Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы Г.Қ. Алшынбекова балалардағы вирусты гепатиттер


Иммуномодуляторлар, эндогендік интерферондарды индукциялауға қабілетті Цитокиндер-интерлейкиндер



бет3/4
Дата08.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#184662
1   2   3   4

Иммуномодуляторлар, эндогендік интерферондарды индукциялауға қабілетті Цитокиндер-интерлейкиндер.


Интерлейкин-2 (ИЛ-2) гликопротеин Т-лимфоциттердің пролиферациясын индукциялайды. ИЛ-2 көмегімен ИФН-α өндірілуінің күшейюі макрофагтарды белсендіреді.

Интерлейкин-12 (ИЛ-12) ТНJ-лимфоциттерді және NK-клеткаларды белсенділендіреді, сонымен бірге ИФН-α және ИЛ-2 өндірілуін индукциялайды.

ИЛ-2 және ИЛ-12 500 мкг т/астына аптасына 2 — 5 рет 4 — 6 ай бойы тағайындалады.

Глицирризин айқын иммундықмодулирлеуші әсер етеді, Т-клеткалық белсенділікті күшейтеді, эндогендік g-интерферонының өндірілуін күшейтеді, фагоцитарлық белсенділік пен антиденетүзілуін көтереді. Глицирризин созылмалы репликативті В гепатитінің еміне қолданылады. Емнің алғашқы айында 40 мл дәріні аптасына 3 рет, содан кейін аптасына 2 рет тағайындайды. Глицирризинмен емдеуді бір жылға созады, содан кейін ИФН тағайындалады.

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, қан арқылы жұғатын вирусты гепатиттерді емдеу монотерапия түрінде жүргізілмеу керек. Бірнеше дәріні қатар қолдану арқылы патогенетикалық әр түрлі бағытта әсер ету (вирустың репликациясына, иммундық жүйеге және т.б.) емді тиімді етеді (Соринсон С.Н., Ивашкин В.Т., Павлов Ч.С., Никитин И.Г.).


Вирусты гепатитпен ауырған реконвалесценттердің емі

Ауруханадан шыққаннан кейін ВГ этиологиясына байланыссыз реконвалесценттерді амбулаторлық-емханалық жағдайда емдеу жалғастырылады.

Амбулаторлық емнің алғашқы айында балаларға ешқандай физикалық жүктеме болмауы қажет. Таза ауада қыдыруға, емханаға барып келуге рұқсат етіледі. Қорғаныштық режимнен үйреншікті әдеттерге ауысу біртіндеп қалыптастырылады және оның ұзақтығы вирусты гепатиттің этиологиясы мен реконвалесценция ағымының ерекшеліктеріне байланысты болады.

Табиғи балды қолдану (1 шай қасықты қайнаған суға немесе шөптердің қайнатпасына қосып, таңертең және кешке ішу) ұсынылады. Диета (стол №5) біртіндеп кеңейтіледі және 3-6 айда клиникалық-лабораториялық көрсеткіш-терін ескере отырып, науқасқа үйреншікті тағамдарға ауысуға рұқсат етіледі.

Қыс-көктем айларында «Ревит», «Ундевит», «Пиковит» т.б. кешенді витаминдік ем тағайындалады және күніне 1/2 стақаннан 3 рет тамақтың алдында 40 минут бұрын жылытып, ішу үшін «Боржоми», «Ессентуки» сияқты газсыз минералды су тағайындалады.

Медикаментоздық ем гепатиттің этиологиясы мен қалдық белгілерінің сипатына қарай тағайындалады.



Вирусты А гепатиті

Әдетте, базистік еммен шектелуге болады (режим, диета, витаминдер). Ауруханадағы дәрігердің тағайындаған емін жалғастыру қажет болғанда, ем жалғастырылады.

Гипертрансаминаземия ұзақ сақталатын болса, онда мынадай қосымша ем тағайындалады: аскорутин, бал, итмұрын қайнатпасы, кейде карсил, силибор.

Диспепсиялық белгілер сақталғанда (іштің шұрылдауы, эпигастр аймағында дискомфорт сезіну, нәжістің бұзылуы) ферменттерді тағайындауға көрсеткіш (фестал, энзистал, мезим-форте т.б.) болады.

Егер балада оң жақ қабырға астында ауырсыну, ауыр тарту сезімі бол-са, 5-фракционды дуоденалды зондтау көрсетілген, ол өт шығару жолдары-ның дискинезиясының типін анықтау және ем тағайындау үшін қажет.

Егер дискинезияның гипотоникалық түрі болса, холекинетикалық әсері бар тағамдар кіретін мынадай арнайы диета ұсынылады: өсімдік майы, қаймақ, сыр, шикі піскен жұмыртқа (аптасына 2-3 рет), жемістерден әзірлеген салаттар, жидектер, жеміс шырындары, минералды сулар. Өт айдағыш шөп жинақтары жақсы нәтиже береді. Ксилитпен, сорбитпен немесе мейізбен тюбаждар қолдану ұсынылады. Физиотерапия амплипульсті өт қабы аймағына 10 сеансын қолдануға болады.

Дискинезияның гипертоникалық түрінде науқас балаларға седативтік дәрілер (диазепам тобының дәрілері), шөптер жинағының қайнатпасы (жалбыз, мыңжапырақ, қайың жапырағы, итмұрын жидегі) тағайындалады. 1 стақан қайнатпаға 1 шай қасық бал қосып, ұйықтар алдында жылыдай ішу ұсынылады. Дискинезияның бұл түрінде спазмолитиктер холинолитиктермен және холеретиктермен бірге (холензим, аллохол т.б.) беріледі. Гидрохолеретиктерден –минерализациясы төмен газсыз минералды су жылытып, пайдаланады. ФТЛ - диатермия, электрофорез, өт қабы тұсына жылыту процедуралары қолданылады.

В, D және С вирусты гепатиттері жиі созылыңқы ағымынан созылмалы формасына өтеді. Мұндай науқастардың емін мұқият жалғастыру қажет. Витаминдер мен минералды сулардан басқа, науқасқа фитотерапия, ферменттер және ауруханадағы емді жалғастыру ұсынылады. Табиғи иммундық күшейткіштер (модуляторлар) ретінде құрамында аскорбин қышқылы бар (лимон, киви) табиғи таза тағамдар мен араның балын емге қолданған дұрыс.

Биохимиялық эквиваленті гиперферментемия болып есептелетін, айқындығы шамалы цитолиз синдромы: карсил (силибор), рибоксин (пероральді және парентералды), липосомальдік Е витаминін бетакаротинмен және аскорбин қышқылымен бірге тағайындауға көрсеткіш болып табылады.

Ұзаққа созылған гиперферментемия иммунитеттің клеткалық звеносының бұзылуы (иммунограмма көрсеткіштері бойынша) иммундық терапияға көрсеткіш, ол иммунолог-дәрігердің бақылауымен жүргізіледі.

Астениялық синдром өсімдіктен алынған адаптогендерді тағайындауға көрсеткіш: элеутерококктың, лохеиннің, пантокриннің тұнбалары.

Оң динамика болмағанда және интоксикацияның, сарғаюдың, гиперферментемияның, билирубинемияның біртіндеп жоғарылауы қайталанғанда инфекциялық ауруханаға жатқызу қажет.



Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау нәтижелерін тәжірибеде қолдану бойынша ұсыныстар
Диагностикалау тәжірибесінде жиі қолданылатын вирусты гепатиттердің маркерлері және олардың клиникалық маңызы –1 кесте.
1 Кесте.

ВГ диагностикалық маркерлері

Нозология

Маркер

Маркердің сипаты

Клиникалық маңызы

Гепатит A

анти-HAV IgM

А гепатитінің вирусына М класының антиденелері

Инфекцияның жеделдігін көрсетеді

анти-HAV IgG

А гепатитінің вирусына G класының антиденелері

Инфекциямен ауырған немесе HAV-постинфекциясы, қанда өмір бойы сақталады

Гепатит E

анти-HEV IgM

Е гепатитінің вирусына М класының антиденелері

Инфекцияның жеделдігін көрсетеді

анти-HEV IgG

Е гепатитінің вирусына G класының антиденелері

Инфекциямен ауырған немесе HЕV-постинфекциясы

Гепатит B

HBsAg

беткейлік антиген HBV

HBV инфицирленуін көрсетеді

HBeAg

ядролық "е"-антиген HBV

HBV гепатоциттердегі репликациясын көрсетеді, қандағы инфекциондығы жоғары және вирустің перинатальді берілуінің қауіпі жоғары

HBcAg

ядролық "core" антиген HBV

HBV гепатоциттердегі репликациясын көрсетеді, бауыр биоптатын және аутопсияда морфологиялық зерттеу кезінде ғана табылады, қанда еркін кездеспейді

анти-HBc (total)

(HBcAb)


HBcAg суммарлы антиденелер

маңызды диагностикалық маркер, әсіресе HBsAg индикациясының теріс нәтижелерінде, ВГ және анықталмаған гепатиттерде ретроспективті диагностикалау үшін қолданылады, HBcAb кластарға бөлінбей анықталады




анти-HBc IgM

(HBcAb IgM)



ядролық антигенге М класының антиденелері

ВГ ерте пайда болатын сарысулық маркерлерінің бірі, қаннан табылуы инфекцияның жеделдігін (аурудың фазасын), созылмалы ВГ HBV репликациясын көрсетеді және бауырдағы процестің белсенділігін көрсетеді

анти-HBe

(HBeAb)


"е"-антигенге антиденелер

Реконвалесценция кезеңінің басталғанын көрсетеді (HBV мутанттық формасынан басқасы)

анти-HBs

(HBsAb)


HBV беткейлік антигеніне протективтік антиденелер

Инфекциямен ауырғанын немесе поствакциналдық антиденелер бар екенін көрсетеді (HBV-инфекциясынан қорғаныштық титрі 10 МЕ/л); ВГ алғашқы аптасында антиденелердің табылуы гипериммундық ВГ фульминантты вариантының дамуын болжайды

HBV-DNA

ГВ вирусының ДНҚ

HBV бар екенін білдіретін және репликациясын көрсететін маркер

Гепатит D

анти-HDV IgM

D гепатитінің вирусына М класындағы антидене

Ағзадағы HDV репликациясын көрсетеді

анти-HDV IgG

D гепатитінің вирусына G класындағы антиденелер

HDV инфицирлену мүмкіндігін немесе бұрын ауырғанын дәлелдейді

HDAg

DГ вирусының антигені

Ағзада HDV бар екенін көрсететін маркер

HDV-RNA

DГ вирусының РНҚ

HDV бар екенін және репликациясын көрсететін маркер

Гепатит С

анти-HСV IgG

C гепатитінің вирусына G класындағы антидене

HCV инфицирлену мүмкіндігін немесе бұрын ауырғанын көрсетеді (скринингтік зерттеулер кезінде анықталады)

анти-HCV core IgM

HCV ядролық ақ заттарына М класындағы антиденелер

өтіп жатқан инфекцияны көрсетеді (жедел немесе реактивация фазасындағы созылмалы)

анти-HCV core IgG

HCV ядролық ақ заттарына G класындағы антиденелер

HCV инфицирленуін немесе инфекциямен ауырғанын көрсетеді

анти-HCV NS

HCV құрылымдық емес ақ заттарға антиденелер

СГ созылмалы кезеңінде табылады

HCV-RNA

CГ вирусының РНҚ

HCV бар екенін және репликациясын көрсететін маркер

Гепатит G

HGV-RNA

GГ вирусының РНҚ

HGV бар екенін және репликациясын көрсететін маркер


Ескерту: Лабораторияда IgM және IgG кластарына жеке анықтау жүргізу үшін тест-жүйелер болмаған жағдайда, суммарлық антиденелер (анти-HBc, анти-HDV, анти-HCV) зерттеледі. Суммарлық антиденелердің клиникалық интерпретациясы (талдауы), эпидемиологиялық анамнез бен клиникалық-лабораториялық көрсеткіштерін ескере отырып, жеке жүргізіледі.

Келесі қарастыратынымыз, кейбір адамдар категориясында (науқастар, реконвалесценттер, сау адамдар) вирусты гепатиттер маркерлеріне тексеру нәтижелерін қорытындылау. 2 кестеде диагнозды верификациялауда тәжірибемен ғана айналысатын дәрігерлерде қиындықтар туғызатын, тексеру барысында жиі кездесетін вирусты гепатиттердің маркерлерінің қосарлы табылуы көрсетілген.



2 кесте

Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау кезінде қорытындылау(интерпретациялау) үшін қолданылатын

болжамдық диагностикалық жүйелер.

Анықталған маркерлер

Диагнозы

Ескертпе

анти-HAV IgM және HBsAg

А вирусты гепатиті.
Қосымша: "HBsAg тасымалдаушы".

Жедел АГ типті белгі-лерімен. ЖВГ мен СВГ жоққа шығару үшін кли-никалық-лабораториялық белгілерін мұқият зерттеу.

анти-HAV IgM, HBsAg, анти-HBc (total), анти-HBc IgG

А вирусты гепатиті.
Қосымша: Созылмалы В гепатиті (репликативті емес фазасы).

Жедел АГ науқастан созылмалы гепатиттің белгілерін анықтағанда және репликация маркерлері болмағанда (HBV-DNA, HBeAg, IgM анти-HBc) .

анти-HAV IgM, HBsAg, анти-HBc (total), IgG анти-HBc,IgM анти-HBc, HBeAg, HBV-DNA

А вирусты гепатиті.
Қосымша: Созылмалы В гепатит (репликативті фазасы).

Жедел АГ науқастан созылмалы гепатиттің белгілерін анықтағанда.

HBsAg,HBeAg, IgM анти-HBc, IgM анти-HDV,

ВBГ және ВDГ жедел коинфекциясы.

IgG анти-HBc болмағанда және СВГ қайта өршуінің клиникалық-анамнестикалық белгілері болғанда

HDV-RNA, IgM анти-HDV, HBsAg

ВDГ жедел суперин-фекциясы.

IgM анти-HBV тексеру нәти-желері теріс болғанда (неме-се бұл антиденелердің титр-лерінің төмен болғанында).  

Анти-HCV IgG

ВСГ реконвалесценті (немесе ВСГ-пастин-фекция) - IgM анти-HCV және HCV-RNA тексерудің теріс нәтижелерінде.   Бұл тексерулерді жүргізудің мүмкіндігінің болмауында.

Сау адамдарда эпидемио-логиялық көрсеткіштері мен бауыр зақымдануының кли-никалық-лабораториялық белгілері болмағанда.   "HBsAg тасмалдаушы" диагнозымен диспансерлік бақылау кезіндегідей.

Анти-HCV (total), анти-HCV core IgM, HCV-RNA

Жедел вирусты
С гепатиті.

Жедел гепатиттің эпидемио-логиялық және клиникалық-лабораториялық белгілері болған жағдайда, басқа ВГ маркерлері табылмаған жағ-дайда. Диспансерлік бақылау Жедел В гепатиті кезіндегі-дей.

Анти-HCV IgG, анти-HCV core IgM, анти-HCV core IgG, анти-HCV NS, HCV-RNA

Созылмалы С вирусты гепатиті (реактивация фазасы).

Бауырдың созылмалы зақымдануының клиника-лық-биохимиялық белгілері болғанда. Диспансерлік бақылау созылмалы В гепатиті кезіндегідей.

Анти-HCV IgG
анти-HCV core IgG, анти-HCV NS

Созылмалы С вирусты гепатиті (латентті фазасы).

Қаннан HCV-RNA, анти-HCV core IgM табылмағанда және созылмалы С гепатитінің қайта өршуінің клиникалық-биохимиялық белгілері болмағанда.

HBsAg, IgM анти-HBc, HBeAg, анти-HCV IgG, анти-HCV core IgM, анти-HCV core IgG, анти-HCV NS, HCV-RNA

Жедел В вирусты
гепатиті

Қосымша: созылмалы вирусты С гепатиті (реактивация фазасы)



Жедел В гепатитінің клини-калық-лабораториялық белгілері болғанда. Қосым-ша диагноз С гепатитіне мұқият клиникалық-лабораториялық тексеру нәтижесінде қойылады.

HBsAg, IgM анти-HBc, HBeAg, анти-HCV IgG, анти-HCV core IgG, анти-HCV NS ,

Жедел В вирусты
гепатиті.

Қосымша: созылмалы С


вирусты гепатиті (латентті фазасы)

Жедел В гепатитінің клини-калық лабораториялық белгі-лері болғанда. Қосымша диа-ноз С гепатитіне мұқият кли-никалық лабораториялық тексеру нәтижесінде қойылады.

HBsAg, IgM анти-HBc, HBeAg, анти-HCV (total), анти-HCV core IgM, HCV-RNA

Жедел вирусты В гепа-титі және вирусты С гепатиті (коинфекция).

Жедел вирусты гепатиттерге тән клиникалық-лаборато-риялық және эпидемиоло-гиялық белгілері болғанда.

Анти-HCV (total), анти-HCV core IgM, HCV-RNA, HBsAg, анти-HBc (total), IgG анти-HBc

Жедел С вирусты гепа-тит. Қосымша: созыл-малы В гепатиті(репли-кативті емес фазасы).

Жедел С гепатитінің эпидемиологиялық және клиникалық-лабораториялық белгілері болғанда.

Анти-HCV (to-tal), анти-HCV core IgM, HCV-RNA, HBsAg, анти-HBc (total), IgG анти-HBc, IgM анти-HBc, HBeAg, HBV-DNA

Жедел С вирусты

гепатиті. Қосымша: созылмалы В гепатиті (репликативті фазасы).



Жедел С гепатитінің және созылмалы В гепатитінің эпидемиологиялық және клиникалық-лабораториялық белгілері болғанда.

Тесттік бақылау сұрақтары

1. ВГ тері түсінің өзгеруі байланысты:



    1. а. билирубиннің экскрециясының бұзылуымен

    2. б. билирубиннің конъюгациясының бұзылуынан

в. трансаминазалардың белсенділігінің артуынан

г. эритроциттердің ыдырауынан

д. еркін билирубиннің ұсталуының бұзылуынан

2. А гепатитiнiң жұғу жолдары:



    1. а. парентеральды

б. су арқылы

в. жыныстық



    1. г. ауа-тамшылы

    2. д. трансмиссивті

3. В гепатитiнiң жұғу жолдары:

    1. а. парентеральды

б. су арқылы

в. тағамдық



    1. г. ауа-тамшылы

    2. д. трансмиссивті

4. С, D гепатиттерiнiң жұғу жолдары:

а. парентеральды



    1. б. су арқылы

    2. в. тағамдық

    3. г. ауа-тамшылы

    4. д. трансмиссивті

5. В, С, D гепатиттерімен науқастардың несі жұқпалы?

    1. а. зәрі

    2. б. нәжісі

    3. в. сілекейі

    4. г. қаны

    5. д. тері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет