Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу және



Дата25.02.2016
өлшемі72.5 Kb.
#24567




Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2014 жылғы «27» қаңтардағы №26

және Қазақстан Республикасы

Өңірлік даму министрінің

2014 жылғы «27» қаңтардағы №15/нқ

бірлескен бұйрығына

1-қосымша

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу және

өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге

асыратын субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Осы ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі субъект – өлшемдер) «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдары және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лицензиялау саласындағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысы негізінде ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) әзiрлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тексерілетін субъектілерді белгіленген тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.

2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) АКҚҚ саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің АКҚҚ саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру нәтижесінде ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, жеке заңды тұлғалардың және мемлекеттiң заңды мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;

2) тексерілетін субъект – АКҚҚ саласындағы лицензиат.

3. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері екі түрге бөлінеді:

1) объективтік – тексерілетін субъектілер іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезінде мүмкін болатын тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;

2) субъективтік – тексерілетін субъектілер белгіленген талаптарды бўзуына байланысты анықталады.

4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына алғашқы жатқызу лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру мерзіміне байланысты, тәуекел дәрежесін бағалаудың объективтік өлшемдері негізінде жүзеге асырылады:

1) жоғары тәуекел тобына тиісті лицензияны үш жылдан кем мерзім бойы иеленген субъектілер жатады;

2) орта тәуекел тобына тиісті лицензияны кемінде үш жыл және бес жылдан аспаған мерзім бойы иеленген субъектілер жатады;

3) шамалы тәуекел тобына тиісті лицензияны бес жылдан асқан мерзім бойы иеленген субъектілер жатады.

5. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына келесі жатқызу тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемдеріне байланысты жүзеге асырылады.

6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемдерін қолдану мақсатында лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзу статистиканың деректері, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.

7. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемдеріне байланысты тексерілетін субъектілер жоғары, орта немесе шамалы тәуекел дәрежесіне көшеді.

8. Субъективтік өлшемдер балмен бағаланады:

1) АКҚҚ саласында біліктілік сынақты тапсырған мәлімделген маманның(-дардың) болмауы – 3 балл;

2) АКҚҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болмауы – 3 балл;

3) АКҚҚ саласында мәлімделген қызметтің кіші түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жай белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі – 2 балл;

4) әзірленген және өндірілген, жөнделген, өткізілген АКҚҚ-ны есепке алу журналдарының болмауы не олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі – 2 балл;

5) әзірленген және өткізілген АКҚҚ туралы жыл сайынғы есептілікті ұсынбау не біліктілік талаптарымен белгіленген нысан бойынша емес ұсыну – 2 балл;

6) АКҚҚ-ны әзiрлеуге жасалған келісімшарттар (шарттар) туралы не дербес (өз қаражаты есебінен) әзірленген АКҚҚ туралы лицензиарды хабарландырмау, дер кезінде хабарландырмау, сондай-ақ белгіленген нысанға сәйкес хабарландырмау – 2 балл.

9. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне 5 және одан жоғары балл жинаған субъектілер жатады.

Тәуекелдің орташа дәрежесіне 4 балл жинаған субъектілер жатады.

Тәуекелдің шамалы дәрежесіне 2 және одан төмен балл жинаған субъектілер жатады.


___________________________________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2014 жылғы «27» қаңтардағы №26

және Қазақстан Республикасы

Өңірлік даму министрінің

2014 жылғы «27» қаңтардағы №15/нқ

бірлескен бұйрығына

2-қосымша



Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу және

өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге

асыратын субъектілердің тексеру парағы

Органның атауы:____________________________________________________


Тексеруді тағайындау туралы акт : ____________________________________

(№, күні)


Тексеру жүргізу мерзімі: ___________________________________________
Тексерілетін кезең: _________________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы: _______________________________________
Орналасқан мекенжайы: __________________________________




Заңнама талаптары

Иә

Жоқ

Қажет емес

Ескерту

1.

АКҚҚ саласында біліктілік сынағын тапсырған мәлімделген маманның(-дардың) болуы













2.

АКҚҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы













3.

АКҚҚ саласында мәлімделген қызметтің кіші түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жай белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы













4.

Әзірленген және өткізілген

АКҚҚ-ны есепке алу журналдарының болуы және олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы















5.

Әзірленген және өткізілген, АКҚҚ туралы жыл сайынғы есептілікті біліктілік талаптарымен белгіленген нысан бойынша ұсыну













6.

Лицензиарды біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша дер кезінде: АКҚҚ-ны әзiрлеуге жасалған келісімшарттар (шарттар) туралы;

дербес (өз қаражаты есебінен) әзірленген АКҚҚ туралы хабарландыру















Тексеруді жүргізген лауазымды тұлғалар:
_______________________________________     _______________________________________
    (лауазымы, Т.А.Ә.)          (қолы)            

_______________________________________     _______________________________________


    (лауазымы, Т.А.Ә.)          (қолы)                        

Тексерілетін субъектінің өкіл(дер)і таныстырылды:


_______________________________________     _______________________________________
     (лауазымы, Т.А.Ә.)          (қолы)    

_______________________________________     _______________________________________


     (лауазымы, Т.А.Ә.)          (қолы)                        
_____________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет