Антропометриялық тексеру әдістері Вертикал «ростомер»



Дата16.05.2024
өлшемі45.13 Kb.
#501276
Балалар жг гигиенасы пр


Балалар және жасөспірімдер гигиенасы
Балалар денсаулығын бағалау антропометриялық және физиометиялық әдістер қолданылады
Антропометриялық тексеру әдістері
1. Вертикал «ростомер» мен баланың бойын өлшеу методикасы.
Вертикал ростомермен баланың бойын өлшегенде бала тіреуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын, желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады. Құлақ қалқанының жоғарғы ұшымен көз сызығының ұшы бір горизонтал сызықтың бойында болғандай етіп басын ұстау қажет: тақтайшаны басына түсіріп, оның төменгі бөлінуінің көрсеткішін санайды.
2 . Дене салмағын өлшеу.
Өлшеу дұрыс орнатылған және жақсы реттелген, медициналық таразыда өлшенеді. Өлшеу кезінде бала таразының ортасында тұруы керек.
3. Көкірек клеткасының шеңберін өлшеу.
Көкірек клеткасының шеңберін сантиметрлік лентаны алдынан IV қабырғаның бойымен, ал сырт жағынан жауырынның ұшына сала отырып өлшейді. Бала қолдарын түсіріп, бір қалыпты дем шығарып тұруы тиіс. Өлшеу дем шығару және өте терең дем алу кезінде жүргізіледі.
Балалар мекемелерін орналастыруға, жоспарлауға және қолайлы етіп жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.
Балаларды қоршаған орта жағдайы оның дұрыс орналасуына, санитарлық жағдайына, дұрыс жабдықталуына байланысты болады.
Балабақшалар. Қазіргі кезде жаңадан салынып жатқан балабақшалар өздерінше жеке тұрған ғимараттарда, арнайы жобамен салынады. Бұрынғы ашылған балабақшалар әр түрлі ғимараттарда, мысалы, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында, бірақ кіретін есігі бөлек және аумағы жекеше ленген болып орналасқандары бар. Барлық жағдайда балабақшалардың балаларды таза ауада среуендету үшін өзінің аумағы болу керек. Әр балаға аумақтың көлемі – 40 мкем болмау керек.
Балабақшаның ішкі жобасы топтық оқшаулау принципіне негізделген болу керек. Әр топта 20-25 баладан болу керек. Әр топқа балаларды жастарына байланысты топтастырады, олардың өздерінің жеке топтық бөлмесі (әр балаға 2,5 мсаналады), ұйықтайтын бөлмелер мен көмекші бөлмелер кешені (дәретхана, жуынатын жер, буфет және шешінетін орын) болу керек.
Әр бөбек (ясли) тобында келесі бөлмелер міндетті түрде болу керек: балаларды қабылдайтын, ойнайтын, тамақ қабылдайтын, ұйықтайтын бөлмелер, төсек - жаймаларды сақтайтын сөрелер немесе оларды сақтайтын арнайы бөлме, дәретхана және буфет.
Топтың негізгі бөлмесіне балалардың сабақ өтетін, тамақ жейтін және ұйықтайтын бөлмелері жатады, ол жердің ауданы 50 шаршы метр, жарықтану коэффициенті 1:4 тең, терезелері оңтүстікке, оңтүстік- шығысқа және шығысқа қарау керек. Балалардың ойнайтын жерінде жақсы жағдай жасалу үшін, ол жерде жиһаздар аз болғаны дұрыс. Дәліздердің (50м2) көп бөлігі әйнектелген болу керек, жазғы кездерде олар ашылатын болу керек, ол жерде балалар күн жаңбырлы кезде және қатты суық кездері ойнайды, сонымен қатар жазғы уақыттарда сол жерде балаларды ұйықтатқан пайдалы.
Топтық бөлмелерден басқа барлық топтар үшін жалпы бөлмелер де болады: музыка және дене шынықтырумен айналысатын бөлмелер, асхана, меңгерушінің бөлмесі, медицина қызметкерінің, оқшаулау, жұмысшылар мен қызметкерлерге арналған бөлме және дәретхана, таза төсек жаймаларды сақтайтын, кір жуатын, кірді кептіретін және өтектейтін орындар. Ғимаратта міндетті түрде орталықтанған су, канализация және жылыландыру болу керек. Егер орталықтандырылған су көзімен қамту мүмкіншілігі жоқ болса, онда жергілікті су көзімен қамту керек. Бала- бақшаның ауа режиміне және едендерінің тазалығына қатты көңіл аудару керек. Жеке қолданылатын заттардың принципі қатаң сақталу керек: киімдер, төсек - жаймалар, тіс тазалайтын щетка, ауыз шаятын кружкалар, сабын, 3-4 жастағы балалар үшін горшоктар. Осы мақсатта әр баланың киімін салатын шкафтар орналастырылады және бала өз шкафын жақсы есінде сақтап қалу үшін әр түрлі суреттер жапсырылады.
Балабақшадағы жиһаздар балалардың бойына және дене шамасына сай болу керек. Ол тегіс, оңай жуылып, тазаланатын, ақ түсті немесе кез келген ашық түсті сырмен сырланған, жарақаттану қаупі болмау керек. Отыратын орындықтың биіктігі аяқтың тізеге дейінгі биіктігіне, ал партаның биіктігі – аяқтың тізеге дейінгі биіктігі мен шынтаққа дейінгі биіктіктің қосындысымен анықталады. Осы көрсеткіштер сақталған жағдайда, бала партада ыңғайлы отырады. Дәретханада әр балаға жеке - жеке қол сүртетін сүлгі болу керек, оларды балалар бір бірімен шатастырып алмас үшін суреттермен белгіленген болу керек. Бөбек тобы топтық және жекешеленген манеждермен жабдықталу керек.
Балабақшаларды ойыншықтарды дұрыс таңдау және оларды жуып- шаю да маңызды орын алады. Бөбек тобындағы балалар ойыншықтарды, кір қолдарын ауызға салатындықтан ол топтарда оңай жуылатын және оңай залалсыздандырылатын ойыншықтар қолданған дұрыс: пластмасс, целлулоид, каучук, темір ойыншықтар (санитарлық мекеме қолдануға рұқсат бергендері ), ағаш ойыншықтар да егер олар сырланып, сыртынан нитролакпен лактанған болса, ыңғайлы болып саналады. Ойыншықтардың өткір немесе кесіп кесетін жерлері болмау керек. Жаңадан алынған және бұрыннан қолданылып жүрген ойыншықтар қолданғаннан кейін 0,2% хлорамин ерітіндісімен қайнату арқылы және бактерицидті шаммен сәулелендіру арқылы залалсыздандырылады. Горшоктарды таза сумен жуғаннан кейін 0,5% хлорлы әктің тұндырылған ерітінідісімен 20-30 минут залаласыздандырады, таза сумен ішін, сыртын жақсылап жуып, кептіріп қояды.
Балабақшалардың аумағы жақсы жобаланған, барынша көгалдандырылған, көркейтілген және жабдықталған болу керек. Балабақшада жекешеленген шаруашылық аймақ болу керек: су алатын, кір жуатын жер, көкөністерді сақтайтын қойма, қатты қалдық және тамақ қалдықтарын жинайтын жер орналасады. Ол жер периметрінен қысқа талдар егіліп немесе қоршалып басқа учаскелерден бөлектену керек. Қысқа талдармен әр топтың ойнайтын учаскелерін де бөлектейді. Ол жерде құм жәшіктер, балалар отыратын орындықтар, балалар секіріп, жаттығу жасайтын, ойнайтын әр түрлі құрылыстар жабдықталу керек. Ол құрылыстардың шеттері өткір болмау керек, беттері сырланған, яғни балалар әр түрлі жарақаттар алмас үшін жағдай жасалу керек. Балалар ойнайтын жерде міндетті түрде күрке болу керек, ол балаларды ауа райының әр түрлі өзгерістерінен ( жауын, қар, күн көзінен ) қорғайды. Әр топ ойнайтын бөлек учаскелерден басқа балабақшада барлық топ үшін жалпы учаскелерден де болады: дене шынықтыру аумағы, жануарлар бұрышы, жазғы себіл, жазғы дәретхана. Құм жәшіктердің құмы көктемде жаңадан алынады, оған міндетті түрде зерттеу жасату керек. Жазғы кезде бала бақшаның аумағы шаң көтерілмес үшін жуылу керек.
Теледидармен арақашықтық кемінде 2,5 метр және 5,5 метрден көп емес болу керек. Топта теледидар еденнен 70 см орнатылу керек. Бұл кезде фильм көрсетер адын және көрсетілуден кейін бөлме жақсылап желдетілу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет