Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану »
Кафедрасы: «Метеорология және гидрология»
Мамандығы:«Гидрология 1-топ»
СӨЖ
Тақырыбы:Сіздің ойыңызша әртүрлі елдердегі ұлтаралық жеккөрініштілік пен этникааралық қақтығыстардың себептері.Бұл себептерді жоюға болады ма?Қандай шаралармен?
Орындаған :Турсын Нурила
Тексерген:Нұран Динара
Алматы 2020
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ұлтаралық жанжалдардың көбісі қазіргі жаңа қоғамда көп таралған құбылыс болып келеді. Бұл мəселе тек бүгін ғана туындаған жоқ. Адамзат тарихында соңғы 5 мың жыл ішінде 3,5 млрд. адам дүние салған 15 мыңға жуық соғыс пен қаруланған жанжалдар болды. Халықаралық Стокгольм институтының зерттеулері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары болған жанжалдардың көбісі этносаралық болды. Əлеуметтік жанжал тек екі не одан да көп мемлекеттердің мақсаттары бір-бірімен келіспейтін жағдайда ғана туындайды. Осыдан қорыта айтқанда жанжалдың болмауы мүмкін емес жайт. Жанжалдың өмір сүруі теңсіздіктің болуына байланысты. Р.Дарендорфтың теориясы бойынша жанжалды бақылауда негізгі үш мəселе құнды.
Біріншіден, құндылықтардың маңыздылығы. Кез келген мемлекет жанжалдың ситуациялық маңызын түсінуі қажет, əрі оның маңыздылығы жанжалдың өмір сүру құқығында. Басқаша айтқанда, жанжалды басқару мүмкін емес, егер жанжалға түсушілердің біреуі оның оппоненті жоқ деп айтқан жағдайда жəне оның өзіндік ойы жоқ болған жағдайда жанжалды басқару мүмкін емес.,
Екіншіден, жанжалды бақылаудың маңызды кезеңі болып мемлекеттердің ұйымдастыру қабілеті болып табылады: мемлекеттердің ұйымдастыруы көбірек болса, келісімге келу жəне келісімнің мақсатына жету жолдары жеңіл болады. Ал керісінше болған жағдайда жанжалдың өрлеуіне жəне қателіктерге алып келеді.
Үшіншіден, екі жанжалдаушы бір-бірімен келісімге келіп, салыстырмалы түрде ойынның белгілі бір шарттарын теңдей қабылдауы қажет жəне осы шарттарды бұзбаған жағдайда ғана келісімге келу процесі мүмкін болады. Бұл шарттар екі жаққа да теңдей құқық пен мүмкіндіктер беруі қажет, яғни, олардың өзара қатынастарында кейбір теңдестікті қамтамасыз етуі қажет.
Р. Дарендорфқа қарағанда ағылшын социологы Э. Гидденс жанжалды қарастырғанда мынадай терминдерді түсіндіреді: 1) "қарама-қайшылық", 2) "жанжал". Оның болжамы бойынша қарама- қайшылықтың артынан əрдайым жанжал туындайды. Қарама-қайшылықтың жанжалға айналуы үшін қызығушылықтың қарама-қайшы екенін түсіну қажет жəне соған қатысты мінез-құлықтың мотивациясының болуын қажет етеді. Жанжал деп ол қатынасқа түсіп отырған адамдардың немесе топтардың арасындағы шынайы күресті түсінген.
Басқаша айтқанда Э. Гидденстің көзқарасын этникалық қарама-қайшылықта топты иерархиялық əсері жəне теңсіздік бар деген көзқарасқа бағыттасаң, онда ол бастапқы кезден-ақ ішкі қарама- қайшылық, бұл жағдай латентті жанжалдастық деп аталады, алайда жанжал тек қызығушылық- тардың, пікірлердің қарама-қайшылықтары мойындалған əрі тұжырымдалғанда жағдай қозғалысы- ның импульсі болып табылады, бұл жағдайда этникалық мотивациялық функциясы оның мобилизацияландыру кезеңіне кетеді [1].
Этникааралық қақтығыстардың(этносаралық жеккөрушіліктердің) шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесінде туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады). Сондай-ақ этникааралық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін).Этникалық жанжалдар арқылы біз əлеуметтік жағдайды түсінеміз.Олардың себебі жеке этникалық топтардың ойларының сəйкес келмеуінен деп есептелінсе, бір жағынан сол ойлардың этникалық топтар арасында сəйкес келмеуі болады,ал екінші жағынан мемлекеттің ішінде этникалық жəне саяси көзқарастардың түйісуімен болады.[2]. Этникалық жанжалдар көп жағдайда олардың қойған мақсаттарымен анықталады. Оның типологиясы:
Мəдени-тілдік жанжалдар, бұл тілдің қызметтік толықтай қалпына келтіру үшін немесе сақтау үшін жасалынуы жəне дəстүрлік мəдениетті қарқынды дамыған аккультурацияда жайлап этномəдени идентификацияны орнықтырады.
Əлеуметтік-экономикалық жанжалдар, яғни бірдей жеке этникалық топтардың өмір сүруіндегі теңсіздікті қадағалау үшін болған жанжалдар («бай» жəне «кедейлер»).
Мəртебелік жанжалдар, саяси мəртебені өзгерту үшін жасалған сұраныстар жəне сол немесе басқа этнотерриториалды автономияның билігінің көлемі əсер етеді, көп жағдайда мемлекеттің мақсатты ұйымдары ұлттың территориялық принциптерінен пайда болады. Нагарлық Карабахтың мəртебелік жанжалы біртіндеп ұлтаралық соғысқа айналды. Осы жағдайға байланысты жанжалға араласпау туралы, орталықтың өзіндік позициясы қалыптасады.[3].
Достарыңызбен бөлісу: |