«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»



бет1/2
Дата17.06.2016
өлшемі293 Kb.
#143163
  1   2


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы «____» _________№______

бұйрығымен бекітілген



«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

салалық біліктілік шеңбері
1. Жалпы ережелер
1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 24 қыркүейктегі № 373-п-м бірлескен бұйрығымен бекітілген, Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) негізінде әзірленді және орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен қолданылатын білім, дағды, құзырет сипатына байланысты деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласында жіктейді.

2. СБШ еңбек нарығын және нақты салада білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, тарифтік жүйелер құруға, еңбекақы төлеу жүйесінің ашықтығы мен басқарушылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

3. Біліктіліктің тұтас ұлттық жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында СБШ әзірлеу кезінде біліктілік деңгейлерін белгілеу мақсатында кәсіптік қызмет салаларына түгендеу жүргізуге мүмкіндік берген қызметтік тәсіл қолданылды.

4. СБШ негізгі пайдаланушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесін құру шеңберінде саланың кәсіби стандарттарын әзірлеумен айналысатын сарапшылар, әзірлеушілер, жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кәсіби қызметі саласындағы жұмыс берушілер, басшылар және мамандар болып табылады.

5. СБШ мақсаты – кәсіптік, сертификаттау және білім беру стандарттарын кейіннен әзірлеу үшін саланың технологиялық талаптарын ескере отырып, БҰШ-тың деңгейлік біліктілік құзыреттерін сипаттау.

6. СБШ-та саланың қолданылатын және перспективті технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтік, машықтарына және біліміне қойылатын талаптар сипатталады.

7. СБШ мына қағидаттарды ескере отырып, БҰШ негізінде әзірленеді:

1) салалардың қолданыстағы және болашақтағы технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтеріне (қызметтік), машықтарына және біліміне қойылатын БҰШ-тың біліктілік деңгейлерінің талаптарын нақтылау;

2) саланың басымдықтарын айқындау және компанияның бизнес-мүдделерін есепке алу;

3) төменгі біліктілік деңгейлерінен жоғарғыларына өткен кездегі қызметтердің ауыспалылығы және үздіксіздігі;

4) барлық тұтынушылар үшін біліктілік деңгейлер сипатының ашықтығы;

5) біліктілік деңгейлері иерархиясының еңбек бөлінісі құрылымына және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне сәйкестігі;

6) кәсіби қызмет көрсеткіштері арқылы БСШ-ның біліктілік деңгейлерін сипаттау;

7) қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерді емес, олардың еңбек қызметінің түрлерін және олардың лауазымдық міндеттерді орындау сапасын сипаттау.

8. СБШ:

1) нақты салада еңбек нарығын және білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, оның ішінде нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, карьералық өсуге әкелетін білім берудің әр түрлі аймақтарын жоспарлауға;



2) көлемді еңбек ұтқырлығын қалыптастыруға;

3) кәсіби және білім беру стандарттарын, кәсіби білім беру бағдарламаларын әзірлегенде қызметкерлер мен түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;

4) білім беру және біліктілікті сертификаттау нәтижелерін бағалау рәсімдерін әзірлеуге, сертификаттар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

9. Саланың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері:

1) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;

4) отандық ақпараттық кеңістікті дамыту;

5) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін сәулеттік тәсілді енгізу;

6) азаматтардың, бизнестің және қоғамның ақпараттағы құқықтарын және заңды мүдделерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын және есептілігін арттыру;

7) «электрондық үкіметті» мемлекетті ақпараттандыру құралы ретінде дамыту;

8) мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды пайдалану шығындарын оңтайландыру;

9) ақпараттық-коммуникациялық технологияларын (бұдан әрі – АКТ) кеңінен енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін және құқық қорғау органдарының және жедел қызметтердің жұмысының тиімділігін арттыру;

10) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында қолжетімділігі;

11) ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық инфрақұрылымды және ғылыми-зерттеушілік қызметті дамыту арқылы АКТ-ның бәсекеге қабілетті отандық нарығын құру;

12) Қазақстанда ақпаратты қоғамды қалыптастырудың негізгі факторы ретінде адами капиталдың дамуы үшін шарттар жасау;

13) АКТ-ны енгізу арқылы Қазақстанның білім және ғылым салаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

14) АКТ-ны барынша қолдану арқылы халыққа медицина қызметтерін көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

15) электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

16) қосымша құн салығы жоғары бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық өндірісті құру шарттарын қамтамасыз ету;

17) АКТ-ны енгізу арқылы көлік қызметтерінің қолжетімділігін, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымын құру;

18) агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін заманауи, ықпалдастырылған және тиімділігі жоғары ақпараттық ортаны ұйымдастыру;

19) Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңашыл АКТ-ны енгізу есебінен қоршаған ортаны тұрақтандыру және спасын жақсарту;

20) АКТ-ны енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристтік бағыт ретінде тартымдылығын арттыру;

21) АКТ-ны жаттықтырушы құрамын, спортшыларды және мамандарды даярлау жүйесінің оқу-жаттықтыру процестеріне енгізу арқылы дене шынықтыру мен спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

22) отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

23) мемлекеттік органдардың мемлекет қызметін жарықтандыру және ілгерілету бойынша жұмысын үйлестірудің және жауапкершілігінің жүйесін жетілдіру.

10. Саланың қызметі жүзеге асырылатын негізгі нормативтік құқықтық актілері:

1) Сала қызметі жүзеге асырылатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан-2050» стратегиясы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы;

2) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары;

3) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

4) «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

5) «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

6) «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы;

7) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

8) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

2. СБШ паспорты
11. Әлемдік тәжірибені және қабылданған көзқарастарды ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) сала ретінде, яғни бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын, есептегіш техниканы, коммуникациялық жабдықты, тұрмыстық электроника мен оның құрамдастарын жобалаумен, өндірумен және сатумен, сондай-ақ жүйелік ықпалдастырумен, телекоммуникациялық және ақпараттық-технологиялық қызметтер ұсынумен байланысты экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы ретінде анықталады.

12. «Ұлттық стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 614-ИҚ бұйрығымен мемлекеттік жіктеуіш ретінде бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) АКТ экономикалық қызмет түріне бөлінеді.

13. Экономикалық қызметтің түрлеріне жатады:

1) компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа ілеспелі қызметтер, бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару, олар осы СБШ 1-қосымша кестесінде анықталған;

2) компьютерлерді, электронды және оптикалық өнімнің өндірісі, ақпараттық және коммуникациялық жабдықтың көтерме саудада сату, компьютерлерді және байланыс жабдықтарын жөндеу, олар осы СБШ 2-қосымша кестесінде анықталған;

3) байланыс, осы СБШ 3-қосымша кестесінде анықталған.

14. Кәсіби қызметтің салаларын бөлу кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің нормативтік және құқықтық актілері пайдаланылды, сондай-ақ АКТ саласын анықтаудың халықаралық тәжірибесі ескерілді.

15. Еңбек қызметінің түрі мыналарға бөлінеді:

1) басқарушылық;

2) атқарушы-басқарушылық;

3) атқарушы.

15. СБШ осы СБШ 4-қосымша кестесінде келтірілген.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

салалық біліктілік шеңберіне 1-қосымша

Кесте
Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа ілеспелі қызметтер, бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару

ЭҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрінің атауы

62.01

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

62.02

Компьютерлік технологиялар саласындағы кеңес беру қызметтері

62.03

Компьютерлік жабдықты басқару жөніндегі қызмет

62.09

Ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтің басқа түрлері (оның ішінде, автоматтандырылған жобалау жүйелерін (АЖОЖ) және автоматтандырылған басқару жүйелерін (АБЖ) жасауға арналған бағдарламалық аспаптық орталарды және құралдарды қолдану, роботтехникалық кешендер жасау)

63.11

Деректерді орналастыру және өңдеу қызметтері

63.12

Веб-порталдар

58.21

Компьютерлік ойындар жасау

58.29

Өзге бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару

92.12

Коммуникация жабдықтарды жөндеу

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

салалық біліктілік шеңберіне 2-қосымша

Кесте
Компьютерлердің, электрондық және оптикалық өнімнің өндірісі, ақпараттық және коммуникациялық жабдықты көтерме саудада сату, компьютерлерді және байланыс жабдықтарын жөндеу



ЭҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрінің атауы

26.1

Электрондық бөлшектерді өндіру

26.2

Компьютерлерді және перифериялық жабдықты өндіру

26.3

Байланыс жабдығын өндіру

26.4

Тұрмыстық электроника аспаптарын өндіру

26.8

Ақпаратты таратудың магнитті және оптикалық құралдарын өндіру

26.51

Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды өндіру

46.5

Ақпараттық және коммуникациялық жабдықтың көтерме саудасы

95.11

Компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеу

95.12

Коммуникациялық жабдықты жөндеу

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

салалық біліктілік шеңберіне 3-қосымша

Кесте
Байланыс



ЭҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрінің атауы

61.1

Кабельдік телекоммуникациялық байланыс

61.2

Сымсыз телекоммуникациялық байланыс

61.3

Спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет

61.9

Телекоммуникациялық қызметтердің басқа түрлері

64.20

Электр байланыс (телекоммуникация) қызметтері

53.0

Пошталық және жеткізу қызметтері

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

салалық біліктілік шеңберіне 4-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет