Қарақұдық ауылдық округінің әкімі М. Татеровтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі. Экономика



Дата24.02.2016
өлшемі34.61 Kb.
#13235
Қарақұдық ауылдық округінің әкімі М.Татеровтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.


  1. Экономика.

Қарақұдық ауылдық округ аумағында Қарақұдық,Тікқайын,Көктоғай елді мекендері орналасқан.Тұрғылықты халқының жалпы саны 1521 адам,аулалар саны-396.

Халықтың өзіндік қосалқы шаруашылығындатіркелген малдың саны:

Ірі қара – 2261

Жылқы – 236

Шошқа – 113

Қой – ешкісаны 2439.Малдарды бірдейлендіру жұмыстары толығымен аяқталып, мал басы анықталды.

Ауылдық округі бойынша 29 егін егетін, 2 мал өсіретін шаруа қожалықтары, 1 ЖШС, 1 мемлекеттік сұрыптау учаскесі және 4 көкөніс, бақша егетін қожалықтары тіркелген.Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын округі бойынша 3 дүкен бар.

Ауыл тұрғындарының жеке малына және шаруа қожалықтарының малдарына округ боынша жоспарланған шөп,дәнді дақылдар сабаны, толық түсірілді,малдарды бірдейлендіру жұмыстары толығымен аяқталып, мал басы анықталды.




  1. Жер ресурсы.

Ауылдық округтің жалпы ауданы 49474 га, ауылшаруашылығы жері-43253 га. Соның ішінде Қарақұдық 33473 га, Көктоғай 3917 га, Тікқайын 12084 га.
Cыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық

Сыбайлас жемқорылықты алдын алу мақсатында күнбе күн барлық мемлекеттік лауазымды тұлғалармен ескертіп және тоқсан сайын жиналыста осы мәселені көтеріп жатырмыз. Құқық бұзушылыққа қарсы күрес нәтижесінде учаскелік полициясының ақпараты



Сумен жабдықтау.

Ауыл тұрғындары пайдаланатын ауызсуды аудандық санитарлық тазалықты бақылау мекемесінің мамандары әркез, жыл сайын бактериялогиялық және санитарлық химиялық тексерістер жүргізіп отырады. Санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру мақсатында екі ауылдың да суларынан байқау мөлшері алынып тұрады.




  1. Білім.

Қарақұдық ауылдық округінде 1 жалпы орта мектебі, және 2 негізгі мектебі орналасқан.Қарақұдық мектебі -136 оқушы, Тікқайын мектебі-49,Көктоғай мектебі - 37 оқушы бар.

Жыл басынан бері мектептеріне мамандар келіп, жұмыс істеуде, олар тұрғылықты жермен қамтамасыз етілді.




  1. Денсаулық сақтау.

Қазіргі уақытта Қарақұдық ауылында 1 дәрігерлік амболутория, Тікқайын,Көктоғай ауылдарында 2 фельдшерлік – акушерлік пункті орналасқан. Медициналық жәрдем барысында 1 дәрігер,бес медбике қызмет атқарады. Округ жедел жәрдем көлігімен қамтылған. Округ бойынша 21 нәресте дүниеге келді, жыл басынаң қайтқан адамның тіркелген саны 12.


  1. Жолдар.

Округімізде 216 шақырым облыстық және аудандық манызы жолдары бар. Қатынас жолдарды қыс айларында күтіп ұстау іс-шараларына дайындық жүргізіп, төтенше жағдайларға қажетті техника мен көліктерді дайындау жоспар бойынша «Восток» шаруа қожалығымен келісім шарт жасалынды.


  1. Пошта. Телефон, электр, газ жүйелері.

Қарақұдық ауылдық орталығында пошталық бөлім уақытымен ауыл тұрғындарын аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері газет-журналмен қамтамасыз етуде, әрбір айдың 20-ші жұлдызында зейнетақы мен жәрдемақылар төленуде.

Телефон байланысын Алға филиалындағы «Қазақтелеком» АҚ , және «СВИМ» ЖШС қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Қарақұдық ауылы-200 номер, Көктоғай а.-70,Тікқайын -100 номер пайдаланылуда.

Округ бойынша 8 КТП орналасқан.Қарақұдық ауылы Новая көшесіндегі электр желілері ағымдағы жылдың қараша айында ауыстырылды.

Қарақұдық, Республика бюджетінен «Өңірледі дамыту»бағдарламасы бойынша, бес көшесінің жарықтандыру мәселесі шешіліп отыр. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуы бойынша, ағымды жылы Қарақұдық ауылына дейін газ құбырын тарту жұмысы аяқталты, енді ішкі аралық газ құбырларын жүргізуге тиісті алғы шаралар жұмыстары жүргізілуіде.Тікқайың мен Көктоғай ауылдарына ақпарат басылымдарын уақытында жеткізуді ауылдық әкімшілігі өз міндетіне алынды.


Мәдениет. Спорт және туризм. Жалпы сақтандыру.

Қарақұдық ауылдық округінің орталығындағы мәдениет кешені жеке қожалықтың қарамағында жұмыс жасауда. 2007 жылдаң бастап ауылдың кітапханасы жұмысқа қосылды.Кітапхананың шығармашылық саны 16086 дана құрайды.Ауыл кітапханасының одан әрі дамуына материлдық-техникалық базасын нығайту қажет.


Жоспарланған мақсаттар мен міндеттер:

Еліміздің әр саладағы дамуы үлкен қарқынмен жүргізілуде, сондықтан өмірлік талаптарда артты, жан-жақты мәселер бойынша: су қорын үнемдеу, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа белсене тарту, еңбек етуіне көмектесу, балалардың тәрбиесіне ұстаздардың ата-аналармен біріге отырып, қадағалауды, әсіресе қыздарымыздың ұлттық дәстүрлерді сыйлауын үйрету, білім беруде оқушыларды әрбір пәнге қызығушылығын арттыру, медицина саласында өз міндеттерін толыққанды атқару, науқастардың ризашылығына бөлену, осының барлығыда біздің жеткен табысымыз, қосқан үлесіміз болмақ.



Атқарылған жұмыстарымен қатар алдағы уақытта шешімін күтіп отырған мәселелерде баршылық.


  • Тікқайын ауылына ұялы телефон жүйесін орнатуды, 2014жылдың қаңтар айына жоспарланып отыр;




  • Қарақұдық – Ақтөбе-Қобда трассасы аралығындағы қатынас жолының жөнделуінің тиімді жолдарын қарастырып, 2014жылы жүзеге асырылуына қол жеткізу;




  • Қазіргі уақытта халықты ұн кебегімен қамтамасыз ету 90% орындалды;

М.Татеров

Қарақұдық селолық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет