УДК: 372.851.02.046.16(574)
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУДІ АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Кененбаева К.С.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші - Мукашева М. У., п.ғ.к., доцент
Ақпараттық жүйені сынақтан өткізу программалық қамсыздандырудың сапасын бағалау және өндірістік эксплуатацияға кірістірерде программалық өнімнің жұмысының аяқталмаған фактілерін болдырмау мақсатында жүргізіледі. Ақпараттық жүйені сынақтан өткізуді автоматтандыру процесі Қазақстан Республикасының территориясында қабылданған стандарттарға сай жүзеге асырылады. Жалпы, сынақтан өткізу процесінің көлемі аса үлкен болғандықтан, қарастырылып отырған жұмыста оның бір ғана кезеңі, яғни «программалық қамсыздандырудың өмірлік циклындағы нормативті- техникалық құжаттың стандартқа сәйкестігін тексеру» процесін автоматтандыру мәселесі қарастырылады. Ақпараттық жүйені сынақтан өткізуді автоматтандыру сынақ зертханаларының жұмыс өнімділігін арттыруға көмектееседі.
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының 17 бабының 3 пунктінде ”... Мемлекеттік ақпараттық жүйені қолдануға беру, оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттаудың нәтижелері бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттік ақпараттық жүйелердің программалық өнімдеріне, программалық кодтарына сынақтардың және олардың нормативті-техникалық құжаттамасына сараптаманың оң нәтижесі болған кезде жүзеге асырылады”- деп атап көрсетілген.
Сынақтан өткізудің негізгі мақсаты – ақпараттындыру саласындағы отандық өнімдердің сапасын жақсатру және программалық өнімдердің өндіріске енгізгенде функционалдық қабілетін сәйкесінше орындауын қамтамасыз ету. Нормативті -техникалық құжаттама – көрсетілетін қызмет пен шығарылатын өнімнің сапа диапазонын анықтайтын, сонымен қатар қауіпсіздік талаптарын, эксплуатация шарттарын , транспорттау және сақтаудың шарттарына сәйкес, өндіріс пен өңдеу саласындағы техникалық реттеудің бірегей саясатының негізі. Атап айтқанда, ол - мемлекеттік стандарт, кәсіпорын стандарты, техникалық шарттар, техникалық сипаттамалар, рецептура және басқа да өнім сапасына талаптарды бекітетін құжаттамалар. Нормативті -техникалық құжаттама жасау, стандарттау саласы айналысатын, эксплуатация шарттары мен қауіпсіздік талаптарын, бекітілген ережелерді ұстанған жағдайында жалпылама оптимальді экономияға жету үшін және арнайы салада әрекеттілікті тәртіпке келтіру үшін, қызығушылық танытқан барлық жақтың қатысуымен жасалады.
Программалық құжаттаманың сараптамасы ҚР СТ 34.010-2002 «Ақпараттық технология. Программалық құралдардың сертификациясы. Программалық құжаттаманың сараптамасын жүргізу реті» стандарына сәйкес жүргізіледі. Бұл стандартта программалық құралдардың сертификациялық сынақтан өткізілуі кезінде программалық құжаттаманың толықтылығына, көрнекілігіне және мазмұнына сараптама жүргізудің реті, шарттары тағайындалған.
Ақпараттық жүйенің техникалық құжаттамасы – бұл дайындалатын өнім сәйкес келуі керек техникалық талаптарды орнататын құжат, атап айтқанда, оның сапалық сипаттамаларын көрсетуші. Сондықтан да ақпараттық жүйені құжатамасын сынақтан өткізудің рөлі маңызды және міндетті. Онда авторлық бақылаумен қойылған талаптар орындалғаны туралы барлық процедураларды көруге болады. Әдетте, техникалық құжаттама дайындаушы немесе өнімді қолданушының шешімімен жүзеге асырады.
Автоматтандырылатын процесс немесе программалық құжаттаманы сараптау процесі үш бағытта жүргізіледі:
Құжаттаманың толықтылығы :
-
ГОСТ 34.201-89 « Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар кешені.Автоматтандырылған жүйелерді жасаудағы құжаттардың түрі, толықтылығыжәне белгіленуі»;
-
ГОСТ 19.101-77 «Программалар мен программалық құжаттаманың түрлері»
Құрамы мен мазмұны (құрамы, құрылымы, келісімділік, толықтылығы, нақтылығы, қолжетімділігі):
-
ҚР СТ 34.015-2002 «Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйелерді жасаудағы техникалық тапсырма» стандартына сәйкес техникалық тапсырмасы;
-
ГОСТ 19.301-2000 «Программалық құжаттаманың бірегей жүйесі(БҚБЖ). Сынақтың программасы мен әдістемесі.Мазмұнына, орындалуына және сапа бақылауына талаптар» стандартына сәйкес сынақтың программасы мен әдістемесі;
-
ГОСТ 19.401-78 «БҚБЖ. Программа мәтіні. Мазмұны мен орындалуына талаптар» стандартына сәйкес программа мәтіні ;
-
ГОСТ 19.202-78 «БҚБЖ. Спецификация. Мазмұны мен орындалуына талаптар» стандартына сәйкес спецификация ;
-
ГОСТ 19.503-79 «БҚБЖ. Жүйелік программалаушының әдістемесі. Мазмұны мен орындалуына талаптар» стандартына сәйкес жүйелік программалаушының әдістемесі;
-
ГОСТ 19.505-79 «БҚБЖ. Оператор әдістемесі. Мазмұны мен орындалуына талаптар» стандартына сәйкес оператордың әдістемесі;
-
РД 50-34.698-90 «Әдістемелік нұсқаулықтар. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге стандарттар кешені және басқарушы құжаттар. Автоматтандырылған жүйелер. Мазмұны мен орындалуына талаптар» стандартына сәйкес жүйенің жалпы сипаттамасы;
Рәсімділігі:
-
ГОСТ 2.105-95 «Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай рәсімдеу.
Бұл жұмыстың нәтижесі- ақпараттық жүйені сынақтан өткізу процесінің бір процедурасын, яғни жүйенің нормативті- техникалық құжаттамасының стандартқа сәйкестігіне жасалалатын сараптаманы автоматты түрде құратын программалық жабдықтың жасалуы болып табылады. Программалық жабдықты жасау барысында PHP, JavaScript, HTML, JavaNetbeans технологиялары пайдаланылды. . Жоғарыда аталған барлық стандарттар сынақтан өткізу шарттарын қанағаттандыратын түрге келтірілді және әрқайсысы деректер қорының кестелері түрінде алынды.
Ақпараттық жүйенің немесе программалық жабдықтың, жыл сайын көбейіп келе жатырған заңнамалық реттеуші құжаттардың талаптарына сай жасалуын қадағалауға қатысты ақпараттық жүйені сынақтан өткізу және оны мүмкіндігінше автоматтандыру мәселесі, жан-жақты зерттеуді қажет ететін тың мәселелердің бірі екені байқалды.
Әдебиеттер
-
Ctsat.kz /ru/testlabs/softest
-
ҚР СТ 34.010-2002 «Ақпараттық технология. Программалық құралдардың сертификациясы. Программалық құжаттаманың сараптамасын жүргізу реті»
-
В.О.Сафонов.Введение в Java-технологию. М.: Наука, 2002
Достарыңызбен бөлісу: |