Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі



бет1/5
Дата23.06.2024
өлшемі28.28 Kb.
#502755
  1   2   3   4   5
1 тапсырма


1 тапсырма

1. Білім беруде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолданудың негізгі артықшылықтарын атаңыз.

1.«Ақпараттың» нақты ғылыми анықтамасы жоқ. Бұл терминнің 300-ден аса анықтамасы бар. «Ақпарат» түсініктеме, мәлімет, хабарлама мазмұны, кеңістік пен уақытта таратуды ескеретін мәлімет деген мағынаны білдіреді. Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі – ол бар адамға интуитивті түсінікті, екінші жағынан оның ғылыми дәл анықтамасын беру мүмкін емес, сондықтан ақпарат туралы ұғым қолданылады


  1. Мазмұндық тұрғыдан «ақпарат» - ол біреу немесе бір нәрсе жайлы мәлімет.

  2. Формальді тұрғыдан алып қарасақ – белгілер мен сигналдардың жиынтығы деп қарастыруға болады.

  3. Философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері.

  4. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

  5. «Ақпарат» ұғымы «дерек», «хабарлама», «мәлімет» және «білім» терминдерімен тығыз байланыста. Енді осыларды қарастырайық.

  6. Дерек (данные) – қашықтықтан сақтауға, өңдеуге және таратуға болатын формальді факті немесе идея.

  7. Дерек нысанды, жағдайды, сипаттауда қолданылатын сан, символ немесе әріптер сияқты, сонымен қатар оларды талдауда, талқылауда немесе сәйкес шешім шығаруда анықталады.

  8. Ақпаратты берудің басқа түрі хабарлама болып табылады.

  9. Хабарлама – бұл мәтін, цифрлық деректер, сурет, дыбыс, кесте және т.б.

  10. Мәлімет  – «хабарлама» ұғымының синонимі. Мәлімет, хабарлама және дерек әсіресе есептеу техникасында электрондық деректер түрінде қолданылғандықтан, оларды ақпараттың компоненті деп есептеуге болады.

2. Ақпараттық революция дегеніміз не?



Ақпаратық революция қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына әкеп тірейтін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және таратудың тәсілдері мен аспаптарының өзгеруінен тұрады.

3. Қандай ақпараттық революцияларды білесіз?



Бірінші ақпараттық революция тіл мен адамның анық сөйлеуінің пайда болуынан тұрады.
Екінші ақпараттық революция жазудың ойлап табылуына байланысты. Бұл ойлап табу адамзат қоғамы жинақтаған ақпаратты сақтауды ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оның шынайлылығын арттырып, ақпарат таратуға бұрынғыдан да кең жағдай жасады.
Үшінші ақпараттық революция XV ғасырда ақпараттық технологиялардың алғашқыларының бірі болып саналатын кітап басып шығаруды ойлап табудан туындаған. Бұқаралық ақпараттың газеттер мен журналдар сияқты баспа құралдарының пайда болуы мен дамуы – осы үшінші ақпараттық революцияның нәтижесі.
Төртінші ақпараттық революция ХIХ ғасырда басталды. Ол кезде ақпаратты жіберу мен таратудың телеграф, телефон, радио және телевидение сияқты құралдары ойлап табылды.
Бесінші ақпараттық революция адамзат есептеу техникасын белсенді пайдалана бастаған кезде, XX ғасырдың ортасында өтті. ЭЕМ-ді ғылыми ақпаратты өңдеуге қолдану адамның ақпаратты белсенді және тиімді өңдеуі бойынша мүмкіндігін түбегейлі түрде өзгертіп, өркениет дамуының бүкіл тарихында адам алғашқы рет интеллектуалды еңбектің өнімділігін арттырудың жоғары тиімді құралына ие болды.
Бүгінде біз ауқымды телеқатынастық компьютерлік желілердің пайда болуы және олардың мультимедиа технологиялары мен виртуалды шындықпен интегралдануына байланысты алтыншы ақпараттық революцияның куәсі болып отырмыз.
Алты революция қоғамды өзгертті. Ақпараттандыру үдерістерінің бар екендігі туралы айтуға болатындай ақпарат пен ақпараттық технологиялар көз алдымызда дамуда, әрі тарауда.

4. Ақпараттық қоғам дегеніміз қандай қоғам?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет