Елге қайтар алдында делегация Сталинге елдегі қалыптасқан жағдайды түсіндіріп кетті: мүлдем қарусыз, әлі толық ұйымдаспаған, бұрын әскери қызметте болып көрмеген қазақтар кеңес өкіметін мезгілінен бұрын, ашық, белсенді түрде қолдап шығатын



бет1/8
Дата17.06.2016
өлшемі467 Kb.
#142840
  1   2   3   4   5   6   7   8
... Елге қайтар алдында делегация Сталинге елдегі қалыптасқан жағдайды түсіндіріп кетті: мүлдем қарусыз, әлі толық ұйымдаспаған, бұрын әскери қызметте болып көрмеген қазақтар кеңес өкіметін мезгілінен бұрын, ашық, белсенді түрде қолдап шығатын болса, Орынбор мен Орал казактары тарапынан жаппай қырғынға ұшырауы мүмкін, сондықтан да қазақ зиялыларының міндеті – қазақ жігіттерінің казактар жағына шығуына жол бермеу, казактардың қатарын қазақтардың есебінен толықтырылуын болдырмау – керектігі айтылды.

... тұтқындалды.

...Қожанов пен біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы болды (біздің арамыздағы Жаһанша Досмұхамедовті жақтырмады, сондай-ақ Әділевті үнемі мазақтап отыратын), алайда одан: бізді сатып кетеді деп емес, бізді өзінің мүддесі үшін пайдалануы мүмкін немесе әр қайсымызды әр жаққа қызметке бөліп жіберуі мүмкін – деп сескенетінбіз. Бір мысал келтірейін: 22 не 23-жылы ма, әйтеуір С.Өтегенов маған және бірнеше адамға келіп: «Қоныс аударушыларға қарсы күресу үшін құмның ішінде қарақшылық топ құрайық», – деп ұсыныс айтты. Біз үзілді-кесілді бас тарттық, бізді Қожанов айдап салып отыр деп түсіндік...».

« (...) «Алашорданың» батыс бөлімінің басшылары қулықпен сиаздың барлық негізгі пікірлерін өздерінің мүддесіне пайдаланған. Өздерінің барлық ресми жарлықтарын орындату үшін, бұқара арасында өз беделдерін көтеру үшін Батыс бөлімнің өкілдері үнемі Орал казактарымен ауыз жаласып, ұдайы оларды көмекке шақырып, әскери көмек алып отырған. Батыс бөлімдерінің өкілдері қалың бұқара мен әскери бөлімдер арасында ешқаңдай саяси және ағарту жұмыстарын жүргізбеген. Пара алу, қазынаны ұрлаушылық, қулық, сұмдық үнемі өрістеп отырса да оларды қасақана байқамаған, оларға назар аудармаған. Осындай жағдайлардың салдарынан алашордашылардың арасында патша үкіметінің қызметшілері мен жаулардың топтасуына жол ашқан. Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды. Оны саяси-қоғамдық бағыты жоқ бөлім деп есептейміз.

«(...) Мұның барлығы кездейсоқ кемшілік емес, өйткені жолд. Сафаров пен жолд. Петерс баяғыдан-ақ – 1920-1921 жылдардан бастап «Алашорданың» қамқоршыларының қатарына кірген (дөрекі болса да айтайын). Түркістанды жақсы білетін «білгір» ретінде жолд. Петерс қарапайым ғана нәрсені шатастырып алды: большевик қазақтарды – ұлтшыл, ал «Алашордашыларды» – кедейлердің қамқоры ретінде қабылдады. Қысқасын айтқанда, біз отставкаға шыққан соң (яғни Сафаров пен Петерс басқарған кезде) Орынбордағы контроревоюциялық «Алашорданың» барлық жетекшілерін (батыс «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ж.Досмұхамедовті, мүшелері Х.Досмұхамедовті, М.Дулатовты, А.Байтұрсыновты т.б.) шақыртып алды. Олар барлық қазақ оқу орындарын, «Ақжол» газетінің редакциясын басып алды және Жетісудағы жер реформасын жүргізуді қолдарына алды», – деп алашорда қайраткерлерінің Ташкентке шоғырлануын жеке басына ғана емес, кеңес өкіметіне төнген қауіп ретінде бағалады.



«... кейін екі жылдан соң (1920) астрахандық зиялы қазақ Мұхамеджан Тұңғашиннің қағаздарымен қоса жоғарыдағы 12 пунктен тұратын біз қабылдаған хаттама және «Алашорда» үкіметінің құжаттары кеңес өкіметінің қолына түсіпті, олар біздің ұлттық күресімізді ресейдің ішкі мәселесі ретінде қарастыруымызды қолдапты. Кеңес өкіметінің саяси қайраткерлері де сол патша тұсындағылардай орыс ұлтшылдары болғанын кейін мен Чичериннің аузынан естідім», – дейді З.Валидов (249 бет)

«...Айналып келгенде, Қазақстанды оңшыл элементтер билеп алды, ал «Алашордашылар» қол шапалақтап отыр. Дәйек үшін үлкен мәні бар елеусіз бір оқиғаны келтірейін. Бүкіл Қазақстан тұтастыққа ие боп, Жетісу мен Сырдария облыстары қосылғаннан кейін өткен Ақмешіт (Перовскі) қаласындағы Ү жалпықазақ құрылтайына үлкен маңыз берілді. Құрылтайдың ашылғанына екі-үш күн өткен соң менің бір жолдасым: мәжіліс өтіп жатқан залдың төріндегі қызыл тудың жанына «Құраннан» алынған аят жазылған Досмұхамедов басқарған Батыс алашорданың туы қойылыпты – деді. Мен сенбедім. Бірақ та қызыл тулардың ортасында жасыл тудың тұрғанын есіме алдым. Кейбір жолдастар реніштерін білдірді. «Алашорданың» туы орынынан алынды. Кейін:«Бір орыс қызметкері білместікпен іліп қойыпты»,– деп түсінік берілді. Құрылтайдың техникалық жағын жоғары білімді адамдар басқарды емес пе», – деп мағлұмат берді.

«...Қазіргі кезде біртұтас Россия жоқ. Біртұтас мемлекеттік өкімет те жоқ ... Сондықтан да тарихи оқиғалардың күшімен большевиктер билігінен құтылған автономиялы облыстар мен халықтар мемлекеттік тәуелсіздік жолына түсулері керек ...Сібір мен «Алаштың» өзара ортақ мақсат мен мүдделері екі автономияның өзара тығыз одағы болуын талап етеді. Бірін бірі тану (мойындау) – (әскери) күштерді біріктіреді ... Біз автономия мәселесін талқылау үшін Сібір үкіметіне келісімнің төмендегі баптарын ұсынамыз:

««Олардың қазақ даласында болуы кеңестік құрылысқа қауіпті... Сондықтан да қазақ еңбекші бұқарасынан оқшауландырылсын», – деген ұсынысының негізінде шешіліп қойған еді.



«1). Ташкенттегі қазақ зиялыларының контрреволюциялық ұйымы бізге дейін де болуы мүмкін. Оған біз қатысқан жоқпыз. Ал Жаһанша Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев қатысқан ұйым 22-жылы құрылды да, 24-жылдың басына дейін жұмыс істеді».

«1). Ұйымның құрылуы. Ұйымды құруға сыртқы интервенциялық күштердің басып кіру қаупінің төніп келе жатуы, сөйтіп Ресейдің аудан-ауданға бөлшектеніп кетуінің мүмкіндігі ықпал жасады. Ресеймен қоса қазақ ұлты да бөлшектеніп кетпеуі үшін және орыстың қанауынан құтылу үшін, Батыс Еуропаның алдында қазақ халқының өкілдігі бар екендігін көрсету үшін ұйым құру қажеттігі туды. Орыстың құлдығынан құтылып, тәуелсіз өмір сүргіміз келді. Біздің бұл тілегіміз интервенттердің де мүддесінен шығады, сөйтіп, бізді азат етеді деп үміттендік. Мәжілісті кімнің шақырғаны есімде жоқ. Жаңылысыспасам, бірінші мәжіліс Дулатовтың бөлмесінде өтті. Сонда жиналғандар ұйым құру туралы ұйғарымға келді.

«1. ...Баяндаманы тыңдай келіп, құжаттармен танысып шығып, батыс алашорданың көптеген жауапты қызметкерлері Орал облысында Орал казактарымен және басқа да буржуазиялық құрылымның қорғаушыларымен тізе қосып соғысқанын ескере отырып, оларға жасалған кешірімге қарамастан, олардың бұдан кейін қазақ даласында тұруы қазақтарды кеңес өкіметіне тартуға кесірін тигізуі мүмкін екендігі атап өтіліп. 2. Екінші жақтан алғанда, олардың біразы қылмыскер ретінде олардан жапа шеккендер азаматтық сотқа беруі мүмкіндігі ескеріліп, Ревком:

«14/Х- жүргізілген тергеудегі айыпталушы Иса Қашқынбаевтің қосымша көрсетіндісі. Жауап алған ОО ПП ОГПУ-дің бастығының көмекшісі Волохов (І том, 420-422 беттер).

«17-жылға дейін қазақ ішінде соц.демократиялық та, соц.революциялық та партия болған жоқ деп сеніммен мәлімдеймін, ал большевиктер туралы айтпаса да болады. Егерде, большевик болдым дейтін қазақ табыла қалса, демек оның – әуелде монархист, одан кейін антифедералист, федералист, содан кейін 1920–1924 жылдары коммунист болған, соңынан барып: «Мен Лениннен бұрын да коммунист болдым», дейтін Бақытжан Қаратаевтан еш айырмашылығы болмағаны», – деп аяқтайды.

«17-тамыз, 1935 жыл. Воронеж.



«1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицияның көзіне іліктім де, саяси жұмыс жүргізуіме тыйым салынды», – деп жазды.

«1917 жылы «Алашорданың» Батыс-Орал тобының жетекшілерінің бірі болды. «Алаштың» ІІ сьезі оны үкімет мүшелігіне сайлайды. 1918 жылы наурыз айында «Алаш» орталық комитетінің тапсырмасы бойынша Москва қаласында Ұлттар мәселесі жөніндегі комиссариатпен келісім жүргізді, қазақ тұрғындарының мұқтажын өтеу үшін және олардың арасында идеялық-түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында кеңес үкіметінен бірнеше миллион сомды жалынып жүріп сұрап алды (выпросил). Ақшаның негізгі бөлігін кеңес өкіметіне қарсы күрете жұмсау үшін оралдық ақ казактарға берді. Орал қаласындағы ақгвардияшылардың төңкерісінен кейін «Ойыл уалаяты» деген атпен белгілі «Алашорданың» батыс бөлімін басқарды. 1919 жылы қазақ байларының өкілдерін Колчакқа бастап барды», – деп (Алаш қозғалысы, 4 том, 58-бет) мінездеме беріпті.

«1919 жылы жаздың аяғына қарай Орал майданының бір бөлігі Қазақ жеріне ауысты. Осы кезеңнен бастап казактардың майданға барудан жаппай бас тартуы күшейіп, жалпы казак әскерінің дағдарысы мен азып-тозуы басталды.

«1922 жылы 19 ақпан күні: оқу-ағарту комиссариатының қызмет тапсырмасына орай 16 ақпаннан бастап азамат Әділев институттағы қызметінен босатылыпты» (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, Ташкент, 2005 жыл, 11-бет) .

«1930 жылы 6 қараша күні айыпталушы Халел Досмұхамедовтен алынған тергеу жауаптарының хаттамасы.

«1931 жылы 10 қыркүйек күні айыпкер Халел Досмұхамедовтен алынған қосымша тергеудің хаттамасы.

«2). Ұйымның құрылуына шығыс Бұқарадағы оқиғалар мен Заки Валидовтің, Әнуар пашаның келуі ықпал етті. Екінші жағдай: Мәскеудегі оқиғалар және Болғанбаев пен Әділевтің келуі итермеледі. Егерде қазақ коммунистері әлсіздік көрсетіп, еурпалықтардың алдында дәрменсіздік танытпаса, қазақтардың мүддесін қорғай білсе, мүмкін онда бұл ұйым құрылмайтын да еді. Сондықтан да мұндай үстемдік пен өктемдікке қарсы біліміміз бен күшімізді пайдаланып, ұйымдасқан түрде күресу үшін ұйым құру қажеттігі туды. Бұл тұрғыдан алғанда коммунистер де бізді қолдады. Ұйымның алғы шарттары осындай».

«3).Сұраққа жауап: Ұйымның құрамында Халел Досмұхамедов пен Жаһанша Досмұхамедов, Тынышбаев, Есполов, Әділев Дінмұхамед, Қашқынбаев Иса, Бірімжанов және Жәленов болды».

«4) Сұраққа жауап: Мен – Халел Досмұхамедов, Түркістан республикасының Оқу-ағарту халық комиссариятына қарасты ғылыми комиссияның төрағасы болып қызмет атқардым. Жаһаншаның қайда істегенін білмеймін, ол жалпы заңгер ғой. Тынышбаев пен Есполов Жер жөніндегі комиссариатта істеді. Жәленов Түркістан университетінің студенті, Қашқынбаев ординатор-ұйымдастырушы болды. Әділевтің не істегені маған белгісіз.

«№2370 іс. І том. 435-а бет. Мен, ОО ПП ОГПУ-дің КССР-дегі І бөлімінің бастығы Попов тергеуге алынып, №2370 іс бойынша жауапқа тартылған Жаһанша Досмұхамедовтің қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысы және соған байланысты кеңес өкіметіне қарсы әрекеттері толық дәлелденгенін ескере отырып ҚІК-нің 128-бабына сәйкес ҚАУЛЫ етемін:

«Айыпталушы Тынышбаев пен Досмұхамедовтің беттесуінің хаттамасы:

«Ал Жанша Досмұхамедұлы жергілікті халықты қорғап, казактардың ұрып-соғуына өзінше тойтарыс беруге тырысқан», – деп қорғай сөйлейді.

«Ал Жаһанша Досмұхамедов – заңгер, шешендік қабілеті өте мықты, көзқарасы жағынан түсініксіздеу, ақ көңіл, ерік-жігері әлсіздеу, орыс тақылеттес интеллигент, саяси жағынан толысқан саналы адам», - деп баға береді.

«Алайда ақпан төңкерісі басталған тұста ол өзін демократиялық қоғамдық қозғалыстың көсемі ретінде көлегейлеп көрсеткенімен де, іштей монархиялық құрылымның жақтаушысы, асқан атаққұмар, өзімшіл және материалист (құдайсыз деген мағынада Т.Ж.) күйінде қалып қойды. Өзінің осындай қасиеттерін қанағаттандыру үшін ол туған халқын құрбандыққа шалуға да бейімді еді. Монархиялық жүйе құлаған соң Х.Досмұхамедов аталған аудандар мен Татарстандағы монархиялық құрылымды жақтайтын партия мүшелерінің көмегіне сүйеніп, Х.Досмұхамедовтің кандидатурасына қарсы күрескен Ойылдағы демократиялық бағыттағы орыс тұрғындары мен мұғалім Сүбіханов бастатқан қазақтардан басым түсіп, Ойыл аудандық аткомының төрағалығына өтіп кетті. 1917 жылы көкектегі Оралда өткен қазақтардың облыстық құрылтайына Х.Досмұхамедов өкіл боп қатысты. Ол мұнда мінбеге жиі шығып сөйлеп, өзін демократиялық қозғалыстың нағыз қайраткері, сөзұстар шешені ретінде көрсетті. Өкінішке орай ол мұны дегеніне жету үшін істепті, ал оның деген мақсаты облаткомның төрағалығына өту екен, ал Х.Досмұхамедовті бұрын білмейтін құрылтай мүшелері оған сеніп қалыпты. Сонымен қатар, өзінің таныс өкілдеріне, егерде мұны төрағалыққа өткізбеген жағдайда, құрылтай жұмысын тараттырып жіберетінін айтыпты, ал құрылтайдың басты мақсаты барлық демократиялық бағыттағы зиялыларды біріктіру болғандықтан да, оны көрсетілген қызметке сайлауға мәжбүр болды. Содан бастап өзінің құзырлы қызмет бабын пайдаланған Досмұхамедовтің контрреволюциялық іс-әрекеті үдей түсті. Айтылған құрылтайға өкіл ретінде мен де қатыстым. Оның құрылтайды таратып жіберетіні жөніндегі жоғарыда айтылған сөзін естіп, 2 күннен кейін оның төрағалығымен өткен облаткомның отырысында уездік комиссардың орынбасарлығына атақты алаяқ Шәріп Сейкетовті тағайындағанда Х.Досмұхамедовтің оңбағандығына көзім анық жетті», – деп («Алашорда қозғалысы», 3-том, 2-кітап 272-273 беттер) Халел Досмұхамедовке мінездеме беру арқылы өтеді.



«Алаш-орда» үкіметіне еш қолдау болмасын, бірақ уақытша олардың басшыларын (оқығандарын) Кеңес өкіметінің қызметіне кеңірек пайдалану керек, жас Кеңес өкіметіне олардың білімдері қажет. Ал қалғанын кейіннен көрерміз... Бірақ оларға мүлде сенуге болмайды», – деген (Д.Сүлейменова, «Алашорданың батыс бөлімінің тарихы...», 10-бет) дұшпандық тапсырма берді.

«Алаш-орда» үкіметіне еш қолдау болмасын, бірақ уақытша олардың басшыларын (оқығандарын) Кеңес өкіметінің қызметіне кеңірек пайдалану керек, жас Кеңес өкіметіне олардың білімдері қажет. Ал қалғанын кейіннен көрерміз... Бірақ оларға мүлде сенуге болмайды»,– деген нұсқауын ескере отырып, С.Меңдешевтің Х.Досмұхамедовке қарата:

«Алашорданың» Жымпиты тобы алғашқыда «Ойыл уәлаяты» үкіметі деп аталды, яғни, Орал қазақ әскерлері территориясынан бөлек Ойыл облысы қазақтарының үкіметі құрылды. Кейін ... ресми түрде «Батыс Алашорда» үкіметі деп атала бастады. «Батыс Алашорда» үкіметінің алғашқы шешімі – Халық Комиссарлар кеңесіне өкіл жіберу туралы болды. Өкілдіктің мақсаты – кеңес өкіметіне Қазақ автономиясын тану туралы өтініш жасау, сондай-ақ өлкедегі азаматтық және әскери басқару ісін ұйымдастыру үшін материалдық көмек сұрау, әсіресе, өлке тұрғындарын азық-түлікпен және фабрика-зауыт өнімдерімен қамтамасыз ету туралы келіссөз жүргізу еді.

«Алматы. 1930 жылғы 7 желтоқсан. Мен, ОО ПП ОГПУ-дің КССР-дегі І бөлімінің бастығы Попов айыпталушы Досмұхамедовтен сұрақ алғанда, мыналар анықталды: Жаһанша Досмұхамедов 43 жаста, тұратын жері – Москва қаласы, Шаблово –Ховский пер., 11 үй, 25 пәтер. Туған жері – Орал округі Жымпиты ауданы, партияда жоқ. Ақпан төңкерісіне дейін сот мекемелерінде қызмет еткен. Қазан төңкерісіне дейін әр түрлі қоғамдар мен мекемелерде істеді. Қазір Москвадағы «Скотовод» басқармасында қызмет етеді. Білімі – жоғары, Москва университетін бітірген. Үйленген. Күн көрісі – қызмет табысына байланысты. Әке-шешесі жоқ, диқан болған», – деген өмірбаяндық анықтама бар.

«Астыртын ұйымға белсене қатысқаны үшін;

«Әскери-медицина Академиясының студенті Досмұхамедов Халел Досмұхамедұлы туралы. Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бөлімі, 4 сөре. 23 қазан, 1904 ж. № 15081. Полиция департаментінің осы жылғы 16 қазандағы № 12065 ұсынысына орай мынаны хабарлаймын:

«Батыс Алашорда үкіметінің ұйымдастыру жұмыстары осылай қыза бастаған кезде, қазақтардың ұйымдаса бастағанын сезген генерал Дутов – Орынбор жағынан, Орал әскери үкіметі – екінші жақтан Қазақ автономиясы мен «Алашорда» үкіметіне қарсы науқан жүргізе бастады. Сол кезде Дутов Орынборды басып алған болатын, ал Орал казактары қызылдардың шабуылын тойтарып тастаған еді.

«Батыс алашорда» қайраткерлеріне берген мінездемесінде большевик Ә.Әйтиев:



«Берілген сұраққа жауабым мынау: Қазақ ұлтшылдарының ешқандай ұйымына, оның ішінде Орынбордағы бөлімшесіне де мүше болған емеспін. 20-жылдары қандай да бір ұйымға мүше болды деген сөз шындыққа жатпайды. Ешқандай да ұйымды білмеймін. Валидов пен Байтұрсыновтың арасындағы хат туралы да мағлұматым жоқ. Байтұрсыновты естуім бар, бірақ таныс емеспін. Әділев пен Сәдуақасовтың кеңес құрылысына қатысты блоктары жөнінде де хабарым жоқ. Сәдуақасовпен бірге қожановшыларға (колчаковшыларға да болуы мүмкін, нақты танылмады – Т.Ж.) қарсы күреске қатысқаным рас. Оның өзінде де азаматтық блок емес, кейбір мәселелер жөнінде келіспегеніміз шындық. Кеңес өкіметіне қарсы ешқандай іс-әрекетке қатысым жоқ. Бөкейханов Уәлиханмен (Ғабдолла – ?) Жер жөніндегі комиссариятта бірге істедім, білімді, іскер, коммунисшіл. Әрине ешқандай ұйымның құрылғанынан бейхабармын. Ташкентте құрылған ұйымды естіген емеспін. Кулаков пен Ермековтің арасындағы байланыстан хабарсызбын. Олардың әр нәрсені менімен ақылдасты дегені шындыққа жатпайды, тек шарушылық мәселелері ғана тапсырылды.

«Бұдан кейін тиісті өкім шығаруыңыз үшін Сіздің құзырыңызға Орал облысының арғы бетіндегі тұрғындардың (қазақтар мен қоныстанушылардың) тағдырын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған (вершителей судеб) Халел Досмұхамедовтің (бұрынғы Ойыл аудандық аткомының, Орал облаткомының, Орал жер басқармасының төрағасы және «Алашорданың» батыс бөлімінің, тағы басқалардың да мүшесі) қимыл-әрекеттері туралы баяндауды өзімнің парызым деп есептеймін. Халел Досмұхамедов төңкеріске дейін 8 жыл дәрігерлік етті, ол кезде қоғамдық қозғалысқа ешқандай да ынтасы байқалған жоқ», – деген әшкерелеуші екпінмен басталады.

«Бүгінгі таңда ұлттық шет аймақтардағы жер саясаты саласындағы нақты міндет 1) Қоныс аударушы байырғы тұрғындармен қоса жергілікті халықты да жерге түпкілікті орналастыру. 2) Жаппай жерге орналастыру (бұған өз еркімен келгендерді жерге орналастыру да, халықтың табиғи өсімін ескере отырып, жер қорын белгілеу және т.б. кіреді) жөніндегі жұмысты қызу қарқынмен жүргізу, осының нәтижесінде артық жер бар болса, анықтау»;

«Бүкілқазақтық халықтық «Алашорда» кеңесі кеңес өкіметін Россия федеративтік республикасын мойындады және Халық комиссарлары кеңесімен байланыс орнатты. Халық комиссарлары кеңесі жанынан таяу күндері Қазақ ісі жөнінде комиссариат құрылады, көп өтпей Қазақ автономиялы өлкесі туралы декрет жарияланады. Халық комиссарлары кеңесінің 1 сәуір күнгі №335 қаулысына сәйкес Уралдан сыртқы облыстар бұрынғы өзінің қызметіне кіріссін. Бұл туралы төменде қол қойғандар сіздерге хабарлай отырып, мынаны ескертеміз: барлық қазақ жер комитеттері мен ұйымдарын, сондай-ақ Уралдың сыртындағы Орал облысының қазақтарын кеңес өкіметіне қарсы қандай да бір қарсы әрекетке бармауын және ешкімге ешқандай жағдайда көмек бермеуін өтінеміз. Қазақ ағайындар, естеріңізде болсын, сендердің ерікті ұлт болып өмір сүру құқықтарыңды еңбекшілдердің кеңес өкіметі мойындар отыр, орыс пролетариятының осы саяси парасатын бағалай біліңіздер!», – деген «Алаш автономиясының» мойындалуы туралы сүйінші хабарды исі ұлтқа жеткізген де Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер болатын.

«Біз осы не үшін жаға жыртысып, құлшына күресіп жатырмыз? Ал осы бүгінгі шындыққа тереңірек зер салған кісі бар ма? Қазақстанның өзінше республика болғанына 6-шы жыл, ал Кеңес билігіне – 9 жыл, біздің жетістіктеріміз қайда, біз қайда барамыз, кейін не ілгері ме, жоқ әлде орнымызда тұрмыз ба?», – деген өзекті сұрағын өздеріне де қойып, соған жауап беруге тырысса, мүмкін, алашшыл азаматтар мұндай тәуекелге бармас па еді, кім білсін.

«Біз Саратов кеңесі сияқты ірі кеңестің қарауында және ықпалында болғымыз келеді. Сіздерде астық, бізде шикізат бар. Қазақтарға үндеу жариялаған дұрыс. Атқарушы комитет мұны таратуға көмектесер еді. Біздің халқымыз қараңғы, оны казактар пайдаланып кетуі мүмкін. Байланыс орнату үшін өкіл жіберген дұрыс. Біз оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Қазақтарды казактардан оқшаулай отырып, олармен күресер едік. Біз Орал қаласына кіріп, кеңестерді ұйымдастырар едік. Казак атты әскерлерінің пайдалануына мүмкіндік бермес үшін, қазақтарға жылқыларын алыс түкпірге әкетуге шақырар едік», – деген сенімсөзді желеу етті.

«Біз, Алашорда өкілдері, Москваға келіп тұрып жатқанымызға бір айдан астам уақыт өтті, осы уақытқа шейін біздің шақырылуымыздың себебін түсіндіруді, осыған байланысты мәселелерді мүмкіндігінше тезірек қарауды өтінеміз. Біздің отбасыларымыздың Орынборға жақын жерде мүлдем панасыз қалуы да бұл өтінішті жазуға себеп болып отыр, олардың арасында, біз кеткенде, өкпе ауруымен, сүзекпен (тиф) ауырғандар да болды. Егер осы баянхатта айтылған басты пікірлерді дәлелдеуге айғақтар қажет болса, біз керекті құжаттарды көрсетуге және Кеңес өкіметі басшыларының күдігін туғызбайтын адамдардың түсініктері мен жауаптарын беруге әзірміз.

«Біздің мақсатымыз ел билігін халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта өз тағдырын өз қолына алуы тиіс. Біз тапқа, жікке бөлінбейміз, біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз. Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ құрып, олардың өзара араздасуына жол бермеуіміз керек, өйткені бұл заман тудырған біздің тағдырымыз. Қазір желбіреп тұрған бостандықтың жасыл туы бәрімізді бірлікке, бауырластыққа шақырады. Қазақтың қара шаңырағы бәріне де пана бола алады. Сондықтан да саяси арандатушылардың жолын бөгейік, қан төгіске жол бермейік. Елдің берекесінің кетуіне түпкілікті себеп қазақтарды жік-жікке бөліп, оларды бірін-біріне қарсы қойып, қан қақсатқан саясат. Бізге береке-бірлік әперетін тек қана Әділдік. Қалың халықты тонаушылар, момындарды жылатушылар бізге жолдас бола алмайды. Қазақты, басқа халықтарды аяусыз қанаған патша орынынан түсті. Қазақты елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетін қайраткер ғана басқаратын болады. Сол себептен де біз қалай да Ресейден автономия алуға тиістіміз», – деп сөйлегенде төрде тұрған «Құран» аяты жазылған жасыл ту – осы ту еді.

«Бір нәрсенің басын ашып алайық. Мен пікірталасы басталмас бұрын сіздерге түсініксіздеу көрінген, яғни, партияда жоқтардың мәжілістен шығып кетуін өтінуімнің себебін түсіндіре кетейін. Мәселе мынада, осында жиналған тыңдаушылардың қатарында бір топ әйелдер де отырды, олардың қатарында Телжан Шонановтың әйелі, Қаратаевтің қызы да болды. Оларды шығарып жіберу үшін сондай оқыс шара қолдануға тура келді, оным түсінікті ғой деймін, көлденең куәнің қажеті қанша...», – деп ақталды.



«Доктор Досмұхамедовке 1920 жылдың 28 маусымынан бастап анатомия, физиология және гигиена пәнінен Қазақ педагогикалық институтының студенттеріне лекция оқуға» рұқсат беріледі, «курстың санитарлық дәрігері ретінде арнайы бөлме бөлінеді», қашан және қай күндері қандай пәннің өтілетінін доктор Досмұхамедовтің өзі белгілейтін» болып (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, Ташкент, 2005 жыл, 11-бет) шешілді.

«Досмұхамедов – конституциялық демократ», оны «бәрінен бұрын ұлт мәселесі алаңдатады», «өте күдікті адам», деген мінездемесі Халел Досмұхамедовтің қалған ғұмырына көк бауыр болып жабысты.



«Досмұхамедов Халел – дәрігер, орыс тақылеттес шенеунік, мансапқор, мінезі тұйық, қулығымен кез келген адамды жаңылыстырады. Оның өз күшіне сенгені соншалықты, ең ауыр авантюраға да бара алады. Көзқарасы жағынан монархист, Михеевтің бірінші ме, екінші ме (адамы), әйтеуір Дутов, Толстов, Мартыновтардың оң қолы», – деп жазды.

«Дулатовтың қонақүйдегі бөлмесінде өткен Ташкенттегі ұйым мәжілісіне Дулатов, Иса Қашқынбаев, Халел Досмұхамедов, Ермеков (?), Кәрім Жәленов, Ақмолда Ізтілеуов қатысты. Уәлихан Омаров пен Дулатовтан басқасын бұрын танымайтынмын. Сіз білесіз бе, білмесеңіз айтайын, содан кейін Ташкентте Орта Азиядағы үйлестіруші топ ретінде ашылған ұйымның бас қосуы өтті. Орынбордағылар бұл топтан хабарсыз болатын. Олар орынборлықтардың мақсатын қолдады. Ұйымдастыру шарасы қаралып, әр қаладан сенімді адам тауып, сол қалада шағын топ құру мәселесі талқыланды. Ақмоладан, Семейден бөлімше ашу ұсынылды. Ондағы басты сенгеніміз Ермеков пен Ғаббасов болды. Айтпақшы Петропавл мен Семейде ұйым бұрыннан бар екен ...», – деген көрсетіндісі Х.Досмұхамедовті түрменің табалдырығынан аттатты.



«Еңбекшілер еліне қазақ халқының атынан алғыс айтамын, бізге жаны ашыған жалғыз үкімет кеңес өкіметі. Біз автономия алу жолында ұзақ күрестік, бірақ, кеңес өкіметінен басқа бір де бір өкімет біздің ұсынысымызды қабылдаған жоқ. Мұндай түсіністікті біз ешқашанда ұмытпаймыз», – деп (сонда) еруге қару қайырды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет