Жоба бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы



Дата25.02.2016
өлшемі36.26 Kb.


ЖОБА

Бір жолғы материалдық

көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына және «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi N 394 Қаулысына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында Сырдария аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1. Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерден бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқада еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 68000 (алпыс сегіз мың) теңге мөлшерінде;

2) Ұлы отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

3) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға бір жолғы материалдық көмек 42630 (қырық екі мың алты жүз отыз) теңге мөлшерінде.

2. Аудандық бюджеттен бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен асырауындағы басқа да жандарға,ата-аналарына, қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбай), екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

3) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде), жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға; Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары; Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы 30 (отыз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

4) «Отан», «Даңқ» ордендерiмен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесi – «Халық Қаһарманы» атағына, республиканың құрметтi атақтарына ие болған азаматтарға төленетін бір жолғы әлеуметтік төлем мөлшері 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш.


Соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, "Халы қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей дәрежесiмен, "Отан" орденiмен наградталған адамдарға

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей дәрежесiмен, "Отан" орденiмен наградталған адамдарға

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Маншарипов


Каталог: upload -> userfiles -> file
file -> Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының
file -> Келісемін бекітемін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Сырдария ауданының әкімі
file -> Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»
file -> -
file -> Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын
file -> Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
file -> Закон о средствах массовой информации
file -> Закон Республики Казахстан о частном предпринимательстве Қазақстан Республикасының Заңы
file -> Бекітемін: Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н. Әзірбек 2015 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет