Қарақұдық ауылы әкімінің жылдық есебі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол болашаққа бастар жол»



Дата03.03.2016
өлшемі40.71 Kb.
#36472
Қарақұдық ауылы әкімінің жылдық есебі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын ескерте келіп, жаһандық сындардан өтудің жолдарын анықтап берді. Ол үшін алдағы уақытта дамытуды қажет ететін жеті негізгі бағыт белгіленді. Бұл жаңа экономикалық саясаттың тұғырын жүзеге асыру барысында ауылдық елді мекендер мен ауылдық округтердің де өзіндік орны бар. Қарақұдық әкімінің аппараты да басқа мемлекеттік мекемелермен, шаруа қожалықтары, шағын бизнес өкілдері және басқа да құрылымдармен бірлесе отырып құрылған жоспар негізінде осы Жолдауда көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарады.

Қарақұдық ауылы бойынша үйлер саны - 186, отбасылар саны - 198, халық саны-869. Мүгедектер -46, зейнеткерлер - 69, жастар саны - 218, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының студенттері-12, колледж студенттері-57. Экономикалық белсенді тұрғындардың саны - 412, жұмыспен қамтылғаны - 400, оның ішінде өз тарапынан жұмыс істейтіндер - 98 адам. Жыл бойы 41 адам жұмысқа орналастырылды.


Мемлекеттік балалар жәрдемақысын 18 отбасы (57 адам) алады, жалпы 848 мың 579 теңге. Атаулы әлеуметтік көмекті 3 отбасы (12 адам) алады, жалпы 276 мың 075 теңге. Тұрғын үй көмегін 11 отбасы алады, яғни 194 мың 223 теңге. Көп балалы отбасылар саны - 23. Жыл бойы аталған категориялардағы адамдарға демеушілер тарапынан материалдық көмек көрсетіліп отырды.

Қарақұдық ауылы бүгінгі күнде қарқынды даму жолында, елдегі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының біршамасы орындалып, игеріліп келеді. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша көше жарығы орнатылды, бүгінгі күні 45 фонарь қойылып көшелер жарықтандырылды.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Жұматаев көшесінің жолын жөндеуге жергілікті бюджеттен 839 мың теңге қаражат, Центральная көшесінің жолын жөндеуге 600 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын орындау. 2014 жылы өз жеке ісін ашу үшін ауылдан 1 жоба ұсынылды, ауыл тұрғындары: «Қымбат» жеке шаруа қожалығының басшысы Кисапова Алмагүль 1млн. 400 мың теңге көлемінде, «Дариға» жеке шаруа қожалығының басшысы Исабеков Сайлаубек 5 млн. 400 мың теңге көлемінде несие алып, мал басын өсіруге мүмкіндік алды. 2015 жылы қосымша 1 жоба ұсыну жоспарланып отыр. Искаков Ринат, Битебаев Асхат дәнекерлеуші курсын тәмәмдап жұмыспен қамтылды, ал Искакова Роза аспазшы курсынан өтіп жатыр.
«Балапан» және «Білім саласын дамыту» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру. Ауыл бойынша 1 орта мектеп жұмыс атқарады. Жалпы оқушы саны - 118, барлығы 23 мұғалім қызмет етеді. Мектепте кадр мәселесі шешілген, қазандықтар толық режімде жұмыс істеп тұр. Амангелді орта мектебінде орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді. Ауыл бойынша 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі оқу- тәрбиемен жалпы 24 бала қамтылған, шағын орталық тәрбиешілермен және оқу-тәрбие үрдісіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы. Қарақұдық ауылында фельдшерлік пункт жұмыс жасайды, жалпы 1 медбике қызмет етеді. Жоспарлы түрде Доскей ауылдық амбулаториясынан мамандар дәрігерлік бақылау жүргізіп отырады. 2014 жылдың қыркүйек айында 2 мүмкіндігі шектеулі адам Хамитов Мұратбек, Досмагамбетова Гүлім «Боровое» шипажайына барып, денсаулықтарын жақсартып келді.
«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты», шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау. Ауыл бойынша тіркелген шаруа қожалықтарының саны - 60. Оның ішінде 30 шаруа қожалығы толық жұмыс істеп, даму жолында. Игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мақсатында 7 шаруа қожалығының тізімі облыстық территориалдық жер инспекциясына жіберілді. Кәсіпкерлер саны - 7. Дүкен иелерімен азық-түлік бағасын өсірмеу туралы меморандумға қол қойылды.
Мәдени - бұқаралық іс-шараларды өткізу барысы. Мәдени-ағарту ошақтарынан ауылда 1 клуб, 1 кітапхана бар. Бұл бағытты ерекше атап өту керек. Себебі әрбір мәдени іс-шара халықтың басын біріктіру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру үшін бағытталған. Қарақұдық ауылында білім мекемесі, ардагерлер кеңесі, жастар қауымы мен кәсіпкерлер бірлесе ұйымдастырып, ақылдаса отырып өткізген әр шара өз мақсатына жетіп отырады. Өткізілген мәдени, саяси іс-шаралар аудандық «Бұқар жырау жаршысы» газетінде жарияланады. Бұл өзімізді дәріптеу немесе мадақтау үшін керек емес. Бұл ауыл азаматтарының сенімділігін орнату үшін, ауылдың дамуына барша тұрғындар үлес қосу керектігі туралы ой салу үшін жасалуда.

- Қарақұдық ауылының көшелерінен жиналған үйінділер «Сәт көмір», «Қара Отын» ЖШС және шаруа қожалықтарының техникаларының көмегімен шығаралып, тазартылды.

- Көктем айларында жол бойындағы арықтар тазартылып, суағарлар жасалды.

- Қарақұдық ауылының барлық көшелеріне жарық шамдары орнатылды.

Ағымдағы жылы жыл бойы объективті себептермен орындалмай қалған жұмыстарды, ауыл тұрғындарының өтініш, талаптарын ескере отырып бюджет және демеушілер есебінен келесі жұмыстарды атқару жоспарланып отыр:

- Клуб ғимаратын сатып алу;

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа 3 жоба ұсыну;

- «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында Набережная көшесінің жолын жөндеу бюджеттен 2015 жылға 839 мың теңге қарастырылып, жоспарлануда;

- Ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық жасау.

Бұл жоспарлардың орындалуы қаржы мөлшеріне, жауапты адамдардың белсенділігі мен іскерлігі мен қызығушылығына және қажырлы еңбегіне қатысты екені белгілі.



Алдағы уақытта шыдамдылық танытып, қолдан келетін істі бірлесіп, ұжымдасып атқаруға шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет