ОҚО Қазығұрт ауданы
Ж.Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған
№5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты,
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 8 сынып жетекшісі Лесова Алима
8 сынып
«Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын –
Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған
тәрбие сағаты
Мақсаты: білімділік - алтынның көзі, асылдың сынығы, қайсар ақын, тума талант, иесі Қ.Аманжоловтың өмірі және шығармашылығымен оқушыларды кеңірек таныстыру.
Дамытушылық - оқушылардың әдебиетке деген ынтасын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, әдебиетті, өнерді, сезімді, өмірді бағалауға үйрету.
Тәрбиелік - ақынның адами болмысын, ойлары арқылы оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, қайсарлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әдеби кітаптармен газеттер, нақыл сөздер, ақынның өмірін толық қамтитын слаидпен видеоролик.
Тәрбие сағаттың түрі: сын тұрғысынан ойлау
Мұғалім: Биыл Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы осы іс-шараға қатысты жер-жерлерде ақынға арналып түрлі іс-шаралар өтуде. Бізде сол сынды кішкене болса да, өз үлесімізді қоспақпыз. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» деп жырлаған қайсар ақынымыздың өзіндік ерекшелігімен өжеттілігін ашу. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде.
«Ән- көңілдің ажары»
Ақынның «Өзім туралы» әнін нақышына келтіріп орындайтын Пайз Назерке.
Қасым - өзінің өртке тиген өлеңдерімен ізгілікке тәнті болып, бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтерген ақын.
Балалар, ақын бойынан қандай қасиетті байқадыңдар? Оқушылар мына сынды жауаптарды айта жөнеледі: қарапайым, әділ, тума талант, бір сөзді, көргенді, қайсар, халық үшін туған перзент. Әр оқушы осылай өз ойын айтып жатады.
«Қасым солай болмаса» өмірбаянына шолу
1.Қ А Р 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған.
2.Ақын мұсылманша хат танып, қозы жайып, отпен кіріп, күлмен шығып, табиғат аясында шыңдалған.Алғыр зеректігінің арқасында мектепті сауатты бітірген.
1.Семейде мал дәрігерлік техникумын бітіріп (1930), 1931 жылы Ленинградқа барып орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ-та денсаулығына байланысты оқи алмаиды.
2. «Лениншіл жас» газетінде (Қаз. «Жас Алаш») жұмыс істеген.
1.Ұлы Отан соғысына қатысқан.
2.Қасым Аманжоловтың зайыбы-Сақыпжамал, сүйікті қыздары: Жанна мен Дариға.
1.Тұңғыш шығармалар жинағы «Өмір сыры» деген атпен 1938 жылы жарық көрген.
2.Етене араласқан достар:Т.Әлімқұлов, Ғабдол Сменов, С.Адамбеков,Т.Жараков, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков.
1.Өнерден де кенде емес: домбыра, скрипка, акардион, мондалинада ойнай алған.
2.Поэмалары: Байқал, Оралым, Подполковник Альпин,Ақын өлімі туралы аңыз.
1. «Дариға сол қыз», «Туған жер», «Өзім туралы» шығармалары халықтың сүйікті әндеріне айналған,
2.А.С.Пушкиннің, Лермонтовтың, әзірбайжан ақыны Низамидің, Украин ақыны Шевченконың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1.Бұл күнде ақынның қос қызы Жанна мен Дариға әкесінің көзіндей.
2,Ақын шығармалары орыс тіліне аударылған.Қарағандыда Қ.Аманжоловтың құрметіне көше аталған.Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжоловтың есімі берілген.
1.Ақын халқының тума перзенті.
2.Ұлт әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан ақынымызға еріксіз бас иеміз.
( Осылай Шохан мен Дана шолу жасайды)
«Өмірге келер әлі талай Қасым» ақынға арнау өлеңдер оқу
Қасым атаға арнау (Пайз Назерке)
Қасым ата биіксің өр тұлғалы,
Сені есіме түсіргім кеп тұрады.
Сенің жазған өлеңің жүрегімде,
Елжіретіп тербетіп бір қоздырғаны.
Бұлтқа бөлеп дауыл шайқап туғызған,
Сырлы сөзден күмбез бейне тұрғызған.
Жастарға үміт артып бұл күнде,
Қарайсың ау аспандағы жұлдыздан.
Қасымы еді қазақтың (Төлеген Нұрпейіс)
Қазақта Қасым деген бір ұл туған,
Кешегі Абай,Жамбыл жолын қуған.
Келіп-кететін бұл дүниеде,
Ұмытылмас Қасым деген дара туған.
Бұл өмірге келеді небір ақын,
Артынан өшпестей бер із қалдыратын.
Жалындаған қазақтың бұл өлеңі,
Қасым ағаға арнағым кеп тұрады.
«Ақын қандай тұлға болған?» замандастарының ой-пікірінен жинақталған пікірлер жиынтығын оқу
Суретке бейімі бар оқушылар Қасым Аманжоловты неге теңейтіндерін салып отырады,ал шығармашылыққа бейім оқушылар төл туындылары жазып отырады
Көрініс. Тілші қыздың Дариға апаймен сұхпатының көрінісі.
Тілші: Сәлеметсізбе, Дариға апай!
Дариға апай: Сәлеметсіңбе қалқам!
Тілші: Сізге бүгінгі атбасымыздың бұрыуының басты сыры аға жайында сыр шерту...
Дариға апай: Бұл сұраққа маған жауап беру қиын
Тілші:Әр әке-шеше өз баласының өмірге келген соң, белгілі бір маман иесі болғанын қалайды.Ал сіздің кім болғаныңызды қалаған?
Дариға апай: Әкем мені сазгер болса деген екен
Тілші:Сіздің әкеңізбен анаңыз қалай танысқан?
Дариға апай:Әкем Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істеп жүріп, әскери адам Әнуармен танысады. Әнуар үйіне қонаққа шақырады.Әнуардың әйелі, яғни, мына менің анама әкем ессіз ғашық болып қалыпты.
Тілші:Күйеуі балалары бар келіншек қызық екен...
Дариға апай: Біреуді ұнату ғашық болу сезімге бағынбайтын іс екен.Әнуар Киевте жүрген кезде туыстары хат жазыпты «Сенің әйеліңе біреу ғашық болып қалыпты» деп, бірақ Әнуар сол кезде былай деп жауап беріпті :«Әр ақынға муза керек, ол бар болғаны муза» депті. Әкем сол кезде анамды өмір бойы күтетінін айтыпты. Кемпір болсада сүйе беретінін айтыпты. Міне сол кезде сұрапыл соғыс басталып 1943 жылы анама қаралы қағаз келкеді.1943 жылы Әнуар күйеуі Велики Луки қаласында қаза болады.
Тілші:Ақын Қасым ше,соғыс уақытысында қайда болған?
Дариға апай:Соғыс басталысымен ол кісі майданға өз еркімен барады.Алайда оны басшылық журналистикадан хабары бар болған соң, «Алға Батысқа» деген газетке жұмысқа жібереді.Соғыста жүріп газет беттеріне мақала жазады.
Тілші: «Дариға сол қыз» өлеңі анаңызға шығарған өлең бе?
Дариға апай: Иә.Анама көңіл айтуға келгенде былай депті: «Құдай куә мен Әнуарға өлім тілеген жоқпын.Енді осылай болған екен маған күйеуге шық»-, депті.
Тілші: Анаңыз да Қасым ағаны іштей ұнатқан ба екен?
Дариға апай:Анам оған жалынды махаббаты болмағанын айтушы еді.
Тілші:Сонда әкеңіз бен анаңыз қай жылы заңды некеге тұрды?
Дариға апай: 1946 жылы
Тілші: Ол жылдары кітабы шыққан ақын жазушылар қалам ақысы қомақты болған деседі ғой.Әке-шешеңізді бір байқап қалған шығарсыз?
Дариға апай: Иә.Әжептеуір қаламақы алады екен ғой.
Тілші:Әкеңіздің қандай сөзі жаныңызда сақталып қалған?
Дариға апай: Өмірде қуанышта да реніште де тұла бойыңды тік ұстау.
Тілші:Сұхбатыңызға рахмет!
«Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын»-демекші айтыс өнерін тамашалаңыз.
1.Әбдіманап Ғалымжан
2.Жамалова Жанерке
1.Ассалаумағалейкум халқым менің,
Әрбір сөздің ұғатын нарқын кенін.
Күніне жүз ойланып жүз толғанам,
Қазақтың қайсар ақыны Қасым ата,
Толыпты бүгінде 100 жасқа да.
2.Жалынды жырды ақтарып,
Ақынның мерей тойында.
Сәлем бердім жалпы жұрт,
Тәуелсіздің ақ таңында.
1.Азаттық үшін күресіп,
Шындықтың шырмауын шешем деп.
Отты жырларын ақтарып,
Кез-келген жанның көңіліне,
Сүбелі сырлы ой салып,
2.Өлді деуге болама,
Өр тұлғалы бейнең бар.
Қайсарлықтың нышаны,
Сезіліп тұрар жырымда.
1.Арманың жоқ дер едім,
Әр қазақтың баласы.
Біледі бүгін өзіңді,
«Өзім туралы» арқылы.
2.Арызын жазып жастарға,
Артында қалған өлеңі.
Қасым аға есімің ,
Әрқайсымыздың жүрегімізде сақталмақ.
1.Қасым Аманжолов хақында,
Айтылар сыр әлі де.
Сырлы сөздер ақтарып,
Ақынның ұлы тойына.
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қ.Аманжоловтың ғана емес,бүкіл қазақ әдебиетінің жемісі.Бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмақановтың майданда көрсеткен ерлігі арқау болған.Абдолла намысқой,отаншыл,қайсар жігіт екен.Оны мына көріністен байқауға болады.(Мизам Ақтөре батыр бейнесінде)
Қасым қайда жүрсе де,кеудесін жарып бара жатқан арқалы сөз-әдебиет ауылына әкеліп қосақтады.
Әйгілі Иса Байзақов қасына ағалап ерген Қасым баланы: «Азу тісі балғадай шын ақын»- деген екен.Ал халқымыздың ұлтжанды ақыны Мұхтар Шаханов қалай бағалағанын «Қасымды бағаламаған адам хақында» атты өлеңінен байқауға болады. Өлең оқылып болған соң, әр оқушының ой-өрісін өрбіту. Қыл-қалам шеберлерінің ой-өрісін тыңдау.Ақынның бейнесін неге теңегенін байқау.
Қасым десем ойыма...
Ей,тәкаппар дүние,
Мағанда бір қарашы.
Танисыңба сен мені,
Мен- Қазақтың баласы.
Міне, осы өлеңнің өзінде батырлықтың бейнесі де сомдалып тұр.Иә, осылай болмаса несі Қасым.
Қасым халқымыздың адал һәм ардақты ұлы болды.
Қорытынды.
Бүгінгі сабақта түйген оқушылардың ой-өрісін қорытындылау.Елін-жұртын шексіз сүйе білген Қасым Аманжоловтың құрметіне еріксіз бас иеміз. Осылай ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |