Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын асыраудың
қағидалары
1. Жалпы бөлім
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Қарқаралы ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу, ұстаудың тәртібін және талаптарын белгілейді.
2. Осы Қағидаларға мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар адамдар өсіретін жануарлардың барлық түрлері;
2) жануар иесі-жеке және өзгедей меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;
3) жануарларды ұстау-жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс-әрекеттері.
2. Жануарларды асырау тәртібі
3. Жануарларды асыраған кезде иелеріне: 1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және осы Қағидалардың талаптарын сақтау; 2) жануарларды жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендер шекаралары шегінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес асырауды жүзеге асыру; 3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстау; 5) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына: жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгенін; жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлау және ауру деп күдік келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану; 6) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында өз жануарларына уақтылы вакцина егуді және диагностиканы қамтамасыз ету қажет. 4. Қараусыз немесе қаңғып жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, оларды иесіне қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады. 5. Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі айқындайды. 6. Жануарларды асыраған кезде: 1) қоршаған ортаны ластауға; 2) жануарларға қатыгездікпен қарауға; 3) сумен қамтудың жер үсті су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында және жер асты суларын алуды қамтамасыз ететін құрылғылардан жиырма метрден жақын радиуста малдарды суаруға; 4) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі айқындаған, мал жаю үшін ұйымдастырған жерлерден басқа жерлерде жануарлардың жүруіне жол берілмейді. 3. Қорытынды ережелер 7. Қарқаралы ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларының сақталуына бақылау жасауды осыған уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 8. Кінәлі тұлғалар осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді
Достарыңызбен бөлісу: |