ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
С.М. Закишева, А.Т. Тоқбергенова, А.Р. Тулқумбаев
Жергілікті жансыздандыру түрлері
(оқу әдістемелік нұсқау)
Қарағанды 2010
ӘОЖ 616.31-089.5
ҚБЖ 56.6.+54.5 я7
Ж 3-16
Пікір берушілер:
А.Ж. Жумадилова хирургиялық және терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі АҚ«АМУ»РhD
А.О. Омарханов ҚММУ анатомия кафедадрасының меңгерушісі м.а. м.ғ.к., доцент
Ж.Г. Танкибаева ҚММУ терапиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к., доцент
Ж 3-16 Закишева С.М., Тоқбергенова А.Т., Тулқумбаев А.Р., Жергілікті жансыздандыру түрлері. Оқу-әдістемелік құрал – Қарағанды. - 2010 – 84б.
ҚБЖ 56.6.+54.5 я7
Оқу-әдістемелік құралы стоматологияның өзекті мәселелеріне арналған.
Медициналық жоғарғы оқу орындары студенттеріне, дәрігер –хирург стоматологтарға, отлорингологтарға, стоматолог дәрігер-интерндерге арналып жазылған. Жақ-бет аймағында қолданылатын жансыздандыру түрлері, олардың қолданылу мақсаты мен әдістері, қолданылатын дәрі-дәрмектері мен құрал-саймандары,сақтық шаралары туралы берілген.
ҚММУ Әдістемелік Кеңесінде талқыланды және мақұлданды
Хаттама № 9 « 12 » 05 2010 ж
ҚММУ Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бекітілді және басылымға ұсынылды
Хаттама № 10 « 27 » 05 2010 ж
©С.М. Закишева, А.Т. Тоқбергенова, А.Р. Тулқумбаев, 2010
Қысқартылған сөздер
АҚҚ – артериалық қан қысымы
БИ –8 – инесіз инъектор
ОНЖ – орталық нерв жүесі
Т/І – көк тамыр ішілік
МАЗМҰНЫ
Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі.................................5
Инфильтрациялық жансыздандыру................................................................29
Жоғарғы жақ нерв өрімдерін жансыздандыру...............................................34
Төменгі жақ нерв өрімдерін жансыздандыру.................................................43
Жергілікті анестезияның жалпы асқынулары................................................59
Тест сұрақтары..................................................................................................67
Тест жауаптары.................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................76
Тақырыпқа қосымша суреттер.........................................................................77
Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі
Қазіргі кезде хирургиялық стоматологияда қолданылатын жансыздандырудың ең бастысы жергілікті анестезия болып табылады. Жергілікті жансыздандыру түрлері бірнеше топқа бөлінеді:
I. Инъекциясыз анестезия:
а) физикалық әдістер (хлорэтилмен мұздату);
б) химиялық әдістер (аппликациялық).
II. Инесіз анестезия.
III. Инъекциялық анестезия:
а) инфильтрациялық (шоғырландыру);
б) өткізгіштік (бағаналық, перифериялық).
в) интралегаментарлық (тіс байламына).
Жансыздандырудың түрін операцияның көлеміне, сипатына жарақаттылығына, ұзақтығына байланысты таңдау қажет.
I. Инъекциясыз жергілікті анестезия
а) Жергілікті жансыздандырудың физикалық әдісін тіндерді хлорэтилдің көмегімен мұздату деп тусіну қажет. Бұл әдіс тек қана қысқа мерзімді операцияларда қолданылады. Себебі, ұзақ мерзімге созылған мұздатудан үскен тіндердің қоректенуі бұзылып өлі еттенуі, яғни некрозға соқтыруы мүмкін.
Мұздату арқылы жансыздандыру.
Жансыздандырудың бұл түрінде хлорэтил қолданылады. Хлорэтил қою сұйықтықты, газ түрінде кездеседі, қайнау температурасы - 12°С, ол капиллярлы түтігі бар қақпақпен жабылатын 30 гр. шыны ампулада сақталады. Ампуланы қолмен жылытқан кезде хлорэтил ағыны капиллярлы түтік арқылы едәуір күшпен сыртқа шығады. Сол сұйықтықтың булануының салдарынан тіндерде жылу жоғалып, бірте-бірте мұздап, соңында қата бастайды. Тіндер мұздағаннан кейін нервтердің сезімталдығы төмендейді, ал қатқан соң мүлдем жоғалады, Жансыздандыру толық болу үшін хлорэтилді тіннен буланып үлгеретіндей қашықтықта вертикальды қалыпта ұстау қажет. Хлорэтилдің жансыздандыру әсері қысқа (2-3 мин.) мерзімді болғандықтан, оларды тек беткей орналасқан абцесстерде, жедел іріңді периоститтерді ауыз ішінен тіліп жарғанда және оңай тіс жұлу операцияларында қолданады. Қазіргі кезде хлорэтилді жансыздандыру да сирек қолданады, негізінен теріде беткей орналасқан іріңдіктерді тіліп-жару үшін ғана жасалады.
Инъекциясыз жергілікті анестезияның жүргізу техникасы: операциялық аймақтан 30-40 см қашықтықта флаконның жіңішке түтікше тесігі арқылы хлорэтил бүркіледі. Мұздаған тіндер алғашқыда қызарып, кейін бозарып, кыраумен қапталып қатаяды. Осыдан кейін хирургиялық көмек жылдам жүргізілуі қажет, себебі хлорэтилдің әсер ету уақыты өте қысқа.
б) Аппликациялық (беткейлік) анестезия - тері беті мен кілегей қабатының беткей орналасқан жарақаттарында қысқа мерзімді өткізілетін операцияларға қолданылады.
Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне жағу, шашу (аппликация).
Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне сіңдіріп жансыздандыру кең қолданылады. Хирургиялық стоматология саласында аппликациялық жансыздандыру үшін дикайн, кокайн, ксикайн кеиінгі кездері лидокааинның 10% аэразольі қолданылады.
Дикайн (Dicaini) - ең жоғарғы бірлік мөлшері 0,009 г немесе 3% - 3 мл. ерітіндісі. Ол судың 10:1, ал спирттің 6:1 қатынасындай болады. Судағы ерітіндісі қайнатқанда өзгермейді және сақтаған кезде өзінің қасиетін жоғалтпайды. Дикайнның жансыздандырғыш қасиеті кокайнге карағанда жоғары. Сондықтан беткейлік жансыздандыру жүргізу үшін 1% дикайннің ерітіндісіне адреналин қосып, кокайн орнына қолданылады. Ал оның 2-3% ерітінділері сирек қолданылады.
Лидокаин ертіндісінің 10%-ы аэрозоль – құрамы лидокаин 4,8 мг, этаноль 96%. Шашатын түтігі бар қоңыр құтыда шығарылады.Бұл ертіндінің басқа беткейлік жансыздандыратын ертінділерге қарағанда қасиеті жоғары.
Аппликациялық анестезияның қажеттілігі:
- жас балаларға инъекциялық анестезия жасау алдында ине шаншылатын орынды алдын-ала жансыздандыру мақсатымен;
- патологиялык, тіс қалташықтарының қырып тазалауында;
- түбірі жартылай резорбцияланған сүт тістерін жұлу кезінде;
- парадонтоздың III—IV дәрежелі қозғалғыштығы бар тістерді жұлуда, беткей орналаскан абсцесстерді тіліп жаруда қолданылады: жансыздандыру аймағы мақта шиыршықтарымен қоршалып, кұрғатыуы қажет. Егер анестетик ерітінді күйінде қолданылатын болса, мақта немесе дәкені оған малып, операциялық аймакқа қойып сіңдіреді, ал препаратты аэрозоль күйінде қолданса, оны операциялық аймаққа бүркеді.
Анестетиктің жансыздандыру әсері 2—3 мин. өткен соң басталады, операция алдында операциялық аймақты антисептикпен өңдеу қажет.
II. Инесіз анестезия
Қазіргі кезде жергілікті жансыздандыру үшін инесіз инъекторларды жиі қолданады. Инъектордың ішкі камерасындағы жоғарғы қысым әсерінен, анестетик сұйығы белгілі бір мөлшерде өте тар өзек арқылы жұмсақ тіндерді (тері беті, кілегей қабаты) тесіп өтіп, таралып жансыздандырады.
Стоматология жағдайында БИ-8 инъекторы қолданылады.
Инесіз анестезияны колданудың кажеттілігі:
- жоғарғы жактың тістерін жұлу мақсатымен; альвеолярлық өсінді мен жұмсақ тіндерге шағын операциялар жасау мақсатымен (цистомия, цистэктомия, түбір ұшы резекциясы, периостомия, қатерлі ісіктерді кесуде);
- альвеолиттерді емдеуде анестезияны жүргізу үшін 0,5-0,7 мм қашықтықта операциялық аймақка инъектормен бірнеше инъекция жасалады.
Жансыздану 30-60 мин. кейін басталады.
Инъектормен жансыздандырғаннан кейінгі асқынулары мен оның кемшіліктері:
- жансыздандырудың техникасы бұзылуынан тіндердін парезі гематомалары;
- бірлік мөлшердің өте аздығы және инъекцияның бірнеше кайталанып жасалуы.
Инъектормен жансыздандыру техникасы
Тісті жұлу үшін, инъекцияны альвеолярлық өсіндінің қырына параллель етіп тіс түбірінің деңгейінің сыртқы және ішкі жағынан жасалынуы қажет. Операция мақсатымен альвеолярлық өсіндіні инъектормен жансыздандырудың ұзақтығына, көлеміне, жасалатын орнына байланысты
III. Инъекциялық анестезия
Жергілікті инъекцияның инфильтрациялық анестезияда тіндерге анестетик енген соң ауру сезімі жоғалады, ал өткізгіштік анестезия кезінде сол нервтің жүйкелеген аймағы толық, не жартылай жансызданады, ал интралегаментарлық жансызданаыруда тіс байламы өрімі жансызданады.
Жергілікті жансыздандырудың кажетсіздіктері:
- науқастың анестетикке идиосинкрезиясының (организмнің анестетикке туа немесе жүре пайда болған өте жоғарғы сезімталдығы) болуы;
- көлемді, ұзақ созылатын отаулар кезінде;
- ауыз іші отаулары кезінде көп қан кетуінен аспирациялық асфиксия туу қаупі;
- отау алдында науқаста қорқыныш сезімінің тууы, мұндай кездерде эндотрахиальды наркоз немесе жергілікті потенцеренген жансыздандыру қолдану қажет.
Жергілікті жансыздандыру қолдану тәртібі:
- дәрігер анестетик жіберілетін жердің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет;
- жансыздандыратын дәрі-дәрмек жүйелік әсер ететін болғандықтан, оның мөлшері мен концентрациясы аз болып, ал жансыздандыру әсері толық болуы кажет;
- анестетик пен оның енгізу орнын дұрыс таңдау қажет;
- анестетикті енгізген кезде науқас ауру сезімін сезбеуі қажет;
- анестетик ерітінділері тіндерге сыйымды, стерильді түссіз болуы қажет;
- флаконды, ампулалы анестетикті ашар алдында, оның дайындалған уақытын, сақталу мерзімін, дәрі-дәрмектің атын мұқият тексеру қажет;
- ерітінділердің температурасы дене температурасына жақын, бірақ 35 - 36°-тан жоғары болмауы қажет;
- анестетикті жіберу жылдамдығы жоғары болмауы қажет. Анестетиктің қаң тамырлар арасына еніп кетпеуінің алдын-алу үшін, поршеньді әлсін-әлсін кейін карай тартып, тексеріп отыру қажет, себебі, анестетик қан арасына енсе, организмнің жалпы улануы тез дамып, дәрінің әсері азаяды;
- ине шаншылатын орын антисептик ерітіндісімен өңделіп қажет болғанда, алдын-ала беткейлік анестезия жасалуы қажет;
- қолданылатын инелер жіңішке және ұштары өткір болуы қажет. Тіндерді көп зақымдамай, инені бір жерден бірнеше рет шаншымай, ине бағытын өзгертіп отыру керек (инені кейін тартып, бағытын өзгертеді);
- инені мойына дейін енгізбеген жөн, иненің сынып кетуін есте ұстау қажет;
- инені енгізген кезде, қиғаш бетін сүйекке қаратып анестетик жібере отырып жылжыту қажет, себебі нерв, каң тамырларын зақымдалуы мүмкін;
- анестезия тек операция жасалатын бөлмеде жургізілуі тиіс. Жансыздандырудан кейін науқасты дәрігердің бақылауынсыз қалдыруға болмайды, өйткені анестезиядан кейін иayқаста ортостатикалық коллапс болуы мүмкін;
- анестезия жүргізер алдында науқастың күйін бағалап аллергиялык, анамнезін тексеру қажет
Жергілікті анестезияда қолданатын анестетиктер
Жергілікті анестезияда қолданатын анестетиктер екі топқа бөлінеді:
1. Күрделі эфирлер тобы, оған новакаин ертінділері жатады.
2. Амидттер тобы, оған лидокайн, ультрокайн, убистезин т.б ертінділері жатады.
Ультракаин форте.
Фармакологиялық әсері. Фармакокинетикасы: Артикаиннің плазма ақуыздарымен байланысты 95% -ы құрайды. Ауыз қуысының шырышты қабаттарына инъекция жасағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі орта есеппен 25 минутты құрайды. Препарат өз дәрежеде плацентарлық кедергі арқылы өтеді, іс жүзінде омырау сүтімен бөлінбейді. Артикаин негізінен организмнен бүйрек арқылы шығарылады.
Фармакокингтикасы: Стоматологиалық тәжірибеде инфильтрациялық және өткізгіштік жансыздандыруға арналған жергілікті жансыздандырғыш. Жылдам әсер (латентті кезеңі - 1- ден 3 минутқа дейін) жансыздандыру ұзақтығы 75 минуттан кем емес. Препарат құрамында эпинефрин төмендігінің салдарынан оның жүрек қантамыр жүйесіне әсері аздап байқалған: артериалық қысымның жоғарылауы және жүрек жиырылысы жиілігінің артуы байқалмаған.
Қолданылуы: Стоматологиядағы инфильтрациялық және өткізгіш жансыздандыру (сонымен қатар ілеспелі ауыр бас аурулары бар науқастарда):
- ишемияны талап ететін шырышты қабаттар мен сүйектер хирургиялық араласулар;
- тіс пульпасындағы хирургиялық араласулар (жұлу және алып тастау);
- пародонтозбен зақымданған және бүлінген тістерді алып тастау (остеотомия);
- ұзақ хирургиялық араласулар, мысалы, Колдуэллу – Люку бойынша операция, тері арқылы остиосинтез, кистаны алу, қызыл иектің шырыштарына араласулар, тамыр ұшын кесіп тастау, тіс қуыстарын тазалау және жоғары сезімтал тістерді протездеу алдында егеуде.
Қолдану тәсілдері және дозалары: Жоғарғы жақ тістерін асқындырмай жұлып алғанда қабынулар болмаса, әдетте, Ультракаин фортенің 1,7 мл-ін вестибулярлы жақтың өтпелі жиырылу орнының шырыш астына енгізеді (әрбір тіске). Сирек жағдайларда толық жансыздандыру үшін 1 мл – ден 1,7 мл – ге дейін қосымша енгізу талап етіледі. Ауыратын таңдай инъекцияларынан көбінесе бас тартуға болады. Таңдай жырықтарында және таңдай депосын жасау мақсатында тігу үшін жансыздандыруға инъекцияға шамамен 0,1 мл анестетик қажет. Қатар орналасқан бірнеше тісті жұлу қажет болғанда әдетте иньекция мөлшерін шектеуге болады. Төменгі жақтың премолярларын алғанда қабыну болмаса, мандибулярлы анестезияны жасамауға болады, өйткені бір тіске 1,7 мл инъекциямен қамтамасыз етілетін инфильтрациялық анестезия әдетте жеткілікті. Егер мұндай жолмен қажетті әсерге жетпесе, төменгі жақтың өтпелі жиырылуының шырыш астындағы орнына вестибулярлы жағынан 1,7 мл анестетик инъекциясын салу керек. Егер бұл жағдайда да толық анестезияға жетпесе, төменгі жақ жүйкенің бөгетін жүргізу керек. Хирургиялық араласулар кезінде Ультракаин форте араласулардың ауырлығы мен ұзақтығына байланысты дербес дозаланады. Бір емдеу емшарасын орындау кезінде ересектерге дене салмағының 1 кг – ға Ультракаинді (артикаин) 7 мг- ға дейін енгізуге болады. Емдеушілердің 500 мг – ға дейінгі дозаны жақсы көтеретіні байқалған (7 цилиндрлік ампулаларға сәйкес).
Жағымсыз әсерлері:
- орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы (дозаға байланысты): естен тануға дейінгі сананың шатасуы, өмірге қауыпті тоқтап қалғанға дейінгі тыныстың бұзылуы, бұлшық ет дірілі және бүкіл денеге таралатын құрысуларға дейінгі бұлшық еттердің дірілдеуі.
- жүрек айнуы, құсу;
- артериалық қысымның төмендеуі және жүрек тоқтауы;
- инъекция орнында ісіну немесе қабыну, тері қызаруы, қышыма, конъюктивит, ринит, жоғарғы және/немесе төменгі еріннің ісінуімен беттің ісуі, тамақтың батуы мен жұтынудың қиындау сезімімен болатын дауыс байланысының ісінуі, есекжем, анафилактикалық шоққа дейінгі тыныстың қиындауы;
- бас ауыруы;
- эпинефринге байланысты жағымсыз әсерлері – тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, артериалық қысымның жоғарылауы – аздаған концентрацияда 1 : 100 000 (1,0 мг/100мл) сирек кездеседі;
- сирек кездейсоқ қантамырішілік инъекцияда инъекция салынған орынның тіндердің өлі еттенуіне дейін ишемия аймағына айналуы;
- натрий метабисульфитінің болуына байланысты жекелеген жағдайларда бронх демікпесі бар науқастарда құсу, іш өту, тыныс алудың жиілеуі, демікпенің жедел ұстамасы сананың бұзылуына немесе шок түрінде байқалатын жоғары сезімталдық реакциялары.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
- артикаинге, эпинефринге немесе препараттың қандайда бір басқадай компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- пароксизмальды тахикардия және жүрек ырғағының басқа да бұзылулары, сондай – ақ глаукоманың жабық бұрышты түрі;
- анемия (оның ішінде В-12 тапшылық анемия), метгемоглобинемия гипоксия;
- сульфиттерге жоғары сезімталдық кезінде бронх демікпесі;
- 4 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі: мысалы эпинефрин секілді адреномиметик түріндегі артериалық қысымды арттыратын қантамырдың таралуы әсері үш циклді антидеприсанттармен немесе мао тежегіштерімен күшейе алады. Мұндай өзара әрекетесуллер норэпинефрин 1:25 000 және эпинефрин 1:80 000 вазоконстрикторлар ретінде концентрация үшін қажет. Ультрокаин фортені эпинефриннің концентрациясы едәуір төмен – 1 : 100 000. Алайда, мұндай әсердің күшею мүмкіндігін ескерген жөн.
Айрықша нұсқаулар. Инъекцияны қабынған аумаққа жасауға болмайды. Қантамырішілік инъекция жасамау үшін аспирацияға тест арнайы жүргізу керек, ол үшін картриджтерді қолданғанда инъекцияға арналған Uniject K/Uniject K vario еккіштері жарамды инъекциялық қысым тіндердің сезімталдығына сәйкес болулары керек. Ауру жұқтырмау үшін (сонымен бірге гепаттиті де) ертіндіні құтылардан немесе ампулалардан әрбір алардың алдында жаңа стирельді екіштер және инелер пайдаланғандығын бақылау керек. Сезімталдық пайда болғаннан кейін ғана тағамды қабылдауға болады.
Жүктілік және бала емізу: жүктілік кезінде операциялық араласулар үшін жергілікті анестезия жансыздандырудың аяушы болып саналады. Артикаин плацентарлы бөгет арқылы басқа жергілікті анестетиктерге қарағанда аз мөлшерде өтеді. Артикаин деңгейі жылдам төмендейтін және оның организмнен жылдам шығарылуына байланысты ол ана сүтіне әсер етпеиді, сондықтан бала емізуді тоқтатудың қажеті жоқ. Психомоторлы реакцияның жылдамдығын талап ететін жұмыстарды атқарғанда сақ болу керек.
Артық мөлшерленгенде. Симптомдары: жүрек айнуы, қимыл мазасыздығы, инъекция кезінде сананың бұлынғарлануы, бұлшықеттердің дірілдеуі қысымның төмендеуі, тахикардия немесе брадикардия, жүрек аритмиясы, қан айналымының бұзылуы. Емдеу симптомикалық. Жағымсыз әсердің немесе уыттанудың алғашқы белгілерінде инъекция жасауды тоқтату керек, емделушіні жатқызу керек, тыныс алу жолдарын ашып, жүрек соғысын және артериальды қысымды бақылау керек, көктамыр ішіне жетуді қамтамасыз ету керек. Орталық аналептиктерді қолдануға болмайды.
Қан айналымының ауыр бұзылуына және әр түрлі жолмен пайда болған кезде шокта инъекция жасауды тоқтатқаннан кейін мынадай жедел шаралар көрсетілген: тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету (оттекті инсуфляция), сұйықтықтарды (электролитті ерітінді), глюкокортикостероидтерді көк тамыр ішіне енгізу. Қосымша плазма алмастырғыштар, альбуминді енгізуге болады. Қан айналымы қаупі және үдемелі брадикардияда 0,25 мл – ден 1 мл адреналинге дейін енгізіледі. Адреналинді көктамырішілік инъекциялау баяу жүрек соғысының жиілігін бақылай отырып жүргізілуі керек. Адреналиннің көктамырішілік инъекциясының бір реттік дозасы 0,1 мг – нан артық болмауы керек, бұдан әрі қажет болған жағдайда, адреналинді тамшылата (тамызғы арқылы енгізу жылдамдығыжүрек соғысының жиілігіне және қан қысымына байланысты реттеледі) енгізуге болады. Тахикардия және тахиаритмияның ауыр түрлері аритмияға қарсы преператтарды қолдану арқылы емделуі мүмкін, алайда селективті емес бета – адренобөгештерді пайдаланбаған жөн. Артериалды гипертониядан зардап шегетін науқастарда артериалды қысым артқан жағдайда шеткергі вазодилататорларды қолдануға болады.
Мепивастезин
Құрамы: инъекцияға арналған 1 мл. ерітіндіде бар заттар: Белсенді ингредиенттер, Мепевикаин гидрохлорид 30 мг.
Қолдану көрсетілімдері:
Стоматологиядағы инфильтрациондық және өткізгіштік анестезия.
Мепивастезин тісті күрделі әдіссіз жұлған кезде, сондай – ақ тіс сауытының астындағы тісті және шіріген тісті препараттау кезінде әсер етеді. Мепивастезин әсіресе, вазоконстрикторлық препараттарды, лабильді циркуляторлық жүйемен емделіп жүрген емделушілердің қолдануына болады.
Фармакодинамикасы. Мепивастезин стоматологияда жергілікті анестетик ретінде пайдаланылады. Анестезиянның іс – әрекетінің жылдам басталуы 1 – 3 минут аралағында күту уақыты – күшті сырқатты айықтыратын әсері бар сенімді тиімділік және жақсы жергілікті бейімделу оған тән сипаттар болып табылады. Пульпа анестезиясы кезінде іс – әрекеттің созымдылығы 20 – 40 минут аралығында.
Мепивакаин амидтік үлгідегі жергілікті анистетик болып табылады және вегетативтік, сенсорлық және маторлық жүйке талшықтарының мембранасындағы каналдардың Na+ кернеуіне байланысты құрсаулар мепивакаиннің әсер ету тегершігі болып табылады. Дәрі – дәрмектің препарат алғашқыда жүйке клеткасына әуелде негіз ретінде таралады., алайда белсенді түрі протонның қайта қосылғаннан кейін мепивакаиннің катионы болып табылады. pH мөлшері ғана негізгі нысанда өмір сүреді, бұл анестезияның жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін.
Мепивастезин тез және қарқындылықпен абсорбцияланады. Қан плазмасын белогын мепивакинмен байланыстыру 60 – 70 пайызды құрайды және жартылай ыдырауын илеменнациялық кезеңі 2 сағат шамасында. Ішкі қан инъекциясынан кейін мепивакин 841 бөлу көлемін көрсетеді. Тазалануы 0,78 мин/мин. Мепивакин негізінен бүйректе ыдырайды, зат алмасу өнімдері бүйрек арқылы шығарылады.
Қарсы көрсетілімдері: Жергілікті анестездеуші артикаин ингредиентінің болуына байланысты Мепивастезинді мына жағдайларда қолданбаған жөн:
- белгілі аллергия немесе амидтік үлгідегі жергілікті анестетиктерге жоғары сезімталдық болғанда;
- жүйке импульстары берілуінің және жүрек өткізгіштігінің қатты бұзылыстарында (мысалы, брадикардия көрінген II және III дәрежедегі AV - блокады);
- жете емделмеген жүрек әлсіздігі (жүрек қуатының қатты бұзылуы);
- ауыр гипотензия (өте төмен қан қысымы).
Жүктітілік және емшекпен тамақтандыру кезіндегі тағайындау.
Жүктілерде мепивастезинді қолданудың қауіпсіздігін бағалау үшін қазіргі уақытта жеткілікті деректер жоқ. Жүктіліктің бастапқы кезеңінің бойында мепивастезинді ықтимал қауіп пен тиімділіктің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдану керек. Кеуде клеткалары белсенді ингредиенттерінің бөлінуі байқалмайды, өйткені олар жылдам ыдырайды және сіңеді.
Ерекше ескертпелер: Қате ішкі тамырлық енгізулерден аулақ болған жөн. Сезімтал емделушілерге мепивастезинді енгізу уақытша бұзылу реакцияларын мысалы, автомобиль жүргізген кезде туғызуы мүмкін. Емделушіні көлік құралын жүргізу және механизмдермен жұмысқа жіберу туралы мәселені әрбір нақты жағдайда дәрігер шешеді.
Жанама әсер.
Ескерту жазбасы. Емделуші жанама әсерледі байқаса сізге айтуын сұраңыз. Жанама әсерлер артық доза қабылдаған кезде, ұқыпсыз ішкі тамыр инъекциясы немесе поталогиялық абсорция жағдайында туындауы мүмкін, мысалы: ұлпаның қабынуы, қан тамырларының жаңадан пайда болуы және ОНЖ бұзылу белгілері және/ немесе тамырлық белгілер пайда болады.
Мепивастизенді қолданған кезде жергілікті анестетиктерге артикаин ингредиентінің пайда болуына мынадай жаңа әсерлер пайда болуы мүмкін:
ОНЖ – нің қалыпты белгілері: меттал дәмі, құлақтағы шу, бастың айналуы, жүректің айнуы, құсу, қозушылық, мазасыздық, тыныс алу жылдамдығының артуы. Ең анық белгілер: ұйқының келуі, алжасу, тремор, бұлшық еттің дірілдеуі, тоноклиникалық тырыспа, естен тану, тыныс алудың әлсіреуі.
Ауыр жүрек – тамыр жүйесінің бұзылуы ара – тұра байқалады, АҚҚ құлауы, өткізгіштің бұзылуы, брикардия, жүректің тоқтауы түрінде пайда болады. Мепивакаинге аллергиялық әсер өте сирек байқалады.
Қолдану және тағайындау әдістері.
Мынадай мөлшерде ұсынылады: қажеттілік шегінде тиімді анестезияға ықпал ететін ерітіндінің ең аз көлемін тағайындаған жөн.
Әдеттегедей 1 – мл. доза жеткілікті. Салмағы 20- 30 кг балаларға 0,25 – 1 мл. доза жеткілікті, 30 - 45кг шамасындағы балаларға 0,5 – 2 доза жеткілікті.
Мепивастезиннің ұлғайған плазминдік деңгейі метаболдық процестердің төмендеуі және өте төмен көлемде бөлінуіне байланысты қарт адамдарда кездесуі мүмкін. Мепивастезинің жинақталу қаупі әсіресе қайта қолданған кезде артады (мысалы, инъекциядан кейін). Мұндай әсер емделушінің жалпы жағдайының төменделуі, содай – ақ бауыр мен бүйректің қызметі қатты бұзылған кезде байқалады. Сөйтіп барлық осындай жағдайларда препараттың ең төменгі дозасын қолдану ұсынылады. Мепавезтезиннің дозасы кейбір бұрын болған аурулар кезінде тиісінші төменделуге тиіс (жүректің талма ауруы, артиосклероз).
Ең жоғарғы доза – Мепивастезиннің эквивалентті 300 мг мепивакаиннің белсенді компаненті (4 мг/кг дене массасы). 20 -30 кг салмақтағы балаларды емдеу кезінде 1,5 мл – дан артық препаратты және 24 сағаттың бойында 2,5 мл артық препоратты артық пайдаланбаған жөн.
Инъекция үшін (стоматологиялық тағайындау үшін жергілікті анестетик).
Ішкі тамырлық енгізу мүмкіндігін болдырмау мақсатында екі проекциядағы аспирациондық бақылауды әрдайым қолдану қажет (иненің 180 °шамасында айналу), алайда оның жағымсыз нәтижесі ішкі тамырлық енгізуді қасақана нмесе байқаусыз енгізуді әр уақытта жоққа шығара алмайды. Инъекция жылдамдығы 15 секундта 0,5 мл – дан, яғни минутына 1 картрижден аспауы тиіс.
Артық мөлшерлеу. Негізгі жалпы шаралар. Диагностика (тыныс алу, қан айналымы, сана) тыныс алу мен қан айналым өмірлік маңызды қызметтерінін қолдау/ қалпына келтіру, оттегін тағайындау, көк тамырдың ішіне анестетик ертіндісін енгізбеу керек.
Арнайы шаралар.
Гипертензия: Сырқат денесінің жоғары бөлігін көтеру, қажет жағдайда
нифедиппин сублингвально беру.
Конвульсиялар: Емделушіні кездейсоқ дене сыдырылуынан зақымнан сақтау, қажет жағдайда көк тамыр ішіне диазепа енгізу.
Гипотензия: Көлденен жағдай, қажет жағдайда электролиттер ерітінділерін, вазопроессорларды ішкі тамырларға құю (мысалы, этилефрин в/в).
Брадикардия: Атропин т/і.
Анафилактикалық естен тану: Сырқат денесінің жоғарғы бөлігін көтеру, жедел жәрдем дәрігермен байланыс жасау. Сол уақытта естен танып жатқанда электролитті ертінділерді жиірек құю, қажет жағдайда эпинефрин т/і, котризон т/і құю.
Кардиогендік естен тану: Сырқат денесінің жоғарғы бөлігін көтеру, жедел жәрдем дәрігермен байланыс жасау.
Жүректің тоқтауы: Жедел өкпе – жүректі жандандыру, жедел жәрдем дәрігермен байланыс жасау.
Убистезин форте
Дәрілік өзара ықпалдастық.
Эпинефриннің симпатомикалық әсері бір уақытта мао ингибиторларын немесе трициклиндік антидепрасанттарды енгізу кезінде күшеюі мүмкін. Эпинефрин асқазан астындағы безде инсулиннің бөлуіне ықпал етуі мүмкін және сөйтіп оральдық антидиабетикалық заттардың әсерін әлсіретеді.
Кардиоселективтік емес β- блокаторларын қосымша тағайындау Убистизин фортедегі эпинефриннің болуына орай АҚҚ-ның көтерілуіне алып келуі мүмкін, галатон сияқты кейбір ингаляциялық есірткілер жүректің кетехоламиндерге сезімталдығын арттыруы және Убистезин фортені тағайындау кезінде аритмияны тудыруы мүмкін. Қан айналымын ингибиторлармен емдеу кезінде жергілікті анестетиктерге ұқыпсыз ем-дом жасау қанның көп кетуіне алып келуі мүмкін, сөйтіп қанталауды күшейтетді (мысалы, гепарин немесе антисацилдік қышқыл).
Қолдану көрсетілімдері: Стоматологиядағы инфильтрациондық және өткізгіштік анестезия. Убистезин форте төмендегі сияқты әдеттегі араласушылық үшін айрықша көрінеді:
-
Кілегейлі қабықтардағы немесе сүйектегі операциялар;
-
Жұмсақ ұлпалардағы хирургия (ампутация және экстирпация);
-
Босаған тістерді жұлу, тіс қуысын ашу және бұзылған тістерді жұлу (сүйекті жұлу);
-
Колдуэлла-Люк операциялары сияқты ұзақ хирургиялық операциялар, тері арқылы остеосинтез, кистектомия, кілегей-қызыл ет операциялары, тіс түбірінің жоғары бөлігін жұлу – аписектомия.
Фармакодинамикасы.
Артикаин триофендік құрылымы бар амидтік үлгідегі жергілікті анистетик болып табылады және вегетативтік, сенсарлық және моторлық жүйке талшықтарының сезімділігін кері тежеуге алып келеді. Жүйке талшықшасының мембранасындағы каналдардың Na+ кернеуіне байланысты құрсаулау артикаиннің сорылуы кейінге шегерілді. Оның нәтижесі ұзақ уақыт бойында әсер ету нүкетсінде жергілікті анестетиктің жоғарғы дәрежеде жиналуы, сондай-ақ жағымсыз жанама әсерлердің пайда болуын азайту болып табылады.
Фармакокинетикасы.
Убистезин форте тез және қарқындылықпен абсорбцияланады. Анестезиннің іс-әрекетінің жылдам басталуы 1-3 минут аралығындағы күту уақыты – күшті сырқатты айықтыратын әсері бар сенімді тиімділік және жақсы жергілікті бейімделу оған тән сипаттар болып табылады. Пульпа анестезиясы кезінде Убистезин форте іс-әрекеттің созымдылығы, аз дегенде 75 минут ал жұмсақ ұлпалардың анестезиясы кезінде 120-240 минут аралығында болады.
Ішкі ауыз инъекциясынан артикаин плазмасының ең жоғарғы деңгейіне 17 минуттан кейін қол жетеді. Бөлу көлемі 1,67 л/кг тең және жартылай ыдыраудың элиминациялық кезеңі 25 минут шамасында. Артикаин плазма протеині мен 95 пайызға дейінгі сарысуда байланысады. Ол қан плазмасы мен бауырда толығымен сіңеді және адам ағзасынан үлкен көлемде бүйрек арқылы шығады. Эпинефрин бүйрек пен өзге ұлпаларда тез ыдырайды. Заттар алмасу өнімдері бүйрек арқылы бөлінеді.
Қарсы көрсетілімдері: Жерглілікті анестездеуші артикаин ингрдиентінің болуына байланысты Убистезин фортені мына жағдайларда қолданбаған жөн:
-
белгілі аллергия немесе амидтік үлгідегі жергілікті анестезиктерге жоғарғы сезімталдық болғанда;
-
жүйке импульстары берілуінің және жүрек өткізгіштігінің қатты бұзылыстарында (мысалы, брадикардия көрінген ІІ және ІІІ дәрежелі ал - блокады);
-
жете емделген жүрек әлсіздігі (жүрек қуатының қатты бұзылуы);
-
ауыр гипотензия ( өте төмен қан қысымы).
Тамыр тарылтқыш компонент ретінде эпинефриннің болуына орай Убистезин фортені мына жағдайларда қолданбаған жөн:
-пароксизмалдық тахикария немесе жиілігі жоғары үздіксіз артемияда;
- анық байқалған қан тамырының әлсіздігінде;
- ауыр гипертензияда (жоғарғы АҚҚ);
- тиреотоксикозада (қалқан безінің жоғары белсенділігі);
- көз тартылып көрмей қалғанда;
- диабеттік зат алмасуының әлсіздігі жағдайында;
- феохромоцитомада.
Убистезин фортені мына жағдайда аса сақтықпен қолданған жөн:
- бүйрек пен бүйрек қызметі қатты бұзылғанда;
- жүректің талма ауруында (кеуде клеткасының нығыздалуы);
- артерисклерозада (васкулярлық склерозада);
- асқынған жердің инъекциясында (инфильтрацияланған);
- қан айналынының айтарлықтай төмендеуінде.
Ескертпе: Убистезин фортені алллергиясы бар және сульфиттерге сезімталдығы өте жоғары ауруларға, бронхты талманың ауыр түрімен сырқаттанғандарға ішпеген жөн. Мұндай адамдарда Убистезин фортені ықтимал қауіп пен тиімділіктің арақатысын мұқият бағаланғаннан кейін ғана қолдану керек.
Кеуде клеткалары белсенді ингредиенттердің бөлінуі байқалмайды, өйткені олар жылдам ыдырайды және сіңеді.
Ерекше ескертпелер: Қате ішкі тамырлық енгізулерден аулақ болған жөн. Кейбір тестер емделушіні көлік құралын жүргізу және механизмдерден жұмысқа жіберу туралы мәселеде қабілеттілікті дәл анықтай алмаса да, оны әрбір нақты жағдайда дәріген шешеді.
Жанама әсер.
Ескерту жазбасы. Егер сіз, жанама әсерді байқасаңыз тиісті параграфтарда жазылмаған, оны өзіңіздің стоматологқа немесе дәрігерге баяндаңыз. Жанама әсерлер артық доза қабылдаған кезде, ұқыпсыз ішкі тамыр инъекциясы немесе патологиялық абсорбция жағдайында туындауы мүмкін, мысалы: ұлпаның қабынуы, қан тамырларының жаңадан пайда болуы және ОНЖ бұзылу белгілері және/немесе тамырлық белгілер пайда болады.
Убистезин фортені қолданған кезде жергілікті анестетикте артикаин ингредиентінің пайда болуына байланысы мынадай жаңа әсерлер пайда болуы мүмкін: ОНЖ-нің қалыпты белгілері: металл дәмі, құлақтағы шу, бастың айналуы, жүректің айнуы, құсық, қозушылық, мазасыздық, тыныс алу жылдамдығының артуы.
Ең анық белгілері: ұйқының келуі, алжасу, тремор, бұлшық еттің дірілдеуі, тоноклиникалық тырыспа, естен тану, тыныс алудың әлсіреуі.
Ауыр жүрек - тамыр жүйесінің бұзылуы ара - тұра байқалады. АҚҚ құлауы, өткізгіштіктің бұзылуы, брадикардия, жүректің тоқтауы түрінде пайда болады. Артикаинге аллергиялық әсер өте сирек байқалады. Вазоконстрикторлы эпинефринді қолданған кезде пайда болатын жағымсыз әсерлер:
Убистезин фортенің құрамында эпинефриннің 1/100000 төмен болуына қарамастан, денені тер басу, бас ауруы, АҚҚ көтерілуі, стенокордиялық бұзушылықтар, тахикардия, тахиаритмия, жүректің тоқтауы сияқты аурудың белгілерінің болуы мүмкін. Клиникалық көріністің боямалануы әр түрлі асқынулар мен жағымсыз әсерлер бір уақытта пайда болған кезде байқалуы мүмкін.
Қолдану және тағайындау әсерлері.
Мынадай мөлшер ұсынылады: тиімді анестезияға ықпал ететін ертіндінің ең аз көлемін мүмкіндігінше тағайындаған жөн. Жоғарғы жақ сүйегіндегі тісті жұлу кезінде көп жағдайда 1,7. мл Убистезин форте әрбір тіс үшін жеткілікті болады, таңдайлық жақтағы жанға бататын инъекцияларды орындау қажеттігі жоқ. Бірнеше қатарды орналасқан тістерді жұлу кезінде көбінесе инъекция көлемін шектеуге мүмкіндік туады. Қызыл еттегі тігістерді кесу мен қою кезінде атестезия үшін бір егуге 0,1 мл шамасындғаы препарат белгіленген. Төменгі жақ сүйектерге премолярды қарапайым алу кезінде, әдетте тістегі Убистезин фортені 1,7 мл инъекциямен қамтамасыз ететін инфилътрациялық анестезия жеткілікті болады, жекеленген жағдайларда 1-1,7 мл аралығындағы көлемдегі ауыспалы қатпарлар саласындағы кілегей қабықтың астына қосымша инъекция талап етіледі.
Мандибулярлық анестезия сирек жағдайларда көрсетілген. Қуысты даярлау немесе тіс сауытының астын препараттау кезінде әрбір үшін 0,5-1,7 мл көлемде сезімталдық жақтан Убистезин фортені инъекциясына жол беріледі. Төменгі жақ сүйек премолярларын емдеген кезде өткізгіштік анестезияны қолданған жөн. Барлық хирургиялық қолдың қимыл - әрекеті кезінде Убистезин форте көлемі емделушіген байланысты операциялар мен факторлардың түрі мен созымдылығына байланысты жеке таңдалуға тиіс. Салмағы 20-30 кг балаларға 0,25-1 мл. Доза жеткілікті, салмағы 30-45 шамасындағы балаларға 0,5-2 доза жеткілікті.
Убистезин фортенің ұлғайған плазминдік деңгейі метаболдық процестердің төмендеуі және өте төмен көлемде бөлінуіне байланысты қарт адамдарда кездесуі мүмкін.
Убистезин фортенің жинақталу қаупі әсіресе қайта қолданған кезде артады (мысалы, пост-инъекция). Мұндай әсер емделушінің жалпы жағдайының төмендеуі, сондай-ақ бауыр мен бүйректің қызметі қатты бұзылған кезде байқалады. Сөйтіп барлық осындай жағдайларда преператтың ең төмен дозасын қолдану ұсынылады (ең аз көлем терең анестезия үшін жеткілікті). Убистезин фортенің дозасы кейбір бұрын болған аурулар кезінде тиісінше төмендетілуге тиіс (жүректің талма ауруы, артериосклероз). Сау ересек сырқаттар үшін ең жоғарғы доза – тиісті 7 катридждегі 12,5 мл Убистезин фортедегі эквивалентті 500 мг артикайн (дененің 7 мг/кг массасы). 20-30 кг салмақтағы балаларды емдеу кезінде 1,5 мл-ден артық препаратты және 24 сағаттың бойында 2,5 мл-ден артық препаратты пайдаланбаған жөн. Салмағы 35-40 кг балаларды емдеу кезінде 2 мл - ден артық және 24 сағат бойында тиісінше 5 мл артық препаратты артық пайдалануға болмайды. Инъекция үшін (стоматологиялық тағайындау үшін жергілікті анестетик) ішкі тамырлық енгізу мүмкіндігін болдырмау мақсатында екі проекциядағы аспирациондық бақылауды әрдайым қолдану қажет (иненің 180º шамасында айналуы), алайда оның жағымсыз нәтижесі ішкі тамырлық енгізуді қасақана немесе байқаусыз енгізуді әр уақытта жоққа шығара алмайды. Инъекция жылдамдығы 15 секундта 0,5 мл-дан, яғни минутына 1 картрижден аспауға тиіс. Ашық картриждер өзге емделушілерге қолданылмауға тиіс. Қалдықтар жойылуға тиіс.
Артық мөлшерлеу. Негізгі жалпы шаралар. Диагностика (тыныс алу, қан айналымы, сана) тыныс алу мен қан айналымының өмірлік маңызды қызметтерінің қолдау/қалпына келтіру, оттегіні тағайындау, көк тамырдың ішіне кіру.
Арнайы шаралар:
Гипертензия: Сырқат денесінің жоғары бөлігін көтеру, қажет жағдайда нифедипин сублингвально беру.
Конвульсиялар: Емделушінің кездейсоқ дене сыдырылуынан, зақымнан сақтау, қажет жағдайда в/в диазепа енгізу.
Гипотензия: Көлденең жағдай, қажет жағдайда электролиттер ерітінділерін, вазопроессорларды ішкі тамырларға құю (мысалы, этилефрин і/т).
Брадикардия: Атропин і/т.
Анафилактикалық естен тану: Сырқат денесінің жоғары бөлігін көтеру, жедел жәрдем дәрігерімен байланыс жасау. Сол уақытта естен танып жату, электролитті ерітінділерді жиірек құю, қажет жағдайда эпинефрин т/і, котризон і/т құю.
Кардиогендік естен тану: Сырқат денесінің жоғарғы бөлігін көтеру, жедел жәрдем дәрігерімен байланыс жасау.
Жүректің тоқтауы: Жедел өкпе-жүректі жандандыру, жедел жәрдем дәрігерімен байланыс жасау.
Жансыздандыратын дәрі - дәрмектерді (анестетиктерді) дайындау мен стерилизациялау
Инфильтрациялық және өткізгіштік жансыздандыруда анестетик әр түрлі концентрациялы ерітінді түрінде тінге жіберіледі. Анестетиктерді дайындау кезінде оның сілтімен косылмауын мұқият бақылау қажет, себебі сілті анестетиктің жансыздандыру қасиетін жояды. Кокаин ерітіндісін ұзақ немесе бірнеше рет қайнатуға болмайды, ал дикайн, новокаин, тремикаин және ксикаин ерітінділерін қарапайым әдіспен стерилизациялауға болады. Анестетикті қандай да болмасын антисептик түрімен араластыруға болмайды, себебі олар тінді тітіркендіріп, зақымдауы мүмкін. Адреналинді қайнатқан кезде құрамы бұзылады, сондықтан стерильді ампулада әзірленген адреналин ерітіндісін керек мөлшерде стерилденген пипеткамен жансыздандыру жүргізер алдында ғана қосады: Жарық пен ауаның әсерінен адреналин тез бұзылатындықтан құрамында адреналин бар анестикті қара түсті шыныдан жасалған, жақсы тығындалған флаконда сақталуы тиіс. Құрамында мезатон бар ерітінділерді қарапайым жолмен стерилизациялайды. Ампуладағы новокаин ерітіндісін стоматологиялық бөлмелерде кейбір хирургиялық жұмыстар жүргізген кезде ғана қолданған қолайлы. Егер ампуладағы новокаин құрамында адреналин болмаса, онда стерилденген пипетка көмегімен 2 мл анестетикке 1 тамшы адреналин тамызады. Қолданар алдында ампуланы қолдануға болмайды. Анестетикті ампуланы стерильді шприцетпен алып, жіңішкерген белігін сындырып, инені ампуланың сыртына тигізбей, новокаин ерітіндісін шприцке сорады. Ампуладағы анестетик ерітіндісін ұзақ уақыт сақтауға болмайды.
Жергілікті жансыздандыруда қолданылатын құрал-саймандар
бір рет қолдануға арналған шприц-инелер
Қазіргі кезде ЖИТС, гепатит ауруларының жиі кездесуіне байланысты бір рет қана қолданылатын шприцтер мен инелер қолданылады. Қазіргі кезде стоматалогиялық тәжірибеде ол шприц пен инелердің екі түрін қолданады: 1синтетикалық жолмен алынатын бір рет қолданылатын шприцтер; 2 карпульді шприц пен оның бір реттік инелері. Алғашқы шприцті және карпульді шприцтің инелерін қайнатуға, зарарсыздандыруға және қолданылған соң қайта қолданылуға болмайды,олар өзі дайын күйінде шығарылып зарарсыздандыруды қажет етпейді. Синтетикалық шприцтардың инесі өзімен бірге зарарсыздандырылған түрде шығарылады, олардың 2,5,10,20 мл түрлері бар.
Инелер. Инелерді таңдау кезінде жансыздандырудың қандай түрінде қолданылатынын ескеру қажет. Өте қысқа және ұзын инелер қолайсыз. Егер ине қыска болса, мойнына дейін шаншылса, сынуы мүмкін, ондай жағдайды болдырмау үшін ине ең кемінде шаншылған жерден 1 см-ге ұзын болуы тиіс. Инфильтрациялық анестезия үшін, ұзындығы 30 мм, ал өткізгіштік жансыздандыру үшін ұзындығы 4- 5 см, ал жуандығы 0,71 мм инелерді қолданады.Карпульді жіңішке, қысқа инелер интралигаментарлы жансыздандыруға қолданылады.
Карпульді шприцтің қаңқасы тот баспайтын металдан жасалып инесі бір рет қолдануға арналып зарарсыздандырылып шығарылады. Ол инелерді де қайнатуға, зарарсыздандыруға және қайта қолданылуға болмайды. Бұл инелердің ұзындығы мен диаметлері қолдану - көрсеткіштеріне байланысты әр түрлі болады. (30 G 0,30 x 21 EU) - (27G 0,40 x 35 EU).
Анастезия жасар алдында карпульды шприцке арнайы 1,7 мл шыны құтыдағы зарарсыздандырылған, анестетик ертіндісі салынып, иненің төменгі қалпағын бұрап алып, карпульды шприцтің бұрамдасына бекітеді.
Карпульды жансыздандырудың ерекшеліктері:
1. инесінің жіңішке және иілгіш болуы
2. шприцтің ұстауға ыңғайлылығы
Қатаң ескерту: карпульды шприц инелерін майыстырмау керек, егер құтыда анестетик ертіндісі қалатын болса екінші рет қолдануға болмайды.
Жергілікті жансыздандыруда қолданылатын кұрал-саймандарды стерилизациялау ерекшеліктері
Әр түрлі аурулардан сақтану үшін стерилизациялау алдында карпульді шприцті жақсылап ағын суға жуып, содан кейін 0,1% дехлор ертіндісінде жуады, 1 сағатқа дезенфекциялық ертіндіге салады. Дезинфекциялық ертіндінің құрамы (альфадез 3%, немесе, лизоформин 2% немесе, дезефект 2,5%). Қайтадан ағын суда жуылып, 15 минут жуатын ертіндіге салып, артынан 5 минут шөткемен жуады. Жуатын ертіндінің құрамы: 1 литрге дейін дестелденген су, 17 мл перекистің қостотығы 33%, 55 г синтетикалық жууға арналған ұнтақ. Ақырғы рет 10 минут ағын суда жуып, артынан дестелденген сумен жуып, 85° құрғату шкафына кептіріп, 180° - 1 сағатқа стерилдейтің шкафқа салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |