Ақпараттық хат
Алматы 29 қазан 2014 ж.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және «Бас редакторлар клубы» Қоғамдық бірлестігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті қазақстандық БАҚ заманауи талаптарға сай дамуы мен модернизациялау мәселелерін талқылау мақсатында «Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Өтетін күні: 29 қазан 2014 жыл. Басталуы сағ.: 10:00
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының мәжіліс залы /4-қабат/, №1 мәжіліс залы.
Конференцияда талқыланатын мәселелер:
-
Журналистика: кәсіп немесе әлеуметтік миссия ма?
-
Қазақстандық медианарықтағы трендтер және дәстүрлер
-
Баспа және электронды БАҚ: рейтинг үшін бәсекелестіктегі жаңа технологиялар.
-
Ғылыми журналистика және коммуникация туралы ғылым: бастамалар мен таяу болашағы;
-
Болашақтың журналистерін дайындау: Кәсіби стандарт. Медиатехнология. Журналистік этика.
-
Массмедиа және интеллектуалды құндылықтар.
Конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының 70-жылдығы қарсаңында әлем елдері атап отырған БҰҰ күнінен орай Бас Хатшы Пан Ги Мунның видеоарнауы тыңдалып, журналистика факультетінің «әл-Фараби» студенттік радиосы дайындаған «БҰҰ радиосы қазақша сөйлейді» жобасының таныстырылымы өтеді.
Конференция жұмысына Қазақстандағы БҰҰ өкілдері, БАҚ басшылары, Бас редакторлар, журналистер, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің өкілдері, бұқаралық коммуникацияны зерттеуші ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.
Ғылыми жиын материалдары жинақ түрінде жарық көреді.
ЖАРИЯЛАНЫМ:
Жарияланымның негізгі шарты – конференцияда ауызша не стендтік баяндама жасау. Конференция жұмысының басталуына орай, ұйымдастыру комитеті бағдарлама және конференцияда жасалған баяндамалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда. Мәтіндердің мазмұны конференция тақырыбына сай болуы шарт. Баяндамалар электронды түрде және бір данасы талапқа сай қағазды нұсқада толтырылып ұсынылуы тиіс. Баяндама (мақала) 5 бет көлемінде А4 форматында және электронды нұсқада e-mail Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, baigozhina777@mail.ru пошталарына 2014 жылдың 20 қазанға дейін жіберіледі.
Мақала баспадан шығу үшін төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1.Баяндама (мақала) мәтіні 5 бет көлемінде және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс.
2. Параметрлері: жоғарғы жағы-2 см, төменгі жағы -2см, сол жағы-2см, оң жағы 2 см.
3.Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
4. 1 - аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.
5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары беріледі.
6. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында және тізім тәртібіне сәйкес жазылады. Мәтінде әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі еңбек нөміріне сәйкес қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін көрсету керек. Мысалы: [1, 256 б].
Материалдар жинағының редакциялық алқасы мақала мәтінінің редакциясы үшін жауап бермейді және баяндамаларды таңдап алу құқығын өзіне қалдырады.
Автор және тақырып жайындағы мәліметтерді келесі нұсқа бойынша жіберуіңізді өтінеміз:
Тегі, аты, әкесінің аты
ЖОО (қысқартылған атауы),
Ғылыми дәрежесі, қызметі
Қала, ел
Мақаланың тақырыбы
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштер 2014 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады.
Өтініштер талаптарға сай тіркеу формасында және баяндамалар түрінде беріледі.
ТІРКЕУ ФОРМАСЫ
1. Тегі,аты-жөні (толығымен)____________________________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________
3. Мекемесі, лауазымы____________________________
4. Мекен-жайы__________________________________
5. Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)___________________
6. E-mail_______________________________________
7. Мақала тақырыбы____________________________
Қатысу мақсаты:
Конференцияда баяндама жасау
Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, әл-Фараби, 71
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева
Телефон: (8-7273) 77 33 40 қосымша 1351; +77011527488; +77074143415
Мақаланың электронды нұсқасын (баяндама) мына e-mail-ға жібере аласыз: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Дана Байгожина
Телефон: (8-7273) 77 33 40 қосымша 1351; +7772473333; +77079719888 baigozhina777@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |