Ақпасов Кәрсембай
Ақпасов Кәрсембай 1894 жылы Нұра ауданы Шахаман ауылында туған. Отбасы жағдайы нашар болғандықтан Кәрсембай он алты жасынан жергілікті байлардың қол астында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген. Ревалюциядан кейін өмірдің жаңа қайта құрылғаның көрген ол кеңес билігін қолдап, колхоздандыру қозғалысының белсенді қатысушыларының бірі болған. Бұл уақытта оның алдында жаңа өмір, жаңа мүмкіндіктер ашыла бастаған.
1929 жылы санитар болып жұмыс істеген, Қазақ АССР орталық атқару комитетінің мүшелігіне сайланған. 1930 жылы мал өсіру одағына райкомда уәкілдік еткен.
1933 жылы Киевка ТОЗ-да бірінші төраға болса, кейін Киевка ауылдық кеңесінің бірінші төрағасы қызметін атқарған. Бұл қызметте жұмыс істеу үшін сауаттылық, жаза білу қажет еді. Осыған орай ол өзін-өзі оқытумен айналасты, бірақ бұл әрекет сондай нәтижелі болмағандықтан облыстық басқарма үш айға сауатты, білімді Аляухан Шоқақовты жібереді. Қараталдан алыс емес Құс – фермасы деген жерде әріп жазуды, оқуды үйренеді. Аз уақыттың ішінде Кәрсембай Акпасұлы қол қойюды, аздап жазу мен оқуды үйренеді. Бала кезінен өмірдің қатаң мектебінен өткен, кемелденген шағында оқу мен жазуды үйренген Кәрсембай Ақпасұлы барлық адамдардың білім алуын армандаған. Сондықтан да ол 1934 – 1936 ж.ж. Киевка кентінде мектеп құрылысын салуды талап еткен ұйымдастырушылардың бірі.
Кеңес билігі, мемлекет Ақпасов Кәрсембай Ақпасұлына әр түрлі қызмет орындарын сеніп тапсырған, ол оны аброй мен атқарды.
1942 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Төмендегідей медальдарға қол жеткізген:
«Ерлігі үшін» - 1943 ж.
«Ерлігі үшін» - 1944 ж.
«Ерең ерлігі үшін» - 1945 ж.
Оның есімі мен ісі ешқашан ұмытылмайды. Қарағанды қаласында облыстық мұражайда республикамыздағы кеңес билігін негізін қалаушылармен бірге Карсембай Ақпасұлы туралы мұрағатты материалдар бар. Киевка кентінің көшелерінің бірі оның есімімен аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |