Антонио лучо вивальди



бет2/4
Дата18.10.2022
өлшемі58.47 Kb.
#462923
түріРеферат
1   2   3   4
Реф

Жастық шағы

Әкесінің шіркеудегі қызметі және діни өмірі Жас Антонионың алдағы мансабын анықтағандай болды. Ол діни қызметкер болу туралы шешім қабылдады. Бұл түсінікті де еді. себебі, сол кезде Италияда діни қызмет пен музыкалды мансапты бірге алып жүру қалыпты жағдай еді.1693 жылы 18 қыркүйектен бастап монах болу үшін шашын қырықтыру ырымы жасалды, 1700 жылы 18 қыркүйекте дьякон атағын алды. 1703 жылдың 23 наурызында шіркеу қызметкері болып тағайындалды .лесі күні Сан-Джованни ин Олео шіркеуінде өзінің алғашқы литургиялық (құдайға сиыну) мессасын жасады. 1703 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Пиета» жетім балаларға арналған консерваториясында скрипкадан (maestro di violino) сабақ бере бастады. Аталмыш консерватория қыздар музыкалды мектебінің ең алды болып саналатын. Кейіннен оркестр дирижері және концерттердің директоры (maestro de concerti) болды. Вивальдиге түрлі рухани және ақсүйектік той-думандардың әуендеріншығаруп отыру міндеттелді. Музыкант мамандығын аббата-минорита дәрежесімен бірге алып жүрген Вивальди, діни қызметкерге тиым салынған қылық көрсеткені үшін бұл дәрежесінен айырылып қалды. Вивальди 1703 жылы Қасиетті Иоан шіркеуінде Лукреция Трэвизан графиня 90 рет жасалатын таң намазын оқуды тапсырды. 17 тамыз, 1704 жылы viola d’amoreдан сабақ бергені үшін қосымша сыйақы алды. Таңертеңгі ант намазының жартысын орындаған Вивальди денсаулығына байланысты Лукреция Трэвизанның тапсырмасынан бастартады. 1705 жылы Венециядағы Джузеппе Сала баспасы композитордың 12 сонатын шығармалар топтамасы түрінде басты. Екінші топтаманы 1709 жылы Венециядағы Бартоли баспасында скрипкаға арналған және чембаломен (клавесиннің итальяндық атауы) сүйемелденетін 12 сонатты бастырып шығарады. Вивальдидің алғашқы рет сахнаға шығуы 1706 жылы француз елшілігінің сарайында болды. Осы кезеңде композитор Брагор алаңынан Сан-Проволо жаңа ауданына көшеді. 1711 жылы «L’estro armonico» атты 12 концерт («Гармоническое вдохновение») жарияланды. Осы жылы ол қойылған концерттері үшін жылдық сыйақы алып, шәкірттерінің концерттерін басқарды. Ал 1713 жылдан бастап «Пиета» («Ospedale della Pietа») қыздар консерваториясының директоры болды. Осы жылдары жас Вивальди оқытушылық қызметімен қоса композиторлық қызметімен қарқынды айналысты. Сондықтан болар композитор туған жері Венецияда, тіпті оның сыртында да өте үлкен атаққа ие болды, жұртқа кеңінен таныла бастады. Венеция осы кезде халықаралық туризмнің орталығы екендігін ескерсек, Вивальдидің есімі шетелдерде де танылды. Осылайша, 1709 жылы «Пиетаның» ораториясының (драмалық сюжетке құрылып, негізінен концерттік орындауға лайықталған хор) көрсетілімі кезінде Вивальди Дания королі Фредерик IV қабылдауында болып, таныстырылды. Вивальди осы таныстықтың құрметіне және корольдің құрметіне арнап скрипкада ойналатын 12 сонатаны сыйға тартты. 1712 жылы Венецияға келуі кезінде Антонио Бреслаулық неміс композиторы Готтфрид Хайнрихпен (Gottfried Heinrich Stölzel) кездесті. Нәтижесінде, Готфрид Штольцль Антониомен жеке байланыста болған алғашқы неміс компизатор болып саналады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет