Араб халифаты
1.А раб халифатының құрылуы.
Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды.
Хилафа, 622–750 Мұхаммед пайғамбар дәуіріндегі халифаттың кеңеюуі, 622–632 Рашидун дәуіріндегі халифаттың кеңеюуі, 632–661 Умайяд халифаты, 661–750. 6 32 — 56 жылдардағы халифаттың астанасы — Медине қаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия.Палестина, Египет кірді, ал екінші кезеңінде оған Солтүстік Африка, Приней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан,Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар 929 — 1031 жылдардағы Омейя әулеті халифаты, 750 жылы құрылған Аббас әулеті халифаты, 909-1171 жылдардағы Фатима әулеті халифаты, Кордова халифаты, Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті тағы басқалар билеген мемлекеттер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 жылы Хулагу хан бастаған моңғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін Араб халифаты мемлекет ретінде жойылды. Халифат– халифтар басқарған, құқықтық жүйесі исламның сүнниттік тармағына негізделген мемлекеттердің жалпы атауы. Алғаш Батыс Арабияда 632 – 56 жылы Мұхаммед Пайғамбардың басшылығымен құрылған. Қазақстаннан халифат құрамына кейбір оңтүстік аймақтар: Фараб, Испиджаб, Яссы, — халифалар басқарған ортағасырлық араб мемлекеттері. Мұсылман теократиясына негізделді. Халифаттың түпкі негізі 7 ғасырларда Батыс Арабияда Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) құрған мұсылман қауымы — умма болды. 7 — 10 ғасырларда халифатта дүниежүзілік мәдениеттің дамуында маңызы зор болған жарқын да сан алуан мәдениет қалыптасты. 9 ғасырда құрамына кірген мемлекеттердің экономикасының дамуының әркелкілігі, аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың әлсіздігі, жер-жердегі халифатқа қарсы көтерілістер, билеушілердің өзара тақ таласы мемлекеттің ыдырауын және іс жүзінде дербес ұлттардың құрылуын тездетті. 10 ғасырдың 1-жартысынан бастап Фатима әулетінің (909 — 1171), Испанияда Омейялар (929 — 1031) мен Аббастардың Халифаттары өмір сүрді. Фатима әулеті халифтері өз қолдарына діни, зайырлы биліктерді қатар шоғырландырды. Аббас әулеті халифтары 945 жылы Бағдадты Буилер жаулап алғаннан кейін зайырлық биліктен айрылды. 1055 жылы Бағдадтағы Буилер билігін салжұқтар алмастырды. 1118 жылы Салжұқтардың біртұтас мемлекеті ыдырағаннан кейін Аббас әулеті Тигр мен Евфра талабында жаңа Халифат құрды. 1258 жылы Бағдадты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Египетті 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Египетті жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: |