Республикалық нотариаттық ПАЛАТА нотариаттық ҚҰжаттардың Үлгілері



бет1/31
Дата12.06.2016
өлшемі2.28 Mb.
#128947
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТА

НОТАРИАТТЫҚ

ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ


Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және
құқықтық көмек көрсету комитеті мақұлдады


(комитеттің 2009 ж. 20 қаңтарынан
№ 11-5-18/75 нөмірлі хаты)



Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрлігінің


Тіл комитеті мақұлдады (комитеттің 2009 ж.
19 қаңтарынан № 11-02-09/63 нөмірлі хаты)



АСТАНА, 2009

ББК 67.140
Н78
Сын пікір беруші:

Заң ғылымдарының докторы, профессор Т.Е. Қаудыров
Жауапты редакторлар:

Заң ғылымдарының докторы Ж.Х. Қосанов; А.Х. Аленова

Н78 Нотариаттық құжаттардың үлгілері: оқу-тәжірибелік құралы/ Республикалық нотариаттық палата. − Астана, 2009. – 282 бет.

ISBN 9965-9912-2-7

Ұсынылып отырған оқу-тәжірибелік құралы қолданыстағы заңдарды қолдану тәртібіне бағытталған. Қазақстан Республикасында нотариаттық органдар жұмысында жиі жасақталатын құжаттар: сенімхаттар, келісім шарттар, арыздар, куәліктер, өсиеттер және т.б. бүгінгі күні бірыңғай түрде (қазақ тілінде ортақ стандартпен) дайындауды қажет ететіндіктен, осы аталған және тағы басқа құжаттардың үлгілері ұсынылған оқу-тәжірибелік құралының мазмұнына енгізілді.

Оқу-тәжірибелік құралы нотариаттық қызметін атқаратын маман-дар, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докто-ранттары және оқытушылары үшін арналады.

ББК 67.140
Н 1203021200

00(05)-09


ISBN 9965-9912-2-7

© Республикалық нотариаттық палата, 2009






МАЗМҰНЫ

СОДЕРЖАНИЕ






Алғы сөз

7

1 тарау

Сенімхаттар (доверенности)

8




Өкілдік әрекет жасауға арналған сенімхат

оверенность на представительство)

8




Тұрғын үйді жер телімімен сатуға сенімхатоверенность на продажу земельного участка)

10




Кәмелетке толмаған тұлғаның атынан пәтерді сатуға сенімхат оверенность на продажу квартиры от имени несовершеннолетнего)

14




Банкілік салымға иелік етуге сенімхат оверенность на распоряжение банковским вкладом)

18




Банкілік салымға иелік етуге сенімхат оверенность на распоряжение вкладом)

22




Кәмелетке толмаған баланы алып жүруге сенімхат оверенность на сопровождение ребенка)

24




Мүлікке иелік етуге сенімхат (доверенность на распоряжение имуществом)

26




Мұраны қабылдауға сенімхат оверенность на принятие наследства)

31




Автокөлікті жүргізуге сенімхат оверенность на управление автомобилем)

35




Тұрғын үйді сатып алуға сенімхат оверенность на покупку жилого дома)

38




Пәтер сатып алуға сенімхат оверенность на покупку квартиры)

41




Жалақыны алуға сенімхат оверенность на получение заработной платы)

45




Зейнетақыны алуға сенімхат оверенность на получение пенсии)

47




Мемлекеттік жәрдемақыны алуға сенімхат оверенность на получение пособия)

49




Пәтерге иелік етуге және пәтерді пайдалануға сенімхат (доверенность на пользование и распоряжение квартирой)

51




Заңды тұлғаның атынан өкілдік етуге сенімхат оверенность на представительство юридического лица)

55




Азаматтық іс бойынша өкілдік етуге сенімхат оверенность на участие в суде)

59




Іс бойынша өкілдік етуге сенімхат оверенность на участие в суде)

63

2 тарау

Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттар түрлері (виды договоров отчуждения недвижимости)

67




Тұрғын үйді жер телімімен бірге сыйға беру шарты оговор дарения жилого дома с земельным участком)

67




Жер телімін сыйға беру шартыоговор дарения земельного участка)

71




Пәтерді сыйға тарту шарты оговор дарения квартиры)

75




Тұрғын үйді жер телімімен бірге сатып алу-сату шарты оговор купли-продажи жилого дома с земельным участком)

79




Мүлікті айырбастау шарты (договор мены)

85




Жер телімін сатып алу-сату шарты (договор купли-продажи земельного участка)

89




Пәтер сатып алу-сату шарты (договор купли-продажи квартиры)

93




Жер телімін көлікке айырбастау шарты оговор мены земельного участка на автомобиль)

97

3 тарау

Мұрагерлік туралы құжаттар үлгілері (образцы наследственных документов)

101




Мұралық мүлікті сақтау шарты (договор хранения наследственного имущества)

101




Мұралық мүлікті сенімгерлікпен басқарушы тағайындау туралы қаулы (постановление о назначении доверительного управляющего наследственным имуществом)

107




Мұралық мүлікті бөлу туралы келісім (договор раздела наследственного имущества)

111




Өсиет (завещание)

115




Өсиет (завещание)

119




Өсиет (завещание)

123




Өсиет (завещание)

127




Өсиет (завещание)

130




Өсиет (завещание)

134




Өсиет (завещание)

137




Өсиет конвертіндегі жазылым (надпись на конверте с завещанием)

141



Заң бойынша мұрагерлік жөнінде куәлік беру туралы арыз (заявление о выдаче свидетельства о праве на наследство по закону)

143




Заң бойынша мұрагерлік жөнінде куәлік беру туралы арыз (заявление о выдаче свидетельства о праве на наследство по закону)

147




Заң бойынша мұрагерлік жөнінде куәлік беру туралы кәмелетке толмаған тұлғаның атынан арыз (заявление о выдаче свидетельства о праве на наследство по закону от имени несовершеннолетнего)

151




Заң бойынша мұрагерлік жөнінде куәлік беру туралы арыз (заявление о выдаче свидетельства о праве на наследство по закону)

155




Заң бойынша мұрагерлік жөнінде куәлік беру туралы арыз (заявление о выдаче свидетельства о праве на наследство по закону)

159




Өсиетті жою туралы арыз Заң бойынша мұрагерлік жөнінде куәлік беру туралы арыз (заявление о выдаче свидетельства о праве на наследство по закону)

163




Мұрадан бас тарту туралы арыз (заявление об отказе от наследства)

166




Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік (свидетельство о праве на наследство по завещанию)

168




Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік (свидетельство о праве на наследство по завещанию)

170




Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (свидетельство о праве на наследство по закону)

172




Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (свидетельство о праве на наследство по закону)

176




Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (свидетельство о праве на наследство по закону)

180




Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (свидетельство о праве на наследство по закону)

182




Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (свидетельство о праве на наследство по закону)

185




Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (свидетельство о праве на наследство по закону)

187

4 тарау

Шарттар түрлері (виды договоров)

189




Қарыз алу шарты (договор займа)

189




Кепіл шарты (договор залога)

193




Жалға алу шарты (договор аренды)

197




Көлік құралын жалдау шарты (договор аренды автотранспорта)

201




Дүкенді жер телімімен тегін пайдалану туралы шартыоговор безвозмездного пользования магазином и земельным участком)

205




Жалдау шарты оговор на выполнение работ)

211




Өмір бойы асырауда ұстау (рента) шарты (договор ренты)

215




Өмір бойы асырауда ұстау (рента) шарты (договор ренты)

219




Автокөлікті сыйға тарту шарты оговор дарения автомобиля)

225




Пәтерді сатып алу-сату туралы алдын ала шарты (предварительный договор купли-продажи квартиры)

229




Шартты бұзу туралы келісім (соглашение о расторжении договора)

233




Жер телімі бар тұрғын үйді нақты бөлу шарты (договор о разделе жилого дома с земельным участком)

235




Жарғылық капитал үлесін сатып алу-сату шарты (договор купли-продажи доли в уставном капитале)

239




Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты (договор доверительного управления имуществом)

243




Некелік келісім-шарты (брачный договор)

247




Некелік келісім-шарты (брачный договор)

251




Некелік келісім-шарты (брачный договор)

255




Ерлі-зайыптылар арасында мүлікті бөлу туралы келісім (соглашение о разделе имущества супругов)

259




Алимент төлеу туралы келісімоглашение об уплате алиментов)

265




Ерлі-зайыптылар арасында мүлікті бөлу туралы келісім (соглашение о разделе совместно нажитого имущества супругов

269

5 тарау

Басқа нотариаттық құжаттардың түрлері (другие виды нотариальных документов)

273




Меншік құқығы туралы куәлік (свидетельство о праве собственности)

273




Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен мүлкіндегі үлесіне олардың арыздары бойынша меншік құқығы туралы куәлік (свидетельство о праве собственности на долю в общем имуществе супругов)

275




Қайтыс болған тұлғаның көзі тірі жұбайының ортақ бірлескен мүлкіндегі ½ үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру туралы арыз (заявление пережившего супруга о выдаче свидетельства на ½ долю в общем имуществе супругов)

277




Мүлікті сатуға келісім беру туралы арыз (заявление о согласии супруга на продажу имущества)

279




Тұлғаның неке құрмағандығы туралы арыз (заявление о том, что лицо не состоит в браке)

281

АЛҒЫ СӨЗ

Ұсынылып отырған «Нотариаттық құжаттардың үлгілері» атты оқу-тәжірибелік құралы республикадағы нотариаттық әрекеттер туралы оқу құралын шығаруға алғашқы ұмтылыстардың бірі. Бұдан екі жыл бұрын республикамызда «Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері» атты оқу құралы жарық көрген болатын. Ол оқу құралының дайындалуына бірнеше маман ат салысып, олардың ішінде з.ғ.д., проф. Жұмаш Қосанов, з.ғ.к. Айнұр Мадиярованы айтып өту қажет. Өткен екі жылдың ішінде нотариаттық әрекеттерді сапалы жасау үшін қосымша оқу-тәжірибелік құралының қажеттілігі белгіленді.

1997 жылы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған соң еркiн, бюджеттен тыс нотариат органдары құрылып, елiмiзде нотариат ұйымдарын реформалау жүзеге асырыла бастады. Соңғы он жылдан астам уақыт iшiнде қазақстандық нотариат саласында маңызды өзгерістер болды. Қоғамдық құбылыстардың алдын алу мақсатында нотариаттық қауым республикада көптеген әрекеттер жасап, кәсіби салада халықаралық байланыстар жұмыстарын ұйымдастырды. Осы позитивтік өзгерістерге мамандар жақсы баға бергендіктен отандық нотариаттың беделі арта түсті.

Дегенмен, негізгі мақсат – Қазақстанда мемлекеттік тілді дамыту, оны құқықтық салада заң ережелерін қолдану жұмысында тиесілі деңгейде пайдалануды қамтамасыз ету. Осыған орай, ұсынылып отырған оқу-тәжірибелік құрал айтылған жұмыстардың нәтижесінің бір көрінісі деуге болады. Көп жылдар бойы заң шығару үдерiсi аясында нотариаттық iс-әрекеттi құқықтық реттеу мәселелерi шешiмiн таппай келгені қоғамға белгілі жағдай. Осы себептен бүгінгі күні нотариустар өздерiнiң құқық қолдану қызметiнде қиындықтар кешуде. Айтылған қиындықтардың өздігінен шешілмейтінін біле тұра, мамандар өз күшімен кезекті мәселелерді шешу мақсатында қажетті оқу құралдарын дайындап шығару жұмыстарын атқарып келеді. Осы себебтен ұсынылып отырған оқу-тәжірибелік құралын дайындауға өз үлестерін қосқан мамандарды атап өту қажет. Олардың қатарында нотариустар Бердіғалиева Айнагүл, Битенов Қанат, Букенаева Ардақ, Ғалиева Ләззат, Жарылғапова Айман, Қалмағамбетов Айвар, Кусбекова Ботагөз, Халелова Захидам, Хасанов Қуаныш және РНП қызметкерлері Омарова Жанар, Кунисова Мәдина, Қыстаубаева Мәрзия.

Оқу құралында тәжiрибеде жиi кездесетiн құжаттардың үлгілері берілген. Бұның алдында шыққан оқу құралындағыдай осы кітапты жазудағы тағы бiр қойылған мiндет – заңгер емес адамдар бiле бермейтiн сұрақтарды жарыққа шығару. Осыған орай оқу құралын құрастырушылар бұл оқулықтың кең ауқымды оқырмандар қауымына пайдасы тиер деп үмiттенедi.

Ұсынылып отырған оқу құралының мемлекеттік тілде жарияланған нотариат туралы алғашқы арнайы заңи басылымдардың бірі екендiгiн ескерiп, авторлар нотариат өндiрiсiндегi әрiптестер, құрметтi ғалымдар және нотариаттық iс-әрекет мәселелерiне қызығушылық танытушы азаматтар тарапынан үндеулер мен ескертпелер берiлер деген үмiт артады.



Қожамжаров Темірболат Жанайдарұлы,

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары

СЕНІМХАТ
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы
Екі мың екінші жылдың бесінші шілдесі

Мен, Петрова Мария Ивановна, 1960 жылдың 14 шілдесінде Алматы қаласында туылған, Алматы қаласы, Жеңіс даңғылы, 52 үйдегі 13 пәтерде тұратын, осы сенімхатпен Әлиева Жанна Маратқызына, 1956 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында туылған, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 3 үйдегі
8 пәтерде тұратын, маған Ресей Федерациясының азаматының азаматтығын рәсімдеу (жалпы азаматтық шетелдік төлқұжат) мақсатында және осы тапсырманы орындауға қатысты барлық қажетті әрекеттерді атқару үшін: менің атымнан қол қою, қажетті құжаттарды, анықтамаларды жинау, РФ-ның ҚР-дағы Елшілігінің Консулдық бөліміне менің атымнан өтініш беру және менің мүдделерімді білдіру үшін, сонымен қатар менің атыма Ресей Федерациясы азаматтың шетелдік төлқұжатын алу үшін өз құжаттарымды сеніп тапсырамын.

Сенiмхаттың мәтiнiн мен толық оқыдым және менiң нақты еркiме сәйкес келедi.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 170-бабының мазмұны, жасалатын нотариалдық iс-әрекеттiң мәнi, мағынасы және құқықтық салдарлары маған нотариуспен түсiндiрiлдi.
Сенiмхат ________________мерзiмге берiлдi.

Қолы ___________________________________________________

Тегi, аты және әкесiнiң аты, қолы
2002 жылдың 05 шілдесінде осы сенiмхат менiмен, ҚР ӘМ «_»______ жылы берілген № ___________ лицензияның негiзiнде әрекет жасаушы Алматы қаласының нотариусы ______________ куәландырылды. Сенiмхатқа азаматша Петрова Мария Ивановна менiң көзімше қол қойды. Сенiм бiлдiрушiнiң жеке басы анықталды, әрекет қабiлеттiлiгi тексерiлдi.
№ ________________ тізілімде тіркелді

Нотариусқа ____________ теңге төленді

Нотариус _________________________



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет