Сіз білесіз бе? «Әрбір ұлы адамның артында әйел тұрады»



Дата02.01.2022
өлшемі18.31 Kb.
#454281
Сіз білесіз бе


Сіз білесіз бе?

«Әрбір ұлы адамның артында әйел тұрады» дейді батыс тәмсілі. Рас, бұл сөйлемнің дәлдігін ежелгі грек мифтерінің кейіпкерлерінен бастап бүгінгі күнде әйгілі дизайнерлердің шығармашылық жетістігінен байқай аламыз. Газетіміздің тілшісі бұл айдарда әрбір кутюрердің жүрегін елең еткізіп, шабыт нәрімен сусындатар белгілі музалары жайлы ақпарды назарларыңызға ұсынады.

Christian Dior-ды әлемге танытқан – қазақ қызы

Жиырма жылға жуық әлемге әйгілі кутюрье Кристиан Диор­­дың музасы болған Алла Ильчун. Шығыстан шыққан Dior-дың маржаны. Қытайдың Харбин қаласында туып-өскен Алла Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін анасымен бірге Францияға көшіп кеткен. Әкесі Қуанхан Елшін отбасын Еуропаға аттандыруға көмектесіп, өзі елден шыға алмай қалған. Ол ГУЛАГ-та қамауда болған деген де болжам бар. Әлемдік сән астанасы Парижді бағындырған қазақ қызы киіп шыққан әрбір киімді әлемнің түкпір-түкпіріндегі қыз-келіншектер лезде сатып алып отырған екен. Кристин Диор  модель Алла Ильчунды сәттілік сыйлаған бойтұмарым деп атаған. Әлемнің сұлу падишасы атанған қазақ қызының белі бар жоғы 49 см-ді құраған екен. А. Ильчун Диор сән үйінің фотографы Майк де Дюльменмен отбасын құрып, екі ұл баланың анасы атанған. Әлемдегі ең алғашқы азиат модель және тамыры қазақ Алла Ильчун туралы фильм түсіріліп, кітап та жазылды.

Сұлулық эталоны- Одри Хэпберн

Көрермен көзайымына айналған Одри Хэпберн өз сұлулығымен Юбер де Живаншиді таңқалдырған екен. Олардың таныстықтары да өте ерекше болған деседі. Аңызға сүйенер болсақ, Одри өзінің «Сабрина» атты фильмінде сомдайтын кейіпкеріне арнап киім әзірлеу үшін арнайы дизайнерге барған екен. Ол уақытта Дживанши Одри туралы мүлдем естімепті. Алғаш рет Одриді көрген Де Живанши оның үп етсе үзілердей нәзіктігіне ерекше таң қалғанын жасырмады. Хэпбернге арнайы киім үлгісін әзірлегеннен кейін Живаншидің танымалдығы арта түседі. Кейін Хэпберннің өтінішімен 1960 жылы L`Interdit атты адамзат арасында кеңінен танымал иіссуды жасап шығарады. Ал әрбір қыз баласында болу керек кішкене қара көйлекті Givenchy «Завтрак у Тиффани» атты фильмді басты рөлді сомдаған Одриге арнайы тігіп береді. Жай таныстықтан басталған бұл кездесудің басы 42 жылдық достыққа ұласады.

Достықтан туындаған бренд

Достар да үнемі бір-бірін шабыттандырып отырады. Атақты режиссер София София Коппола мен белгілі дизайнер Марк Джейкобс 90-шы жылдардың басынан бері достық қарым-қатынаста. Алайда 2001 жылы бірлесіп істелген жобаның арқасында Джейкобс Софияны өзінің алғашқы парфюмдік брендінің бет-бейнесі ретінде көретінін жасырмады. Содан кейін бәрі 180 градусқа өзгерді. Копполаны үздік модель ретінде басқа да люкстық бренд өкілдері байқады. Айта кету керек, София тек Маркты шабыттандырып қана қоймады. Әйгелі кинематографиялық әулеттің мұрагері досының жаңа ашылларына шағын фильмдерді де түсірді. Коппала мен Джейкобс әрдайым берген сұқбаттарына бір-біріне деген ризашылықтарын білдіріп отырады. Осылайша, достық белгілі брендтің пайда болуына себепші болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет