АҚПАРАТ
КМҚК «Бос уақыт орталығының» 2014 жылғы қаңтар, ақпан , наурыз айларында атқарылған жұмыстары туралы
Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 25 жылдығына арналған «Ауғанстан жүректегі өленім» атты ауған әндері сайысы туралы ақпарат
Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде: 1-қаңтар «Жаңа жыл жарылқа» атты тақырыбында ауыл тұрғындарына арналған жаппай халықтық ойын сауық сайрамы өткізілді. Таңертеңгілік балғын бөбектерге арналған «Ертегілер әлемінде» атты балаларға арналған ертеңгілік өтті. 13 қаңтар Ескі жаңа жылға арналған «Ескі жаңа жылды жаңаша тойлаймыз» мерекелік концерті көрермен назарына паш етілді. Ескі жаңа жылымызға арналған мерекелік концертімізде әр-түрлі әндер орындалды. Концертімізде : лирикалық, патриоттық, ретро әндер айтылды. 13-қаңтар күні ауыл жастарына арналған би кеші өтті.
2014 жылдың 15 ақпанында КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 25 жыл болды. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы міндеттін, интернационалдық борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Өз болашағына сенген жас ұрпақ саяси ойынның құрбанына айналды. Жүздеген жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған отандастарымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Жан жарасы жазылғанмен, тән жарасының мәңгілік жазылмасы, ақиқат!
2014 жылдың 13 ақпанында Көкпекті ауданы Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 25 жылдығына арналған «Ауғанстан жүректегі өленім» атты ауған әндері сайысы өтті.
Бұл сайыстын мақсаттары:
-
Ауған жауынгерлерден үлгі алып, патриоттық, интернационалдық, туыстық достықтын, ерлік күшін қайсарлықпен Отанға деген адалдыққа тәрбиелеу.
-
Патриоттық рухы жоғары, Ауған соғысындағы ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
-
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
-
Жастарды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
-
Дарынды шығармашылық тұлғаны анықтау болып табылады.
Мерекелік іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Ауған соғысында мерт болған ардагерлерлерімізге бас иіп,олардың құрметіне жастар өз өнерің дайындап, сайысқа қатысты.
Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдеге Көкпекті орта мектебінің оқушысы Масғутова Қуралай ие болды.Ал бірінші орын Тассай ауылдық округінің жас әншілері: Бекмухамбетов М.Сахибжанов«Мы уходим» әнімен,екінші орынды Көкпекті орта мектебінің оқушысы Е.Оразханов алды.Үшінші орынды Жансүгіров орта мектебінің оқушысы Ахмадиева Ақбота «Сарбаздарым»әнімен және Көкжайық ауылдық округінен келген жас дуэт «Ерке-ай» бөліп алды.Барлық іс-шараға қатысушылар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
Сұрапыл соғыста да адам жанын нәзік лирикалық сезімінің тастамайтыны әндерге жақсы үйлесімін тапқан. Ән жауынгерлерді жігерлендіріп, оған күш беріп рухтандандырылған.
Кеңес Одағы әскерінінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының
25 жылдығына арналған салтанатты жиын туралы ақпарат.
15 ақпан Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн. Дәл осы күнi Кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен қайтару туралы үкiмi шыққан едi. Он жылға таяу уақытқа созылған қанды қырғын осы күнi тоқтаған болатын. Содан берi де мiне, 25 жыл өтiптi.Қанша жылдар өтседе сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.
2014 жылдың 14 ақпанында Көкпекті ауданы Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 25 жылдығына арналған салтанатты мерекелік жиын өтті.
Салтанатты іс-шара мәдениет үйінің әртістерінің орындауындағы «Солдат»әнімен басталды. Құттықтау сөзі Көкпекті аудан әкімінің орынбасары К.Р.Смаиловаға, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбеновке,ауған соғысының ардагері А.Халиулдинге , қорғаныс бөлімінің басшысы Р. Абдрахмановқа, жастар атынан құттықтау сөз кезегі Р.Қанапьяноваға берілді. Барлық құттықтау сөзден кейін
Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртістерінің орындауындағы«Ауғанның ащы дәмі»атты театрландырылған көрініс қойылды.
Әрбір көрермен көзіне жас алып бұл қойылымды ерекше ықыласпен қабыл алды. Салтанатты жиынымыздың соңы аудандық мәдениет үйі әртістерінің орындауындағы әскери патриоттық әндермен жалғасты.
«Отан үшін күрес, ерге тиген үлес» деген халықтың осы даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп,рух жасампаздығымен жаңартайық.
«Есіңдеме сол бір кез » атты ретро концерттің ақпараты
20 ғасырдың 60-90-шы жылдары аралығында ән өнеріміздің алтын қорына танғажайып туындарымен өздерінің өшпес қолтанбасын қалтырған ардақты ақындар мен сыршыл сазгерлеріміздің халық жүрегінен мәнгілік орын алған шығамаларына арналған «Есіңде ме сол бір кез» атты дәстүрлі ретро концерт 2014 жылдың 23 ақпанында мәдениет үйі қызметкерлерінің бастамасымен өтті.
Осы жылғы өткен концертіміз дәстүрлерді бұзбай жоғары деңгейде, кең тыныста өтті.Эстрадананың сейемелдеуімен жанды дауыста музыка шығармалары тамашаланды. Ретро концерт вокалды аспапты «Толағай» ансамблінің құрамындағы бұрынғы жетекшісі С.Рсымбетовтың бастамасымен және жас әншілердің орындауындағы «Есіңде ме сол бір кез» атты музыкалық шығармаларымен басталып, концерттің басты тақырыбын ашты.
Осы ансамблдің құрамында бір неше әндер айтылды.Жеке орындауда мәдениет ардагері 30 жылдан астам сахна төрінде жүрген Г.Аткешованың «Қайдасын» әні, Ж.Хасеновтың «Ләйлім шырақ», вокалдық топтың орындауында «Шахрисабс», «Інжу-Маржан» әжелер ансамбілінің орындауында Ш.Қалдаяқовтың әндерінен поппури,
Б.Смайловамен А.Дүйсекеновтың орындауында «Күзгі әуен» музыкалық пьесасын көрермендер ерекше ықыласпен тамашалады. «Есіңде ме сол бір» кез атты ретро концертта Рсымбетов Серік, Бауэр Виктор «Толағай» ансамблінің құрамындағы ансамблдің көркемдік жетекшісі Арслан Шапатов,Н.Тоянкенов Марат Абелмажинов, Фархат Абдрахманов, халық аспаптар оркестрінің дирижері Айдын Дүйсекенов барша келген көрерменге өз өнерлерін паш етті.Ретро концерттің соңы кешке қатысқан барлық әншілердің және музыканттардың орындауында «Замыкая круг» әнімен аяқталды.
«Көкпекті аруы- 2014» аудандық қыз сыны сайысынын ақпараты
Халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, іскерлік негізінде тәрбиелеп, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ырым-жоралғыларды насихаттау,қазақ қыздарының бойындағы әсемдік пен биязы мінезді үлгі тұтатын жастардың қалыптасуына ықпал ету, қыздарымыздың талғаммен киінуіне, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру мақсатында 2014 жылдың 6 наурызында Қ.Алтынбаев аудандық мәдениет үйінде «Көкпекті аруы- 2014» аудандық қыз сыны сайысы өтті.
Сайыс 4 кезеңен құралған. І кезең «Мен қазақтың қызымын»Қатысушылар өздерінің шыққан тегін, өзіндік ерекшеліктерін, өмірлік көзқарастарын таныстырды.
ІІ кезең «Ата салтым-асыл мұрам, ардағым»Қыздарға ұлттық салт-дәстүрлер мен ырым-жоралғыларға, өзіндік зияткерлігіне байланысты сұрақтар қойылды.
ІІІ кезең «Сұлулық пен қыз- егіз» Заманауи сәнді кешкі киім үлгісін және шашты әсемдеу үлгісін көрсеті.
ІҮ кезең «Өнерім менің-өмірім менің» Қыздар өз өнерің көрермендерге паш етті
Әділқазыларың шешімі бойынша гран-приға Тассай селолық округтен келген ару Каримова Маржан ие болды.1 орынды Теректі селолық округтен келген ару Ержанова Мадина алды,2 орынды Құлынжол селолық округтен келген ару Тохтарханова Жанар алды,3 орынға ие болған ару Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім Қунапиянова Ақбота.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздармен марапатталды.
Наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, Наурыз жыл басы» атты жалпы халықтық мерекелік сауық-сайраны туралы ақпарат
2014 жылдың 22 наурызында Көкпекті ауданның барлық елді мекендерде «Наурыз той!» атты жалпы халықтық мерекелік сауық-сайраны өтті. Бұл мерекені тойлауға бүкіл халық боп Көкпекті ауданының тұрғындары алаңға шықты. Алаң және сахна ұлттық стильде безендірілді, сахнаны наурыз мерекесінің атрибуттары, декорация, шарлар, гүлдер, баннерлер мен көрнектелінді. Аудандық мәдениет үйінің алаңың маңында алтыбақан мен киіз үйлер құрылды, киіз үйлердің іші мен сырты қазақтың ұлттық жабдықтарымен безендірілді және жиһаздар қойылды. Киіз үйлердің алдында әр мекеменің тарихы, жетістіктер жайлы стендтер ұйымдастырылды.
Таңертең сағат 9 дан киіз үйлерде және сырттағы үстелдерде наурыз көже, қазақтың ұлттық тағамдары, нан өнімдері, тәтті тағамдармен дастархан әзірленіп, жиналған халық дәм татты. Аудандық мәдениет үйі құрған Бас киіз үйге шақырылған құрметті азаматтарға және ақсақалдарға ас әзірленді. Аланда «Шұақты шұғыла» және «Бал ерке» бала бақшалары әзірлеген үстелде қазақ ұлттық тағамдары қойылып, шай, сұсындар наурыз көжеден көкпектіліктер дәм тартты. Ұлттық әуендер, күй, терме, қазақ халқының ән-өлеңдері айтылып, жиналған халыққа наурыз көже таратылып жатты.
Мерекелік іс-шараның ашылыу өте ерекше басталды. Алдымен сахнаға жастар,артынан орта жастағы әйелдер мен ерлер, олардың артынан аға буын өкілдері сахнаға шықты.Әр аға буын өкілдері өз көрністерің көрсетті: би билеп, наурызға арналған бата-тілектерін айтып, наурыз көжелерін тараты.Аттың үстінде ақ жамылған Наурыз аруы келіп ,шашу таратты. Мерекенің салтанаты ашылуы Аудан әкімінің орынбасары К.Р.Смаилованын құттықтау сөзімен басталды,аудандық маслихат хатшысы Р.С.Беспаев,өзге ұлт өкілдерінің атынан А.Г.Галиева, жастар атынан Т.Лучко мерекелік құттықтауды жасғастырды. «Тана» мешітінің наиб имамы К.Ахметқалиев халыққа бата беріп.
Аудандық орталық аурухана бишілері «Халықтар достығы» хореографиялық композицияны тарту етті. «Шуақты шұғыла»бала-бақшасының ұжымы «Үкі тағу» салт-дәстүрді көрсетті, «Інжу Маржан» әжелер ансамбілі «Саған халқым-ай» әнімен,Ж.Шайжүнісов атындағы мектебінің оқушысының орындауында «1жастан 100 жасқа дейін» терме орындалды. Концерттік бағдарламалар, әр түрлі ойындар, театралдық қойылымдар, спорттык жарыстар, әншілер мен бишілер сайыстары бір бірімен ауысып өтті. Киіз үйлер сайысы ұйымдастырылып әділқазылар алқасы киіз үйлердін ішкі және сыртқа жабдықтарына, ұлттық стильде безендірілгіне, стендтардын тақырыбына, дастарханға қойылған ұлттық тағамдарына, қазақ сал дәстүрлерді көрсетуіне, сахнада концерттік нөмерлерге назар аударып, өз шешімін жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |