Анықтамалық жолкөрсеткіш семей 2013 Университеттің Ғылыми Кеңесі отырысында



бет1/5
Дата10.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#126193
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

прямая соединительная линия 20

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ




АНЫҚТАМАЛЫҚ - ЖОЛКӨРСЕТКІШ



Семей 2013


Университеттің Ғылыми Кеңесі отырысында

25 қыркүйек 2013 жыл №1 хаттама

қарастырылды және бекітілді

МАЗМҰНЫ



  1. Университет туралы ақпарат

  2. Кредиттік жүйемен оқыту ерекшеліктері

  3. Түсінік сөздік (глоссарий)

  4. Оқу үрдісін ұйымдастыру

  5. Жалпы ережелер

  6. Студенттерді тіркеу

  7. Білімді бақылау және бағалау жүйесі

  8. Емтихан сессиясын өткізу тәртібі

  9. Аппеляция

  10. Студенттерді оқудан шығару

  11. Студенттердің ауысуы және оларды қайта қабылдау

  12. Жазғы семестрді ұйымдастыру

  13. Кітапхананы пайдалану ережелері

  14. Студенттердің міндеттері мен құқықтары

  15. Қосымша А

  16. Қосымша Б

  17. Қосымша В

  18. Қосымша Г

  19. Қосымша Е

  20. Қосымша Ж



  1. Университет туралы жалпы ақпарат

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті – көпсалалы жоғарғы оқу орны, үздіксіз және бакалавриат – магистратура – докторантура (PhD) білім беру бағдарламаларын басымдылыққа алу ұстанымы бойынша мамандықтарды даярлауды жүзеге асырады. Бакалавриат мамандықтары күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша қаза және орыс тілдерінде мамандарды даярлау жүргізіледі.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қызмет көрсету есебін 1998 жылдан бастау алады. Университеттің маңызды әрі қызыққа толы тарихы, сондай-ақ аймақ пен республикада маман түлектерді даярлау бойынша мойындалған жоғарғы кәсіби біліктілігінің болуы лайықты білім беруді көздейтін элиталық жоғарғы оқу орны екендігінің бірден бір дәлелі.

Университеттің Бас оқу ғимараты XIX ғасырдың архитектуралық ғимараты болып табылады және қала орталығының тарихи мақтанышы мемлекеттің қамқорлығына алынған. 1894 жылы ғимараттың қабырғасы ерлер гимназиясы ретінде қаланған. Әртүрлі жылдарда әскери штабтар, Тамбол әскери жаяу әскери училищесі, Оқытушылар институты орналасқан.

Біздің университет бұл салиқалы материалды-техникалық база: оқу ғимараттары, сот отырысы залы, криминалистикалық зертхана, лингафон кабинеті, компьютерлік класстар, Ғаламтор желісіне қосылған жаңа заман компьютерлерімен жабдықталған, спорт кешендері, бассейн, қолайлы жағдай жасалынған жатақхана, кітап қорына бай кітапхана (жыл сайынғы толықтыру 4-5 мың дана ғылыми, әдістемелік және оқу әдебиеттерін құрайды);

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Құрманбаева Шырын Асылханқызы.

Студенттердің иелігінде заманауи жабдықталған 9 оқу-әкімшілік және оқу-даярлық ғимараттары бар. Барлық корпустарда локальді компьютерлік желі орналасқан. Студенттер үйімен барлық студенттер қамтуға мүмкіндігі бар.

Университет оқытудың келесідей ресурстарына ие:



  • Абай көшесі 94 орналасқан ғимарат – оқу, арнайы жабдықталған кабинеттері, криминалистикалық және трассология мен сотбалистикалық зертханалары, дактилоскопия зертхасы, құжаттарды техникалық зерттеу зертханасы, арнайы техникалар кабинеті, «Тұрғын үй бөлмесінің полигон-макеті» зертханасы, акт залы және компьютерлік сыныптары бар оқу-әкімшілік корпусы;

  • Шмидта көшесі 44 орналасқан ғимарат – оқу аудиториялары, дәріс залдары, кітапхана, оқу залы, интерактивті тақталар орналасқан арнайы кабинеттері, компьютер сыныптары, психологиялық кеңес кабинеті, карта, глобус, ландшафтық жерлерді зерттеуге арналған өлшеу құралдары бар география кабинеттері бар оқу корпусы;

  • Абай көшесі 107 орналасқан ғимарат – оқу және арнайы кабинеттері, тағам биотехнологиясы зертханасы, жасушалық биотехнология зертханасы, микробиология зертханасы, органикалық және биоорганикалық химия зертханалары, неорганикалық химия зертханасы, физика зертханасы, компьютерлік сыныптары, спорттық және Ғылыми кеңес отырысы залы бар оқу корпусы;

  • Қаржаубайұлы көшесі 249 орналасқан екі ғимарат – оқу аудиториялары, дәріс залдары, компьютер сыныптары, интерактивті құрылғылар орнатылған арнайы кабинеттер, әскери кафедра пәндері бойынша арнайы жабдықталған кабинеттері бар 2 оқу корпусы;

  • Жамбыл көшесі 20 орналасқан ғимарат - оқу, арнайы кабинеттері, дәріс залдары бар оқу корпусы.

  • Дулатов көшесі 284 орналасқан спорткешен;

  • Шәкәрім көшесі 180 орналасқан спорткешен;

  • Бассейні бар оқу-жаттығу ғимараты (Кабельді көлденең, 5);

  • Далалық, зоналық практикалар, спорттың жазғы және қысқы түрлері бойынша оқу-жаттығу жүргізу кешені (Бесқарағай ауданы);

-Иляшов көшесі 94 орналасқан «Студенттер үйі». Студенттер мен өзге де тұлғаларды университет тәртібіне сәйкес оқу кезеңінде қалалық емес студенттерді орналастыруға арналған жатақханада 344 бөлме бар. Студенттер үйінде лингвистикалық орталық құрылған және өз жұмысын атқаруда.

Университетте барлық мамандықтар пәндері бойынша оқу, әдістемеліәк әдебиеттері ұсынылған ауқымды кітапхана қоры жұмыс жасайды. Университет кітапханасы ең ірі бөлімшелердің бірі болып табылады және университеттің оқу және ғылыми үрдісіндегі, білімнің және рухани-интеллектуалды қарым-қатынас жасаудың маңызды ақпараттық көзі болып табылады. Оқырмандар үшін 100 орындық абонемент, 25 орындық медиатека, 60 орындық периодика залы жұмыс жасайды. Сонымен қатар студенттер үйінде орналасқан оқу залы да бар. Кітапхана қордағы кітаптардағы материалдарды СД- дискілерге, видиокассеталерға, аудиокассеталерға жинақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Университет ғаламдық интернет желісіне қосылған, қосылудың жиынтықты жылдамдығы 4 Мб/с. Еркін қосылу мүмкіндігін беретін студенттер мен оқытушыларға арналған Wi-Fi оқырман залында орналасқан, «Заң» мәліметтер базасы мен электронды оқулықтарды қарауға мүмкіндік береді. Кітапхана қорын жыл сайын жаңартуға жұмсалатын сомма 3-4 млн. теңгені құрайды.

Университет қарқынды дамушы ғылыми орталық ретінде «Абай және Әуэзовтану», «Алаштану», «НИЦ инновационной деятельности», «НИЦ экономических исследований», «Актуальные проблемы юриспруденции» ғылыми-зерттеу орталықтары бар.

01.12.2012 ж., Тұңғыш Президент күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығы ашылды, ол өз кезегінде тіл курстары жүргізілетін лингафон кабинеттері базасы бар тәрбие жұмыстарын жүргізетін қазіргі заманауи ұйым болып табылады. Бұл ШҚО әкімдігі мен ҚазИГЗУ бірлескен жобасы, мұнда университет әдістемелік және координаторлық орталық ретінде қатысты.

Студенттердің белсенділігін арттыру, олардың қоғамдық іске белсене араласуы және «Біз» деген ой қалыптастыру үшін “Студенттер альянсы” өз жұмысын жасауда.

Жүйелі түрде жыл бойы түлектер контингентін жасақтау мен ЖОО түсуге шақыру үшін Жастар саясаты орталығымен, «Карьера» орталығымен, Кәсіби бағдар беру орталығымен жұмыстар жүргізілуде.

Университеттің оқу үрдісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімше бар: ЖОО кейінгі білім беру және ғылым орталығы, «Карьера» жұмыспен қамту және кәсіби жұмыс орталығы, Халықаралық байланыс және академиялық мобильділік бөлімі, офис-регистратор қызметі, ақпараттандыру орталығы, жастар саясаты орталығы, тілдерді дамыту бойынша орталық, медициналық қызмет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 тамыз 2011 жылдан № 977 қаулысына сәйкес ҚазИГЗУ қабырғасында әскери кафедра жасақталған болатын, онда университетіміздің барлық мамандықтарының студенттері оқи алады.

Университет, факультет және академиялық топ, студенттік жатақханалар деңгейінде студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі жұмыс жасауда. Әрбір екінші студент студенттердің ұйымына мүшелікке алынған.

Студенттердің өзін-өзі басқару аясында келесідей шаралар өткізілуде:

- факультетте және университетте дебат турнирлерін ұйымдастыру және өткізу;

- факультеттің ашық есіктер күніне қатысу;

- студенттердің сабққа қатысуын талдау және т.б.

Университет базасында төмендегідей ұйымдар тұрақты және тиімді жұмыс жасауда:

- Студентердің өзін-өзі басқаруы «ҚазИГЗУ студенттер Альянсы»

- Жастар саясаты орталығы (ЖСО)

- «Жас Отан» жастар қанаты

- «Үркер» жастар шығармашылық ұжымы

- «Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қоры

- «Асыл-Арна» интеллектуалды дебат клубы

- ҚазИГЗУ КТК бірлестігі

- «Ақ ниет» студенттер қайырымдылық қоры

- «Жасыл Ел» жастар қанаты

ЖОО студентеер ұйымдары «Семей қаласының жастар және балалар ұйымының ассоциациясы» ЖКҰ, сондай-ақ «Жастар саламатты өмір салты үшін» ҚЖҰ-мен, «Исток» ҚҰ және «Салауат» ҚЖҰ-мен әлеуметтік-әріптестік қарым-қатынаста.

27 шілде 2007 жылдан ҚР Заңнамасының № 319/3 «Білім беру туралы» заңына сәйкес университетте 10 сәуір 2012 жылы «Студенттің ар-ұждан кодексі» жасалынды. Бұл құжат ҚазИГЗУ университетінің қабырғасында білім алу кезіндегі барлық студенттерге қойылатын талаптар болып саналады.





  1. Кредиттік жүйемен оқыту ерекшеліктері

Қазақстан білім беру мен маман даярлау бойынша жаңа парадигманы жасауда және білім беру үрдісіне енгізуде, әлемдік жаһандану жағдайында жоғарғы білім берудің сапасы мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында кредиттік білім беру жүйесіне көшуде

Жоғарғы оқу орын оқытушылары мен білім алушылардың мобильділіктерін жоғарлату мақсатында, сондай-ақ еліміздің білім беру мекемелеріндегі білім берудің барлық деңгейлерін тиімді етіп және жалпы білім беру жүйесін жақсарту мақсатында бірыңғай кредиттік технология жүзеге асырылуда.

Кредиттік технологиямен оқытуда оқу жұмыстарының күрделілігі білім беру үрдісі барысында берілген материалдың көлемімен есептеліп, кредитпен өлшенеді. Кредиттік технология жинақтаушы болып, алдында барлық білім беру деңгейлері бойынша меңгерген кредиттердің үдемелі өсуін меңзейді.

Қазақстан Республикасындағы білім беру ісінің басты мақсаты тек білімнің білік пен дағдының жиынтығы ғана емес, осыларға негізделген әлеуметтік және кәсіби біліктілік, өздігінен ізденіп талдау жасауға, сондай-ақ сауатты шешім қабылдау үшін ақпаратты тиімді пайдалануға, өмірде мақсат қоя білуге, казіргі дүниеде болып жатқан өзгерістерге бейімделуге баулу.

Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын студенттердің өз бетімен таңдауы негізінде білімді шығармашылықпен игеруі және өздік тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі.

Кредит - студенттің оқу жүмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі. Бір кредит 15 апталық академиялық кезеңнің әрбір аптасындағы аудиториялық жұмыстың бір академиялық (50 мин.) сағатына тең.

Оқытудың аяқталуының міндетті шарты ретінде студенттің кредит бөліктерінің бекітілген көлемін алу белгіленген: теориялық оқу кредиті бойынша 129-дан немесе 5805 теориялық бөлім сағатынан және кәсіби тәжірибенін 6 кредиті немесе 270 сағатынан төмен болмауы керек.

Пәндерді оқып үйренуге студенттерді үйымдастыру, деканатқа немесе офис-регистраторға жүктеледі. Әрбір студенттің білім траекториясын айқындайтын дербес оқу жоспарлары жекелеген студенттердің әрқайсысымен әрбір оку жылына эдвайзердің жетекшілігімен белгіленеді.

Кредиттік оқыту жүйесі - өзіндік білім беру мен білімді шығармашылықпен меңгеру деңгейіне оқу үрдісін реттеу шеңберінде білім беру траекториясын таңдау мен кредит түріндегі білім көлемін ескеру негізіне бағытталған жүйе.




  1. Түсінік сөздік (глоссарий)

Академический календарь - академиялык күнтізбе (Асаdemic Саlеndаr) оқу жылына арналған оку және бақылау шараларының күнтізбесі, онда демалыс күндері де көрсетіледі (каникул, мереке күндері).

Академический период - академиялық кезең (Теrm) - ЖОО-ның тандаған түрлі оқу нысанының бірінің теориялық оқыту кезеңі:

15 апталық семестр;

10 апталық триместр;

8 апталық тоқсан.

Академический рейтинг обучающегося - білім алушының академиялык рейтингі (Rating) - бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші, ол аралық аттестация (Қорытынды бақылау) нәтижесінен құралады.

Академическая степень - академиялық дәреже (Degrее) - білім алушылардың жоғары кәсіптік білім бағдарламасына сәйкес дәрежені игеруі. Дәрежені мемлекеттік қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша жоғарғы оку орны береді.

Академический час - академиялык сағат - дәріс, тәжірибе (семинар) сабақтарының 1 сағатына (50 мин) тең немесе студиялық сабақтардың 1,5 сағатына (75 мин) немесе зертханалық сабақтардың 2 сағатына (100 мин), сондай-ақ оқу тәжірибелерінің барлық түрлерінің 1 сағатына (50 мин), педагогикалық тәжірибенің барлық түрлерінің 2 сағатына (100 мин), өндірістік тәжірибенің барлық түрлерінің 5 сағатына (250 мин) тең.

Академическая справка - академиялық аныктама (Transcript) - өткен оқу кезеңінде оқытылған пәндердің кредиттері мен бағалары көрсетілген тізбесінен тұратын, белгіленген үлгідегі құжат.

Активныс раздаточные материалы - қолға үлестіріліп берілетін материалдар (Hand-outs) - білім алушыларды тақырыпты (лекция тезистерін, сілтемелерді, мысалдарды, глоссарийді, өздік жұмысы тапсырмасын) өз мәнінде меңгеруге арналған сабақ барысында үлестіріліп берілетін белсенді көрнекі материалдар.

Ассистент, доцент, профессор (Assstant Professor, Associate Professor, Professor) - ЖОО-дағы -профессор-оқытушылар қүрамының лауазымдары.

Бакалавр, магистр, доктор (Васhelor, Маstег, Doctor) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламасын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәрежелер.

Двухдипломное образование - екідипломдық білім беру нысаны - екі бірдей оқу жоспары бойынша білім алу мүмкіндігі. Аталған білім алу нысаны нәтижесінде екі бірдей диплом (Double Major) немесе негізгі және қосымша (Major- Minor) диплом алуға болады.

Кредиттерді жинақтаушы және трансферттің европалық жүйесі - Білім беру траекторияны, білім беру мекемені немесе білім алып жатқан елді ауыстыру жағдайында меңгерген оқу пәндерді (кредиттер мен бағаларды) салыстыру және қайта сынақтан өткізілуі белгілі бір білім беру бағдарламалары компоненттеріне (пәндер, курстар, модульдар) сынақ бірліктерін тағайындау арқылы жүзеге асырылады.

Запись на учебную дисциплину - оку пәніне жазылу (Еnrollment) - білім алушылардың оқу пәндеріне белгіленген тәртіпте алдын-ала жазылу процедурасы.

Индивидуальный учебный план - Жеке оқу жоспары - Эдвайзердің көмегімен типтік оқу жоспары мен эллективті пәндер жинағы негізінде жасалатын студенттердің жеке оқу жоспары.

Итоговый контроль - қорытынды бақылау (Final Ехаmі-nаtіоп) - білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру үшін, оқу пәнін оқып-үйреніп біткеннен кейін, яғни академиялық кезең аяқталғаннан соң жүргізілетін тексеру; оны өткізу нысаны - емтихан (жазбаша, тест түрінде, ауызша).

Кредитная система обучения - кредиттік оқу жүйесі - өздігінен білім алуды шығармашылықпен игеру деңгейін оқу үрдісін реттеу шеңберінде білім траекториясын жеке тандауы және кредит түріндегі білім көлемін ескеру, арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Кредит - білім алушы/оқытушының оқу жүмысы көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі. Бір кредит білім алушының академиялық кезеңдегі бір апталық академиялық аудиториялық сағатына сәйкес келеді. Әрбір дәрістік, тәжірибелік (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде 2 сағаттың (100 мин). Бакалавриат студентінің өздік жұмысымен (СӨЖ) қоса жүргізіледі.

Контроль учебных достижений обучающихся - Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру - Жоғарғы оқу орнының қалауы бойынша студенттердің білімдерін әр түрлі тексеру нысандары (ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау)

Описание дисциплины - пән сипаттамасы - пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен аспайды).

Офис Регистратор – Тіркеу бөлімі (Office of Registrat) - білім алушының оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу қызметі, білімді бақылау түрлерінің барлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Рабочий учебный план - Оқу жұмыс жоспары - Білім беру мекемелермен әр мамандық бойынша типтік оқу жоспарының және білім алушылардың жеке оқу жоспарларының негіздерінде жасалатын құжат.

Промежуточная аттестация обучающихся - Білім алушылардың аралық аттестациясы - Сессия кезіңдегі білім алушылардың белгілі бір пәнді қаншалықты меңгергендерін бағалау.

Пререквизиты - пререквизиттер - берілген пәнді оқып-үйрену үшін талап етілетін білім, біліктілік пен дағдылары көрсетілген пәндер.

Постреквизиты - постреквизиттер - берілген пәнді оқып-үйренуді аяқтау үшін талап етілетін білім, біліктілік пен дағдылары керсетілген пәндер.

Программа дисциплины - пән бағдарламасы (Sillabus) - окитын пәннің сипаттамасы, мақсаты мен міндеті, қысқаша мазмұны, тақырыбы, әр сабақтың өту мерзімі, өздік жұмыс тапсырмалары, кеңестер (консультациялар) беру уақыты, оқытушының талпаптары, баға өлшемдері, межелік бақылау кестесі, әдебиеттер тізімі енгізілген пәннің оқу бағдарламасы.

GPA (орташа балл) - студенттің таңдаған бағдарламасы бойынша бір оқу жылындағы жетістіктері деңгейінің орташа өлшемді бағасы (қорытынды бақылау бағасы балының сандық баламасына шаққандағы кредит сомасының қатынасы).

Рубежный контроль успеваемости - межелік үлгерім бақылауы - студенттің оқудағы жетістігін жүйелі тексеру оны академиялық күнтізбеге сәйкес тьютор жүргізеді.

Самостоятельная работа студента под руководством преподавателя (СРСП) - білім алушының өздік жұмысы - (ОЖСӨЖ) - тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп түріндегі бақыланатын, оқу-әдістемелік әдебиетпен және кеңестермен қамтамасыз етілген нақты тақырыптар тізбесі, білім алушылардың сипаттарына байланысты (СӨЖ) - етуденттің өздік ұүмысы болып бөлінеді. Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (ОСӨЖ).

Тьютор - студенттерге нақты пәнді меңгеруде академиялық кеңесші рөлінде және оқу пәндерін жүргізетін оқытушы.

Текущий контроль успеваемости - сабақ үлгерімін ағымдық бақылау - пән бойынша дәріс беретін оқытушы өткізетін оқу пәнінің әр тақырыбы және тарауы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеру.

Учебный план - оқу жоспары - оқу пәндерінің білім берудің тиісті деңгейіне сәйкес тізбесі мен көлемін реттейтін негізгі құжат.



Эдвайзер (Advisor) - бітіруші кафедраның тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық ұстаз-жетекшісі міндетін атқарушы оқытушы. Эдвайзер оқу кезеңі бойы білім алушыға оқу траекториясын таңдауға, жеке оқу бағдарламасын игеруге ықпал етеді.
4. Оқу үрдісін ұйымдастыру

4.1. Жалпы ережелер


  1. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіндегі оқу үрдісі, бекітілген студенттердің жеке оқу жоспарлары, жылдық оқу жоспары, академиялық күнтізбе, сабақ кестесі және студенттердің оқытушы жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмыстарға кеңес беру кестесі негізінде жүзеге асырылады.

  2. Оқушының оқу жүктемесінің көлемі студенттің оқу жылы бойы әрбір пән бойынша меңгерілетін кредит немесе академиялық сағат түрінде өлшенеді.

  3. Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.

  4. Оқу жылы академиялық кезеңдер, аралық бақылау, каникул және іс-тәжірибе кезеңдерінен тұрады. Бітіруші курста оқу жылына соңғы мемлекеттік бақылау кезеңі енгізіледі.

  5. Университетте бекітілген академиялық кезең түрі – семестр.

  6. Академиялық кезең түрінің ұзақтылығы нысанына қарай 15 жұма семестр үшін, 10 жұма триместр үшін және 8 жұма квартал (тоқсан) үшін болады.

  7. Күндізгі және кешкі оқу түрі бойынша оқитын студенттердің академиялық кезеңі 15 апта. Күндізгі және кешкі оқу түрі бойынша оқитын студенттердің аралық бақылау кезеңі бір оқу жылына 1 аптадан кем болмауы керек.

  8. Сырттай оқитын барлық мамандықтардың студенттерінің емтихандық сессиясы екі ағыммен (әрбір ағым 4 аптадан кем емес) жоспарланып өткізіледі.

  9. Әрбір академиялық кезеңнен кейін студенттерге демалыс (каникул) беріледі. Бір оқу жылындағы демалыстың ұзақтылығы 7 аптадан кем болмауы керек.

  10. Оқу жылы 6 аптадан тұратын жазғы семестр енгізуі арқылы ұзартылуы мүмкін.

  11. Жазғы семестр студенттердің өтініші бойынша қосалқы пәндерді жетік меңгеру үшін, оқу жоспарларындағы оқу айырмашылықты, академиялық қарыздарын жою үшін қосымша төлем ақы негізінде ұйымдастырылады.

  12. Соңғы бақылау түрі – емтихан. Пәнді меңгеруден кейін аралық бақылау кезеңінде өткізіледі.

  13. Сырттай оқитын студенттер емтихандық сессияға жіберіледі, егер оның алдыңғы курс бойынша академиялық қарыздары болмаса. Сонымен қатар емтиханға дейін бақылау жұмыстары есептелініп, курстық жұмыстары қорғаудан өтуі керек.

  14. Емтихандық сессияға жіберу факультет деканының өкімімен жүзеге асырылады.

  15. Келісімшарт бойынша оқитын және төлем ақысын өтемеген студенттер сессияға жіберілмейді.

  16. Сырттай оқитын студенттер бірінші ағымның емтихандық сессиясына қатыспай, сол себеппен оқудан шығарылса, онда ол ағымдағы оқу жылының екінші емтихандық сессиясына қатысуы үшін оқуға қайта қабылданбайды.

  17. Оқу бағдарламаларының мазмұны жоғары білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес бекітіліп оқу жоспарлары арқылы жүзеге асырылады. Оқу үрдісін жоспарлау келесі құжаттар арқылы жүргізіледі:

  • Типтік оқу жоспары

  • Дербес оқу жоспары

  • Жылдық оқу жоспары

  • Академиялық күнтізбе

  1. Типтік оқу жоспары білім беру саласындағы белгіленген өкілетті органмен бекітіледі. Мұнда міндетті компоненттер бойынша жеке пәндерге бөлінген кредит көлемі және оқыту семестрі белгіленген. Таңдауы бойынша компоненттерге бөлінген жалпы кредиттер саны бекітілген. Іс-тәжірибе өту кезеңі анықталған. Бір оқу жылына жасалып, ғылыми кеңес шешімі негізінде ректордың қолымен бекітіледі.

  2. Жылдық оқу жоспары міндетті және таңдау компоненттеріне жататын пәндердің тізімі, кредит көлемі, оқу реті, оқу және бақылау түрі анықталған.

  3. Типтік оқу жоспарына қосымша элективті пәндер каталогы жетілдіріледі. Бұл каталогта таңдау компоненттеріне жататын барлық пәндерді оқудың жүйеленген түрі, әр пәннің қысқаша мазмұны, оқу мақсаты мен міндеттері анықталып көрсетілген. Элективті пәндер каталогында әрбір пәннің пре- және постреквизиттері көрсетіледі. Элективті пәндер каталогында пәнді таңдау альтернативасы ұсынылады.

  4. Дербес оқу жоспары – бір оқу жылындағы жеке студенттің оқу траекториясын анықтайды.

Дербес оқу жоспары (ДОЖ) (қосымша Г) студенттің оқу траекториясын белгілейді және әрбір оқу жылына эдвайзердің көмегімен студенттің өзі белгілеген түрде қалыпқа келтіріледі.

Бұл жоспарларды екі данада факультет деканы бекітеді: біреуі - деканатта сақталады, екіншісі -студентке тапсырылады.



  1. Әрбір студент тіркеу басталудың алдында тиісті деканатта немесе тіркеу бөлімінде ДОЖ танысады және өзінің оқу траекториясын таңдайды.

  2. Бірінші курс студенті сабақ басталар алдында (15-25 тамыз) тіркеу бөлімінен бірінші курстарға арналған дербес оқу жоспарының дайын нұсқасын алады, онда ол ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін өзінің түзетулерін енгізе алады. Дербес оқу жоспарына одан әрі өзгерту жыл бойына рүқсат етілмейді.

  3. Екінші курс және одан жоғары курс студенттері келесі оқу жылына (белгіленген түрде) өзінің дербес оқу жоспарын эдвайзермен кеңес алғаннан кейін құрастырады, оған қол қояды және тіркеу бөліміне 1 ақпаннан 1 наурыз аралығында тапсырады.

  4. Сырттай оқитын студенттердің оқу жоспарын дайындау қысқы емтихандық сессия соңыңда – 2-4 курс студенттері үшін, бекіту сессиясынан соң – 1 курс студенттері үшін жүргізіледі.

  5. Жаңа оқу жылына дербес оқу жоспарын өзгерту (кредиттің жалпы санынан кем дегенде 10% көлемінде) ағымдағы оқу жылының 26 тамызына дейінгі мерзімде енгізілуі мүмкін. Мүндай жағдайда тіркеу бөліміне өзгерістерді керсету арқылы жазбаша тапсырыс түседі.

  6. Оқу жылы бойы дербес оқу жоспарына өзгеріс еңгізуге тиым салынады

  7. Жеке оқу жоспарын талдаудың нәтижесі бойынша факультет декандары ағымдағы жылдың 10 наурызына дейін жаңа оқу жылына жүмыс оқу жоспарын құрастырады.



4.2. Студенттерді тіркеу
Күзгі семестрдің бірінші курсына тіркеу талапкерлердің университетке өтініш беруінен басталады және ағымдағы жылдың 30 тамызында аяқталады.

Екінші курс және одан жоғары курс студенттерін келесі оқу жылының күзгі және көктемгі семестріне тіркеу 1 наурызда аяқталады. (қосымша Е)

Жазғы семестрге студенттерді тіркеу 1 наурыздан басталады және емтихан сессиясы аяқталғанға дейін жалғасады.

Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша уақыт мөлшеріне сәйкес оқу-әдістемелік кеңесттің шешімімен әрбір элективті пәндер бойынша пәндерді ашуға арналған қажетті студенттер саны белгіленеді, ал әрбір оқытушы үшін - оқу легінде студенттердің мүмкінді жоғары саны белгіленеді.

Егер аталған пәнге 1 наурызға дейін студенттердің саны белгіленгеннен төмен болған жағдайда пән ашылмайды (жұмыс оқу жоспарына енгізілмейді). Эдвайзер бұл туралы ақпараттық тақтаға және университеттің сайтында хабарландыру жасайды. Осы пәнге жазылған студенттер 10 сәуірге дейін эдвайзермен бірігіп жеке оқу жоспарларын а өзгерулер еңгізуі тиіс.

Егер студент осы құқықтарын қолдана отырып оқу жоспарына егізілген элективті курсты басқа элективті курспен ауыстыруына қайта өтініш бермесе, рентабельдік емес курсты ауыстыру тұралы шешімді тіркеу бөлімі қабылдайды.

Егер берілген оқытушыға белгіленгеннен көп студенттер саны тіркелсе, онда кафедра осы пән бойынша екінші (қажет жағдайда - одан да көп) оқу легін қалыптастырады және өзінің қарастыруы бойынша оған білікті оқытушыларды тағайындайды. Осыдан соң студенттер жазбалардың кезегі негізінде лек бойынша және олардың дербес рейтингі бойынша таратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет