Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу Орындаған:Ақылхан Аружан
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде ( 3 -7 жас) бала организмінің дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала организмінің жалпы өсумен жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздігінен атқаратын міндеттер пайда болып,үлкендерден тәуелділігі азаяды. Балабақшаға барған бала, белгілі бағдарлама бойынша жүйелі оқыту мүмкіндігі туады. Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс –әрекет түрлерінен,әсіресе сюжеттік – рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым – қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші іс – әрекеті – ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер пайда болады, онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады.
Зерттелетін оқушы: - Мектебі:Жайсан орта мектебі
- Аты-жөні:Омарұлы Қанат
- Сыныбы:3
- Жынысы:Ұл
- Мінезі:салмақты,жан-жақты бала.
Зерттеудің мақсаты: - Оқушыны зерттей отырып,оқушы тұлғасын қалыптастыру.
- Зерттеу барысында оқушының сөйлеуін,зейінін,темперамент түрін анықтау.Оқушыны зерттеу барысында қандай да бір қателіктер болған жағдайда ,оқушыға дұрыс бағдар беру.
Зерттеу түрі: - Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.
Таным процесстерін зерттеу. - Зерттеу барысы:
Ең алғашқы 3 сыныбында әдебиет,ағылшын тілі,көркем еңбек,математика пәндері болды.Сабақ барысында яғни бірінші әдебиет сабағында Қанатттың дикциясы,сөйлеу манерасы өте жақсы екендігін байқадым.Қанат өлең оқыған кезде барлық сынып мүшелері ұйып отырып тыңдады.Ал ағылшын тілі сабағында Қанатттың ағылшын тілінде болсада өте жақсы сөйлейтіндігін байқадым.
Сөйлеу
Психикалық қасиеттерін зерттеу. - Зерттеу барысы:
- Екінші күні 3 сынып оқушыларына қазақ тілі,математика,дене,музыка пәндерінен сабақ өтілді.Сабақ барысында Қанаттың қабылдау процесі өте жақсы дамығандығын байқадым.
- Математика сабағынан оқушылар көп таңбалы сандарды қосып,алып үйренді.Қанат тапсырма орындау барысында көп таңбалы сандарды қосып,азайтып тапсырмаларды дұрыс орындап шықты.
- Нәтиже:Қанатың қабылдау процесі өте жақсы дамыған.
Қабылдау
Психикалық қасиеттерін зерттеу. - Зерттеу барысы:
- Музыка сабағының барысында үй тапсырмасы сұралынды.Үй тапсырмасын Қанат ерекше орындап келгендігі байқалды.Қанаттың Қазақстан әнін орындаған кезде барлық оқушылар Қанатқа таңдана қарады.Қанаттың дауысы өте ерекше.Және де Қанаттың өлең оқу шеберлігіде ерекше.
- Нәтиже:Қанаттың қабілеттері баршылық,қабілеттері доғары деңгейде.
Қабілет
Қорытынды: - Қорытындылай келе мен Қанаттың сөйлеуін,қабылдауын және қабілет процесстерін зерттедім.Зерттеу барысында Қанаттың психологиялық ерекшеліктері жоғары екендігін байқадым.Қанаттың назарымды аудартқан ерекше қасиеттері олар:сөйлеу манерасы,ән айтуы бәрі мені таңқалдырды десем де болады.Мен Қанаттың болашағынан зор үміт күтуге болады деп ойлаймын!
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |