«Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2015 жылдың IV тоқсанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі жұмыстары туралы ақпараттық есеп пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламасына



Дата04.07.2016
өлшемі27.63 Kb.
#176139
«Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2015 жылдың IV тоқсанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі жұмыстары туралы ақпараттық есеп пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламасына түсіндірме.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңымен мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексінің талаптарын жүзеге асыру жөніндегі іс – шаралар жоспары жасалып бекітілген.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика талаптарының сақталуын басқа мелекеттік қызметшілерден талап ету үнемі назарға алынған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында «Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 73-3-00 номерлі сенім телефоны жұмыс істейтіндігі жөнінде аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде 2015 жылдың 28 наурызында жарияланған.

1. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдануға байланысты заңдылықтардың сақталуы туралы 26 қаңтар 2015 жылы құқықтық оқу ұйымдастырылып, мекеме басшыларының пікірлері тыңдалды.

2. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 –V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 729 – бабының 3- тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың құзыреті туралы 2 ақпан күні құқықтық оқу өткізілді.

3. «Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жеке және заңды тұлға өтініштерін қарау туралы құқықтық оқу өткізіліп,заңгер Қ.Көшербаев «Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлға өтініштерінің қаралуы туралы мәліметтер беріп өтті.

4. Қазақстан Республикасындағы «Медиация туралы» Заңының негізгі талаптары туралы 16.03.2015 жылы құқықтық оқу өткізілді.

5. 10 сәуір 2015 жылы «Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері арасында ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы талқыланды.

6. «Қазақстандағы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелері туралы ауылдық кітапханада 14.05.2015 жылы дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған ауыл жастары қатыстырылды.

7. «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті тақырыбында» 1 маусым күні заңгер Қ. Көшербаевтың баяндамасы тыңдалып, «Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері арасында талқыланды.

8. «Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері арасында 21 шілде 2015 жылы «Қ.Р мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында пайдаланылатын негізгі ұғымдар туралы құқықтық оқу өткізілді.

9. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасы 16 тамызда талқыланды.



10. Мерзімді басылымдарда («Сыр бойы», «Жаңақорған тынысы») жарияланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы мақалалар 20 қыркүйек 2015 жылы мекеме қызметкерлері арасында талқыланды.

11. Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлері арасында 09.10.2015 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың алдын – алу туралы семинар сабақ өткізілді.

12. Аққорған ауылдық округі әкімінің аппаратында 16.11.2015 жылы Нұр Отан партиясының «Stop-қылмыс» жобасы аясында пікірлесу жұмыстары жүргізілді.

13. Аққорған ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлері арасында 2015 жылдың 11 желтоқсанында «Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ!» тақырыбында заңгер Қ.Көшербаевтың баяндамасы тыңдалды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақытында тіркеліп, дер кезінде жауап берілуде.




Жетекші маман заңгер Қ.Көшербаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет