Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Экономиканың нақты секторы. 2005 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1069,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 7,4%-ға артық. Өндіріс көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 11,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 3,4%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 5,1%-ға өсті.
2005 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 67,7 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,5%-ға өсті.
2005 жылғы қаңтар-наурызда жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 395,1 млн. тоннаны құрап, 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,6%-ға өсті.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 282,2 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 10,6%-ға артты.
2005 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 316,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 1,5 есе көп.
2005 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 214070 заңды тұлға тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейін - 200996. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар -161725. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар –149567 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері - 101160.
Сыртқы сауда. 2005 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 5777,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2004 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 40%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 3650,1 млн. АҚШ доллары (41%-ға өсті), импорт – 2127,4 млн. АҚШ доллары (37%-ға өсті).
Баға. 2005 жылғы наурызда тұтыну бағасының индексі 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары мен тарифтері 2,7 %-ға, азық-түлік емес тауарлардың – 0,4%-ға, ақылы қызметтердің – 1,8%-ға өсті. 2005 жылғы наурызда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,3%-ға өсті.
Қаржы. 2005 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен табыстар көлемі 280,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 наурыздағыдан 42,7%-ға артық, шығындар – 140,9 млрд. теңге (3%-ға кем).
Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2005 жылғы ақпанда салық салғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған қаржылық нәтиже табыс есебінде 115,7 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2004 жылғы ақпандағыдан 44,8%-ға артық. Пайдалылық деңгейі – 34,7%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 41,6% құрады.
2005 жылғы 1 наурызға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 1551,7 млрд. теңгені құрады. Олардың өсуінің тұрақты серпіні байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 66,1%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 52% құрады. 2005 жылғы 1 наурызға банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 1262,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 наурыздағыдан 62,7%-ға көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары), тиісінше, 450,2 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы 1 наурыздағыдан 30,5%-ға көп.
Еңбек рыногі. 2005 жылғы наурызда сараптамалық бағалау бойынша, жұмыссыздар саны 653,0 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына –8,3% құрады.
2005 жылғы ақпанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 29050 теңгені құрап, 2004 жылғы ақпанмен салыстырғанда 12,8%-ға өсті. Нақты жалақы 5,5%-ға өсті.
Халық табысы. 2005 жылғы ақпанда бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 12954 теңгені құрап, 2004 жылғы ақпанмен салыстырғанда – 14,6%-ға, нақты ақшалай табысы – 7,2%-ға өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |