Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа



бет1/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Лекциялар псих пед диагн


Лекция конспектілері

Н 2-1-40-2021
1 баспа 05.01.2021





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«м.х.дулати атындағы тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ


БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі___________
___________ Санай_Г.Е.________

/қолы/ /аты-жөні/
«_____»_______________20____ж.
PPDDOVR 3217
ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
пәні бойынша
/пәннің атауы/

ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІЛЕРІ

Факультет/институт «Ұстаз»


Білім беру бағдарламасы 6В01901 - Логопедия
Кредит саны 6

ТАРАЗ – 2021ж.
«Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық- педагогикалық диагностикасы» пәні бойынша лекция конспектілері
«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған

«______»_________ 20___ж. № Хаттама.


Кафедра меңгерушісі «Арнайы және әлеуметтік педагогика »___________________


/кафедраның атауы/ /қолы/

Лекциялар жинағы


Лекция 1. Психологиялық диагностиканың даму тарихы. Психодиагностиканың жеке ғылым ретінде дамуы. Алғашқы тестілеудің шығуы. Топтық тестілеудің пайда болуы. Диагностикалық әдістердің басқа да түрлері
Педагогикалық диагностикарың тарихы ІІІ- ғасырдан басталады.
Ежелгі Мысыр, Қытайда, кейіннен ежелгі Грецияда, Вьетнамда мемлекеттік қызметке үміткерлерді, дінге қызмет етем деушілерді бірнеше сындардан өткізетін еді. Педагогикалық диагностиканың тарихы ғылыми негізделген компакттық әдістердің, нұсқаулардың методологиясы ретінде ХХ ғасырдың басында пегогикадан бөлек дами бастады. Ол педагогиканың бірнеше бағыттарының әсерімен пайда болды. Оның біріншісі – экспериментальдық педагогика. Өйткені педагогикалық диагностика әдістемелерінің негізінде эксперименттер болатыны заңды.
Экспериментальды педагогика,психология 1878 жылы пайда болған делінеді, өйткені осы жылы В.Вундт Германияда өзінің экспериментальдық психологияның бірінші лабораториясын ашты. Бұл лабораторияда негізінен түйсіктер және олардан пайда болатын іс- қимыл актілер – реакциялар. Сонымен қатар перифериялық және бинокулярлық көру, түстерді ажырату және т.б. зерттелді. В.Вундттың лабораториясы сияқты басқа да елдерде экспериментальдық лабораториялары ашылды. Англияда Ч.Дарвиннің Ф.Гальтон бірінші болып өзі шығарған жаңа комплексттік ғылымы «антропометрикаға» ерекше сындарды кіргізген. Мысалыға көзінің өткірлігін анықтау, есту қабілетін т.б. реакцияларын анықтау және Ф.Гальтон «Тест» терминді енгізді, соның атымен педагогикалық диагностика тарихының пайда болуын байланыстырады. Алғашқы да педагогикалық диагностика экспериментальдық дифференциялық педагогиканың әдістемелері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Эксперимент арқылы адамдар арасындағы педагогикалық айырмашылықтарды зерттейді, бұл зерттеулер медицинамен педогогика содан соң өнер кәсіп өндірістерінің талаптарының ықпалымен пайда бола бастаған. Әр педагогикалық мектептерінің негізін қалаушыларымен олардың жолын қуғандар практиканың талаптарына әр түрлі жауап берген. Тесттік әдістемелер Бихебиоризмнің теориялық принциптерімен тығыз байланысты. Бихебиоризмнің методологиялық тұжырымдамасы организммен қоршаған ортаның арасында бірдей себептік қарым – қатынастар негізінде пайда болған. Организм қоршаған ортаның стимулдарына жауап беріп, жағдайларды өзіне пайдалы жағына өзгертіп соған бейімделеді. Бихебиоризм педагогикаға тәртіпті жетекші категория ретінде енгізді. Алғашқы да диагностиканың мақсаты тәртіпті тіркеуге келіп тірелген. Бірінші педагогикалық диагносттар тест әдісін шығарған. Клиникалық бағыт ассоциятивтік психологиямен психоанализге негізделген. Педагогикалық диагностиканың келесі кезеңі А.Бине есімімен байланысты. Ол ой дамуының және ой әрекетінің артта қалуының дәрежесінің педагогикалық диагностика әдістемелерінің нұсқауларына негіз салды. В.Штерн iQ коефицентін (ой дамуының) ұсынды. Бұл коефицент зерттелетін адамдардың даму деңгейінің интегралдық мінездеме ретінде алынған. Ешқандай қиындықтарға қарамастан интеллектің педагогикалық диагностикасы практиканың әр түрлі салаларында кең таралып кәзіргі күнге дейін пайдаланады. Сонымен қатар К.Юнгтің есімімен ассоциация әдісімен Г.Роршахтың (1921) тесттері проекцияның әдістемелік принципіне негізделген жеке тұлғалық құрылымының педагогикалық диагностика алғашқы проективтік әдістері пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет