Анықтамалық Қаңтар-желтоқсан 2015 жыл Ө Орал қаласының экономикасы неркәсіп



Дата24.02.2016
өлшемі167.74 Kb.
#14290
түріАнықтамалық



Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ


Қаңтар-желтоқсан

2015 жыл


Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП


Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

млрд. теңге



Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы



Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП

2015 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 103,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 92,5% құрайды. Негізгі кему тау – кен өнеркәсібінде 21,2%, шығарылатын жекелеген өнімдерге тапсырыстардың болмауы себепші болып отыр.

Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес (66%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, өндіріс көлемі 68,7 млрд. теңге, нақты көлем индексі 95% құрайды.

Аталған саладағы өндіріс көлемінің азаюы, өнім өндіру көлемінің кемуімен байланысты:

тамақ өнімдерін 3% (соның ішінде косервіленген ет өнімдері 16%, ет консервілері 24,8%, ірімшік пен сүзбе 34,5%, сүт тағамдары 66,1% кемуі есебінен);

тоқыма бұйымдарын өндіру 13,9% (соның ішінде төсек-жайма бұйымдарын өндірудің 30,5%, дайын тоқыма бұйымдарының 26,2% кемуі есебінен);

химия өнеркәсібі 11,6% (полимерлер стиролы – 15,3%);

резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 4,9% ;

металлургия өнеркәсібінде 6,2% (легірленбеген болаттан жасалған қырланған табақтар 11%);

өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 6,7% (тауарлы бетон 21 есе);

машина жасау 19,7%;

Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібінің қалған бағыттары бойынша өндіріс көлемінің өсуі байқалады:

сусындар 3,9% (алкогольсіз сусындар 3,6% );

киімдер 3,6% (ерлер мен ер балалар үшін сыртқы киімдер 3,2 есе);

ағаш және тығын бұйымдарды өндіру 4,8 есе,

жиһаз өндіру 2,3%,

машина және жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 14,5%.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 3,9 млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жыл деңгейінен 6,3% төмен болып отыр. Суды тұтынудың кемуі су өндіру көлемінің 10,1% кемуіне себепші болып отыр.

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 10,6% кеміп, немесе 31,1 млрд.теңгені құрайды. Өндіріс көлемінің кемуі электр энергиясын тұтынуды үнемдеу мен кәсіпорындарда энергия үнемдеу технологияларын енгізумен байланысты.

2015 жылдың 12 айында «Бизнестің Жол Картасы 2020» Бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің өтініштерін қарау бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстары өткізіліп, соның ішінде Орал қаласы бойынша 2,3 млрд.теңге сомасында 47 жоба мақұлданып,онда 132 жұмыс орны құрылды.




А
Орал қаласының экономикасы

УЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ



бас





Орал қаласының экономикасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық секторында 58 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде – 1 мемлекеттік кәсіпорын, 12 –жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 36 шаруа қожалығы және 9 басқа жер пайдаланушылар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 20,6%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы көлемі 4184,6 млн.теңге, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 93,1%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 2301,3 млн.теңге, өсу қарқыны – 90,1%, мал шаруашылығы – 1746 млн.теңге, өсу қарқыны – 94,3% құрады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылы ірі қара малын сату 64,4%, сүт өнімдерін – 98,7% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің 95,6% негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

2015 жылдың 12 айында былтырғы 2014 жылмен салыстырғанда ет өнімдері 9,2%-ға (939 тонна) және сүт 0,7% (5263,5 тонна) өсіп, тауық жұмыртқаларын өндіру 10% (68704,4 мың дана) кеміп отыр.

Қой 2,9% өсіп, 2762 басты, жылқы 2,3% өсіп (219) құрады. Сонымен бірге өз кезегінде ірі қара малы 2,4% кеміп, (3450 бас), ешкі 15,8% кеміп (855 бас), шошқа 5,5 кеміп (1157 бас), құстар 10,6% кеміп (330 мың бас) құрады.

Тұрғындарды қыс мезгілінде көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 10,0 мың шаршы метр болатын 5 жылы-жай шаруашылығы жұмыс істейді.




К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.

Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өткен 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаланың барлық көлік түрлерімен тасымалданған жүк барлығы 6,9%-ға (31,2 млн.тонна), жүк 2,1% (2441,2 млн.т/км) өсті.

Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 35 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 338 автобус және 204 шағын автобус шығады.

Жолаушы тасымалдау көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 1,9%-ға (433,7 млн.адам), жолаушы айналымы 6,9%-ға (7344,8 млн. адам/ш) өсті.



Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ




Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2015 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы есепті деректер бойынша 28 227 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде 4 936 заңды тұлға, 23 291 жеке кәсіпкерлер), олардың 24 715 (3 096 заңды тұлға, 21 619 жеке кәсіпкер) қолданыста (86%), еңбек ететіндер саны 42 642 адамды (11 248 заңды тұлға, 29 394 жеке тұлға) құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған шаруашылық субъектілерінің саны 3,2%-ға кеміген.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 64 616,1 млн. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.

Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша 2015 жылдың қаңтар –желтоқсан айларында 2 603 куәлік берілді.

Аталған кезеңге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 16 390,3 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 7 013,3 млн.теңге.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 254 (26,1236га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 26 (2,0007га).

Сонымен қатар 109 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сондай-ақ 60 нысан қайта жоспарланып іске қосылды, сонын ішінде: 27 дүкен, 11 кафе, 7 автокөлік кешені 1 сауда кешені, 1 шаштараз, 3 кеңсе, 1 кондитерлік цех, 1 қонақ үй, 2 мейрамхана, 2 дәріхана, 2 қойма, 1 ателье және 1 монша бар.


Орал қаласының экономикасы

млн.теңге


Орал қаласының экономикасы


2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын бизнес субъектілеріне 21904,9 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 10556,3 млн. теңге, ұзақ мерзімге – 11348,6 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиелер 8,2%-ға, ұзақ мерзімге -2,9%-ға азайды.


Орал қаласының экономикасы

САУДА

млн. теңге
С
Орал қаласының экономикасы

САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ


2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 170 818,8 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақты көлем индексі 99,2%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі 32,4% немесе 55 338,1 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 67,6% немесе 115 480,7 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 245 024,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 97,3%-ды құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарына тауар қорларының көлемі: көтерме саудада – 11 761,0 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 7 991,5 млн. теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2016 жылдың 1 қаңтарына қалада 45 ірі сауда үйлері, 1574 дүкендер мен дүңгіршектер, 27 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 431 объект, 247 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 68 ателье, 230 авто шеберхана, 147 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 38 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.

Орал қаласының экономикасы

Тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері
Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 170 818,8 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақты көлем индексі 99,2%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі 32,4% немесе 55 338,1 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 67,6% немесе 115 480,7 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 245 024,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 97,3%-ды құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарына тауар қорларының көлемі: көтерме саудада – 11 761,0 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 7 991,5 млн. теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2016 жылдың 1 қаңтарына қалада 45 ірі сауда үйлері, 1574 дүкендер мен дүңгіршектер, 27 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 431 объект, 247 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 68 ателье, 230 авто шеберхана, 147 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 38 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.

Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ


млн. теңге



И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 56647,5 млн. теңгені алдыңғы жылға 109,5% құрап отыр, немесе 16% облыстық инвестиция көлеміне тиісті.

Соның ішінде: республикалық бюджет есебінен былтырғы жылдан 8,8% төмендеп, 15326,4 млн. теңге қалыптасты.

Жергілікті бюджет қаражатынан инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,3% азайып, 5580,5 млн теңге құрады.

Шетел инвестициясың қоса ұйымдар мен кәсіпорындардың есебінен– 31212,5 млн.теңге (126%).

Басқа да қарыз қаражаты есебінен – 4528,1 млн. теңге (102%).

Негізгі капиталға тартылған қала инвестиясының құрамында 74% - үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына тиісілі, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандарға-24%, өзге де шығындарға-2,7%.

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі – 23 млрд. теңге құрады, былтырғы жылға 68,7% құрады немесе 27% облыстық құрылыс жұмыстарына.

Республикалық бюджет арқылы коммуналдық шаруашылық және сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, коммуналдық және несиелік үйлердің құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Орал қаласында кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының, Зашаған ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды.

Одан басқа, 300 төсекке арналған қалалық көп бейінді аурухана құрылысы, 5 және 7 шағын аудандары аралағында рекреациялық аймағымен жаңа қала аланы құрылысы жалғасуда.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарлама шеңберінде «Лесная сказка» балабақшасына күрделі жөндеу жұмысы аяқталды.



Есепті кезеңге нақты құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын 66 нысан іске қосылды, соның ішінде: жалпы алаңы 1,9 мың шаршы метр болатын 13 минимаркет, 5 мың шаршы метр 7 қоймалар, 22,6 мың шаршы метр 5 сауда үйлері, 8,9 мың шаршы метр 10 кеңсе, 5 кафе, жалпы алаңы 1019 шаршы метр 1 автокешен, 25 автокөлікке арналған 3 гараж, монша 200 орынға, шаштараз, ветеринарлық лаборатория т.б. нысандар іске қосылды, Зашаган кентінде 200 орындық балабақша.

КПО б.в.қаражаты есебінен теннистік корт және Қадыр Мырзали атындағы Өнер үйі, Достық үйі іске берілді.




Орал қаласының экономикасы

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 156,9 мың шаршы метр 1560 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға – 98,6%. Оның ішінде: мемлекеттік есебінен – 35,5 мың шаршы метр, жұртшылық – 87,8 мың шаршы метр, үйымдар мен кәсіпорындар – 19,8 мың шаршы метр.

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 13,4 млрд. теңге бағытталды (119,5% былтырғы жылға салыстырғанда), соның ішінде: республикалық бюджеттен – 3,3 млрд.теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 1,2 млрд теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың – 7,5 млрд теңге, несие арқылы-0,4 млрд теңге және басқада қарыз арқылы – 0,9 млрд. теңге.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 73,7 мың теңге құрады (былтырғы жылға – 105,3%). Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 70,67 мың теңге құрады (105,5%).


Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге



Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ
2015 жылға қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 68228,7 теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 16045,5 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 25,8% құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 92,8% құрап отыр, соның ішінде, республикалық салықтар – 88,3% және реттейтін салықтар – 103%.

2015 жылдың есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 98,5% орындалып, немесе жоспардағы – 26509,7 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 26122,9 млн.теңге соның ішінде бөлінген нысаналы трансферттер сомасы – 5700,5 млн.теңге.

Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 107,4%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 13505,9 млн.теңге қала қазынасына нақты түскені – 14511 млн.теңге.

Реттейтін салықтар бойынша жоспар 97,2% орындалды, немесе жоспардағы – 10186,9 млн.теңге, нақты түскені – 9903 млн.теңге соның ішінде жеке табыс салығы бойынша жоспар 97,3%, әлеуметтік салық бойынша – 97,1% құрады.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша есепті кезеңнің жоспары 126,8% орындалып немесе жоспардағы 2863,4 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 3631,2 млн.теңге.

Ағымдағы жылы қалалық бюджеттің кірістер түсімінің жалпы сомасы 26122,9 млн.теңгені құрады немесе былтырғы жылдың нақты деңгейінен 913,4 мың теңгеге кеміді, азаматтарға пәтер сату есебінен түскен - 912,1 млн.теңге және трансферттер түсімі 3968,8 млн.теңгеге дейін кеміді.

Сонымен бірге былтырғы 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда реттейтін салықтар бойынша түсім 366,9 млн.теңге, 9636,2 млн.теңгеден 9903 теңгеге дейін өсті, ол реттейтін салықтар бойынша норматив аударымдарының 0,5% өсуімен байланысты және төлем мерзімі мен салық есептілігін тапсыру бойынша өзгерістер, атап айтқанда жеке табыс салығы бойынша өсу қарқыны – 103,7%, немесе түсімдер 197,1 млн.теңгеге өсті, әлеуметтік салықтар бойынша өсу қарқыны 104% құрап, немесе 169,7 млн.теңгеге өсті.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша өсу қарқыны ағымдағы 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда -119,3%, немесе 588,4 млн.теңгеге өсті.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша толық алынбаған салықтың жалпы сомасы контингентте – 2,6 млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджет бойынша толық алынбаған салықтың сомасы – 348 млн. теңгені құрады.



Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ






Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 98,5% орындалды немесе жоспарланған 26 509 697,0 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 26 119 775,8 мың теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 484 068,0 мың теңге жоспарланса, одан 483 080,5 мың теңге немесе 99,8% игерілді;

- қорғаныс саласына 32 179 мың теңге жоспарланып, 31 379,9 мың теңге немесе 97,5% орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 119 422,0 мың теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 119 345,5 мың теңге (99,9%) толығымен орындалды;

- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 9 876 142,0 мың теңге сомадан 99,9% немесе 9 871 101,2 мың теңге игерілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 1 452 211 мың теңге жоспарланып, одан 99,7% немесе 1 448 172,3 мың теңге атқарылды;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 6 914 860 мың теңгеден 6 908 287,2 мың теңге орындалды немесе 99,9%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған


836 010 мың теңгеден 835 703,5 мың теңге орындалды немесе 100%;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 74 994 мың теңге жоспарланып, оның 99,9%-ы игеріліп, 74 892,2 мың теңге құрады;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 59 151 мың теңгеден 99,7% игеріліп, атқарылған сома
58 982,6 мың теңге құрады;

- көлiк және коммуникация бойынша 935 323,0 мың теңгеден 97,6% игеріліп, атқарылған сома 912 892,5 мың теңге құрады;

- басқалар функционалдық тобы бойынша 503 521,0 мың теңгеден атқарылған сома 494 125,4 мың теңге (98,1%) құрады.

Есепті кезеңде қаржылық активтерді сатып алуға 74 450 мың теңге жоспарланып, 74 448,9 мың теңге немесе толығымен орындалды. Бюджеттік кредиттер мен қарыздарды өтеу тиісінше 2 143 847,4 мың теңгеге және 2 585 000 мың теңгеге (тиісінше 100% және 88,4%) орындалды.



Орал қаласының экономикасы

ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 287872 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 45% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,6% өскені байқалады.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2005 жылдан 2015 жылға дейін Орал қаласының халық саны 24% өсті.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Теректі.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 5841 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда – 0,2% азайып отыр.

Өлгендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7% азайып, 2508 адамды құрады.

Бір жасқа дейін өлгендер балалар саныда 5,4% төмендеп, 53 баланы қүрап отыр.

Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып отыр.

Сондай-ақ, есепті кезеңге халықтың табиғи өсімі 3333 адамды құрады, 2014 жылдың деңгейінен 1,8% өскені байқалады.

Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ


адам


Орал қаласының экономикасы

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 6632 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,8% азайды.

Тіркелген жұмыссыздар саны 626 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,7% азайып отыр.

Есепті мерзімде 2369 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 184,5% құрап отыр.

Қоғамдық жұмысқа 1614 жұмыссыз тартылды, былтырғы жылдан 19,5% асып отыр.

Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілгендер саны 151 жұмыссыз құрады, былтырғы жылға – 41,6% құрап отыр.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 3454 жаңа жұмыс орындары ашылды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 69,7% құрап отыр. Оның ішінде: ауыл шаруашылығында - 223, өнеркәсіпте - 241, көліктер - 92, саудада - 520, деңсаулық саласында - 84, білім саласында - 216, коммуналдық шаруашылық саласында – 133, басқа салаларда - 452, уақытша жұмыстарда - 1487.

Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 95995 теңге құрады, былтырғы жылға 104,9%(аңықтама: ҚР бойынша-124656 теңге, облыс бойынша-116066 теңге).

Есепті кезеңде жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының өсуі келесі салада байқалады:таукен өнеркәсібі саласында - 110651 теңге (112,4%), көлік саласында – 137845 теңге (102%), қаржы және сақтандыру саласында- 139554 теңге (112,6%).

Ең төмен еңбек ақы тұру және тамақтану бойынша және білім салаларында орын алды, сәйкесінше 46260 (116,2%) және 69885 теңгені (103,9%) құрады.

Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы 17900 теңгені көрсетті, былтырғы жылмен салыстырғанда 8,8% өскенің байқалады немесе облыстық көрсеткішке 99,3% құрады.



Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет