ЕСЕП БЕРУ БАЯНДАМАСЫ
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы атқарған жұмыстары мен 2015 жылға қойған міндеттері
2014 жыл көлемінде ауылдық округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуінде тұрғындарды толғандырып жүрген бірқатар мәселелер тыңдалып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
-
Сұрақ – Герасимовка ауылындағы Новостройка құрылысының 2- кезегіндегі инфрақұрылымы, Герасимовка ауылындағы Новостройка көшелерін нөмірленуі?
Жауап – Ұлан аудандық архитектура және құрылыс бөлімі бөлінген жер телімдері бойынша тексеру жүргізуде, тексеру аяқталғаннан кейін Новостройка көшелерінде нөмірлеу жүргізілетін болады. Инфрақұрылым бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаржылай қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет.
2. Сұрақ – Герасимовка, Казачье и Украинка ауылдарының тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.
Жауап - 2014-15 ж. Өскемен қаласының «Топаз» ЖШС Герасимовка және Украинка ауылдарының жер асты қойнауы суының қорына тексеру жүргізуде.
3. Сұрақ – «Ұланка» өзені арқылы Герасимовка ауылынан Казачье ауылына өтетін көпірдің жөнделуі.
Жауап – жыл сайын меморандумға сәйкес «Дружба» ш/қ– ғы 80,0 мың теңгеге аталған көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
4. Сұрақ – Герасимовка, Казачье және Украинка ауылдары ішіндегі көшелердің жөндеу жұмыстары.
Жауап - 2014 жылы КГКП «Ұлан жолдары» Герасимовка ауылында 60 м2 шұңқырларды 252 мың. тг жөндеді. Герасимовка орта мектебіне дейінгі аралықтағы жолға, Украинка ауылындағы Интернациональная көшесінде және Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңайына ұсақ тас төгіліп, тегістеу жұмыстары жасалынды, Казачье ауылындағы су жіберетін құбыр маңындағы жер телімінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
5. Сұрақ – Ауылдық учаскелік полиция инспекторын қызметтік баспанамен қамтамасыз ету.
Жауап - Ауылдық учаскелік полиция инспекторы қазіргі уақытта Казачье ауылында жалдамалы пәтерде тұруда.
ШҚО, Ұлан аудандық, Төлеген-Тохтаров ауылдық округі 1964 жылы құрылған
Ауылдық округ үш ауылдан құралған, олар: Герасимовка, Украинка, Казачье және шалғай ауылдар Тума, Арчалы-1, Арчалы-2, Косбармак, Родовка, Белаши, Сакау.
Тұрғындар саны - 2363, аула -688. Округтің барлық жер көлемі– 38290,0 га, оның ішінде жайылым – 5525,2 га, егістік жер - 5151,2 га.
ЖШС-2, ш/қ - 40, 10 дүкен және 1 дәріхана.
2 орта мектеп, 1 мектеп-балабақша, шағын бала бағу орталық, 2 клуб, 2 мектептік және 2 ауылдық кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік пункт.
Бюджет
2014 жылы әкімшілік жұмысын ұйымдастыруға 11 млн. 680 мың. тг бөлінді.
Оның ішінде еңбекақыны төлеуге - 8 млн. 033 мың. тг.
Кеңсе заттарын алуға -329 мың. тг.
Іссапар шығындары - 300 мың. тг.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін - 6 мың. тг.
Тұрғылықты жерді жарықтандыруға -1 млн. 192 мың. тг.
Тұрғылықты жерді санитарлық тазалау жұмыстарына - 134 мың. тг.
Көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына -190 мың. тг.
Автожолдарды жөндеу - 200 мың. тг.
Бюджеттік қаражатты игеру -100% құрайды.
Салықтар
2014 жылы мүлік салығы бойынша - 122 мың. 100 тг жиналды. -100 %
Жер салығы бойынша -385 мың. 800 тг жиналды.- 100 %
Көлік салығы бойынша -264 мың. 900 тг жиналды. Әліде 18 адам қарыз. Олар келісім хаты арқылы көліктерін сатқандар, нағыз көлік иелерін таба алмағандықтан 5 жылдан аса салық төлемейді.
Өнеркәсіп
Украинка ауылында сүт өнімдерін өндіру бойынша «Восток-Молоко» зауыты, бас директоры С.Ж. Сайлаубаев, 125 адам жумыс істейді, куніне 70 тонна сут кабылдайды, және «Өскемен-Керамика» ЖШС, 4 адам жумыс істейді, 40 кубометр өндіреді, директоры Бельцов Юрий Александрович
Ауыл шаруашылығы
Округ аумағында - 2 ЖШС, 1- КТ серіктестік и 39 шаруа қожалығы, оның ішінде симментал ірі қара малдын өсіру, бұл «Украинка» шаруа қожалығы.
Өсімдік өсіру
2014 жылы бидайдың жалпы көлемі - 13910 ц құрады, өнімі - 10,8 ц. с га
арпа - 5910 ц.
сұлы - 35ц.
қыстық дақыл -36 ц.
күнбағыс – 10335ц.
картоп -1345 ц.
көкеністер – 22110,3 ц.
көпжылдық шөптер– 9354,5 ц.
Біржылдық шөптер – 1773 ц.
Округ бойынша 2014-15 жылға қысқа 8300 тонна шөп,
4200 тонн силос, 210 тонна соломы сабан даярланды.
Мал шаруашылығы
2014 жылы ірі қара мал саны - 1674 бас, 2013 жылмен салыстырғанда 111% артық.
Сиыр - 627 бас- 110%
Ешкі және қой - 3891 бас –113%
Жылқы - 493 бас –109%
Шошқа - 654 бас –50%
Құс - 4245 бас –105%
Ет өнімдері - 289 тоннаны –106%
Сүт өнімдері - 2181 тоннаны –96% құрайды.
Округте Өскемен қаласының базарлары мен сауда орындарына 7 ц сүт тапсыратын 12 сүт жинаушылар бар.
Жұмыртқа өндіру - 369 мың. дана –105% жоғары.
Бруцеллез бойынша жағдай
Ауылдық округ бойынша 6 ұсақ малдан бруцеллезге күдык туды. Ауыру малдар жойылды.
2014 жылы республикалық бюджет қаржысынан округ аймағында мал қорымы салынды.
Жануарларды идентификациялау
Компьтерлік жүйелендіруге 460 бас ірі қара жас мал, 1400 бас ұсақ мал, 600 бас шошқа идентификацияланып, енгізілді.
Субсидияландыру
Округ бойынша шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан өсімдік өсіруге 22 млн.943 мың.тенге көлемінде субсидия бөлінді.
Мал шаруашылығы бойынша ш/қ «Украинка» - 7650 мың.тг. субсидия алды. (сүт, ет, асыл тұқымды мал)
«Дружба» ш/қ -2880 мың.тг. субсидия алды. (сүт, ет, асыл тұқымды мал)
Ауыл шаруашылығында жаңа техниканың алынуы
«Украинка» ш/қ- комбайн «Есиль» – 25 млн.т.;
«Дружба» ш/қ - МТЗ - 80 – 4 млн 400 мың т.;
«Хамидова» ш/қ-МТЗ-82, Кун – 4 млн 300 мың т.;
«Чеснокова» ш/қ: шопшапкыш – 230 мың т.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Округ ауылдарында 688 аула бар, орталықтандырылған су құбырлары канализация жоқ.
2014 жылы Өскемен қаласындағы ЖШС «Топаз» Герасимовка және Украинка ауылдарының жер асты қойнауы суының қорына тексеру жүргізуде.
2016 жылы «Ақ Бұлақ» Республикалық Бағдарламаға енуіміз қажет.
2014 жылы көріктендіру, санитарлық тазалау және жаңарту жұмыстарына- 1 млн. 516 мың.тг., жарықтандыруға - 1 млн.192 мың. тг., тұрғылықты жерді тазалау жұмыстарына -134 тыс. тг., көшет отырғызу және көгалдандыру жұмыстарына- 190 мың. тг. бөлінді. Барлығы 303 м2 аумаққа үй салынды.
Украинка ауылындағы Школьная көшесіне жарықтандыру жұмысы жүргізілді. 11 сенбілік өткізіліп, ауыл ішіндегі столбтар мен ағаштар әктеліп, сырланды, 160 тонна қоқыс шығарылды, 560 кубометр қатты қоқыс үйілді. Жолды тегістеу жұмыстары жүргізіліп, Украинка ауылындағы Интернациональная көшесі мен ескерткіш маңайы, Герасимовка орта мектебіне дейінгі жолға ұсақ тас төгіп, тегістеу жұмыстары жасалынды.
КГКП «Ұлан жолдары» Герасимовка ауылында 60 м2 аумаққа 252 мың. тенге көлемінде шұңқырларды тегістеу жұмыстары жүргізілді.
Жыл сайын «Щелоковского» ш/қ Казачье ауылына өтетін жаяу жүргіншілер көпіріне 60 000 теңгеге, «Дружба» ш/қ Герасимовка ауылынан Казачье ауылына көлік өтетін көпірге 80 000 тг көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Герасимовка ауылында 140 орындық балабақшаның құрылысына ЖСҚ жасалынды. Жоба құны - 3,0 млн.теңге.
48 қаңғыбас ит ұсталынды.
Әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту
2014 жылы жұмысқа орналасу бойынша 17 адам өтініш білдірсе, оның 14 адамы жұмыспен қамтылды, ол 63% құраса, «Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020» бағдарламасы аясында мамандарды қайта даярлау бойынша 2 адам курстан өтіп, мамандық алып шықты.
Округ бойынша қоғамдық жұмысқа 3 адам орналасты.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының екінші бағытының жеңілдетілген несиесі бойынша - 21 млн. 700 мың.тг. соммасына несие алып, өз істерін ашты. Аталған бағдарлама аясында Мухамедамиров Рысбек ағаштан жиһаз жасау ценхын, Рейзвих Александр – есік, терезе даярлауды іске қосса, Өскемен – Семей тас жолында ЖК Оразаева Рауза жаз маусымында бие сауып және қымыз сатуды ұйымдастырып, «Қымызхана» кафесін ашты. Герасимовка ауылында Курмашев Кемельжан көкеніс өсіретін жылыжай, Украинка ауылында Шакиртов Азиз гүл өсіретін цех салса, Герасимовка ауылына кіре берісте Ахмеджанов Альжан дөңгелек жөндеу цехын ашты. Биылғы жылы Садыков Еділдің кондитерлік цехын кеңейту жоспарлануда.
Мекенжайлық әлеуметтік көмек 4 отбасына - 164,237 мың. тг. соммасы көлемінде көрсетілсе, 18 жасқа толмаған балаларына жәрдемақы – 16 отбасына 646,267 мың. тг. көлемінде көрсетілді. Тұрғын үй жәрдемақы көмегі 47 отбасына - 633,300 тг.
Округ аумағында 49 тыл ардагері тұрады. Биылғы жылы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі атап өтілмек. Аталған мерекеге байланысты іс–шаралар жоспары құрылды. Ауылдық клубта ардагерлерге арналған бөлме ашылған.
Округ мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 6 пандус орнатылған.
Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға арналып мерекелік іс – шаралар өткізіліп, 200,0 мың. тг. көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Кәсіпкерлік
Округ аумағында 20 шағын бизнес, 11 дүкен, 2 дәмхана, 1 ЖҚС, жеңіл көлік жөндеу пункті, дөңгелек жөндеу цехы, дәріхана, 2 мал сою алаңдары тіркелген.
Кіші және орта бизнеспен айналысатын адамдар саны-58. Инфляцияны тоқтату мақсатында кәсіпкерлермен 10% сауда қосылымы жайлы меморандум жасалынды. Күнделікті қажеттілік тауарларының бағаларына апталық салыстыру өткізіледі.
«Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды мектепке тасымалдау жұмыстары жүргізіліп, «Түлектер» аллеясы салынбақ.
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында жерлестерімізбен 2980,0 мың тенгеге меморандум жасалынды.
Білім
Округ аумағында 2 орта мектеп, шағын орталық және Украинка ауылында мектеп-балабақша бар.
«Герасимовска орта мектебі» КММ – да 175 оқушы аралас тілде білім алады, шағын орталықта - 58, даярлық тобында -38 оқушы.
ҰБТ бойынша орта балл - 63,0 құрайды.
Украинка ауылында жаңа мектеп қолдануға беріліп, 120 оқушы білім алуда. Ескі мектеп ғимаратында мектеп-балабақша ашылып, 61 бүлдіршін тәрбиеленуде.
ҰБТ бойынша орта балл - 86,0 құрайды.
Спорт
Округ аумағында еркін күрестен Ұлан аудандық ДЮСШ бөлімі жұмыс атқарады. Спорттық секция жас ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінген. Мектептердің спорт залдарында кестеге сәйкес ауыл жастарына волейбол секциялары жұмыс істейді. Спортпен айналысатындар 28% құрайды.
Медициналық қызмет
Герасимовка ауылында дәрігерлік амбулатория, Украинка ауылында фельдшерлік пункт бар. Герасимовка ауылында дәрігерлік амбулаторияда 2304 адамға қызмет көрсетіледі, онда 4 медициналық қызметкер, 1 дәрігер қызмет етеді.
2014 жылы 3903 пациентке алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілсе, 19 бала дүниеге келіп, 14 адам қайтыс болды. Орташа өмір сүру жасы -72 жас. Жас бала өлімі тіркелмеді.
Округ тұрғындарына қызмет етуге «Нива» автокөлігі бөлінген.
Украинка ауылында өткен жыл бойынша 950 адамға медициналық көмек көрсетілген.
Мәдениет
Округ аумағында 2 ауылдық клубы, 2 кітапхана орналасқан.
2014 жыл көлемінде Герасимовка ауылдық клубындағы кітапханада 60 іс – шара (тыл ардагерлерімен, Ауған соғысына қатысушылармен, бұрынғы колхоз екпінділерімен кездесулерімен и т.б.) ұйымдастырылса, оның 27-сі кітап көрмелері.
Украинка ауылдық клубында 6557 кітап қорымен екі бөлмелі кітапхана жабдықталған, онда 55 іс-шара өткізілген.
«Казпочта» бөлімшесі және Украинкаға жылжымалы бөлімше жұмыс атқарады.
Герасимовка ауылындағы клубта әжелерден құрылған көркемөнерпаздар хоры және Украинка ауылында «Червона-калына» вокалдық тобы құрылған.
Қоғамдық – саяси жағдай
Округте қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол» халыққа жолдауымен халықты ақпараттандыру мақсатында ақпарат-насихат тобымен кездесу өтіп, қоғамдық–саяси жағдай, гендерлік теңдікке тәрбиелеу, коррупцияға қарсы күрес, ішімдікке, шылымға қарсы күрес, жастар мәселесі, діни жағдайларды түсіндіру мақсатында жұмыстар жүргізілді.
«Нұр Отан» партиясының мүшелері, қоғамдық кеңес, соның ішінде әйелдер кеңесі, төрайымы- Шелоковская Людмила Ивановна, ардагерлер кеңесі, төрайымы- Карибаева Куралай Нугымановна, аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі- Исекенова Чайзада Кульбаевна белсенділік танытып, көмек көрсетеді.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс
Жеке және заңды тұлғалардың өтініш білдіру саны – 48(53).
Өтініш білдіру мазмұны: жер және жерді пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар – 28(16); басқада - 20(37).
2015 жылға даму жоспары
1. Герасимовка ауылында 140 орындық балабақша құрылысы.
2. 2015-16 жылдарға Украинка ауылында 600 басқа арналған сүт өндіру фермасының құрылысы.
3. 2015–2018 жылдарда Герасимовка және Украинка ауылдарындағы су құбырларын салу құрылысы.
4.Украинка ш/қ(Лебяжье)-1400 га жер теліміндегі суармалы жерлерді кеңейту.
5. Ірі қара мал басын 1800 басқа жеткізу, 108%.
6. Сиыр басын 680 басқа жеткізу - 108%
7. Ешкі және қой басын 4000 басқа жеткізу – 103%
8. Жылқы басын 500 басқа жеткізу – 101%
9. Шошқа басын 700 басқа жеткізу –7%
10. Құс басын 4500 басқа жеткізу –106%
11. Ет өндіруду 295 тоннаға жеткізу – 102%
12. Сүт өндіруду 2423 тоннаға жеткізу –111%
13. Жұмыртқа өндіруду 370 мың данаға жеткізу –101%
14. Ертіс, Құрылысшылар, Б. Момышұлы, Ж. Жабаев көшелеріндегі үйлерді нөмірлеу және көше аттары мен нөмірлер жазылған тақтайшалар даярлау
15. 400 м2 аумаққа тұрғын үйлер салу
16. Герасимовка ауылындағы Д.Қонаев көшесіндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу
17.Герасимовка, Казачье және Украинка ауылдарында көшелерді жарықтандыру бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары
18. 3,0 млн тенге көлемінде әлеуметтік жауапкершілік келісім шартын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |