Одонтогенді қатерсіз ісіктерінің клиникалық диагностикасы, емі.
Пайда болуы тіс жүйесімен байланысты ісіктерді одонтогенді дейді. Олар жақ ұрлары, амелобластома (адамантинома), одонтома, цементома. Эпулистерді де осы топқа жатқызады.
Жақ ұралары. Ұра дегеніміз сыртында қабығы бар сұйық немесе қоймалжың заттан тұратын қуыс ісік. Жақ сүйектеріндегі қуыстардың қабығы 2 қабаттан тұрады, сыртқы қабаты тығыз дәнекер тіннен, ішкісі ауыз қуысының шырышты қабыты секілді көпқабатты жалпақ эпителийден құралады. Гаймор қуысына жақын жерлеріндегі цилиндр тәрізді эпителий де кездеседі. Ұраның ішіндегі сұйықтық құрамы холестеринге бай сарысудан тұрады. Жақ ұралары дамуына қарай түбірлік (радикулярлық), сауыттық (фолликулярлық) деп бөлінеді.
Түбірлік ұралар. Көбінесе (94-95%) жағдайда жақтарда кездеседі. Түбірлік ұралардың эпителий тіндерінен даму жолдарының бірнеше тұжырымдары бар қабыну процесінің салдарынан түзілген химиялық және механикалық тітіркенулердің әсерінен периодонттағы эпителий элементтері үлкейіп көбейе бастайды. Жұлынған тістердің орнында өте сирек кездеседі. Ұра көптеген айлар немесе жылдар бойы баяу, ауруды мазаламай өседі. Сондықтан оның алғашқы сатыларын тек рентген суретіне түсіргенде ғана анықтаймыз. Альвеолды өсіндінің өсуінен беттің ассиметриясы пайда болады. Жалпы тексеру кезінде жақтың альвеолды өсіндісі мен денесінде таңдай немесе сырт жақ бағытына қарай өскен дөңгелек пішінді артық зат байқалады.
Ұра бұршақ пен тауық жұмыртқасының көлеміне дейін кездеседі. Уақыт өте келе жұқарған сүйек қабырғасын басқанда сықырлаған белгілері пайда болады.
Біртіндеп өршіген сүйек атрофиясының әсерінен ұраның үстіндегі сүйек ақауларын, бетін шырышты қабықпен сүйектің беткі қабаты ғана жапқан терезе пайда болады.
Ұралық қуысты жуан инемен тескен кезде мөлдір сұйықтық алуға болады. Егер іріңдіген ұра жедел остеомиелитке өтсе осы аурудың белгілері басым болады. Септігін тигізуші факторларға тіске тиген соққы, стоматит, гингивит, жақ сынықтары, гайморит, жақын маңындағы сүйекке жасалған операциялар жатады.
Диаметрі 1,5-2 см кисталар өте сирек кездеседі. Қуыстың ішінде бір немесе бірнеше тістердің түбірлері болуы мүмкін. Себепші тістің ұлпасы түгелдей өлі еттенген.
Төменгі жақтың түбірлік ұраларын ең алдымен қуысты адамантинома мен сауытты ұрадан ажырату керек.
Операциядан 6-8 күннен кейін йодоформды томпон ауыстырылады. Осы тәртіппен тампон 3-4 рет ауыстырылады. 3 аптының соңына қарай жараның айналасы эпителийленіп ауыздың кіреберісімен немесе ауыз қуысымен жалғасқан қосымша қуыстар пайда болады.
Цистоэктомия бұл ұраның қабығын түгелдей алып тастап жараны тігу операциясы. Ұра алынып тасталғаннан кейін алдын ала дайындалған тістердің түбірлеріне резекция операциясы жасалады. Операциядан кейін сүйектің өткір қырларын тегістеп қуысты қан ұйығымен толтырады. Сыдырылған құрақ кетгетпен тігіледі.
Жақсүйектерінің эпителиалді ұралары.
Ермолаев И.И. көрсеткiшi бойынша одонтогендi iсiктердiң жалпы санына түбiр ұрасы 34,3% фолликулярлы ұра 6,3% құрайды.
Радикулярлы (түбiр маңы) ұрасы созылмалы перицементит нәтижесiнде түбiр ұшында пайда болатын эпителиальдi гранулемадан құралады. Кейбiр авторлар түбiр арасын қабыну процессiне енгiзу, көбi-бластоматоздыға жатқызады.
Бластоматозды затты В.И.Стецула (1959ж) түбiр ұшына сүйек арқылы енгiзiп, түбiр ұрасын алған.
Грануляциялы тiн білiгiмен және азғана сақталынтын қуысты ұралы гранулема деп атайды.
Клиникасы: Жақсүйегiнiң кез-келген аймақтарында ұра түзiле бередi. Ұра науқасқа бiлiнбей ұзақ жылдар бойы, ауру сезiмiнсiз баяу дамиды. Ұра бар жақсүйегінде iсiну мен бет әлпетiнiң ассиметриясы байқалады. Тексеру кезiнде жартылай шар тәрiздi тығыз,шығыңқы iсiк білiнедi. Iсiк үстiнiң кiлегей қабаты жұқарып, тартылып, одан ұсақ қан-тамырлары көрiнiп тұрады.
Бастапқы стадиясы: ұраның пайда болуының бастапқы сатысы (кистагранулема алды) кейде қабынудағы сүйектiң периостальдi қабатталған құрылымы түрiндегi өнiмдiк реактивтiлiк құбылыстармен қатар жүредi. Ұраның ұлғаюы, оның қуысында ыдыраған клетка өнiмдерiнiң және ұра қабығының тамырларынан шығатын транссудаттардың жиналуына байланысты болады.
Ұра ұлғая келе сүйектi жұқартып семуге әкеледi де, пальпацияда "пергамент" қағазының сықыры симптомын тудырады. Бұл белшiнi ең алғаш рет Дюпютрен сипаттап жазған. Сондай-ақ, сүйектің толық сарылған жерiнде флюктуация белгiсi сезiледi. Бұндай жағдайда ұраны шприц көмегiмен сорғызып және пункция жасауға мүмкiндiк болады. Алынған сұйықтың сары-ақшыл холестеринi бар, кейде күңгiрт түстi бередi. Бiрақ та, ұрадағы бөлiнiс таза болып, тек қана, тiс түбiрi өзекшесiнен микробтар енiп, инфекцияланады. Осы жағдайда ұра iрiңдеп, остеомиелит немесе флегмонамен асқынады. Негiзiнен, ауыз қуысы кiреберiсi жағынан ұраның ұлғаюы жүредi. Жоғарғы жақтан ұра гаймор қуысына жиi өтедi. Сырттан ұра байқалмай тұрады. 1/1 тiстер аймағындағы ұра мұрын қуысы түбiне қарай өсiп iсiнуiн болдырады. 2/2 аймағындағы ұра қатты таңдайда шығыңқы түрде болады. Ал, төменгi жақта ұраның үлкен бөлiгi бұтақта, жақ денесiнде, иекте орналасады. Ұра өсе келе қан тамыр жүйке шоғырларын ығыстырып, бiраз остеомиелит пен қатерлi iсiкке қарағанда қоректенуiн бұзбайды. Ұра iрi үдесе Венсан симптомы кездесуi мүмкiн.
Диагностикасы. Рентген суреттемесiнде жақ сүйектерiнде ұраның шеттерi анық, бiркелкi домалақ немесе сопақша сүйек деформациясы болады. Ұра шекарасындағы тiс түбiрлерi қуысына кiрген тәрiздi болып табылады. Шын мәнiсiнде әрқашан олай болып келе бермейдi, тiс түбiрлерi ұраның шекарасынан ығысып, оның капсуласымен тапталып тарайды, бұл ұраның оперативтi емiнiң әдiсiн таңдауда үлкен мәнi бар құбылыс.
Iсiк маңындағы орналасқан тiстер жиi өз орнынан ығысып кетедi. Олардың түбiрлерi ажырап, сауыттары бiр-бiрiне қисаяды. Ұра аймағындағы тiстердi ЭОД-мен тексергенде электроқозғыштығы төмендейдi. Рубиннiң бақылауы бойынша сау тiстiң электроқозғыштығы 2-6 МА. Тiстiң 2 МА-дан тоққа жауап беруi ұлпаның тiтiрген жағдайы, 6 МА жоғарғы болуы тiстiң реактивтiлiгiнiң төмендеуiн бiлдiредi. Ал, 100 МА тоқ реакцияны болмауы ұлпаның өмiр сезiмталдығының жойылуын бiлдiредi. Ұраның көлемiн және шекарасын дәл анықтау үшiн контрасты рентген диагностика қолданылады. Бұл үшiн ұрадағы сұйықтықты шприцпен сорғызып, қуысты йодолипол немесе басқа да контрасты заттармен толтырады.
Емі: Соңғы көзқарасқа сүйене отырып, цистоэктомияны жүргiзген жөн. Қоршаған жұмсақ тiндерi асқынуынан, iрiңдеген ұралары бар балаларда цистоэктомия жүргiзiлмейдi.
Радикулярлы (түбiр маңы) ұрасы, созылмалы перицементит нәтижесiнде түбiр ұшында пайда болатын эпителиальдi гранулемадан құралады. Кейбiр авторлар түбiр арасын қабыну процессiне енгiзу, көбi-бластоматоздыға жатқызады (сурет 9).
Бластоматозды затты В.И.Стецула (7959ж) түбiр ұшына сүйек арқылы енгiзiп, түбiр ұрасын алған.
Грануляциялы тiн білiгiмен және азғана сақталынтын қуысты ұралы гранулема деп атайды.
Клиникасы: Жақсүйегiнiң кез-келген аймақтарында ұра түзiле бередi.Ұра науқасқас бiлiнбей ұзақ жылдар бойы,ауру сезiмiнсiз баяу дамиды. Ұра бар жақсүйегінде iсiну мен бет әлпетiнiң ассиметриясы байқалады. Тексеру кезiнде жартылай шар тәрiздi тығыз, шығыңқы iсiк білiнедi. Iсiк үстiнiң кiлегей қабаты жұқарып, тартылып, одан ұсақ қан-тамырлары көрiнiп тұрады.
Бастапқы стадиясы: ұраның пайда болуының бастапқы сатысы (кистагранулема алды) кейде қабынудағы сүйектiң периостальдi қабатталған құрылымы түрiндегi өнiмдiк реактивтiлiк құбылыстармен қатар жүредi. Ұраның ұлғаюы, оның қуысында ыдыраған клетка өнiмдерiнiң және ұра қабығының тамырларынан шығатын транссудаттардың жиналуына байланысты болады.
Ұра ұлғая келе сүйектi жұқартып семуге әкеледi де, пальпацияда "пергамент" қағазының сықыры симптомын тудырады. Бұл белшiнi ең алғаш рет Дюпютрен сипаттап жазған. Сондай-ақ, сүйектің толық сарылған жерiнде флюктуация белгiсi сезiледi. Бұндай жағдайда ұраны шприц көмегiмен сорғызып және пункция жасауға мүмкiндiк болады. Алынған сұйықтың сары-ақшыл холестеринi бар, кейде күңгiрт түстi бередi. Бiрақ та, ұрадағы бөлiнiс таза болып, тек қана, тiс түбiрi өзекшесiнен микробтар енiп, инфекцияланады. Осы жағдайда ұра iрiңдеп, остеомиелит немесе флегмонамен асқынады. Негiзiнен, ауыз қуысы кiреберiсi жағынан ұраның ұлғаюы жүредi. Жоғарғы жақтан ұра гаймор қуысына жиi өтедi. Сырттан ұра байқалмай тұрады. 1/1 тiстер аймағындағы ұра мұрын қуысы түбiне қарай өсiп iсiнуiн болдырады. 2/2 аймағындағы ұра қатты таңдайда шығыңқы түрде болады. Ал, төменгi жақта ұраның үлкен бөлiгi бұтақта, жақ денесiнде, иекте орналасады. Ұра өсе келе қан тамыр жүйке шоғырларын ығыстырып, бiраз остеомиелит пен қатерлi iсiкке қарағанда қоректенуiн бұзбайды. Ұра iрi үдесе Венсан симптомы кездесуi мүмкiн.
Диагностикасы. Рентген суреттемесiнде жақ сүйектерiнде ұраның шеттерi анық, бiркелкi домалақ немесе сопақша сүйек деформациясы болады. Ұра шекарасындағы тiс түбiрлерi қуысына кiрген тәрiздi болып табылады. Шын мәнiсiнде әрқашан олай болып келе бермейдi, тiс түбiрлерi ұраның шекарасынан ығысып, оның капсуласымен тапталып тарады, бұл ұраның оперативтi емiнiң әдiсiн таңдауда үлкен мәнi бар (сурет 11-12-13).
Iсiк маңындағы орналасқан тiстер жиi өз орнынан ығысып кетедi. Олардың түбiрлерi ажырап, сауыттары бiр-бiрiне қисаяды. Ұра аймағындағы тiстердi ЭОД-мен тексергенде электроқозғыштығы төмендейдi. Рубиннiң бақылауы бойынша сау тiстiң электроқозғыштығы 2-6 МА тең. Тiстiң 2 МА-дан тоққа жауап беруi ұлпаның тiтiрген жағдайы, 6 МА жоғары болуы тiстiң реактивтiлiгiнiң төмендеуiн бiлдiредi. Ал, 100 МА тоққа реакцияны болмауы ұлпаның өмiр сезiмталдығының жойылуын бiлдiредi. Ұраның көлемiн және шекарасын дәл анықтау үшiн контрасты рентген диагностика қолданылады. Бұл үшiн ұрадағы сұйықтықты шприцпен сорғызып, қуысты йодолипол немесе басқа да контрасты заттармен толтырады.
Емі. Соңғы көзқарасқа сүйене отырып, цистоэктомияны жүргiзген жөн. Қоршаған жұмсақ тiндерi асқынуынан,iрiңдеген ұралары бар балаларда цистоэктомия жүргiзiлмейдi.
Фолликулярлы (сауыт маңы) ұрасы. Тiс фолликуласынан дамиды. Барлық авторлар фолликулярлы,ұраның даму себебi, жарақат салдарынан, тiс фолликуласынаның дамуының деформациясынан болады деген Н.И.Агапов., Т.И. Альбанская фолликулярлы ұралар қабыну ошағы тұрақты тiстердiң фолликуласына жеткен, сүт тiстердiң түбiр ұшындағы қабыну процестерi негiзiнде дамиды деп есептейдi. Евдокимов және Ермолаев фолликулярлы ұра терминiн екi құрылымдық топтың бөлiнуi деп түсiндiрiледi (сурет 14).
Ермолаев атап өткендей бiрiншi топтағы ұралардың микроскопиялық құрылысының сипаты негiзiнен қабыну поцесiнiң интенсивтiлiгi және олардың орналасу ерекшелiктерi бойынша анықталады. Осы топтағы ұралардың гистологиялық, анатомия-топографиялық ерекшелiктерi. Олардың қабыну процестерiнiң анықтауға мүмкiндiк бередi. Олардың "құрамында тiстерi бар" деп болжауға болады. Басқа топтың меншiктi фолликулярлы ұра ретiнде белгiленетiн кистоздың құрылымының кейбiр ерекшелiктерi оларды тiстiң пайда болатын эпителидiң дамуының атауы ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бередi.
Клиника: Кейбiр авторлар (Пенсахович, Петрова, Евдокимов) фолликулярлы ұра балалық кезде әсiресе, тұрақты тiстердiң жарып шығу мерзiмiнде дамиды деп санайды. 18-20 жаста фолликулярлы ұра ақыл тiс аймағында байқалады. Ал, бұл пiкiрге Симановская қарсы келiп, фолликулярлы ұра өте ұзақ және клиникада кезеңдермен жүредi деп айтқан.
1кезеңі. Клиникалық симптомсыз өтетiн жасырын түрде ұраның дамуы. Тексерiп қарау кезде, сүт тiстердiң бастамасы немесе тұрақты тiстердiң болмауы байқалады.
2кезеңі. Тығыз ауырсынусыз немесе аз аурушаң, iсiнудiң салдарынан альвеолалы өсiндiнiң немесе жақсүйек денесiнiң ақауының болуы, сүйек қабырғасының жұқаруынан пергамент сықыры және флюктуация белгiлiрiнiң болуы. Бұл кезең бiрнеше айдан жылға дейiн созылады. Инфекциялану екiншi кезеңiнде жиi байқалады.
Салыстырмалы диагностикасы.
1. Жарақаттық ұра.
2. Таңдай мұрын өзегiнiң ұрасы.
Жарақаттық ұра жақтың ортанғы бөлiгiне қан құйылу нәтижесiнен болады. Кемiктi затқа қан қүйылу сүйек iшiлiк қуыс құрайды, бiрақ ол тiспен байланысты болмайды. Таңдай мұрын қанатының бөлiнiп кеткен эпителидiң аймақтарынан пайда болады. Жоғарғы жақта күрек тiстер үстiнен альвеолалы өсiндi аймағында орналасқан таңдай ұрасы деп қателесуi мүмкiн. Жақ- бет аймағы одонтогендi емес құрылымы болса да, басқа ұралардан холеостома байқалады. Ол екi түрде болады:
1.Эпидермоидты ұра түрiнде.
2.Ерекше бөлiнiсi бар фолликулярлы ұра түрiнде (холестерин
кристалынан, мүйiзгектi заттан және эпителий клетканың ыдыраған өнiмiнен тұратын қоймалжын масса). Көбiнесе жоғарғы жақ зақымдалып, процесс бас сүйегінің негiзiне және жұмсақ тiндерге таралады. Емдеуi хирургиялық. Үш жағдайда болжамы қолайлы емес.
Емi: Хирургиялық құрамында тiсi бар ұраға кей жағдайда операция болмауы мүмкiн (цистотомия). Альвеолярлы өсiндi таңдай беткейi аймағында таралған ұраларда барлық тiндердi толық кесу және рациональды түрде цитотомия әдiсi қолданылады. Кесу проекциясы ұра қабатының аймағына сәйкес болуы керек.
Хирургиялық емдеу әдiстерi.
Ұраны емдеу оперативтi түрде жүредi. Қазiргi уақытта екi әдiс қолданылады.
1. Цистоэктомия
2. Цистотомия
Осы 2 әдiстiде 1890 жылы Пачес ұсынды. Цитоэктомияда ұраны толығымен сылып, пайда болған қуысын жабық түрде тiгiп тастайды.
Цистотомия ұра қабатының алдыңғы бөлiгiн тiлiп, ауыз қуысының кiре берiсiмен байланысқан кең, ашық қуыс жасайды. Операция әдiсiн таңдау ұра аймағындағы тiс жағдайына, ұраның орнына және мүлшерiне байланысты. Операция мақсатына, тек, ұраны алып тастау ғана емес тiстi толығымен сақтау да кiредi. Операция әдiсiнiң тағайындалуына қарамастан ең алдымен мiндеттi түрде ауыз-қуысының санациясы жүргiзiлуi керек. Сондай-ақ, ЭОД мен тексерiлуi тиiс.
Одонтогендi iсiктер.
Одонтогенді фиброма, дамуы, клиникасы. Одонтогенді фибромалар жақтардың сүйек іші фибромаларының бір түрі болып саналады. Бұл фибромалардың тағы бір белгісі дәнекер тінді сіктің ортасына тіс өсіп шығатын эпителийдің майда қалдықтарының кездесуі. Егер миксомалы өзгерген жерлері кездессе, онда диагноз фибромиксома деп аталады.
Одонтогенді фиброманы жұмсақ одонтомадан ажырату керек. Жұмсақ одонтоманың өсіп шығатын 2 компоненті де жинады біркелкі өсіп, тіс ұрығының өсу сатысының алғашқы көрінісіне ұқсайды. Одонтогенді фиброма, өзін қоршаған сүйектен ісіктің сыртын ала тығыз орналасқан коллаген талшықтарынан түзілген пердемен бөлініп тұрады. Ісіктің өсуіне байланыты жақ сүйегінің біркелкі резороциясы байқалады.
.Емі : хирургиялық.
Эпулис. Эпулистерді соңғы 25 жыл ішіндегі зерттеу оларға деген көзқарасты өзгертті. Оларды жақтың альвеола өсіндісіндегі қызыл иектегі анатомиялық, топографиялық орналасуына қарап қана топтастыру қазіргі онкология ғылымына сәйкес келмейді. Себебі, бұл құрылымдардың ішінде ісіктер, ісікке ұқсас ісіктер кездеседі.
Ісікке ұқсас өсінділер, қызыл иектің жасанды сауытпен, пломбамен, тістесудің бұзылуымен т.с.с себептермен созылмалы қабынуының әртүрлі сатылары болып есептеледі.
Фиброматозды және ангиматозды эпулистердің клиникалық көріністері ерекше, Фиброматозды эпулис табаны жалпақ, шекарасы анық, пішіні белгісіз, көбіне қырлары қызарған, ауырмайтын тығыз ісік болып келеді. Әдетте қызыл иектің кіреберісінде орналасып, тіс арасынан ет сияқтанып өтіп барып жалғасады. Тексеру барысында, эпулис аймағындағы тістің жасанды сауытының дәл еместігі, пломабаның дұрыс салынбағандығы тіс жегісі бар немесе кламмері орнатылмағандығы анықталады. Аталған заттар негізгі себепші болып грануляцияның өсіп шығуына жол ашады, ол өсе келе жетілген фиброзды дәнекер тінге айналады.
Остеобластокластома, дамуы, клиникасы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуі бойынша – остеобластокластома. Басқа да түрлі атаулары бар: алып клеткалы ісік, алып клеткалы репаративті гранулема т.б. Клиникалық көріністері онша айқын емес. Остеобластокластомамен зақымданған сүйектің аймағы амелобластома мен кистадан да үлкен болып ұлғайып ісінеді. Пальпацияда аздап ауырып, пернаменттің қытыры сезіледі. Әдетте өздігінен ауырмайды. Рентген суретіне қарап 3 түрге бөлеміз: ұялы, кисталы, литикалық. Басқаларынан көрнектірек деп ұялы түрін айтуға болады. Мұнда зақымданған бөлік ерекше ісініп, кортикалды пластинка барынша жұқарады. Ұялар онша үлкен болмайды, олардың сыны көп болғандықтан ісік сабын көбігінің жинағына ұқсайды. Ісіктің бұл түрі баяу өсіп, көбінесе жасы үлкен адамдарда кездеседі. Сүйектің ісінуі оның осіне көлденең орналасатындықтан, анықтау үшін оксиальды проекциядағы рентген суреті жасалуы керек. Бұл осы ісікке тән ерекшелік.
Ұралы түрімен зақымданған жақ сүйегі ұлғайып, жедел өсуімен, көбінде ісіктің ауырғанымен ерекшеленеді. Рентгенді ісік қырлары анық, пішіні сопақ немесе домалақ, киста сияқты болып көрінеді. Ісіктің кішкентай кезінде пластика жұқармайды (сурет 15).
Литикалық түрі сирек кездеседі, оның диагнозын қою да оңайға түспейді. Ісіктің бұл түріне тән ерекшелік ол жақ сүйегінің кортикалды пластикасына сыбайлас орналасып іштен сыртқа емес, керісінше өседі. Кортикалды пластинка томпайған жұқа қабық ретінде сақталады. Пластинка бұзылған соң ісік жұмсақ тінге қарай өседі. Сүйек ақауының контуры өте анық болады.
Емі хирургиялық. Кисталы, ұялы түрлерінде зақымданған жерді мұқият қырып тазалау жеткілікті. Егер ісік жақтың біраз жерін қамтыған болса, онда жақ сүйекке резекция жасап сүйек пластикасы жасалады.
Литикалық түрінде жақтың бүтіндігін сақтап, жартылай резекция жасалады, кейде жақтың бір бөлігін резекция жасап, бір мезгілде сүйек пластикасы қолданылады. Белгілі себептерге байланысты хирургиялық тәсілмен емдеуге жол болмаса сәулемен емдейді.
Адамантинома (амелобластома) – бұл тiс эмаль мүшесiне гистологиялық құрылысы жағынан ұқсас, қалыпты жағдайда, тек, эмаль мүшесiнде болатын эпителиде пролиферацияның болуы нәтижесiнде дамитын iсiк. Микроскопиялық:iсiкте ztratum inter medium элементiне ұқсас эпителидiң көптеген массасы болады. Эпителий кең тартпалы түрде орналасып, аралары дәнекер тiнiмен ажырасып тұрады. Ермолаев морфологиялық зерттеу нәтижесiнде адамантиноманы микроскопиялық келесiдегiдей 9 вариантқа бөлдi.
1. Тiс ұрысының эмаль мүшесi құрылысына ұқсас эпителиальдi түзiлiстiң болуы.
2. Фиброзды негiзден басым келетiн паренхиманың массивтi трабекулярлы және альвеолалы құрылысымен сипатталады.
3. Эпителиде дистрофиялық өзгерiстiң болуы.
4. Эпителиальды паренхиманың құрылысының эпидермондтi болуы ангиомотоз және қан қүйылу ошақтарымен айқындалады.
5.Тiстi құрайтын табақшаны еске түсiретiн эпителиальды құрылымның жi ңiшке қатты тармақталқан тартпалардың бойымен айқындалады.
6. Тығыз орналасқан дефференцациясыз базалды клеткалардық комплексiнен тұратын массивтi тартпалардың басым болуы тән.
7. Тiкенектi қабат клеткасына ұқсас келетiн, кейде, үктенуге өшырайтын шар тәрiздi денелердiң түзiлуiмен жүретiн гиоменозды стромалы конгуреттi орналасқан эпителиалды клеткалардық болуымен ерекшеленедi.
8. Сүйелдену ошағы оксинофилды субстанцияның жинауымен жүретiн өзiндiк одонтомозды эпителиальды құрылымның болуы тән.
9. Пигменттi құраушы клеткадан түратын ұсақ комплекстi альвеолярлы құрылысының болуымен ерекшеленедi. Ерте кезiнде iсiк массивтi-adamantinoma zolitum кейiнiрек орталық бөлiмiнде эпителиольдың өскiндердiң сүйықтығы бар микроскопиялық ұралар дамиды. Iсiктiқ өсуi бойынша ұра көлемi ұлғайып, саны көбейедi. Ұралардың арасында байланыс түзiлiп, бiлiк тәрiздi қабырғасы үлкен көлемдi ұра түзiледi. Жақ сүйегi жұқарып, үрленедi. Бұл түрі adamantinoma cycticum деп аталады. Сирек дамиды, әсiресе, төменгi жақта кездеседі. Сондай–ақ, ер және әйел адамдарда бірдей кездеседi, баяу, бiлiнбей дами бередi.
Клиникасы: Iсiк, тек, жақ сүйек шекарасынан шыққанда ғана белгiлi болады. Көбiне үлкен және кiшi азу тiс аймағында дамиды. Алғашқыда iсiк тығыз, тегiс, тек, кейде ғана бiркелкi емес болады. Кiшiрек сүйек сорылып, пергаменттi сықыр және флюктуация белгiсi болады. Ұрадағы бөлiнiс инфекцияланғанда аурушаң болады. Iсiк маңына орналасқан тiс ығысып, түбiрi сорылып кетедi. Тек, кей жағдайда ғана рактың тууы болады.
R-тексеруде: Адамантинома әр түрлi болып келедi. Басқа формаларына қарағанда бiр камералы түрі жиi кездеседі, көп камералы ұяшықты және құрамында тiсi бар түрлерi сирек кездеседi.
Салыстырмалы диагнозы: Остеобластоклостома мен және жақсүйек ұрасымен салыстырады. R-суретiнде ұра тегiс, анық шекаралы болады. Ал, остеобластоклостомада сүйек қабырғасының кей жерлерi жоғалады. Егер, күдiктi жағдай болса биопсияға жiбередi. Зерттеусiз ем тағайындалмайды. Iсiктiң элементтерiн анық көру үшiн, биопсияда iсiктi ауыз қуысы жағынан сау тiндi қамти отырып, iсiк аймағын кесiп алады. Адамантиноманың R-суретi, клиникалық көрiнiсiнiң ұқсастығы жақ саркомасы және рагын бередi. Гаймор қуысына өткен жоғарғы жақ сүйегiнiң адамантиномасының және өкпеге метастаз беретiн рецидивтi адамантиноманың диагностикасы бiр қатар қиындықтар туғызады.
Емдеуi: Ермолаев зерттеуi бойынша iсiк инфильтративтi өсуiмен сипатталады. Сондықтан емдеудiң негiзгi дұрыс әдiсi жақтың зақымдалған аймағын радикалдi кесiп алып тастау. Адамантинома сәуле әсерiне сезiмталдығы төмен, сондықтан ешқандай нәтиже бермейдi.
Емдеу әдiсiн таңдау:
1. Сүйектiң зақымдалған аймағының көлемiне байланысты.
2. Iсiктiң жылдам өсуiне.
3. Ерте жүргiзiлген емнiң қайталануына, бейiмдiлiгiне байланысты.
Солидтi адамантиномада операция көлемiн тарылтпау керек, өйткенi жақтарда патоморфологиялық өзгерiске сай келмейтiн анық алдамшы шекаралы болады.
Онкологиялық қатынастар iшiнде ең тиiмдi әдiстерiнiң бiрi төменгi жақты бiр мезетте жартылай бөлiп алып, науқастың өзiнiң қабырғасының сыртқы бөлiгiмен сүйектi пластикалық ауыстыру болып есептеледi (Ю.А.Зорин, В.А.Дулаевский, П.В.Наумов).
Н.А.Плотников модиниздендiрiлген сүйек трансплантатын қолданған. Ал, Ю.А.Бернадский жақтың алынған аймағының реплантатын қолданады. Iсiктi сау тiн шегiне дейiн субпериостальдi кесуден соң алынған сүйектi физиологиялық ерiтiндiде қайнатып, соңынан трансплантант дайындайды. Полиамидті жiбiмен сүйек тiгiсi арқылы бекiтедi. Зорин ақауды шайнау бұлшықетiнiң қоректену аяқшалары мен толтырған. Бұл әдiс тұрақты тыртықтану конструктурасының дамуына әкелген.
Сүйек фибромасы - Сүйектi продукцирлемейтiн дәнекер тiнi элементтерiнен тұратын iсiк. Iсiк төменгi жақта жиi орналасады. Ал, жоғарғы жақта тек 4 пайыз жағдай ғана тiркелген.
Клиника: Фиброма баяу жылдар бойы аурушаңсыз үлкен көлемдi болып өседi. Кейбiр науқастарда жақтың деформациясы және сыздап ауру сезiмi болады. Пергамент сықыры болмайды.
Гистологиялық: Фиброманың 3-морфологиялық түрлерiн ажыратады. (Колесов А.А.)
1. Қарапайым фиброма: аз мөлшерде клеткалы элементтерiнiң дөрекi талшықтары дәнекер тiнiнiң болуы.
2. Петрификациялы фиброма - құрамында тiсi бар эпителидiң қалдықтарының болуы. Iсiктiң дәнекер тiнi массасы арасында сопақша, домалақ бiр тектi клеткалардың жекеленген тартпаларынан ұсақ аралшықтарынан және эпителиальдi компоненттердiң аз болуымен сипатталады.
R-тексеру: iсiк анық шекаралы элипс немесе домалақ пiшiндi болып келедi. Сүйек тiнi құрылыссыз, кортикальдi қабат жұқарған, сүйек қабы жағынан реакция жоқ.
Кейбiр жағдайларда фиброманың петрификациясында әр түрлi көлемдегi тығыз көлеңкелер кездеседi.
Салыстырмалы диагнозы:
1.Фибросаркома
2.Хондросаркома
3.Остеобластоклостома
4.Фиброзды дисплазия
5.Адамантиномамен
Негiзiнен диагноз биопсиялық зерттеулерге сүйене отырып, қойылады.
Емі: Сәулелiк терапия ешқандай нәтиже бермейдi, тек, радикалды хирургиялық ем жүргізіледі.
Цементома - iсiк тіс түбiр цементi сияқты тiндерден тұрады және қарапайым одонтома түрiнде қарайды. Жарып шыққан тістің перицементінен бастау лаған шын ісік пен диспластикалық процестің аралығындағы ісік. Гистологиялық тұрғыдан цементома құрамында цементиклдер мен одонтоцементобластарға айналатын фибробластардан тұратын дәнекер тіндерінің қабаттарының жиынтығы. Кейде олар остеоид тіндерін де қосып алады. Ісік сүйек жігінде орналасып баяу үлкейе береді. Үлкен цементомалар ісігі ауырып науқасты мазалай бастайды.
Цементомалардың 2 түрі кездеседі: бірі – ошақтық тістің төңірегінде өседі. Екіншісі – жайылмалы – сүйектің едеуір жерін қамтиды. Олар әр түрлі жастағы адамдарда, жиірек әйелдердің төменгі жағында кездеседі.
Микроскоппен қарағанда цементома эластикалық ақшыл-сұр тін болып көрінеді. Ісік дәнекер тінді қапшықтың ішінде орналасып, зақымданбаған сүйектен оңай ажырап алынады. Периапикальды цементо-дисплазиялардың шеттері ирек, өздері тым қатты болады. Жай көзбен қарағанда бұл ісіктер тіс цементіне ұқсас тіндерден құралады. Ошақты зақымданудың 80% белгісіз болып, рентген жасағанда кездейсоқ анықталады. Рентген суретінде периапикальды аймақтың осеомезі гранулемаға өте ұқсас болып көрінеді. Жайылмалы зақымданудың рентген суретінде сүйектен де қатты тіндер яғни көптеген цементиклдермен толған киста қуыстары көрінеді. Операция радикалды жасалмаса ісік жедел өсе бастайды.
Рентгенде цементомалар фиброзды дисплазияға ұқсас келеді. Қаттары бар киста тәрізді жерлердің арасында өзгермеген сүйек тіндері кездеседі. Жайылмалы зақымданған сүйек зақымданбаған, яғни құрылымы өзгерген сүйек тінімен, жақасты орналасқан қатты жерлермен алмасып отырады. Рентгенде жайылмалы зақымдану өте айқын, анықтауды қажет етпейді. Цементоманың ошақты түрін одонтома, остеома, оссификацияланған фибромадан гистологиялық тексеру арқылы ажыратып алуға болады. Цементоманы остеоблстокластома, остеогенді саркома, остеохондрома, түбірлік киста, остеоид – остеома т.б ісіктерден ажырату керек.
Iсiк өз формасына қарай бөлінеді:
1. Жақсы қан-тамырланған.
2. Өз құрамында табақшасы болмайды.
3. Цементтiң өскiнi тәрiздес болады.
4. Жас өспiрiмдер мен балаларда кездеседi.
5. Жиi жоғарғы жақта кездеседi.
6. Сүйек тiнiн бұзып, өсуге тенденциялы.
7. Функциональды қызметтердi бұзады.
Гистологиялық: Кейбiр жағдайда iсiк тiс түбiрi цементi сияты тiндерден тұрады да, қарапайым одонтома түрiнде болады. Тiс түбiрiнде гиперцементоз немесе цементоманың басқа да жұмсақ немесе жартылай қатты болуы белгiлi, iсiне қарағанда жекеленген аймақ тығыздалған, дәнекер тiнi стромасы қабатталған цемент тәрiздi сүйек балкаларының жұқаруы және клеткасыз элементтердiң жиналуынан құралады. Клиника iсiк сүйек тiнiн бұзып, симптомсыз жайлап өсе бередi. Кейде, пальпация да бiрден аурушаң сезiмталдық болады (жақтың кортикальды қабаты арқылы цементома өсiп), тығыз тiкенектi қабаты сүйек қабатына қысым түсiредi. Iсiк ауыз қуысы жағына бағытталып өсiп, кiлегей қабаттың инфекциялануы, ойылуы және зақымдалуы байқалады.
Рентгендік тексеру: Айқын шекаралы сүйек тiнiнiң (аморфты) ыдырауы. Жекеленген ошақтар жарықтану фонында құрылыссыз көлеңкелер көрiнедi және сау сүйек пен iсiк арасындағы шекараны анықтау өте қиынға әкелiп соғады.
Салыстырмалы диагностика.
1.Остеома немесе остехондромамен (клиникасы ұқсас, тек қана гистологиялық тексеру арқылы диагноз қойылады).
2.Остеобластокластома (ұралы формасы) цементома пункциясында тек, қан ғана болады, бұл остебластоклостомаға тән, бiрақта түбiрлердiң сорылуы, тiстердiң қозғалғыштығы жиi төменгi жақта кездеседi.
3.Адамантиномамен де салыстыруға болады.
Емi: Тек хирургиялық. Жақ ауырып, ісік жедел өсе бастаса, патологиялық сынғанда маңында созылмалы қабыну процесі болса, бет пішіні мен қызметі бұзылса операция жасалады. Операция кезінде цементомамен байланысты тіс жұлынады. Жедел өсе бастаған, сан алуан элементтері көп ісік рецидив бермес үшін маңындағы тіндермен қоса алынады. Түбір ұшын кесу тек бір түбірлі тісте радикалды оңай алып тастау мүмкіндігі бар кезде ғана қолданылады. Хирургиялық А.И. Евдокимов егер, тiс түбiрi деңгейiнде орналасатын болса, онда ең тиiмдi әдiс-қырнап тазалау. Соңынан түбiр ұшын кесу және пломбалау. Операция ауыз қуысы жағынан А.Л. Козырева қоршаған тiндердi тiгу, әсiресе жұмсақ шекарасы бар одонтомамен цементомада iсiктi радикальды кесудi ұсынған.
Одонтома - тiстердiң дұрыс дамымауы салдарынан дамитын одонтогендi iсiк. Өте сирек кездеседi. Олардың екі түрі бар. Нашар дамыған тіс тіндерінен тұратын, тек өсе бастаған тіс ұрығында ғана кездесетін жұмсақ одонтомалар, екіншісі негізінен қатты одонтомалар.
Бұл ісіктердің көп кездесетін жері төменгі жақтың бұрышы мен оған жақын тұрған бұтағы мен денесі. Құрылым ерекшеліктеріне қарай қатты одонтомалар күрделі, күрделі-аралас, жай және кисталы болып жіктеледі. Күрделілері, әр түрлі дәрежедегі ісік, бірақ біртұтас боп бірігіп кеткен бірнеше тіс сияқты заттар мен тіс ұрықтарынан құралады.
Клиникада мұндай одонтомалар жақ сүйегінде бұдырланып, ауырмайтын қатты томпақ, ал рентгенде қаттылығ тіске ұқсас, бірақ біркелкі емес тіннің көлеңкесі көрінеді. Көлеңкенің шеттері көбінесе шұңқырлар мен қылқандардан түзіледі де, бүлдірген, жүзім немесе тұт жемістеріне ұқсас келеді. Көлеңкелі айнала ашық жолақ көрінеді, одан әрі сүйек жолағының нығыздалған көлеңкесі көрінеді.
Күрделі – аралас одонтомалар қалай болса солай тәртіпсіз араласып кеткен тістің қатты және жұмсақ тіндерінен құрылған конгломерат түрінде кездеседі. Оның ішінде жекелеген, жартылай қалыптасқан тістер де ұшырасады. Рентгенде күрделі аралас одонтома біркелкі емес қатты, домалақ яғни сопақ пішінді, қырлары біршама тегістеу, сыртында ашық жолағы бар көлеңке болып көрінеді.
Жай одонтомалар бір тіс ұрығынан немесе тіске ұқсас заттың конгломераты нан (аралас, қырық құрау) құралады.
Жай одонтомалар өз кезегінде толық, толық емес болады. Олар тістің қайсы бөлігінен өсіп шыққанына қарап, одан әрі қай бөлігін деформациялағанына қарап түбір немесе сауытодонтомасы деп аталады. Кисталы одонтома фолликула кистасында орналасады. Сондықтан клиникада ол фолликула кистасы болып көрінеді, ал рентгенде – кистаның ішінде ретенцияға ұшыраған тіс емес, одонтома көрінеді.
Одонтомалардың клиникалық белгілері, олардың құрылымы, көлемі, орналасуы, қабының асқынуына байланысты. Бірінші кілегей қабықты тесіп шыққан сүйек тәрізді зат көрінеді. Тістің айналасы қалталанып оған тамақ, сілекей, микроорганизмдер толады да, жұмсақ, қатты тіндерде созылмалы қабыну процесі басталады.
Қатты одонтомаларға қарағанда жұмсақ одонтомалардың диагнозын қою қиындау. Оларды адамантинома, остеобластокластома т.б сүйек ісіктерінен айырып анықтау керек.
Олар радикалды емделмесе қайталап өсуі, малигнизациялануы да мүмкін. Жұмсақ одонтомалардың клиникалық белгілері жоқ.
Рентгенде одонтоманың диагнозын қою онша қиын емес. Ісік сүйек тінінде әртүрлі ақтаңдақтар түрінде болады. Онда қалыптасқан тіс пен оның бөліктерінің жиынтығы кездесіп қалады. Кейде ол ортасында қаттылығы сүйек пен дентинге ұқсас заттан толған қуысқа ұқсайды. Одонтоманың салыстырмалы рентген суретінің диагнозының қажеті шамалы.
Ісік дистопия және ретенцияға ұшыраған тіс ұрығына өте сирек ұқсайды. Емі – хирургиялық. Олардың дәнекер тінді капсуласымен бірге қалдырмай мұқият алып тастау керек. Бір бөлігі қалып қойса рецидив беруі мүмкін. Операцияның ішкі (альвеолды өсіндісінде) және сыртқы (жақ бұрышында, денесінде, бұтағында) 2 жолы бар. Үстіңгі жақтың ақауы обтуратор көмегімен протез арқылы бекітіледі.
Гистологиялық: тiндердiң таралуы әдеттегiдей емес эмаль дентин астына орналасады. Кейбiр жағдайда iсiк тiс тiндерiмен араласып, бiр-бiрiмен дәнекер тiнi қабатталуымен немесе сүйек тiнi және цемент арқылы жабысады. Осы жерде кейде жартылай қалыптасқан тiс кездеседi.
Iсiк тiс тiнi элементтерiнiң жіктелуiнен (жұмсақ адентома) және тiстiң қатты тiндерiнiң бiреуiнен тұрады (эмаль, дентин, цемент).
Макроскопиялық: Жақта одонтома жұқа өрнек тәрiздi қабатпен қоршалған.
Жiктелуi: А.И.Евдокимов бойынша:
I. Қарапайым одантома - тiс ұрығының дамуындағы
II. Толық және толық емес болады.
III.Толық жай одантома: бұл тiсте немесе оның бор бөлiгiнде ешқандай белгiсi болмай көлемi дала жаңғағындай тiл сүйегi тәрiздес тығыз құрылым. Ол бiр тiстiң барлық тiнiнен тұрады. Толық емес-егер, iсiк түбiрде орналасатын болса, онда сауыты дұрыс сақталады, ал, егер сауытта орналасса онда, түбiрi дұрыс дамымайды. Бұл форма да тек, тiс ұрығының бор бөлiгiнiң дамуы бұзылады. Жай одантома көршi тiстермен жабысып, оларды ығыстырып жiберуi мүмкiн.
Пародонтомалар (жай адантома) - әдетте, iсiк тiс түбiрiнен немесе мойыны мен қосылып жататын қатты, бұдырлы түзiлiстермен, көлемi бұршақ сияты болады. Оны эмаль тамшылары деп атайды.
II.Күрделi одантома: өз құрамында қалыптасқан тiстердiң немесе бiрнеше тiс элементтерiнен тұратын iсiк. Iсiк азғана көлемдi және альвеолярлы өсiндi iшiнде орналасады.
Ал үлкен көлемдi адантомалар жақтың тек, орталық аймағында ғана емес, төменгi жақтың денесiнде, бұтағында да орналасады. Ал егер жоғарғы жақта гаймор қойнауында орналасса, бет ассиметриясына және деформациясына әкелiп соғады.
Аралас одантома: тiс тiнi элементтерiнiң ретсiз аралас түрде құралуы.
Жұмсақ одантома: адамантиноманың одантомаға айналу кезеңi.
Достарыңызбен бөлісу: |