АҚПАРАТТЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ ТӨМЕНДЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасында Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудан әкімдігі келесі іс – шараларды жүргізді:
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудан әкімдіктеріндегі ақпарттық теңсіздікті төмендету бойынша жұмыстарды үйлестіру мақсатында бағдарламаны іске асыруға жауаптылар анықталып, 2007 және 2008 жылдарға арналған нақты – жоспар кесте бойынша жұмыстар жасалды.
2007 жылдың шілде айынан бастап «Халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою» курсы бойынша, Зайсан аудан мектептерінде 10 сынып ашылды.Оның 8 «жазғы» мектептер болса, қалған екеуі жыл бойы оқытатын мектептер. 10 мектептегі курс жүргізуші мұғалімдер «Халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою» курсын оқыту үшін керекті материалдар және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп отырды. Әр мектептер компьютерлік жабдықтармен жабдықталды.
Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үрдістерінің ұйымдастырушылық қамтылуы жоғары деңгейде болды.Ауданымыздағы «Достық» газетіне «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» курсы бойынша мақалалар жазылып, қала, ауыл көшелеріне хабарламалар ілініп, мекемелерге буклеттер, кітапшалар таратылды.
2007 жыл көлемінде Зайсан ауданына осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін
4 736 000 теңге қаржы бөлініп, аудан бойынша 2007 жылдың шілде, тамыз айларында 8 «жазғы» мектепте - М.Дәуленов, Ю.Гагарин, М.Әуезов, Амангелді, Абай, Қазақстан, Айнабұлақ, Көгедай орта мектептерінде «Халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою» курстары оқытылды.М.В.Ломоносов және Қаратал орта мектептері жыл көлемінде оқытатын мектептер.Жыл соңында 122 топ, яғни, 1850 адам оқытып шығарылды.Соның ішінде: бюджеттік мекеменің қызметкерлер саны - 756 және жұмыссыздар саны - 510 , бюджеттік емес сферада жұмыс істейтіндер және басқалар саны – 584.
2008 жыл көлемінде Зайсан ауданына 7 804 000 теңге бөлініп, 1 185 000 теңгесі коммуналдық шығындардан үнемделіп, жыл басында мемлекетке қайтарылды.Қалған қаржыны игеру мақсатында 163 топ (2445 адам) жыл көлемінде келе жатқан 2 мектеп (М.В.Ломоносов пен Қаратал) және жазда оқитын 8 «жазғы» мектепте (М.Әуезов, Ю.Гагарин, М.Дәуленов, Сарытерек, Тасбастау, Кеңсай, Айнабұлақ, Мукарама) оқытылды.Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер - 120 адам, бюджеттік мекеменің қызметшілері - 812, жұмыссыздар - 773, және басқа саланың қызметкерлері - 740.
Әр мектепте мерзімді курста білім алушыларға, компьютер арқылы жекелей қызмет түрлерін көрсетіліп, соңында білімдерін жетілдіру үшін тегін кітап - диск, сондай – ақ қалам, дәптерлер таратылды.Курс соңынан тест жұмысы алынып, 4295 адамға сертификат берілді.
Ауданымыздағы 25 мектептің 9,10,11 сынып оқушыларынан 17 қыркүйектен 24 қазан аралығына дейін «Халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою» курсы бойынша тест жұмыстары алынды.Оқушылардың 85 % сертификатқа ие болды.
Аталған курсты бітірушілерден алынған сауалнаманың қорытындысы бойынша, көпшілігінен курсты оқыту мерзімін ұзарту жөнінде ұсыныстар түсті.Дегенмен, қысқа мерзім ішінде жинақталып әзірленген бағдарлама бойынша халықты ақысыз компьютерлік сауатсыздығын жою мемлекет тарапынан жасалынып отырған үлкен көмек екені анық.
Достарыңызбен бөлісу: |