2.2 Педагогикалық практика барысында магистранттар қызметінің нәтижелерін бақылау және бағалау
Педагогикалық практика кезінде магистранттардың жұмысына бақылау негізінде болашақ жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі мына мәселелер анықтайды:
- ғылыми, теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі;
- магистранттың коммуникативтік мәдениетінің деңгейі;
- психологиялық-педагогикалық зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
- кәсіби және педагогикалық бағыт пен әлеуметтік белсенділік деңгейі;
- оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыру мүмкіндігі (дәріс конспектілері, рефераттар, презентациялар, студенттердің білім беру жүйесіне арналған тапсырмалар, студенттерді оқыту жүйесі және т.б.)
- инновациялық педагогикалық қызметке дайындығы.
Тексеру мен есеп қатаң түрде және жүйелі жүргізу арқылы анықталуы керек.
Педагогикалық практика кезінде магистранттардың жұмысын бақылау үнемі олардың дәрістерде, семинарларда, зертханалық және практикалық сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарда және олармен әдістемелік жұмыс барысында бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, жеке және топтық консультациялар барысында магистранттарды қызықтыратын мәсеелер қойылып қана қоймайды, сонымен қатар білім мен дағдылардағы олқылықтар анықталады. Оқытушылармен жүйелі түрде әңгімелесу тек әдістемелік көмек түрі ғана емес, сонымен қатар магистранттардың қызметін бақылаудың тиімді әдісі болып табылады. Магистранттардың жұмысын есепке алудың және олардың іс-әрекеттерін бақылаудың маңызды нысаны - педагогикалық практиканың күнделіктерін жүйелі түрде тексеру. Әрбір магистрант күнделік жүргізеді, онда ол педагогикалық практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды орындау үшін қажетті мәліметтер, оның ішінде психологиялық-педагогикалық сипаттамаларды жинақтайды. Күнделік материалдары оқу практикасы туралы есеп дайындауда қолданылады. Ағымдағы есеп қорытынды баллмен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |