған салықтың жалпы сомасы контингентте – 2,6 млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджет бойынша толық алынбаған салықтың сомасы – 358,8 теңгені құрады.



Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ





Орал қаласының экономикасы



БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 77,8% орындалды немесе жоспарланған 1 225 488,0 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 953 268,9 мың теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 30 775,0 мың теңге жоспарланса, одан 29 151,1 мың теңге немесе 94,7% игерілді;

- қорғаныс саласына 2 252,0 мың теңге жоспарланып, 78,7% немесе 1 772,1 мың теңге орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 1 300,0 мың теңге жоспарланып, 100% немесе 1 300,0 мың теңгеге орындалды;

- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 546 181,0 мың теңге сомадан 95,8% немесе 523 059,5 мың теңге игерілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 56 356,0 мың теңге жоспарланып, одан 72,9% немесе 41 110,5 мың теңге атқарылды;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған

542 190,0 мың теңгеден 322 892,5 мың теңге орындалды немесе 59,6%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған

41 096,0 мың теңгеден 29 352,1 мың теңге орындалды немесе 71,4%;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 2 093,0 мың теңге жоспарланып, оның 98,4%-ы игеріліп, 2 059,9 мың теңге құрады;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 2 523,0 мың теңгеден 76,6% игеріліп, атқарылған сома 1 932,3 мың теңге құрады;

- басқалар бойынша 722,0 мың теңгеден 88,5% игеріліп, атқарылған сома 638,9 мың теңге құрады.

Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны жылдық жоспарланған

26 239 733,0 мың теңге сомадан нақты шығын 953 268,9 мың теңге құрады немесе 3,6% орындалды.

Алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджет шығынының құрылымында айтарлықтай өзгеріс болмады.



Орал қаласының экономикасы

ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 283629 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 45% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2% өскені байқалады.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2003 жылдан 2014 жылға дейін Орал қаласының халық саны 25% өсті.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Теректі.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 6371 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 1% азайып отыр.

Өлгендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 0,9% төмендеп, 2843 адамды құрап отыр, ал бір жасқа дейін өлгендер балалар саны 11,1% көбейіп, 60 адамды құрап отыр.

Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып отыр.

Есепті кезеңге халықтың табиғи өсімі 3228 адамды құрады, 2014 жылдың деңгейінен 2% кем.



Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ


адам


Орал қаласының экономикасы

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 636 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 35,2% азайды.

Тіркелген жұмыссыздар саны 996 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7% азайып отыр.

Есепті мерзімде 84 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 60,9% құрап отыр.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 42 жаңа жұмыс орындары құрылды (жоспар – 3267 орын). Оның ішінде: саудада - 20, деңсаулық саласында - 3, коммуналдық шаруашылық саласында – 19.

Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 94284 теңге құрады, былтырғы жылға 107,6%.

Есепті кезеңде жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының өсуі барлық салада байқалады.



Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы 16715 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 7,6% өскені байқалады.

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет