Ақпарат және информатика • Ақпарат



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.03.2023
өлшемі456.08 Kb.
#471062
  1   2   3
informatika14357 7



АҚПАРАТ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА 

Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан түрлi құбылыстар туралы 
мәлiметтер жиынтығы.

Кез келген ақпаратты алмасу процесiнде оның көзi (кiм ақпаратты бередi) және 
қабылдаушысы (кiм алады) ерекше орын алады. Ақпарат оның көзiнен 
қабылдаушысына шартты сигнал көмегiмен берiледi. Сигналдар типтерi әр түрлi болып 
бөлiнедi: 

Физикалық табиғат бойынша: электрлiк, жарықтық, жылу, дыбыстық, механикалық, 
радиосигнал. 

Қабылдау тәсiлi бойынша: көз, дыбыс, иiс, дәм.

Аталған сигналдар өзгеруi мүмкiн. Сигналдар өзгерiсi ақпаратты алуға мүмкiндiк 
бередi. Ақпарат көзiнен қабылдаушысына байланыс каналдары арқылы берiледi.  

Ақпарат қасиеттерідәлдік, толықтылық,, бағалылық, түсініктілік.

Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда ол ақпараттың дәлдік 
қасиетін қанағаттандырады.

Егер ақпарат түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда ол 
ақпараттың толықтылық қасиетін қанағаттандырады. 

Егер ақпарат қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол 
ақпараттың бағалылық қасиетін қанағаттандырады. 

Егер ақпаратты оны пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол ақпараттың түсініктілік 
қасиетін қанағаттандырады.


“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, 
баяндау, түсінік деген ұғымдарды
беретін information сөзінен шықан. 
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған 
дүниенің құбылыстары мен объектілерінің
қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-
біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер 
мен деректер алу.. 
Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, 
зат, құбылыс және т.б.) туралы таңбалар 
мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер 
тобы.  
Ақпарат материя және энергиямен қатар 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет