Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары. Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары



бет1/5
Дата06.03.2022
өлшемі498.96 Kb.
#456003
  1   2   3   4   5
Айман апай

Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары.

Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары.

Мұзды мұйықты қолдану

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.

Іс-әрекет алгоритмі:

Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз. — Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз. — Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз. — Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. — Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. — Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз. — Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз. — Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз. — Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз. — 0,015 % деохлор ертіндісімен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз. — Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Қыша қағазын қою көрсетілімі, кері көрсетілімі және асқынулары. 

Қыша қағазын қою көрсетілімі, кері көрсетілімі және асқынулары. 

Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет