Қарағанды облысы Приозерск қаласын



Дата25.02.2016
өлшемі246.49 Kb.
#22870


Қарағанды облысы Приозерск қаласын

әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011 – 2013 жылдарға арналған

Кешенді жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы

жиынтық ақпарат
Қарағанды облысы Приозерск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011 – 2013 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №291 қаулысымен қабылданған.

Кешенді жоспар бойынша барлығы 31 іс-шара қарастырылған, оның ішінде есептік мерзімде орындау уақытымен – 30 тармақ. Мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттарының негізінде 2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Кешенді жоспардың іс-шараларын орындалуы келесідей көрініс табады:



1 тармақ. 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім мен 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шартқа сәйкес Приозерск қаласының Ресей тарапы пайдаланатын объектілеріне түгендеу жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, ҚМ, орындау мерзімі - 2012 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 11-4/1123 ақпараты бойынша, Приозерск қаласының нысандарына түгендеу жүргізу мақсатында Приозерск қаласының әкімдігі тарапынан жұмыс тобын құру туралы 25.05.2011 жылғы №15/6 қаулысы қабылданды. Түгендеу 143 нысан бойынша аяқталды. Барлық нысандар пайдаланылуда, оның ішінде 2 нысан қанағатсыз жағдайда.

Түгендеу ведомомсті келістіру үшін ҚР ҚМ 2011 жылғы 17 қарашадағы №9-16/2042 хатымен жолданды. Сондай-ақ, Түгендеу ведомості ҚР ЭДСМ ұсынылды.



Қорғаныс министрлігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 7/30/3267 ақпараты бойынша, министрлік тарапынан Қарағанды облыстық әкімдігі мен Приозерск қаласы әкімдігімен бірлесе белгіленген тәртіппен Ресей тарапы пайдаланатын объектілерге түгендеу жүргізілді (қосымша 2).

2 тармақ. Жаңа қазандық пайдалануға берілгенге дейін қаланы жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының Приозерск қаласының №1 қазандығын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар кешені мен техникалық іс-шаралар өткізу (орындауға жауапты – ҚТКШІА, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы республикалық бюджеттен 432 млн. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлініп, олар толық игерілді. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес толық көлемде орындалды.

Құрылыс және коммуналдық-шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің 2012 жылғы 13 шілдедегі года № 01-5-09-2/437-ПМ ақпараты бойынша, Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 9/9 қаулысымен № 1 Қазандықты балансқа алу туралы Приозерск қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізілді. Техникалық төлқұжат дайындалды. № 09-111-002-1248 мемлекеттік актісімен жер телімі рәсімделді. 2011 жылғы 12 сәуірде «Тұрғын үй-коммуналдық реформалау Басқармасы» КМК жөндеу жұмыстарына № 20 келісім-шарт жасалды. Бекітілген кестеге сәйкес, жұмыстар толық көлемде орындалды.

3 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласында жаңа қазандық салу мәселесін пысықтау (орындауға жауапты – ҚТКШІА, ИЖТМ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012-2013 жылдарғы қаңтар, шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен ТЭН түзетуге 10,7 млн.теңге сомасында және ЖСҚ әзірлеуге 152 млн.теге сомасында қаражат көзделген. ТЭН түзету аяқталды. Мемлекеттік сараптама қорытындысы бар. ТЭН ҚР ҚТҮКША № 435-ПИР 04.11.2011жылғы бекітілген. ЖСҚ әзірлеу үшін 2011 жылы 20,0 млн. теңге бөлінген. 2011 жылы қаражаттар толықтай игерілді.

2012 жылы ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға 132,0 млн.теңге көзделген. Құрылыс басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірлеуге «КурылысЭкспертПроект» ЖШС 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № б/н (20 млн. теңгеге) және 2012 жылғы 14 ақпандағы №16 шарттары жасалды (132,0 млн. теңгеге).

Жаңа қазандық құрылысына ЖСҚ әзірлеу кезінде темір жол құрылысын жобалау бойынша мәселе туындады. Мәселенің мәні келесіде, Приозерск қ. Көктас бекетімен қосатын, ұзындығы 10,5 км темір жол жылына жалпы көлемі 133 мың тонна жүкті қабылдай алмайды. Бұл жол Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің 03080 әскери бөлімінде жалда тұр. Ресей жағы берген техникалық шарттарға сәйкес, темір жолды жөндеу қажеттілігі бар. РФ ҚМ 03080 а/б мәліметтері бойынша бұл темір жолды жөндеуге ресей жағымен қаржы қарастырылмаған.

ТЭН түзету және пайда болған мәселеге байланысты, ЖСҚ әзірлеу мерзімі 2012 жылдың тамыз айына дейін ұзартылды.

Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ҚР ҚТҮКШІА 11.03.2012жылғы №12-3/425 хатымен 2012 жылға бюджеттік өтінім жолданды. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2012 жылға қоса қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Қаржы министрлігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № ДЖКХ-1-24122-13723 ақпараты бойынша, 2013-2015 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Агенттіктің бюджеттік өтінімі Приозерск қаласында жаңа қазандық салу 2013 жылға – 1 800 000,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім жасалды.

Құрылыс және коммуналдық-шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің 2012 жылғы 13 шілдедегі года № 01-5-09-2/437-ПМ ақпараты бойынша, 2011 жылы облыстық бюджет қаражаттарының есебінен 10,7 млн. теңгеге бұрынырақ әзірленген Приозерск қаласында жаңа жылу көзін салу бойынша техника-экономикалық негіздемеге (бұдан әрі - ТЭН) түзету жасалды.

2012 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен 152,0 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Әзірлеуші ретінде «КурылысЭкспертПроект» ЖШС анықталған. ЖСҚ әзірлеу мерзімі 2012 жылғы шілде айының соңына жоспарланған.

Жоспарлы 201-2015 жылдарға республикалық бюджеттің шығыстарын жоспарлау кезінде Қарағанды облысы әкімдігінің тарапынан Агенттікке құрылыс монтаждау жұмыстарын 2013 жылы бастауды көздейтін құны 5,4 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Агенттік тарапынан Жоба Экономикалық даму және сауда министрлігіне, және кейінен Қаржы министрлігіне ТЭН-ге өтінім ұсынылды. Министрліктер тарапынан қарастырылғаннан кейін ТЭН республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығарылады.



4 тармақ. Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдау жөнінде, оның ішінде №1 қазандығын және жылу желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау жөнінде жұмыстар жүргізу (ағымдағы жөндеу, отын, катионит, электр энергиясын, техникалық тұз және т.б. сатып алу) (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012-2013 жылдарғы қаңтар, шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылға арналған облыстық бюджетте қала инфрақұрылымын қолдауға құны 536,8 млн.теңге көлемінде Приозерск қаласының бюджетіне нысаналы трансферттер көзделген, игерілуі – 536,8 млн.тенге (100%). Жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалған: №1 қазандықты химиялық және механикалық тазарту, №3 қазандықтың экрандық құбырлары ауыстыру, №2,4,5 қазандықтар пресстелген және қоршалған. Барлық бес экономайзерлер толық дайын, 2010 п.м. квартал ішілік жылу желілері ауыстырылған (100%). 11,11 мың тонна мазут сатып алынды, 5 036 404 кВт/ э/энергиии төленді, құны 3 900 мың теңгеге техникалық тұз, құны 12 480,0 мың теңгеге 25,06 тонна катионит сатып алынды. Жылу жүйелеріне 13 972,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

2012 жылға облыстық бюджетте 520,0 млн. теңге көзделген. 1.07.2012жылғы жоспар 256,7 млн. теңге, нақты – 256,7 млн. теңге, (игеру 100%), оның ішінде:

- мазут сатып алынды - 3 481 тонна - 143,4 млн. теңге;

- электроэнергия төленді - 6 497 246 кВт (12,71 теңге) - 82,6 млн. теңге;

- қазандықты жөндеу жұмыстары жүргізілді - 17 млн. теңге;

- жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілді – 4,9 млн. теңге;

- техникалық тұз сатып алынды – 7,9 млн. теңге;

- катионит сатып алынды – 0,9 млн. теңге.



5 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының Чапаев, Абай, Бауыржан Момышұлы, Дорохов, Балқаш, Новая, Песчаная көшелерінде «Ақ-Бұлақ» бағдарламасы шеңберінде №2 су аққысындағы сумен жабдықтауды тазарту кешені мен сумен жабдықтау жүйесін (4,5 км) қайта жаңарту:

а) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

б) №2 су аққысындағы сумен жабдықтауды тазарту кешені мен сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту (орындауға жауапты – ҚТКШІА, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012 жылғы қаңтар, шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 33,0 млн.теңге бөлінген, игеру 100% құрады. ЖСҚ әзірленді. Мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы бар (28.02.2012 жылғы № 10-0087/12).

Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 11.03.2012 жылғы № 12-3/425 хатымен 2013 жылға ҚР ҚІТША бюджеттік өтінім ұсынылды. Бюджеттік өтінім мақұлданды.



Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеті қалыптастыру барысында ҚТҮКШІА бюджеттік өтінімінің құрамында жаңа қазандықты салуға 360 000,0 мың теңге шығындарға өтінім жасалды.

Құрылыс және коммуналдық-шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің ақпараты бойынша, Қарағанды облыстық әкімдігі тарапынан «Приозерск қаласының №2 су аққысындағы сумен жабдықтауды тазарту кешені мен сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту» жобасы ұсынылды. жобалау-сметалық құжаттарға мемлекеттік сараптаманың 2012 жылғы 28 ақпандағы №10-0087/12 қорытындысына сәйкес, жобаның жалпы сметалық құны 1 195 563 мың теңгені құрайды. Әкімдік ұсынған бюджеттік өтінімнің шеңберінде бұл жобаны 2013-2015 жылдары іске асыру көзделген, оның ішінде:

2013 жылы – 450 000 мың теңге (360 000 мың теңге – республикалық бюджет, 90 000 мың теңге – жергілікті бюджет);

в 2014 году – 450 000 мың теңге (360 000 мың теңге – республикалық бюджет, 90 000 мың теңге – жергілікті бюджет);

в 2015 году – 262 563 мың теңге (210 050 мың теңге – республикалық бюджет, 52 513 мың теңге – жергілікті бюджет).

Агенттік тарапынан Жоба Экономикалық даму және сауда министрлігіне, және кейінен Қаржы министрлігіне ұсынылды. Министрліктер тарапынан қарастырылғаннан кейін Жоба республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығарылады.

6 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының коммуналдық меншігіндегі көп қабатты он тоғыз тұрғын үйді орталық жылумен жабдықтауға қосу. (орындауға жауапты – ҚТКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, коммуналдық меншіктегі көп қабатты он тоғыз тұрғын үйді орталық жылумен жабдықтауға қосу үшін, 2011 жылы республикалық бюджеттен Приозерск қаласының бюджетіне 118,6 млн.теңге сомасында нысаналы трансерттер бөлінген, игеру 100% құрады. 19 үйде жұмыстарды өңдіру кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстары аяқталған (100%).

Құрылыс және коммуналдық-шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің ақпараты бойынша, Приозерск қаласының коммуналдық меншігіндегі көп қабатты он тоғыз тұрғын үйді орталық жылумен жабдықтауға қосу үшін 2011 жылғы 27 қаңтарда дефектілік ведомость бекітілген. 2011 жылғы 21 қарашада 19 үйге жерге орналастыру жобалары берілді. Мердігер ұйым ретінде «Гранд Курылыс» ЖШС болды. 118,6 млн. теңге көлемінде қаражаттар бөлінді. Игеру 99,7% құрады (жоспар – 118,6 млн. теңге, іс жүзінде – 118,2 млн. тенге). Ауытқу 402,0 млн. теңге мөлшеінде – (конкурстық рәсімдер бойынша үнемдеу) болды.

19 үйлердегі жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес (100%) аяқталды.



7 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының коммуналдық меншігіндегі көп қабатты тұрғын үйлердегі үйішілік сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінде күрделі жөндеу жүргізу (орындауға жауапты –Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қосымша кіріс қөздерінің болмауына байланысты, 2011 жылы қаражат көзделмеген.

2012 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен 48,4 млн теңге қарастырылған. 29.05.2012 жылы «Достар XXI» ЖШС №45 келісім-шарт жасалынды. Жұмыс жасау кесте бойынша күрделі жөндеу жұмыстардың аяқтау мерзімі - 01.08.2012 жыл.



8 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының коммуналдық меншігіндегі көп қабатты тұрғын үйлердегі электрмен жабдықтаудың үйішілік жүйелерінде күрделі жөндеу жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2012 жылғы шілде, 2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қосымша кіріс көздерінің болмауына байланысты, 2011 жылы қаражат көзделмеген.

2012 жылы облыстық бюджет есебінен 166,8 млн. теңге қарастырылған. Ақпан айында тұрғын үйлерде үй ішілік электрмен қамту жүйелерін жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды, 9.04.2012 жылғы шарт жасалды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі - 30.09.2012 жылғы 01.07.2012 жылғы жағдайы бойынша жұмыстар 14 үйде аяқталды, 3 үйде жұмыстар жүргізілуде. 01.07.2012 жылғы жоспар – 91,7 млн. теңге, нақты – 91,7 млн. теңге (игеру 100%).



9 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының коммуналдық меншігіндегі тоғызқабатты он тұрғын үйдегі лифттерге күрделі жөндеу жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2013 жылғы шілде).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 15.05.2012 жылғы № 3-21/648 хатымен Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2013 жылға 67,7 млн.теңге сомасына 9 тұрғын үйлердің лифтілерін күрделі жөндеуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Өткізілген техникалық зерттеуге сәйкес, 1 үй апатты деп танылған.

10 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының коммуналдық меншігіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің жабындарына, қасбеттеріне күрделі жөндеу жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012-2013 жылғы қаңтар, шілде).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қосымша кіріс көздерінің болмауына байланысты, 2011 жылы қаражат көзделмеген.

2012 жылы облыстық бюджет қаражат есебінен 127,5 млн.теңге қарастырылған. ТКШ бөлімі тарапынан а.ж, 16 сәуір күні, 16 шатыр және 9 ғимараттың қас бетін жөндеу жұмыстарын жүргізуіне мемлекеттік сатып алу конкурс жарияланды. «НұрҚұрылыс» ЖШС-мен 2012жылғы 29 мамырдағы №46 келісім-шарт жасалынды. Жұмыс жасау кестесі бойынша жөндеу жұмыстардың аяқтау мерзімі – 2012 жылғы 25 тамыз.

01.07.2012 жылғы жағдайы бойынша 11 нысанда жабынды жөндеу, 2 үйдің қас беттерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 01.07.2012 жылғы жоспар – 70,1 млн. теңге, іс жүзінде – 70,1млн. теңге игерілді (игеру 100%).

11 тармақ Қарағанды облысы Приозерск қаласының коммуналдық меншігіндегі бос тұрған алты үйге және оларға инженерлік коммуникацияларға қайта жаңартуды жүргізу:

а) техникалық тексеру жүргізу және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

б) қайта жаңартуды жүргізу (орындауға жауапты – ҚТКШІА, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012-2013 жылғы қаңтар, шілде).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен 9,5 млн.теңге бөлінген. Техникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, 6 бос тұрғын үйдің 3-і қайта қалпына келтіруге келмейді. Үш бос тұрғын үйге және инженерлік коммуникацияларға қайта құруға ЖСҚ әзірлеуге 13,8 млн.теңге бөлінген, 2012 жылғы 1 қаңтарға игеру көлемі 100% құрады. Қайта құруды өткізуге қайталама бюджеттік өтінім ҚР ҚІТША 22.11.2011жылғы №11-3/2608 ұсынылды. РБК отырысында бюджеттік өтінім ЖСҚ түзетуді жүргізу үшін пысықтауға қайтарылды.

Құрылыс басқармасы тарапынан 2012 жылғы 4 мамырында ҚР ҚІТША қайталама бюджеттік өтінім ұсынылды. 2012 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен 35,3 млн.теңге қоса қаржыландыру көзделген.

01.07.2012 жылғы жағдай бойынша үш үй бойынша ЖСҚ бар, Достық, 29 үй бойынша ЖСҚ мемлекеттік сараптауда. Космонавттар, 1 көшесі бойындағы ЖСҚ тұрғын үйлерге және сыртқы келтіруші инженерлік желілерге бөлінген. Весенняя көшесіндегі үшінші үй 2013 жылы қайта құру жоспарланған.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеті қалыптастыру барысында ҚТҮКШІА бюджеттік өтінімінің құрамында бос тұрған алты үйге және оларға инженерлік коммуникацияларға қайта жаңартуды жүргізу шығындарына өтінім жасалмаған.

12 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының Абай, Ағыбай батыр, Бауыржан Момышұлы, Достық, Космонавтар, Кисунько, Чапаев көшелері, Кеңес Армиясы гүлзары бойындағы авариялық тұрғын үйлердегі конструкцияларды күшейту жөнінде жөндеу жұмыстарын жүргізу:

а) техникалық тексеру жүргізу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

б) авариялық үйлердегі конструкцияларды күшейту жөнінде жөндеу жұмыстарын жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы, авариялық тұрғын үйлердегі конструкцияларды күшейту бойынша техникалық зерттеу жүргізуге және ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен құны 27,0 млн.теңге қаражаттар бөлінді, 2012 жылғы 1 қаңтарға игеру 100% құрады. 9 үйді техникалық зерттеудің 2011 жылғы 30 маусымда берілген қорытындысы бар, оның ішінде Космонавттар және Абай көшесіндегі 2 үй қалпына келтіруге жарамсыз. 7 үй бойынша ЖСҚ бар, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар.

2012 жылы облыстық бюджеттен 120,0 млн.теңге бөлінген. Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша, 29.05.2012 жылғы «Достар XXI» ЖШС келісім-шарт жасалынды. Келісім-шарт бойынша конструкцияларды күшейту бойынша техникалық зерттеу жүргізу жұмыстардың аяқтау күні – 2012 жылғы 1 қазан.

01.07.2012 жылғы жағдай бойынша жабын және су қайтару бойынша жұмыстар аяқталды, іргетастарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 01.07.2012 жылғы жоспар – 57,6 млн. теңге, нақты – 57,6 млн.теңге (игеру 100%).

Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен 2013 жылға Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 15.05.2012 жылғы № 3-21/648 хатымен ұсынылған 172,3 млн.теңге сомасына бюджеттік өтінім апатты 4 тұрғын үйдің құрылымын нығайту бойынша жөндеу жұмыстарын өткізуге берілді.



13 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының қалпына келтіруге келмейтін тұрғын үй-азаматтық ғимараттарының конструкцияларын рекультивациялай және құрылыс қалдықтарын алып тастай отырып, оларды бұзу (орындауға жауапты – ҚТКШІ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2012 жылғы шілде, 2013 жылғы қаңтар, шілде).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы нысандарды зерттеу жүргізілді, техникалық жағдай актілері бар. Жекешелендірген 2 пәтер анықталды, олар соттың шешімімен коммуналдық меншікке қайтарылды. Қазіргі уақытта жоюға жататын барлық нысандар соттың шешімімен коммуналдық меншікке ауыстырылған. 2012 жылы республикалық бюджеттен 257,0 млн.теңге сомасында, облыстық бюджеттен – 49,0 млн. теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. №№ 3,4 ғимараттарының конструкцияларын бұзуға 23.01.2012 жылғы келісім-шарттар жасалынды.

01.07.2012 жылғы жағдай бойынша 29 ғимарат жойылды және 16 нысанда жұмыстар жүргізілуде.

01.07.2012 жылғы жоспар – 258,0 млн. теңге (РБ – 231,0 млн. теңге), нақты – 258,0 млн.теңге (РБ-231,0 млн.теңге), (игеру 100%).

Құрылыс қоқысын көму бойынша жобалаушылар жұмысты бастады, жерді қолданыстағы ҚТҚ полигонының аумағына апару шешімі қабылданды.



Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, 2012 жылғы 27 маусымдағы № 18 хаттамаға сәйкес, 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте 257 000,0 мың теңге сомасына қаражаттар қарастырылған.

14 тармақ. «Камбала» әскери әуе айлағы ауданында қираған үйлер мен әскери бөлімдердің құрылыстарын бұзуды жүргізу және аумақтарды рекультивациялау (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2012 жылғы шілде, 2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы объектілерді иесіз мүлік ретінде жылдық есепке қою бойынша жұмыс жүргізілді (11.07.2011 жылдан бастап). Қаржыландыру мәселесі объектілерді коммуналдық меншікке қабылданған соң қарастырылатын болатын.

15 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласында ұзындығы 7,5 км 213 тірек және жарық нүктелерін орната отырып, көше жарықтарын қалпына келтіру (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қосымша кіріс көздерінің болмауына байланысты, 2011 жылы қаражат көзделмеген. 2012 жылы облыстық бюджеттен 65,4 млн.теңге көзделген. Ақпан айында жарықтарын қалпына келтіру мемлекеттік сатып алу конкурс жарияланды, 2012жылғы 9 сәуірде «ГрандКурылыс» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынды. Жұмыстардың аяқатлу уақыты – 2012 жылғы 25 шілде.

пге.11г. на разработку ПСД в 2011 году выделено 20 млн.КХ РК №435-ПИР от 04.ммунального хзяйства №11-4/31, ).

01.07.2012 жылғы жағдайы бойынша 42 тіреу және 84 шам нүктелері орнатылды. 01.07.2012 жылға жоспар – 36 млн. теңге, нақты – 36 млн. теңге (игеру 100%).

16 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласында жасыл екпелерді суару үшін құбыржол салу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2012 жылғы шілде, 2013 жылғы қаңтар, шілде).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы қалалық бюджеттен құбыр желісінің құрылысының ЖСҚ әзірлеуге 1,2 млн.теңге көзделген. Құрылысты қаржыландыру мәселесі ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптама алған соң қарастырылатын болады.

17 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны үшін арнайы техника сатып алу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2012 жылғы шілде, 2013 жылғы қаңтар, шілде).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 01.07.2012жылғы жағдай бойынша бюджеттік инвестициялардың ҚЭН әзірленді. Оң қорытынды бар. Қаражатты бөлу мәселесі шілде айында облыстық бюджетті нақтылау кезінде ОБК қарастыруына енгізілетін болады.

18 тармақ. Кейіннен рекультивациялай отырып, жағалау аумақтарының мұнай өнімдерімен ластанған алаңдарын жою (Қарағанды облысы Приозерск қаласының оңтүстігіне қарай тұзды көл битуммен ластанған):

а) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

б) кейіннен рекультивациялай отырып жағалау аумақтарының мұнай өнімдерімен ластанған алаңдарын жою (орындауға жауапты – ҚОҚМ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2011 жылғы шілде, 2012-2013 жылғы қаңтар, шілде).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы облыстық бюджетттен кейінгі өңдеумен жағажай аумақтарының мұнай өнімдерімен көлемдік ластануын жою бойынша ЖСҚ әзірлеуге 10 млн.теңге қаражат бөлінді. 2012 жылғы 1 қантарға игеру 100% құрады. ЖСҚ әзірленді. Қазіргі уақытта ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан ҚОҚМ 23.04.2012 жылғы № 12-3/795 хатымен 2013 жылға қайталама бюджеттік өтінім ұсынылды.



Қоршаған ортаны қорғау миистрлігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 04-40/6374 ақпараты бойынша, министрлік тарапынан бұл жоба Министрліктің 2012-2015 жылдарға арналған жаңа бастамалары ретінде мәлімденген және 2012 жылғы 27 маусымда өткен Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2013 жылға жалпы 25 202 мың теңге сомасында мақұлданды.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, 2012 жылғы 27 маусымдағы № 18 хатамаға сәйкес, 2013-2015 жылдарға арналға республикалық бюджетте 25 202 мың теңге қаражат қарастырылған.

19 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу (орындауға жауапты – ҚОҚМ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2012 жылғы шілде, 2012-2013 жылғы қаңтар).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, полигон құрылысына ЖСҚ 2009 жылы әзірленді. Мемлекеттік сараптама 07.06.2010 жылғы №100135/10. ТЭН әзірленді және мемлекеттік сараптамада.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан ҚОҚМ № 12-3/795 23.04.2012 жылғы бюджеттік өтінім ұсынылды және ҚТҮША бюджеттік өтінім ұсынылды №12-3/830 25.04.2012жылғы ҚР ҚІТША жоба мақұлданды.



Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеті қалыптастыру барысында ҚТҮКШІА бюджеттік өтінімінің құрамында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу шығындарына өтінім жасалмаған.

Қоршаған ортаны қорғау миистрлігінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысының әкімдігіне 2012 жылғы 28 сәуірде № 04-42/4235 хатымен келесіде стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға мәлімдеу үшін осы жобалардың құжаттамаларын құзыреттігіне сай Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жолдаудың керектігі туралы хабарланды.

20 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы кәріз ағындарының тазарту құрылыстарын жаңарту

а) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

б) тазарту құрылыстарын жаңарту (орындауға жауапты – ҚОҚМ, Қарағанды облысының әкімі, орындау мерзімі - 2012 жылғы шілде, 2012-2013 жылғы шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен Приозерск қаласының кәріз ағындарының тазарту құрылымдарын қайта құруға ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді 16,3 млн. теңге сомасында, игеру - 100%.

2012 жылға ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға 44,7 млн.теңге сомасы көзделген. Мемсараптаумен ЖСҚ әзірлеуді аяқтау 2012 жылдың шілде айында.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан ҚР ҚОҚМ 2013 жылға 23.04.2012 жылғы №12-3/795, ҚР ҚТҮША № 12-3/830 хатымен бюджеттік өтінім ұсынылды.

Қоршаған ортаны қорғау миистрлігінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысының әкімдігіне 2012 жылғы 28 сәуірде № 04-42/4235 хатымен келесіде стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға мәлімдеу үшін осы жобалардың құжаттамаларын құзыреттігіне сай Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жолдаудың керектігі туралы хабарланды.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеті қалыптастыру барысында ҚТҮКШІА бюджеттік өтінімінің құрамында 2013 жылға кәріз ағындарының тазарту құрылыстарын жаңартуға 1 101 960 мың теңге шығындарға өтінім берілді.

21 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы кварталішілік кәріз желілеріне күрделі жөндеу жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2011 жылғы шілде, 2012 жылдың қаңтары, шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қосымша кіріс көздерінің болмауына байланысты 2011 жылы қаржы көзделмеді. 2012 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен 62,3 млн.теңге көзделген.

Шарт "УЖКР" КМК 9.04.2012 жылғы заң нормаларын қолданусыз жасалды. Аяқтау мерзімі - 01.10.2012 жылғы дейін. 01.07.2012 жылғы жоспар - 25,5 млн.теңге, іс жүзінде - 25,5 млн.теңге (игеру 100 %).



22 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласында 200 орынға арналған балабақша салу

а) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

б) бала бақшаны салу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2011 жылғы шілде, 2012-2013 жылғы қаңтар, шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен бала бақшаның құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 10 млн.теңге көзделген, игеру 6,3 млн.тг. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамада.

Бала бақшаның құрылысына бюджеттік өтінім ҚР БҒМ 26.01.2012 жылғы № 6-1-17/204 ұсынылды.



23 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы өнер және спорт мектебін қайта жаңартуды жүргізу (орындауға жауапты – БҒМ, КБМ, Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2011 жылғы шілде, 2012-2013 жылғы шілде).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен 6,4 сомасында өнер және спорт мектебін қайта құруды өткізу бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаржы көзделген, игеру 4,4 млн.теңге. Мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысы бар.

Өнер және спорт мектебін салуға және қайта құруға бюджеттік өтінім ҚР БҒМ №6-1-17/204 26.01.2012 жылғы ұсынылды.



24 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығына күту залының қосымша құрылысын салып, жарақтандыру (орындауға жауапты – БАМ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2012 жылдың шілдесі, 2013 жылдың қаңтары).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бюджеттік өтінім ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне 20.04.2011 жылғы ұсынылды, РБК бюджеттік өтінімді қолдамады. 2011 жылдың шілде айында «Караганда ГИИЗ» ЖШС геологиялық зерттеуді өткізді. ЖСҚ әзірленді, 29.11.2011 жылғы мемлекеттік сараптама қорытындысы бар.

23.04.2012 жылғы "Қарағанды облысы бойынша ХҚКО «Астана қаласы ХҚКО» РМК қажетті құжаттарды жолдады. РБ нақтылау кезінде қаражатты бөлу күтілуде.



25 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласында әділет басқармасын құру (қолда бар штат саны шегінде) (орындауға жауапты – ӘМ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2012 жылдың қаңтары).

Әділет министрлігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 3-2-7/12201 ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 291 қаулысымен бекітілген Қарағанды облысы Приозерск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011 - 2013 жылдарға арналған кешенді жоспарының 25-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Приозерск қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 66 қаулысы қабылданған.

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, әділет басқармасы үшін ауданы 290 ш.м. Балхашская, 7 көшесі бойындағы ғимарат таңдалды, онда сонымен қатар қаланың ХҚКО орналасқан.

Қаржы бөлімі тарапынан облыс әкіміне 14.02.2012 жылғы № 13-24/137 Балхашская, 7 көшесіндегі ғимаратты коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру туралы сұрау хат жолданды.

Қарағанды облысы Әділет Департаментінің 01.02.2012 жылғы №26/1н бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Қарағанды облысының Әділет Департаментінің Приозерск қ. Әділет басқармасы» Ережесі бекітілді.

26 тармақ. Қарағанды облысы Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі үшін арнайы техника мен жабдық сатып алу (орындауға жауапты – ІІМ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2012 жылғы шілде, 2013 жылдың қаңтар, шілдесі).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, ішкі істер бөлімімен ҚР ІІМ бюджеттік өтінім 11.03.2011 жылы ұсынылды. 23.05.2012 жылғы ҚР ІІМ бюджеттік өтінімді ҚМ жолдады. 2012 жылы 14 млн.200 мың теңге бөлінді. Жасалған шартқа сәйкес техниканы жеткізу мерзімі – тамыз 2012 жыл.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 1-11-31/6853 ақпараты бойынша, Приозерск қаласының ІІБ үшін 5 бірлік көлік құралын сатып алуға келісім-шарттар жасалған, жеткізу мерзімі 2012 жылғы 20 тамызға дейін.

27 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің суда құтқару станциясын құру:

а) жер учаскесін ресімдеу;

б) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

в) станцияны салу;

г) жабдықты, техниканы және жарақты сатып алу;

д) суда құтқару станциясының қызметін қамтамасыз етуге қаражат көздеу (орындауға жауапты – ТЖМ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2011 жылдың шілдесі, 2012-2013 жылдар қаңтар, шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы республикалық бюджеттен 7,4 млн. теңге бөлінді, олар толық игерілді. Жер учаскесін беру туралы Приозерск қ. әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №17/4 қаулысы қабылданды. Жер орналастыру жобасы әзірленді. Жер учаскесіне меншік құқына мемлекеттік акт берілді. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және 2011 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптама алынды. 2012 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік өтінім РБК мақұлданбады.

ҚР ТЖМ 2013-2014 жылғыжылғы су-құтқару бекетінің құрылысына ҚМ 2012 жылғы 12 мамырда бюджеттік өтінім ұсынылды.



Төтенше жағдайлар министрлігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 04-02/6332 ақпараты бойынша, «2012 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңында «Министрліктің Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі үшін Приозерск қаласында суда құтқару станциясы құрылысына қаражат шығындары көзделмеген, себебі 2011 жылғы 22 шілдедегі Республикалық бюджеттік комиссиясының №25 шешімімен жобаны жүзеге асыру үшін қаржы шығындары қолдау таппады.

Бүгінгі таңда 2012 жылғы 26 маусымдағы Республикалық бюджеттік комиссиясының шешімімен 2013 жылы суда құтқару станциясы құрылысы үшін 263 002 мың тенге сомада қаражат бөлу қолданды.



28 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы № 47 өрт сөндіру бөліміндегі өрт сөндіру депосының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу (орындауға жауапты – ТЖМ, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2011 жылғы шілде, 2012 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылдың 1 тоқсанында республикалық бюджетті нақтылау кезінде Приозерск қаласындағы № 47 өрт сөндіру бөліміндегі өрт сөндіру депосының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу бойынша ЖСҚ әзірлеуге 47,0 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. 30.06.2012 жылғы конкурс жеңімпазы "Атлант-Билдинг" ЖШС анықталды және шарт жасалды. Күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар 30.11.2011жылғы аяқталды, қаржы толық игерілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, 2011 жылғы қарашада Приозерск қаласының № 47 өрт сөндіру бөлімі ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды. 2011 жылғы 31 қазанда күрделі жөндеу бойынша атқарылған жұмыстың қабылдау актісі бар. Жалпы құрылыс көлемі 46 000,0 мың теңге құрады.

29 тармақ. 4 шығуға арналған өрт техникасы үшін гараж боксын салу:

а) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

б) гараж боксын салу (орындауға жауапты – ТЖМ, ҚМ, Қарағанды облысының әкімі, ақпаратты ұсыну мерзімі – 2011 жылғы шілде, 2012 жылғы қаңтар, шілде,2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылғы 1 тоқсанда республикалық бюджетті нақтылау кезінде гараж боксының құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 3,0 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. 21.04.2012 жылы конкурстың жеңімпазы "Компания Диана-Л" ЖШС анықталды және шарт жасалды. ЖСҚ әзірлеу 16.05.2011 жылы орындалды. 26.09.2011 жылғы Мемлекеттік сараптау қорытындысы бар. ЖСҚ ТЖМ және Қаржымин жіберілді. 2012 жылғы республикалық бюджеттен 54,5 млн.теңге бөлінді. 8.02.2012 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурс жарияланды, 1.04.2012 жылы қорытындылары шығып, «ГрандКурылыс» ЖШС-мен 03.04.2012 жылы шарт жасалды.

01.07.2012 жылғы жағдайы бойынша ірге тасты орнату, қабырғаларды өру және пластик терезелерді орнату бойынша жұмыстар аяқталған. Жұмыстар жұмыстарды өндіру кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2012 жылғы шілде айы.



Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, «2012 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында 2012 жылға «Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерінің құрылысы және қайта жаңғырту» 003 бюджеттік бағдарлама құрамында Приозерск қаласы № 47 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру депосы үшін 4 автокөлікке арналған гараж бокстарын салу үшін 54 534,0 мың теңге көзделген.

Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша гараж бокстарын салу үшін «Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Гранд Құрылыс» ЖШС-мен жалпы сомасы 54 000,0 мың теңгеге 2012 жылғы 3 сәуірде № 36 шарт жасалды. Объектінің салынып бітуі және пайдалануға берілуі 2012 жылғы шілдеге жоспарлануда.



30 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы № 47 өрт сөндіру бөлімі үшін арнайы өрт сөндіру техникасын сатып алу (орындауға жауапты – ТЖМ, Қаржымині ақпаратты ұсыну мерзімі – 2012 жылғы шілде, 2013 жылғы қаңтар).

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, арнайы өрт сөндіру техникасын сатып алуға бюджеттік өтінім ҚР Төтенше жағдайлар бойынша министрлігіне 15.04.2011 жылы ұсынылды.

2012 жылға республикалық бюджеттен 28,5 млн. теңге (1 бірлік) бөлінді. Конкурстық рәсімдер жүргізілуде, орындау мерзімі келмеді.



Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, 2012 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес, Приозерск қаласы № 47 өрт сөндіру бөлімін жарақтандыру үшін Министрлік 4 бірлік өрт сөндіру техникасын жеткізуге (2012 жылғы 26 сәуірдегі №111-БПНЗ «КИ Автожөндеу зауыты 811» АҚ, 2012 жылғы 26 ақпадағы №26-БПНЗ «Оралагрореммаш» АҚ және Алматы қаласы «BAYCOM ENERGY» ЖШС-мен) шарт жасалды.

31 тармақ. Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы № 47 өрт сөндіру бөлімі үшін авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы автомобиль техникасын сатып алу (орындауға жауапты – ТЖМ, Қаржымині ақпаратты ұсыну мерзімі – 2012 жылғы шілде, 2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, арнайы автомобиль техникасын сатып алуға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне 15.04.2011 жылы бюджеттік өтінім ұсынылды.

2012 жылға республикалық бюджеттен 120 млн. тг. (3 бірлік) бөлінді. 2012 жылдың бюджетін нақтылау кезінде қосымша техникаға бюджеттік өтінім мақұлданбады.



Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, шығындардың азайтылуына байланысты, өрт сөндіру қызметі, оның ішінде Приозерск қаласының № 47 өрт сөндіру бөлімі үшін 2012 жылда арнайы автомобильды техника сатып алуға қаражат өтінімі толығымен қысқартылды.

Осыған байланысты, 2013 жылға арналған Министрліктің бюджеттік өтінімінде Приозерск қаласы № 47 өрт сөндіру бөлімі үшін 12 бірлік арнайы автомобильды техникасын сатып алу үшін жалпы сомасы 159 400,0 мың теңге қосымша қаражатқа өтініш берілді, ол қазіргі кезде Республикалық бюджеттік комиссиясының қарауында.



Жалпы қорытындылар:
Қарағанды облысы Приозерск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2013 жылдарға арналған кешенді жоспар Приозерск қаласын алдағы жылдары толық дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық базаны құру мақсатында қабылданған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 291 қаулысымен бекітілген Кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы құны 12 604,6 млн. теңгені құрайтын қаражаттар, оның ішінде республикалық бюджеттен – 8 645,6 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен – 3 959,0 млн. теңге көзделген.

Кешенді жоспарды 2012 жылы іске асыру үшін жалпы құны 5 987,9 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4 344,0 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен – 1 643,9 млн. теңге бөлу көзделген (қосымша 1).

Есептік мерзімде қарасырылғын 31 іс-шаралардың 7 орындалған (1, 2, 4, 6, 25, 28, 29 тт.), 24 іс-шаралар орындалу сатысында (3, 5, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 26, 27, 30, 31 тт.).



Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі қолданылып жатқан іс-шаралар Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ықпал ететіндігін атап өтеді, осыған байланысты, осы Кешенді жоспарды іске асыру жалғасуда және ол Министрліктің, Қарағанды облысы әкімдігінің және мүдделі мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет