Жұмахан Наргиза
Тақырып: ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУҒА ДАЙЫНДАУ
1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Студенттердің коммуникативтік құзіреттілігін дамытудың педагогикалық психологиялық әдебиеттердегі зерттелуі
1.2 Студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативті құзыреттілігін дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесі
1.3 Студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативті құзыреттілігін дамытудың әдіснамалық тұғырлары
2 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
2.1 Студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативті құзыреттілігін дамытудың мазмұндық құраушысы
2.2 Студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативті құзыреттілігін дамытудың құрылымдық мазмұндық моделі
3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТТІК НЕГІЗДЕРІ
3.1 Студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативті құзыреттілігін дамытудың әдістемесі
3.2 Студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативті құзыреттілігін дамыту әдістемесін тәжірибелік эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізудің кезеңдері
3.3 Тәжірибелік эксперименттік жұмыс нәтижелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім алушылар үшін: «баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу; коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту» - деп көрсетілген. Сонымен қатар, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда коммуникативті қабілетін қалыптастырып дамыту қажет, - екені нақтыланып берілген. Бұл бүгінгі жоғарғы оқу орындарының алдына болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуды талап етеді. Бұл жалпы әлемдік үрдістерге, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттілігін негіздейтін халықаралық сапа стандарттарын негізге алуды қажет етеді. Олардың - постиндустриялық ақпараттық қоғамға көшу, мәдениетаралық өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту үшін коммуникативтік пен төзімділік сияқты қасиеттердің болуын талап етеді. Коммуникабельділік қарым-қатынас жасау және серіктесті қарым-қатынасқа тарту, сұхбаттасушының мінез-құлқын болжау және осыған байланысты қарым-қатынас траекториясын құру, қажетті ақпарат алу білімдерімен байланысты түсініледі.
Қазіргі кезеңде білікті, бәсекеге қабілетті, дербестік, шығармашылық және педагогикалық саладағы жоғары адамгершілік көрініс табатын болашақ педагог маманның мәдениаралық кәсіби - бағытталған қарым-қатынас нормаларын меңгеру және жаңа білім беру контекстінде бейімделу қажеттілігіне негіз болатын коммуникативтік қабілетін дамыту маңызды болып табылады. Коммуникативті құзыреттілікті дамытуға негізделген тәсіл жеке адамның және қоғамның мүдделерін үйлестіретін маманның модельін жасауға және еңбек нарығы мен әлеуметтік сұранысты білім кеңістігіне ілгерілету жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты: студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативтік қабілеттерін дамытудың теориялық негіздеу, әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
- студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативтік қабілеттерін дамытудың ғылыми-практикалық алғышарттарын анықтау;
- студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативтік қабілеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;
- студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативтік қабілеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
- студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативтік қабілеттерін дамытудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындарын студенттерінің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Зерттеудің пәні: студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативтік қабілеттерін дамыту үдерісі.
Зерттеудің жетекші идеясы: студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативтік мәдениеті педагог мамандардың кілттік құзыреттіліктерінің аясында оқыту әдістемесінің инновациялық әлеуеті арқылы қалыптасады.
Зерттеудің болжамы: егер, студенттердің өзіндік жұмысын басқаруда коммуникативтік қабілеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі және әдістемесі жасалып, тәжірибеге ендірілсе, онда студенттердің коммуникативтік мәдениеті жоғары деңгейде дамиды, өйткені ұсынылған модель мен әдістеме ғылымдағы коммуникация, мәдениет, педагогикадағы коммуникативтік мәдениет, кәсіптік-педагогикалық білім беру теорияларына негізделген.
Зерттеу әдістері: тeopиялық (филocoфиялық, пcиxoлoгиялық, пeдaгoгикaлық жәнe ғылыми-әдіcтeмeлік әдeбиeттepді тaлдaу, қopытындылaу, caлыcтыpу, жүйелеу және үлгілеу); эмпиpикaлық (caуaлнaмa, әңгімeлecу, бaқылaу, тecт және т.б.) cтaтиcтикaлық (зepттeу нәтижeлepінің ceнімділігін мaтeмaтикaлық-cтaтиcтикaлық тұpғыдaн өңдeу) әдіcтep.
Достарыңызбен бөлісу: |