«Қарағанды қаласы білім бөлімінің» 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік



Дата23.02.2016
өлшемі69.84 Kb.
#4314


«Қарағанды қаласы білім

бөлімінің» 2007 жылға арналған

қалалық бюджеттік

бағдарламаларының

паспорттарын бекіту туралы»

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 22 желтоқсандағы

№33/13 қаулысына өзгертулер мен

толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі кезектен тыс XLVІІ сессиясының «ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы кезекті XLІІ сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №3 шешіміне сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қарағанды қаласы білім бөлімінің» 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №33/13 қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

1) осы қаулыдағы 1,2,3,4,5,67,8 қосымшаларға сәйкес көрсетілген қаулыдағы 1,2,3,4,5,67,8 қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.

Әкім И.Тоғайбаев

Орын.Ж.Жылбаев

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2007 жылғы «18» сәуірдегі

№ 20/10 қаулысына

7 қосымша

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 33/13 қаулысына

7 қосымша

Қарағанды қаласының білім бөлімі


(Бюджеттік бағдарламаның әкімгері)

ПАСПОРТ

Білім бөлімінің қызметін қамтамасыз ету.

(бюджеттік бағдарламаның аты)

2007 жылға арналған

1. Құны: 16420,0 мың теңге (Он алты миллион төрт жүз жиырма мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік - құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі 548-II Бюджеттік кодексі;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы №389-1 Заңы («Білім туралы» ҚР 2004 жылғы 09 шілдедегі №597 Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» енгізілген өзгертулермен және толықтыруларымен), 32,35 баптары.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдегі №451-1 Заңы; (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №484-ІІ Заңымен енгізілген толықтырулар және өзгертулерімен)

«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңы, 39-бабы;

«Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ҚР органдары қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы;

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 маусымдағы № 3038 Жарлығы өз күшін жойды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 Жарлығы;

«Қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органдардың қызметіне қарастырылған, үнемделген қаржы есебінен ҚР органдары қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысына үстеме ақы белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйақы беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 Қаулысы, 2004 жылғы 13 мамырдағы №532 өзгертулер ескерілген;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерін оқыту концепциясы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1706 Қаулысы;

«Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды тіркеу орталықтарының тізбесін бекіту туралы» Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің 2003 жылғы 12 қаңтардағы №02-0102/158 бұйрығы;

«2007 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті XLІІ сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №5 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқару аппаратын қаржыландыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қаладағы білім мекемелерінің қызметін үйлестіру, білім жүйесінің қаржыландырылуын жүзеге асыруға бақылау жасау, әдістемелік көмек көрсету, жалпы орта білім алуға жағдай жасау, білім ұйымдарының материалды – техникалық базасын нығайту; білім жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту, білім жүйесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, оның сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:



Бағдарлама коды

Бағдарлама бөлімдерінің коды

Бағдарлама бөлімдерінің аты

Бағдарламаны іске асыру шаралары (бағдарламаның бөлімдері)

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

003

Білім бөлімінің қызметін қамтамасыз ету.

Жергілікті органдардың аппараты



Білім ұйымдары жетекшілерінің білім саласындағы заңнамалар мен нормативтік актілердің орындалуын және білім ұйымдарының қаражатпен қамтамасыз етілуін бақылауы. Педагогика қызметкерлерін аттестациялау және аттестация өткізу ережесінің қалалық білім ұйымдарында сақталуын бақылау. Қаладағы мектептер мен

Жыл бойы

Қалалық білім бөлімі.

Қалалық білім бөлімінің басшылары мен аппарат мамандары















мектеп-интернаттардың жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз етілуін бақылау. Қалалық олимпиадалар, спартакиадалар, байқаулар, білім қызметкерлері мен оқушылар конкурстарын, ең озық білім ұйымдарының конкурстарын, салтанатты күндер мен мерекелерге арналған қалалық шараларды ұйымдастыру және өткізу. Бекітілген жылдық жоспар бойынша білім ұйымдарында тақырыптық және кешенді тексеру жұмыстарын жүргізу. Қаладағы жалпы білім беретін ұйымдардың жұмыс жағдайларының мониторингісі. Балалардың оқумен жаппай қамтылуы, олардың әлеуметтік қорғанысы, денсаулық пен медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі бойынша білім мекемелерімен бірлескен жұмыс. Қаладағы білім жетістіктері мен мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрінуі бойынша жұмыстар. Білім бөлімі қызметін қамтамасыз ету және ұстау. Білім бөлімі аппаратының қызметкерлеріне жалақы төлеуді және басқа да ақшалай төлемдерді қамтамасыз ету, жұмыс беруші жарналарының төлемдері, басқа да тауарларды сатып алу, қызмет көрсетулер мен жұмыстарды сатып алу; ғимараттардың, бөлмелердің ағымдағы жөндеулері, жабдықтау, ұқыпты ұстау, жабдықтар мен негізгі құралдарды жөндеу; басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетулер, негізгі құралдарды сатып алу, ағымдағы басқа да шығындар.Азаматтардың хаттарымен және













өтініштерімен жұмыс. Білім ұйымдарының басшыларымен алқалық кеңестер, жиналыстар өткізу. Мемлекеттік оқыту саясатын жүзеге асыру мәселесі бойынша құзырлы ұйымдардың іс-әрекетін үйлестіру.





2

001

007

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта дайындықтан өткізу Аймақтық орталығының жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерді курстардан өткізуде біліктілікті арттыру институтымен бірлескен жұмыс. Кәсіби деңгейлері мен біліктіліктерін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді қамтамасыз ету.

2007 жыл бойында

Қалалық білім беру бөлімі. Қалалық білім беру бөлімінің жетекшілері,аппарат мамандары

7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:

Тікелей нәтиже: білім саласындағы бірегей мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Соңғы нәтиже: басқарудың аппаратын ұстау, білім жүйесін жетілдіру.

Қаржылы-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметкерді ұстаудың орташа құны 906,7 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын – 17,8 мың теңге.

Уақыттылығы: бекітілген қаржыландыру жоспарына және жасалған келісім-шарттарға сәйкес.

Сапасы: білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың мәртебесін арттыру, жаңа замандағы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметкердің кәсіби деңгейін арттыру.


Білім бөлімінің бастығы Ж.Жылбаев


ЖЭБ жетекшісі Л.Галиева



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет