Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


Білім беру порталы (Znanie.ksu.kz)



бет35/35
Дата18.11.2022
өлшемі3.95 Mb.
#465148
түріАнықтамалық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Білім беру порталы (Znanie.ksu.kz)–негізгі қызметі пайдаланушылардың ҚарМУ ғылыми және білім беру ақпараттық ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылатын тақырыптық Интернет-ресурстарының жиынтығы.
Қашықтықтан оқыту сайты (idl.ksu.kz)–қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру туралы мәліметтерді және ЭЕМ-ге арналған ««Факел-2»қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған қолдау» бағдарламасын ұсынатын Интернет-ресурс.
Электрондық кітапхана (webirbis.ksu.kz)–электрондық оқулықтар, мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары пәндерінен профессор-оқытушылар құрамының дәрістері, қол жетімділігі төмен және сирек кездесетін монографиялар мен оқу құралдарының электрондық көшірмелері, статистикалық ақпараттың, сыртқы мәліметтер базасының электрондық нұсқалары (Заң,Юрист, EBSCO Publishing, ИНИОН, Рубрикон және т.б.) тәрізді әр түрлі құжаттардың,сондай-ақ өз басылымдарының («AlmamaterКарУ», «Академик ЕвнейАрстанович Букетов», «Экология Центрального Казахстана») электрондық нұсқаларын қамтитын Интернет-ресурс.
Анықтамалық-жол көрсеткіш – кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты түсініктемелерді қамтитын студенттерге арналған анықтамалық басылым. Анықтамалықта ішкі тәртіп ережелері, барлық қызметтердің жұмыс тәртібі, телефон анықтамалығы, әкімгерлер мен ПОҚ аттары, ғылыми атақтары мен академиялық дәрежелері, оқудың төлемақы тәртібі, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат, ПОҚ-тың электрондық мекенжайы, студенттердің құқықтары мен міндеттері ұсынылған.
Жұмыс оқу жоспары Қа­ра­ған­ды Бө­ке­тов уни­вер­си­те­тінің мамандықтың үлгілі оқу жоспарының және білім алушылардың жеке оқу жоспарларының негізінде дербес әзірлеген құжаты.
Академиялық күнтізбе–демалыс (каникул және мереке) күндері көрсетілген оқу жылы ішінде жоспарланып отырған оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі.
Негізгі мәзірдегі «Курстық кейспен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық» – курстық кейсті пайдалану тәртібі мен тәсілдері туралы нұсқау беретін құжат.
ЭОӘК материалдарын өз бетінше оқу барысында:
- қандай да бір пән бойынша білімді бақылау нысанын (реферат, курстық жұмыс, сынақ, емтихан, дипломдық жұмыс) және бақылау тапсырмаларын тапсыру мерзімдерін нақтылау, пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсынымдармен танысу;
- ЭОӘК материалдарын жүйелі түрде оқып білуге кірісу, онымен қатар пәнге қатысты ұсынылған әдебиет пен тиісті нормативтік актілерді пысықтау;
- туындаған сұрақтар бойынша және кеңес алу үшін ЭЕМ-ге арналған ««Факел-2» қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған қолдау» бағдарламасының форумында «Хабар алмасу» арқылы тьюторге (курсты оқитын оқытушыға)жүгіну;
- өз білімін тексеру үшін бақылау сұрақтарына жауап беру, тест сұрақтарына жауап беру, жағдайлық есептерді, жаттығуларды т.с.с шешу арқылы өткен оқу материалын бекіту ұсынылады.


ЭЕМ-ге арналған «Факел-2 қашықтықтан оқытудыңавтоматтандырылған ілестірмесі» бағдарламасында қалай жұмыс істеу керек?

Браузер(Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera или др) адрес терезесінде www.idl.ksu.kz. қашықтықтан оқыту серверінің адресін көрсетіңіз.





«Тіркелген қолданушыға арналған кіру» сілтемесінактивтендіріңіз.





Студенттің жеке парағында мәзірді көресіз





«Электронды деканат» гиперсілтемесі желілік сабақтардың кестесін көруге мүмкіндік береді:

«Кері байланыс» гиперсілтемесі студент пен тьютордың, администратордың электронды пошта арқылы байланысын көрсетеді;

«Оқытушымен сабақтар (Форум)» гиперсілтемесі студент пен тьюторға «Сұрақ-Жауап» тәртібінде ұсынылған тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.


«Форум» гиперсілтемесін таңдаңыз.



Пәнді таңдаңыз.



Тақырып таңдаңыз.



Қажет болса, жауап қосыңыз.



«Хабарландыру» гиперсілтемесі факультет пен кафедра үйлестірушілерінің, тьюторлардың, ЭЕМ-ге арналған «Факел-2» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» бағдарламасыәкімшісінің барлық белсенді хабарландыруларын көрсетеді.

«Хабарландырулар» гиперсілтемесін таңдаңыз.





«Оқу-әдістемелік материалдар» гиперсілтемесі мамандық бойынша курстық кейстерді көруге мүмкіндік береді.


«Оқу-әдістемелік материалдар» гиперсілтемесін таңдаңыз.



“Қарау” гиперсілтемесін таңдаңыз





«Тест» гиперсілтемесі курс пәндері бойынша тестілеуден өту мүмкіндігін береді.





«Тестілеуден өту» кнопкасын басыңыз





Егер Сіз сұрақтарға жауап беріп болсаңыз, «Тестті аяқтау» («Закончить тест») дегенді басыңыз.


Қандайда бір ақпарат алу үшін «Администраторға жазу» формасын пайдалануға болады








ҚОРЫТЫНДЫ
Құрметті студент, Сіз жоғары оқу орны мен мамандықты таңдауда қателескен жоқсыз.
Болашақтағы Сіздің шығармашылық қабілеттеріңіздің жүзеге асуы Сіздің ынта-ниетіңізге, табандылығыңызға, жауапкершілігіңізге, білім үдерісіне белсене араласуыңызға байланысты. Сауатты мамандар әрқашан қажет. Сізге оқуда табыс, қызықты студенттік өмір тілейміз, болашағыңыз жарқын болсын.

Пошталық мекен-жайы:
100028, Қарағанды қ.
Университетк-сі, 28,
Сайт:www.ksu.kz
Тел/факс: 8(7212) 77-03-84



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет