Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Күләш Байсейітова атындағы
орта мектептің бастауыш пән мұғалімі
Айтбаева Нұргүл Жайлауқызы
Тақырыбы: Қош бастауыш
Мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін, іскерліктерін байқатуі ортаға салу.
2) Сөздік қорын дамыту.
3) Жауапкершілікке тәрбиелеу, ұстаз еңбегін бағалау, жан-жақты білім алу.
Көрнекілік: «Қош бол, бастауыш» тақырып, бөлім аттары, суреттер, көрме.
Әдіс: тапсырма, ән, сұрақ-жауап.
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж.
Тәрбие барысы.
І.Білім «Күш - білімде».
1жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, бүгін сіздер үлкен бір тойдың куәсі болып отырсыздар. Ол мына бастауышпен қоштасқалы отырған балғын балалардың тойы. Хат танып, қалам ұстап жаңа бастаған сәттен бастап, осы жас ұландар өмірі тойға, шат күлкіге толы болды. Сол тойлардың бәрі осы қара шаңырақта білім ордасында өтуде.
2-жүргізуші: Ендеше, сол тойымыздың бірі «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызмен, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
2-жүргізуші: Білім негізі-бастауыш мектеп. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбилеуде мектептің алатын орны ерекше.Мектеп-қазіргі қоғамның дамуымен әлеуметтік практикамен тығыз байланысты.Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп,рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
1-жүргізуші: Тәрбиенің сан-саналы, күрделі мәселелерді терең ойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш мектеп.
2-жүргізуші: Бастауыш саты-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Ой, балалар біздің сыныпта оқыған әліппемізбен ана тілімізге қараңдаршы.Біз әлппіден 42 әріпті үйреніп, сөз жазып, сөйлем оқып үйрендік.
Әліппе; Ішімді аштым
Білімді шаштым
Әліппе деген
Атақты баспын. (ойын)
Ана тілі: Ағайын, құлақ сал мен- Ана тілімін шәкірттің «А» деген алғашқы үнімін. Ал, енді қоштасам, балдырған өзіңмен шыңдалсын, ал енді әдебиетпен білімің
1-оқушы: Ана тілінен ақын жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, жұмбақ, мақал-мәтелдер жаттадық.
Солар арқылыата бабаларымыздың өткен тарихын білдік. Олардың адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.
2-оқушы: Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжан, Беиінбет, Ілияс, Мұхтар ағаларымыз туралы және олардың шығармаларын оқыдық.
3-оқушы: Әлия, Мәншүк, Талғат, Нұркен, Төлеген, Бауыржан сияқты батырлар қазақтын тұңғыш ғарышкері Тоқтар туралыоқып білдік.
4-оқушы: Кең байтақ Отанымыз-Қазақстанының байлығымен таныстық.Табиғаты аялауға, жамандықтан жиренуге, жақсыдан үйренуден тәрбие алдық.
5-оқушы: Дос жайында көп ақындар жырлаған.
Дос туралы көп әңгіме тыңдаған.
Шын достықтың мәртебесі жоғары.
Екендігін мойындаған бұл ғалам.
6-оқушы: Әдебиет:Білімді шәкірттерге сенген адам
Толықсып әуеніңе тербелемін
Бастауыштағы Ана тілі оқулығының орны
Араңа «әдебиет» боп мен келемін.
Математика (тапсырма), (логика)
7-оқушы: Біз алтын ұя мектебімізден мектеп, ұстаз, ана,әке, отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат аттандырғаннан артық, абырой мен құрмет жоқ шығар сірә!
Хор: Бастауышым-болашаққа шырақ, таң
Өзендер де басталады бұлақтан
Төрт жыл бойы сусындатқан біліміне
Қуаныш, Нұргүл апайлар
Үндеріңіз кетпес мәңгі құлақтан.
Достарыңызбен бөлісу: |