Ақпамбетова К.М.
Нұра өзені бассейнінің жағдайын ландшафттық эколо-гиялық тұрғыдан бағалау/К.М.Ақпамбетова, Г.М.Жанғожина // Қарағанды университетінің хабаршысы.-2001.-№2(22).-74-78 б.
Қарағанды облысы, Қазақстанның басты өнеркэсіптік аймақтарының бірі ретінде, қазіргі кезеңде экологиялық жағдайының нашарлауымен нақты ажыратылады. Бүл қоршаған ортаның сапасын географиялық негізде басқарудың қажеттілігін анықтайды. Себебі, географиялық негізде табиғи, элеуметтік-экономикалық процестер жэне қоғам мен табиғаттың, адам экологиясының өзара карым-катынасының күрделі мэселесін шешудің қолданбалы элементтерін түтастай қарастырады.
Аймақтағы табиғат ортасының экологиялық деградациясының дэрежесін анықтау үшін ауадағы, су ортасындағы жэне топырақ-өсімдік жа-мылғысындағы эртүрлі заттардың шектеуге мүмкін концентрациясының (ШМК) қалыпты көрсеткіштері қолданылады. ШМК-ның көрсеткіші табиғат ортасының деградациясының шынайы мөлшерін ғана емес, сонымен қоса, олардың антропогендік эрекетке төзу дэрежесін анықтайды.
Әрбір ландшафт табиғи қалпында өзі қалпына келетін жүйені қүрайды жэне нақты қүрылымымен анықталады. Антропогендік эрекет арқылы қалыптасатын өзгерістер географиялық жүйенің қүрылымын өзгертеді де, не бүл өзгерістерді жоюға, не ландшафт қүрылымын қайта қүруға бағытталған реакция тудырады. Осылардың салдарынан ландшафттардық антропогендік модификациясы қалыптасады1.
Антропогендік эрекеттердің интенсивтілігі мен үзақтылығына, сонымен қатар, географиялық жүйенің таксономиялық рангы мен қүрылымының қалыптасу тереңдігіне байланысты ландшафттардың антропогендік модификациясында қайтымды өзгерістер болуы мүмкін.
Антропогендік эрекеттердің қазіргі экологиялық өндіріске сэйкес барлық спектрі Нүра өзені бассейнінің ландшафттарында байқалады. Нүра өзенінің бассейні ландшафттық экологиялық деградациясы төмен, қалыпты жэне жоғары дэрежедегі аудандарға бөлінген.
Деградациясы төменгі дэрежедегі ауданға табиғи жағдайға жақын ландшафттар жатқызылады. Олар заказниктерде, аласа тауларда жэне орташа тауларда сақталған; ластану көздерінен бірнеше ғана қашықтықта жатыр (мысалы, Теңіз-Қоргалжың жэне Қарқаралы-Кент қүрғақ дала аудандары).
Теңіз-Қорғалжың ауданын ластаушы көзіне Теңіз көліне қүятын Нүра өзені жатады. Теңіз-Қорғалжың көлдер тобының қазіргі жағдайы Нүра өзені бассейнінің ландшафттарына антропогендік эрекеттің көп ықпал етуімен анықталады.
Климаттын, ғасырлық тербелуіне байланысты аймақта қүрғақшылық табиғи процестердің үлғаюы жэне Теңіз-Қорғалжың қазан шүңқыры мен Нүра өзенінің ландшафтын шаруашылықта басым игеру, көлдердің су басуында оның түпкірімен өзгеруіне экеліп соғуда. Бүл жерде мүнай
өнімдері, нитраттардық МШК-дан асатын техногендік ластанудың түрлері кездеседі. Сонымен қоса түптік шөгінділерде рендік концентрациясы 5 есе ұлғайтатын сынаптың бар екендігі тіркелген.
Деградациясы қалыпты дэрежедегі аудандарға негізінен қазіргі уақытта техногендік процестерге үшырамаған территориялар жатқызылған. Бұ_л — орман массивтері мен орташа, биік таулы қыраттардың ландшафттары. Мү_нда радиациондық реңнің эжептэуір жоғарылағаны байқалады (Шығыс Қазақстан облысының шекарасында).
Көмір өнеркэсібі, қара жэне түсті металлургия жэне т.б. кэсіпорындардың эсеріне үшыраған территориялар деградациясынын, жоғары дэрежесіне жатқызы лады.
Экологиялық жағдайының анализі аса көп ластанғандарға Қарағанды-Теміртау өнеркэсіптік торабы мен Жезқазған өнеркэсіп ауданы жататынын көрсетеді.
Қарағанды-Теміртау өнеркэсіптік торабының ауасында ылғи да 100-ден астам токсикалық қоспалар бар, оның бесеуі атмосфера ластануынық геохимиялық индексін анықтауға алынған шаң-тозаң, азоттын, қос тотығы, фенол, бензолиден, формальдегид болып табылады.
Қараганды-Теміртау торабының территориясында шаң-тозаң таралуы эркелкі. Оның саны жекелеген өнеркэсіп торабының учаскелерінде тэулігіне 20-30 кг/км2-нан 15000-25000 кг/км2-ға дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Шаң-тозаңның түсуінің реңдік саны тэулігіне 60 кг/км2 -ды қүрайды. Атмосфералық ауаның қүрамының өзгеруі антропогендік факторларға байланысты жэне ол ландшафттың жергілікті климатының қалылтасуына экеліп соғады. Яғни, Қарағанды, Теміртау, Абай жэне Сарань сияқты өнеркэсіп орталықтарындағы техникалық жылу мөлшері, қоршаған ландшафттарға қарағанда, қаладағы ауа температурасын 2-3 °С-қа көтереді.
Нүра өзенінде мүнай өнімдерінің (5 ШМК-дан — 0,26 мг/дм ), аммоний азотының (2 ШМК-дан — 0,78 мг/дм3), органикалық заттардың (2 ШМК-дан — 6 мг/дм3), нитраттардың (7 ШМК-дан — 0,56 мг/дм3) жоға-ры түрде бар болуы белгіленген2 .
Ең, ластаушылардың бірі сынап болып табылады. Қазіргі уақытта Нүра өзенінің арнасы сынап пен органикалық ластаушы заттарға бай, ерекше түптік шөгінділерден (техногендік түнба-лайлар) қалыптасқан.
Ағынды жэне өзен сулары араласатьш зоналарда техногендік түнба-лайлардағы сынаптың орташа деңгейі 560 мг/кг-ға тэн. Мысалы, Черниговка селосының маңында түптік шөгінділерінде сынаптық қүрамы аздап азайғанымен, ол реңдік концентрацияны 5 есеге жоғарылатады. Сынаппен ластану Нүра өзені жағалауларында, оған таяу маңда орналасқан ау-дандардағы жер беті жэне жер асты суларында, ауыл шаруашыпық дэнді-дақылдарда, балықтарда, малдарда, топырақ пен ауада таралған.
Нүра өзені ландшафттарының дамуында көмір өнеркэсібі кэсіпорындары үлкен ықпалын тигізеді. Көмірді өндіруде бос жыныстардың көп көлемі араласады да, шахта суларына лақтырылып, сумен қайта айдалып шығарылады. Соңында атмосфераға металл, көмір жэне жыныстық шаң-
тозаңдардың көп көлемі түседі.
«Центрказнедр» аймақтық басқармасының 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі жүргізілген зерттеулері Қарағанды көмір бассейнінің 24 шахтасын, 5 разрезді, 7 кен-байыту фабрикасын қамтыды. Яғни, тау жыныстарының үйінділерінің кейбір жерлерінде зиянды заттардың концентрациясы кейінгі 2-3 жыдда 3 есеге үлғайған екен.
Жезқазған өнеркэсіптік ауданында мү_най өнімдерінің (20 ШМК-ға дейін), мыс пен мырыштың (4 ШМК-ға дейін) жоғары мөлшерімен ерекшеленетін Қаракеңгір өзенінің ағынды сулары негізгі ластаушы көз болып табылады. Кеңгір су қоймасынан төменге қарай өзен қалыпты ағындыға айналады. Бү_л қалыпты ағынды су қоймасынан жіберілген сулардан, шаруашылық, фекальдық судың түсуінен, өнеркэсіптік ағындылардың өзен арнасына тазартылып, қүйылғаннан кейін қалыптасады.
Ластанудың негізгі көздеріне сонымен қоса «Қазақмыс» акционер қоғамы, «АБС» Балқаш маңы кен-байыту фабрикасы да жатады. Ағынды суларды бүл жерде Балқаш көлі қабылдайды. Зерттеулердің көрсетуінше, Балқаш көлі мыс пен мырыштың жэне органикалық заттардың жоғары мөлшерінің түсуімен сипатталады.
Көп жылдар бойы аталған өнеркэсіп орындары экологиялық ескертулерді ескермей жүмыс істесе, қазіргі кезде облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармалары мен ведомстволық лаборатория мекемелердің үйымдастырумен жер беті суларын үтымды пайдалануға ерекше қатаң бақылау жүргізілуде. Бүл бақылаулар лақтырылатын судың сапалы қүрамын қатаң қадағалап отырады.
Сонымен қоса, топырақтың қүнарлы қабатын сақтау мен алу барысында жерді қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлу нэтижесінде, қайта өңдеудің техникалық кезеңдері мына шахталарда (кеніш орындарында) — Ақтас, Ленин атындағы, Шахтинск, Байжанов атындағы, Абай жэне Қазақстан жүргізіліп, қайта өндеудің ауданы 24,6 га-ды қүрады.
«Қарағандыликвидшахт» тау-кен кэсіпорны облыстағы көптеген шахталардың жабылуына байланысты жерді қайта өндеуді эрқашанда қатаң бақылауға алып отыр. Техногендік кезеңдегі жерді қайта өндеу жүмыстары 50 га-дан астам аудандарда, мысалы, Степная шахтасында — 28 га, Дубовская шахтасында — 3 га жерлерде жүргізілді. Сонымен бірге Северная шахтасының, Майқүдық шахтасының жэне Пархоменко атындағы завод маңындағы жерлер қалпына келтірілген.
Атмосфералық ауаны тазартуда да эртүрлі жүмыстар жүргізілуде. Мысалы, Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының хабарлауына қарағанда, «Испат-Кармет» АТАҚ-ында түз қышқылының ағып кету дэрежесі агрегаттардың реконструкциясы өткізілді; мартен цехында үсақ материал трактың аспирациондық жүйесін орналастыру аякталуының нэтижесінде, атмосфераға шаң-тозаңның көп мөлшерде түсуі азайтылған.
Сонымен, антропогендік эрекеттердің географиялық жүйеге зиянды эсер етуі қоғам мен табиғат арасындағы нақты да дүрыс қатынастарды іздестіруге мүмкіндік береді. Өйткені антропогендік өзгерістер географиялық жүйенің
экологиялық жағдайына кері эсер етіп, оны өзгертеді.
Зерттеліп отырған аймақтың техногендік ластануларына жүргізілген анализ осы территориялардың жалпы экологиялық жағдайының қалпын көрсетті. Техногендік ластану ерекшеліктерін анықтап қана қоймай, Қарағанды-Теміртау өнеркэсіп ауданының табиғи-техникалық жүйелерінің басты эрекет ету көздерін айқындап ашуға мүмкіндік берді.
Әдебиеттер
1. Чигаркин А.В, Основные проблемы ландшафтоведения охраны природы
Казахстана. Алма-Ата: КазГУ, 1974.
2. Сонда.
Достарыңызбен бөлісу: |