Объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық



бет1/3
Дата24.01.2024
өлшемі28.2 Kb.
#489731
  1   2   3
stud.kz-117420


  1. Ұғым. Ұғым мен мағына

Ұғым — объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Белгілер дегеніміз — заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтары. Демек, олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгілерге жатады деген сөз. Бір затта екінші бір зат иеленген қасиеттердің жоқ болуы да белгіге жатады (мысалы, жолаушының біреуінде жол билеті болса, екіншісінде ол билеттің болмауы).
Кез келген заттың толық жатқан өзіне тәң белгілері болады, алайда олардың бәрі сол заттың мәнін айқындау үшін ұстанымды маңызға ие бола алмайды. Затқа тән, оның ішкі табиғатын, мәнін айқындайтын белгілер мәнді белгілер дәлінеді. Ал затқа тән болуы да, болмауы да мүмкін, оның мәнін айқындай алмайтын белгілер мәнсіз белгілер деп аталады.
Нақты және абстрактілі ұғымдар. Өздігінен өмір сүріп жатқан белгілі бір затты немесе заттардың жиынтығын білдіретін ұғымды нақты ұғым дейміз. Заттардың қасиеттерін немесе заттар арасындағы қатынасты білдіретін ұғымдар абстрактілі ұғымдар деп аталады. Олай болса, "тау", "өсімдік" ұғымдары нақты, ал "қараулық", "құлық", "парасаттылың" ұғымдары абстрактілі ұғымдарға жатады. Абстрактілі ұғымдар белгілерді білдіреді, сол белгілерді алып жүретін заттан тыс өздігінен өмір сүре алмайтын ұғымдар. Құптаушы және терістеуші ұғымдар. Затқа тән қасиеттерді құрайтын мазмұндағы ұғымдарды қитаушы ұғым, дейміз. Мысалы, "сауатты адам", "тәртіпті". Затқа тән емес қасиеттерді көрсететін мазмұнды білдіретін ұғымдарды терістеуші ұғым дейміз: "сауатсыз", "тәртіпсіз". Орыс тілінде терістеуші ұғымды білдіретін сөздер сөздің басында келетін "не", "без" демеуліктерімен беріледі, шет тілдерінен ауыскан кейбір сөздер көбінесе "а" приставкасынан басталады. Қазақ тілінде парсы тілінен енген сөз басында келетін "би", "бей" қосымшаларымен, сөз соңында жалғанатын "сыз", "сіз" жалғауларымен өрнектеледі. Сонымен қоса қазақ тілінде затқа тән қасиеттерді ешқандай қосымшасыз білдіретін сөздер көп: "надан", "жауыз" және тағы басқа.
Ұғымның арасындағы қатынастар
Ұғымдар арасындағы қатынас — сол ұғым арқылы ойға оралатын заттар арасындағы қатынастың бейнеленуі. Екі ұғымның арасындағы байланыс кейде олардың арасында іс жүзінде жалпы белгілер болмайтындай тым әлсіз болуы мүмкін. Мұндай ұғымдар салыстырылмайтын шымдар делінеді. Бұлардан езге ұғымдардың бәрі салыстырылатын ұғымдар деп аталады. Мысалы, "ҚазақстанРеспубликасы" мен "ӨзбекстанРеспубликасы" ұғымдарын біріктіріп тұрған ұғым — олардың Орталық Азия мемлекеттері екендігі. Тек салыстырылатын ұғымдар ғана бір-бірімен логикалық қатынаста болады. Салыстырылатын ұғымдар сыйысатын және сыйыспайтын болып бөлінеді. Көлемі жағынан алғанда толық немесе жартылай сәйкестіктері бар ұғымдар сыйысатын ұғымдар делінеді.
Сөз деген не?
Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады.[1] Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды.
Сөз және оның мағынасы
Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы — түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат.
Парта — ағаштан жасалган оқушьшың мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай ұғымы оның мағынасы делінеді. Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет