«Жағымсыз әдеттерден арылу бүгін оңай, ертең кеш»
Мақсаты: оқушыларды зиянды заттардан сақтандардыру, олардың денсаулыққа зияндылығын түсіндіру, оқушылардың денсаулықтарын сақтау, нығайтуға салауатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен қатар зиянды әдеттерден аулақ болуға түсінік беру; оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу; оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірін айтуға, дәлелдеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: буклеттер, плакаттар, мультимедиалық қондырғылар, күй, сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары.
Барысы.
Ұйымдастыру.
а) Сынып оқушыларымен амандасу.
ә) Сыныпты үш топқа бөлу (Оқушылар алдымен көздерін жұмады, күй ойнап тұрады сол кезде әр оқушының беттеріне фигуралары жапсырылады,исәден соң оқушылар беттерін ашып, қасындағы көршілеріне қандай фигура тұрғанын ыммен түсіндіріп береді).
б) Сынып оқушыларын өздеріндегі фигураларға байланысты үш топқа бөлу.
Дайындық кезеңі.
а) Сынып оқушыларын фигуралар бойынша топтарға бөліп отырғызу.
ә) Бүгінгі өтілетін тәрбие сағтының тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, тәрбие сағатының өту барысымен таныстыру.
Ой шақыру
(Оқушылардың ойын жинақтау, сұрақтар мен ғұламалардың даналық ойлары төңірегінде ой өрбіту)
Бірінші топ: «Темекі деген не, оның адам ағзасына тигізетін зияны қандай деп ойлайсындар?»
Екінші топ: «Ішімдік деген не, оның адам ағзасына тигізер әсері қандай»
Үшінші топ: «Нашақорлық деген не, оның адам ағзасына тигізер зияны қандай?»
Жағдаяттық тапсырмалар
1. Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні оның темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
2. Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығың жалғаса ма, әлде көрмей кетер ме едің?
Жаңа сабақ.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау, нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
Зиянды әрекет дегеніміз не? Қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, маскүнемдік, есірткі.
Олардың зияны қандай? Дүниеге келген әрбір адамның бірінші байлығы – денсаулығы. Бүкіл адамзат қоғамы адамдардың дені сау өмірі барынша ұзақ болуына тырысады. Соңғы екі – үш онжылдықта дүниеде адамдардың ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі және уытты заттарды пайдалануы қауіпті мөлшерге дейін өсіп отыр. Адам осы зиянды заттарды жүйелі түрде қолданатын болса, адамның оларға әуестену нәтижесінде өмірлік маңызды мүшелердің қызметі бұзылады, қауіпті аурулар пайда болады. Бұл зиянды әдеттер адам ағзасы үшін аса қауіпті.
Денсаулыққа зиянды әсер ететін ең көп тараған әдет – темекі тарту. Темекі түтінінің ең зиянды бөлігі – никотин. Ол орталық және шеткі жүйке жүйесіне әсерін тигізеді, нәтижесінде қан қысымы жоғарылап, тыныс алу жиілейді, ас қорыту мүшелерінің секрециясы күрт жоғарылайды. Темекі түтінінен бөлінетін заттар өте қауіпті. Темекі түтіні – тыныс жолдарының шырышты қабығын қабындырады, созылмалы бронхит, өкпе ісігінің пайда болуына себепті болады. Темекі шегу жиі жөтелмен, көп жағдайда көп мөлшерде қақырықтың бөлінуімен ерекшеленеді. Осының себебінен өкпе ұлпасы созылмалылығын жоғалтады, ентігуге әкеп соғады. Темекі тарту ағзаның тез қартаюына, қан тамырлар ауруларына әкеледі. Темекі тартатын адамның түрі терісінің, көзінің сарылығымен, беттегі әжімдерімен, қырылдаған дауыстарымен ерекшеленеді. Темекінің улы заттары жүрек – қантамыр жүйесін зақымдайды.
Ішімдік – орталық жүйке жүйесіне және адамның ішкі мүшелеріне әсер ететін есірткілік у. Нәтижесінде бастың ми қабығындағы тежелу үрдистері әлсізденіп, адамның өз қимылдарын бақылауы төмендейді. Ішімдік денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, адамдық, адамгершілік қасиеттерін жоғалтуға әкеледі. Ішімдік ішкенде алкогольдің 90 пайызы қарында сіңіріліп, қалғаны ішекте сіңіріледі. 1-1,15 сағаттан кейін қанда алкогольдің ең көп концентрациясы байқалады, бірақ ол онда ұзақ болмайды, ми, бауыр, бұлшықеттерден және басқа мүшелерде 1-15 тәулікке дейін жиналып сақталады. Ішімдікті мөлшерден тыс ішетін адамдарда ішпейтін адамдарға ас қорыту мүшелерінің аурулары 18 есе жиі, жүрек – қантамырлар жүйесі, тыныс алу мүшелерінің аурулары 3-4 есе жиі кездеседі. Алкоголь бауыр үшін аса қауіпті, ол бауырдың қабынуын, одан кейін бауыр циррозына әкеп соғады. Ішімдікті мөлшерден тыс ішетін адамдарда адамгершілік, жігерлік сияқты қасиеттері жойылады.
Есірткі – бұл психикалық және физикалық тәуелділікке апарып соғатын, қолдану салдарынан адам денсаулығына қауіп төндіретін өсімдіктер, дәрі-дәрмектер. Ол әдетте жеке тұлғаның рухани адамгершілік жағынан азғындауына және ағзаның өлуіне алып келеді. Нашақорлық проблемасының негізгі қауіптісі – есірткілік тәуелділіктің қалыптасу. Басында керемет елестер, көріністер пайда болып, кейін көріністер жан түршігерлік, қорқынышты сипат алады. Есірткі зат алмасу үдерісіне еніп, ең бірінші серотин өңдіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Иммундық жүйе зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Нашақорлардың өмірі қысқа болады, өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл, ең ары болғанда 10 жылға созылады. Есірткі заттарына әуестеніп алу тез болады, оны 2-3 рет қабылдау жеткілікті. Сондақтан да ешқашан, ешқандай жағдайда есірткі және есеңгіретуші заттарды қабылдауды тоқтату қажет.
Шығармашылық жұмыс.
Көрініс: «Ажалмен ойнама, айналайын!»
Топтастыру.
Отбасымен қарым-
қатынасы бұзылады
өмірді мағынасыз өмірді
етеді қысқартады
денсаулықты қылмысқа
бұзады апарады
өзіне сенімділікті ашуланшақ, ұмытшақ
жояды ұрыншақ болады
ұрпағына әсер
етеді
өз-өзіне сенімді
батыл да жігерлі ұзақ өмір
туысқандары, ертеңгі
достары күнге нық
арасында сеніммен
сыйлы қадам жасайды
Қорытынды.
Тренинг: «мен өмірге ризамын».
Ардақты менің оқушыларым, «Мен Сіздерге ризамын», өйткені сіздердің дендеріңіз сау, зиянды әдеттерден аулақ, ұзақ та бақытты өмір сүретіндеріңізге сенімдімін. («Жүрек» келесі оқушыға ұсынылып, оқушылар бір-бірлерінің жетістіктерін, ризашылықтарын айтып, келесі күнге тілектерін жолдайды).
Ризамын, ризамын, ризамын бұл күнге,
Ризамын, ризамын, ризамын өмірге.
Ризамын, ризамын, ризамын анама,
Ризамын, ризамын, ризамын әкеме.
Ризамын еліме,
Шалқар көліме.
Көк байтақ желбіре,
Қалықта көгімде.
Қайырмасы
Ризамын, ризамын, ризамын бұл күнге,
Ризамын, ризамын, ризамын өмірге.
Ризамын, ризамын, ризамын анама,
Ризамын, ризамын, ризамын әкеме.
Нашадан сақтай біл,
Ата-ана, баланы.
Риза ғыл, бауырым,
Ата мен ананы.
Қайырмасы
Ризамын, ризамын, ризамын бұл күнге,
Ризамын, ризамын, ризамын өмірге.
Ризамын, ризамын, ризамын анама,
Ризамын, ризамын, ризамын әкеме.
Қор болып кетпесін
Жас ғұмыр тағдырың,
Денсаулық – өзіңнің
Мәңгілік байлығың.
Достарыңызбен бөлісу: |