Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады



Дата26.09.2023
өлшемі6.74 Kb.
#478561
Fail


Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал – уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі
Ақпарат екі түрде, яғни : дискретті (цифрлы) және үздіксіз(аналогтық) болады. Дискретті ақпарат кейбір шаманың кезектескен нақты мәні арқылы, ал үздіксіз – кейбір шаманың өзгеруінің үздіксіз процесі арқылы сипатталады. Үздіксіз ақпаратты атмосфералық қысымды немесе автокөліктің жылдамдығын көрсететін құралдар береді. Дискретті ақпаратты кез келген цифрлы индикатордан, яғни электорнды сағаттан, есептеуіш құрылығысынан және т.б. алуға болады.
Дискреттік ақпарат- адаммен жұмыс істеуге ыңғайлы, бірақ үздіксіз ақпарат тәжірибелі жұмыстарда жиі кездеседі, сондықтан үздіксіз ақпаратты дискреттікке немесе керісінше аударуды білу керек. Модем осындай аударуға арналған құрылғы болып саналады, ол компьютерден цифрлық деректерді дыбысқа және электормагниттік тербеліске аударады немесе керісінше.
Дискреттеу жиілігі жоғары болған сайын, үздіксіз ақпараттық дискреттіге ауысуы нақтырақ болады. Бірақ бұл жиіліктің өсуімен бірге, дискретті деректер мөлшері мен оларды өңдеу, тасымалдау және сақтау қиыншылықтары да өсе түседі. Бірақ та дискреттеудің нақтылығын өсіру үшін, оның жиілігін шамадан тыс өсіру міндетті емес. Бұл жиілікті таңдау туралы теоремасымен немесе Найквист заңымен анықталатын шекке дейін өсірген жөн.

Кез келген үздіксіз шама, гормоника деп аталатын, функциясымен анықталатын( - амплитуда, -жиілік, - уақыт және -фаза),бір-бірімен қабаттасқан толқындық процесс жиынымен анықталады.


Таңдау туралы теоремада дискреттеу нақты болу үшін оның жиілігі дискреттеу шамаға енетін гармоника жиілігінен 2 есе үлкен болуы керек деп айтылған.


Бұл теореманың қолдануының мысалы ретінде дыбыстық ақпаратты цифрлы түрде сақталатын лазерлік компакт – дискілерді айтуға болады. Дискреттеу жиілігі жоғары болған сайын, дыбыстың шығуы нақтырақ болады және оны бір дискіге жазуға болады, бірақ адам 20 КГц – ке дейінгі жиіліктегі дыбыстарды айыра алатындықтан, дыбыстарды үлкен жиілікпен дәл жазудың пайдасы жоқ. Таңдау туралы теоремаға сәйкес дискреттеу жиілігі 40 КГц – тен аз болмауы керек(өнеркәсіптік стандартқа сәйкес компакт-дискіде 44,1 КГц жиілік қолданылады).


Дискретті ақпаратты үздіксізге ауыстырғанда, ауыстыру жылдамдығы анықтауыш болып табылады: егер ол неғұрлым жоғары болса, үздіксіз шама соғұрлым жоғары жиілікті гармоникалы болады. Бірақ бұл шамада үлкен жиіліктер кездескен сайын, онымен жұмыс жасау қиынға түседі. Мысалы, кәдімгі телефон желілері 3 КГц-ке дейінгі дыбыстарды тасымалдауға арналған. Тасымалдау жиілігімен жіберілетін жиілік арасындағы байланыс одан әрі түпкілікті қарастырылады.


Үздіксіз ақпаратты дискреттіге ауыстыру құрылғысы –АЦП (аналогты-цифрлы ауыстырғыш) немесе АДС(), ал дискретті ақпаратты аналогке ауыстыру құрылғысы – ЦАП() немесе ДАС() деп аталады.


Жинауға болатын дискретті деректердің кейбір мысалдары:

Әртүрлі өнімдерді сатып алған тұтынушылар саны


Әр бөлімдегі компьютерлер саны
Азық-түлік дүкенінен апта сайын сатып алатын заттардың саны.
Дискретті деректер де сапалы болуы мүмкін. Пішінде таңдаған ұлтыңыз бөлек ақпарат болып табылады. Жұмысыңыздағы әрбір адамның ұлты, электрондық кесте бағдарламалық құралын пайдаланып топтастырылған кезде, жалдау тәжірибеңізді бағалау кезінде құнды ақпарат болуы мүмкін.
Үздіксіз деректердің кейбір мысалдарына мыналар жатады:

Жаңа туылған нәресте салмағы


Күнделікті жел жылдамдығы
Мұздатқыш температурасы
Үздіксіз өлшеулерді қамтитын эксперименттер немесе зерттеулер туралы ойлаған кезде, олар белгілі бір дәрежеде үздіксіз айнымалыларды қамтуы мүмкін. Егер сізде кестенің бір жерінде "2,86290" сияқты сан болса, бұл сіз оңай есептей алатын сан емес - секундомер, таразы, термометр және т.б. сияқты өлшеу құрылғылары туралы ойланыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет