Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі



бет2/5
Дата23.06.2024
өлшемі28.28 Kb.
#502755
1   2   3   4   5
1 тапсырма

Ақпараттандыру қоғам өмірінің барлық салаларына революциялық әсер жасай отырып, адамдардың өмір сүруі мен қызмет етуі жағдайларын, олардың мәдениетін, жүріс-тұрыс стереотипін, ойлау жүйесін түбегейлі өзгертуде.
«Ақпараттандыру» ұғымына анықтаманы А.П.Ершов берді: Ақпараттандыру – қоғамдағы адам қызметінің барлық түрлерінде шүбәсіз, түбегейлі және уақтылы білімді толық пайдалануды қаматамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ақпараттандыру – бар білім мен жаңа білімді қалыптастыруды жүйелеуді қаматамасыз ететін және оларды қоғамда ағымдық басқару мен оның дамуын жетілдіруде ақпаратты жинау, сақтау және тарату әдістері мен құралдарын кең көлемде қолдану.
Ақпараттандырудың мақсаты – еңбек өнімділігін арттыру және еңбек жағдайын жеңілдету арқылы адам адам өмірінің сапасын жақсарту. 
Ақпараттық қоғамның қалыптасу тарихы ақпараттандыруға байланысты адам қызметінің жаңа түрлерінің туындауы мен дамуы тарихын қамтиды. Соңғы жылдары қоғамда компьютерлік техника мен ақпаратты өңдеу үдерістері (операторлар, программистер, жүйелі аналитиктер, жобалаушылар және т.т.) бойынша, сонымен қоса консультациялық, ғылыми-ақпараттық, тағы соған ұқсас қызметтер көрсетуге байланысты адамдардың арнайы кәсіби топтары пайда болды.
Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған “қоғамды компьютерлендіру” сөзін ығыстыра бастады. Бұлардын ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көніл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы ақпаратты өндеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылды. Қоғамды ақпараттандыруды дамыту үдерісіне жүйелі мемлекеттік тұрғыдан келудің қажеттігі өткен ғасырдың 90 жылдарының басында көрініс ала бастаған болатын.
Қоғамды ақпараттандыру – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті процесс. 

5. Білімді ақпараттандыру (БА) қандай процестерге жатады?

Ақпараттың маңызды құраушыларының бірі – білім болып табылады.
Білім – бұл
а) адамның қоршаған ортаны қабылдауы мен тәжірибесін бейнелейтін ақпараттың түрі;
б) нақты қойылған мәселені шешуде қолдану мақсатында анықталған ақпаратты түсіну;
в) адамның жадысында сақталатын және олардың сеніміне әсер ететін фактілер мен ережелер. 
Білім – адамның өзіне қажетті деректі алу қабілеті, оларды ойланып (түсініп) және ақпаратқа түрлендіруі. 
Ақпарат әр уақытта білімге айналмайды. Ол динамикалық болуы мүмкін, себебі бір ғана мәлімет әртүрлі ақпарат беруі мүмкін.
Қандай да бір мәлімет ала отырып, адам оны меңгереді (сіңіреді) (қабылдайды және түсінеді), сосын оларды жаңа ақпаратқа (өзі үшін) айналдырады (ақпараттық-когинивтік үдеріс). Осылайша білімді жаңартады, жаңа өзіндік және қоғамдық білім алады.
Ақпарат оның пайда болу көзі, тұтынушы, тарату ортасы және оны жеткізу құралдарымен  сипатталады.

6. БА-нің қандай түрлерін білесіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет