Тарих
рағанды облысы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Оның территориясында қазақ ұлтының бірлігі мен біртұтастығының белгісі ретінде қазақтың үш жүзінің өкілдері өз таңбаларын қойған көшпенділердің ежелгі саяси орталығы – Ұлытау орналасқан.
Бұл Евразия континентінің, Шығыс пен Батыстың тайпалары мен халқының ежелгі заманнан бері мәдениетінің өзара әрекеттесіп және өзара дамыған жері. Ол жерде ерте замандағы суретшілердің тасқа қашап салған тұрмыстық, аң аулау және сайыстар сияқты ежелгі мәдениетінің естеліктері мен іздері сақталуда. Археологиялық қазбалар орталық Қазақстанның территориясында палеолит дәуірінде аң және балық аулаумен шұғылданған адамдардың мекендегендігін, қола дәуірінде жер өңдеу мен мал шаруашылығы, суару жүйесінің пайда болғандығын куәландырады. Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңінде (біздің эрамызға дейінгі X–XII ғасырлар) өндіріс күштерінің дамуында мал шаруашылығымен бірге кен өндіру мен металл қорыту маңызды орын алды.
XVI ғасырдың басында Орталық Қазақстанның территориясы үш жүздің экономикалық және этникалық бірлестігінің негізінде құрылған Қазақ хандығының құрамына кірді.
Осы бірігуге Қазақ мемлекетінің құрылуында ерекше орын алатын киелі Ұлытау жеріндегі ежелгі ескерткіштер куә. «Таңбалытас» мемориалындағы негізгі қазақ руларының белгілері бейнеленген тұғыр қазақ халқының бірлігі мен біртұтастығының белгісі іспеттес.
Қарағанды облысы тарихта ежелгі Жібек Жолының солтүстік тармағының осы өлке территориясымен өткендігімен белгілі.
Аймақ Қазақстан мен өзге елдер арасындағы экономикалық және мәдени құндылықтардың өзара алмасу каналы, сауда күре тамыры болды. Жыл сайын Қарқаралы ауданының территориясында өткізілген атақты Қоянды жәрмеңкесін еске алсақ та жеткілікті. Мұнда әр жаз сайын Қазақстанның әр-түрлі аудандары тек көрші Ресей және Орта Азиямен ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығыс және Қытаймен де сауда-саттық жасады.
1833-34 жылдары облыста таскөмір, мыс, күміс және қорғасын кен орындары ашылды. Аймақ өнеркәсібінің тарихында белгілі болғандай, ең бірінші рет 1844 жылы Благодат-Стефан зауытында кен қорыту жүзеге асырылып, 30 мың пұт күміс және 10 мың пұттан астам қорғасын алынды. 1886 жылдан бастап Қарандыбасы кен орынында таскөмір өндіріле бастады.
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басынан бастап Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы және Бурныйдан түсті металлдың мол қоры табылып, 1932 жылдан бастап Қарағанды облысы құрылған кездерде өндірістік даму басталды.
ХХ ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында облыс саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың жер аударылған орынына айналды. Осы жерде өкінішпен еске алынатын ҚАРЛАГ орналасты. Екінші дүниежүзі соғысынан кейін Спасскте герман, жапон, италия және румын әскери тұтқындарына арналған лагерь болды. Бүгінгі күні ол жерде сталин тоталитарлық жүйесінің құрбандарын Еске алу Мемориалы ашылған. Тарихшылардың есебі бойынша бұл жерде ұлттары әр-түрлі 5152 әскери тұтқын жерленген.
Қарағанды облысы орталығы Петропавл қаласы бола отырып 1932 жылғы 10 наурызда құрылды. Әкімшілік бөлініске байланысты 1936 жылы Қарағанды облысы екі бөлікке бөлінді: Солтүстік Қазақстан облысы (орталығы Петропавл қаласы) және Қарағанды облысы (орталығы Қарағанды қаласы). Осылай, 1936 жылдың 29 шілдесінен бастап Қарағанды қаласы Қарағанды облысының әкімшілік және мәдени орталығы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының территориясы, оған бұрынғы Жезқазған облысының территориясы қосыла отырып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 мамырдағы қаулысымен Қарағанды облысының құрамына енетін ауылдық аудандардың шекарасы өзгертіліп, кейбіреуінің атауы өзгертілді.
Қарағанды облысы Евразия континентінің дәл ортасында орналасқан, ол Солтүстік Мұзды мұхит пен Үнді мұхитынан, Атлант және Тынық мұхиттан шамамен бірдей ара қашықтықта жатыр. Облыс Қазақтың ұсақ шоқылары-Сарыарқаның көпшілік бөлігін алып жатыр.
1997 жылдан бергі шекара бойынша облыс оңтүстікте Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысымен, солтүстікте Ақмола облысымен, солтүстік-шығыста Павлодар облысымен, солтүстік-батыста Павлодар облысымен, солтүстік-батыста Қостанай облысымен, шығыста Шығыс Қазақстанмен, бастыста Ақтөбе облысымен, оңтүстік батыста Қызылорда облысымен, оңтүстік шығыста Алматы облысымен шекаралас.
Облыс территориясы 428 мың шаршы метрге тең (Қазақстан территориясының жалпы көлемінің 15,7%), ол Беларусь, Литва, Эстония және Латвия сынды мемлекеттердің барлығының аумағын қосып алғанмен бірдей.
Облыста Қазақстан Республикасы халқының оннан бір бөлігі мекендейді. Облыстық аймақта 9 ауылдық аудан, 11 қала, 10 кенттік әкімшілік, 192 ауылдық әкімшіліктен құралған 422 елді мекен бар.
2012 жылы облыс тұрғындарының саны 1 млн. 358,064 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы орташа есеппен 3,17 адамды құрайды.
Облыста 115 ұлттың өкілдері мекендейді. Халықтың жалпы саны бойынша қазақтар - 44,7%, орыстар – 39,2%, украиндер – 4,6%, немістер – 2,9%, татарлар – 2,5%, белорустер – 1,2%, корейлер – 1% үлесті құрайды. Өзге ұлттардың үлесі 3,9% құрайды.
Облыс орталығы 1934 жылы құрылған Қарағанды қаласында орналасқан. Облыс орталығы Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласынан 222 км. қашықтықта орналасқан.
Табиғи-климаттық жағдайы далалық, жартылай шөлейт және шөлейт ландшафтты аймағындағы белдеуде жатыр.
Далалық ландшафт аймағына Нұра, Осакаров, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының территориясы кіреді.
Каштан түстес топырақты, аздаған учаскелері оңтүстіктік қара топыраққа ие. Орталық бөліктерде биік ландшафты аймақтардың элементтерінің көрінісі кездеседі. Аласа таулардың гранитті массивтеріндегі қара түсті тастақты топырақта қайың-қарағайлы ормандар кездеседі. Көбірек таралған ландшафттарға жаға көгалы, шөлейт, далалық және көгалды-сор, сортаң жерлер жатады.
Дала аймағына құрғақ шапшаң континенталды климат тән: жазы ыстық және құрғақ, қыста қар аз, бірақ желі мен бораны көп, қаhарлы. Жаз күндері ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі. Ең суық ай-қаңтар айы. Аяз 45 градусқа дейін жетеді.
Жаз айларындағы булану жауын-шашыннан 3-7 есеге дейін асып кетеді. Шапшаң континентальдылық қаhарлы қыспен, жоғары жаз температураларымен, жылдық және тәуліктік ауа температурасы амплитудасымен, жауын-шашынның аз мөлшерімен анықталады.
Жартылай шөлейтті ландшафтты аймақтарға Абай, Жаңаарқа ауданының солтүстік бөлігі, Шет және Ақтоғай, Нұра және Қарқаралы аудандарының оңтүстік бөліктері кіреді.
Аталған аймаққа құрғақ және шапшаң континентальды климат ашық каштан және күрең топырақ, сортаң, жусанды жерлер тән. Жартылай шөлейтті аймақтардағы аласа таулар мен бұйраттар жусанды, тастақты топырақпен көмкерілген.
Шөлейтті ландшафтты аймақтарға Ұлытау, Жаңаарқа, Шет және Ақтоғай аудандарының орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінің территориялары кіреді.
Шөлейтті аймақ құрғақ климатымен, жауын-шашынның өте төмен мөлшері мен су ресурстарымен қамтамасыз етілуімен, буланудың үлкен айырмашылығы, ауа және топырақ температурасының тәуліктік және жылдық тербелуінің едәуірлігімен, жердің үстіңгі қабатында ылғалдың үнемі болмауымен, топырақтың үстіңгі қабатында тұз жиналуымен сипатталады.
Облыс территориясында балшықты-тастақты шөлейт, сортаң шөлейттер және тастақты шөлейттер басым. Бетпақ дала үстіртінің топырағы балшықты-тастақты. Балшықты учаскелер құмды массивтерде кездеседі. Тақырлар шөлейттің елсіз жерлерінің бірі.
Облыс флорасында гүлді өсімдіктердің 1675 түрі бар, олар 480 түрге және 87 жанұялыққа бөлінеді, оның ішінде 224 түр астралыққа, 128 түр бұршақ тұқымдастарға, 109 түрі дәнді дақылдарға, 108 тұры алабота тұқымдастарға жатады. Сонымен қатар, облыс территориясында архегониалды өсімдіктердің 22 түрі кездеседі.
Жануарлар әлемі әр-түрлі, 70 түрлі сүтқоректілер, құстардың 205 түрі, рептилияның 13 түрі, амфибияның 3 түрі және балықтардың 20 түрі бар.
Облыс территориясында қасқырлар, түлкілер, киіктер, арқарлар, қабандар, тауешкілер, суырлар мекен етеді.
Көлдер мен өзендерде сазан, алабұға, көкбас, шортан, түрпі және балықтардың өзге де түрлері бар.
1. Облыста 599 су объектлері бар, соның ішінде 107 өзен, 83 көл, 409 жасанды су қоры, гидротехникалық құрылғылары бар тоғандар. Облыстық коммуналдық шаруашылықтағы 394 су шаруашылығы құрылымдарында 13 су шаруашылығы объектлері бар, аудандық және қалалық коммуналдық меншікте 181объект, қалған 200 объектлер бойынша меншік иесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қарағанды облысында трансшекаралық өзендер жоқ.
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасы» ММ-нің басқаруынша «Қарағанды су қоймалары» КМК бар.
«Қарағанды су қоймалары» ҚМК-мен облыстың коммуналдық меншігіне 13 су шаруашылығы объектлері алынды, атап айтқанда:
-
3 су қоймасы - Федоров, Саран,Шалғын;
-
5 табиғы су қоймасы -«Көгілдір тоғандар» №1,2,3,4, Айнакөл;
-
4 тоған – Ботақара селосында, Жастілек селосында, Жаңақала селосында, Тоғызқұдық селосында;
-
1 бөгет-Ботақара көлінің жанында.
2.Облыстағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 611,5 мың. га және ол облыс жерінің 1,43 % құрайды соның ішінде ормандар 156,0 мың. га (25,5 % орман қорының жерлері). Облыстағы орман мөлшері 0,4 %.
Облыстағы мемлекеттік орман қорының көлемі 200,8 мың. га құрайды, 92,4 мың. га жер орманмен көмкерілген, оның ішінде жасанды жолмен 5,9 мың. га.
3. Жедел басқару құқығында 6 орман шаруашылығы мекемесі бар, атап айтқанда:
«Қарағанды орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КММ;
«Теміртау орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КММ;
«Ақтоғай орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КММ;
«Жаңаарқа орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КММ;
«Қу орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КММ;
«Ұлытау орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КММ.
4. «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасы» ММ-нің «Орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КММ ерекше қорғалатын табиғат территорияларына (бұдан әрі – ЕҚТТ) төмендегілер жатады:
Жергілікті ЕҚТТ:
- «Тихоновская березовая роща» мемлекеттік табиғи ескерткіші;
- «Посадка сосны обыкновенной» мемлекеттік табиғи ескерткіші;
- «Роща танцующие березы» мемлекеттік табиғи ескерткіші;
- «Клен ясенелистный» мемлекеттік табиғи ескерткіші екпесі.
Республикалық ЕҚТТ:
- Белағаш (зоологиялық) мемлекеттік табиғи қорығы;
- Қараағаш (зоологиялық) мемлекеттік табиғи қорығы;
- Қу (зоологиялық) мемлекеттік табиғи қорығы;
- Қызыларай (зоологиялық) мемлекеттік табиғи қорығы;
- Ұлытау (зоологиялық) государственный природный заказник;
5. ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі орман және аң шаруашылығы Комитетінің Қарағанды облыстық орман және аң шаруашылығы территориялық инспекциясының республикалық маңыздағы ЕҚТТ:
- Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
- «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (территорияның бір бөлігі Қарағанды облысының территориясында);
- Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы (территорияның бір бөлігі Қарағанды облысының территориясында);
- «Белдеутас» мемлекеттік табиғи қорығы;
- Бектауата мемлекеттік табиғи қорығы;
- Көкащы мемлекеттік табиғи қорығы;
- Тораңғы мемлекеттік табиғи қорығы;
- Жезқазған ботаникалық бағы.
6. Жергілікті маңыздағы балық шаруашылығы суларының қоры 154 су объектлерін құрайды көлемі 62059,2 га, олар:
- 18 су қоймасы;
- 36 көл;
- 88 тоған;
- 12 өзен.
Облыс металлургия мен рудалық емес шикізаттың ірі қорына ие. Ірі минаралдық шикізат ресурстарына байланысты, шикізаттың әр түрлілігіне, жанар майға, су және электр энергиясы қайнар көздерінің болуына байланысты облыста қара және түсті металлургия, көмір өнеркәсібі, энергетика, химия өндірісі, тамақ өндірісі, құрылыс индустриясы жақсы дамыған.
Облыстың машина құрылысы мен металл өңдеу салаларын дамытуға зор мүмкіндігі бар. Сонымен қатар облыстың ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу үшін шикізат базасы мен өндірістік күші бар.
Қарағанды облысының экономикасының негізі болып тау кен өндіру және өңдеу өндірісі табылады, ол аймақтың ішкі өнімінің 46% құрайды.
3 сурет – Қарағанды облысының пайдалы қазбаларының картасы
Қарағанды аймағында 3 қара металдың, 29 түсті металдың, 2 қымбат металдың, 84 минералдың, сонымен қатар энергия тасымалдаушылардың мол қоры бар.
Алтын — 2,5%; күміс — 14%; мыс — 2,1%; қорғасын — 1%; мырыш — 14,7%; никель — 1,4%; кобальт — 3,5%; боксит — 1,2%; темір — 5,8%; марганец — 9,7%; хром рудасы — 35%; барит — 15%; фосфорит — 4,5%.
Қарағанды облысының геологиялық геологиялық зерттеулер жүргізу потенциалында жаңа пайдалы қазбаларды табу мүмкіндігі үлкен. Мыстың болжанған ресурстары шамамен 30 млн. тонна шамасында жобаланады (Жезқазған, Қарағанды, Қарқаралы руда аудандары), алтын – 600-1000 тонна, қорғасын – 21 млн. тонна, мырыш – 23 млн. тонна. Облыстың оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс аудандарынан көміртекті шикізат кен орындарын табу мүмкіндігі зор.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді дайындау құрылымы, %
2012 жылғы өнеркәсіп өндірісіндегі тау кен өнеркәсібінің үлесі - 9,7% құрады.
Тау кен өндірісіне көмір өндіру, металл және темір рудаларын, сонымен қатар түсті металл рудаларын өндіру жатады. Көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. тонна шамасында бағаланады. Қордың үлкен үлесі 3 мың км² территорияны алып жатқан көксі көмірінің үлесінде. Қарағанды көмір бассейні ТМД елдерінің ішіндегі көмір бассейндерінің арасындағы ең көп газ тасымалдаушы бассейндердің қатарына жатады.
Көмір өндіруші кәсіпорындарға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы, «ШұбарколКөмір» АҚ, «СарыарқаEnergy» ЖШС, «Разрез Кузнецкий» ЖШС, ГРК «Satkomir» ЖШС жатады.
Сондай-ақ облыс металлургия мен құрылыс индустриясына қажетті рудалық емес шикізаттың мол қорына ие.
2001 жылмен салыстырғанда өнім өндіру жан басына шаққанда 4,5 есеге дейін өскен.
Өнеркәсіп өндірісі облыс экономикасының негізін құрайды. Облыста өнеркәсіп өндірісінің республикалық көлемінің 14,5% жүргізіледі (100% - жалпақ прокат, 98% - дайын мыс, 90% - мыс рудасын өндіру, 85% - аффинирленген күміс, 30% - тас көмір).
Аймақтық ішкі өнімінің 50% тау кен өндіру және қайта өңдеу өндірісі алады. Облыстың базалық өнеркәсібінің 90,4% өнеркәсіп өндірісі алады.
Аймақта 2 мұнай-газ бассейні орналасқан. Оңтүстік-Торғай және Шу-Сарысу Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл және Майбұлақ кен орындарымен бірге.
Өңдеу өндірісі салаларының құрылымы, %
2012 жылы өнеркәсіп өндірісінің 78,7% өңдеу өндірісі алды, ал республика бойынша 19,7% көлемді құрады.
Өңдеу салалары-бұл қара және түсті металлургия, машина құрылысы және металл өңдеу, химия, фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, мебель және тамақ өнімдерін өндіру.
Қара және түсті металлургия облыс өнеркәсіп өнімдерінің 60% өңдеу өнеркәсібінің 75% алады.
Қара металлургияда Қазақстан металлургия өндірісіндегі ірі кәсіпорын – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әрекет етеді, ол республикадағы шойынның және қара металлдың дайын прокатының 100% болаттың 75% өндіреді.
Түсті металлургияны «Қазақмыс» өндіреді, оның құрамына облыстағы және республикадағы мысты өндіру және өңдеу кәсіпорындарының басым көпшілігі кіреді «Қазақсмыс» корпорациясының Жезқазған және Балқаш филиалдарында мыс өндіру өндірісі мыс прокатын өндіруге дейін жолға қойылған. Сонымен қатар «Түсті металдарды өңдеу зауыты» АҚ Орта Азиядағы мыс негізіндегі құймалар мен прокат шығаратын бірден-бір мекеме.
Облыс индустриясында маңызды орынды машина құрылысы мен металл өңдеу алады.
Саланың жетекші кәсіпорындары – «МашЗавод №1» ЖШС, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина құрастыру зауыты» ЖШС, Қазақмыс корпорациясының филиалы «Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты, «КарГорМаш» ЖШС, Қарағанды металл бұйымдарын шығару зауыты» ЖШС, «НПФ «Технология» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Кұрылысмет» ЖШС ( «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бірлескен машина құрастыру зауыттары). Облыста Қарағанды машинақұрылысы консорциумы құрылған, ол тау-кен құрылғыларын дамытумен айналысады.
Химия өнеркәсібімен "Теміртау электрометаллургиялық комбинаты" АҚ, "Эгофом" ЖШС, «Трек» ЖШС, «Максам Казахстан»ЖШС айналысады, Қазақмыс корпорациясының сіркеқышқылы цехы бар. Карбид, сульфат, сірке қышқылы, азот тыңайтқыштары, жарылғыш заттар, полимер стиролы, бастапқы қалыптағы полиуретан және тағы да басқа өнімдер шығарылады.
Фармацевтика «Фитохимия» халықаралық ғылымыи-өндіріс холдингі» АҚ және «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС-нің еншісінде.
Жеңіл өнеркәсіп төменде көрсетілген ірі компаниялармен жүзеге асырылады «TemirtauAssociatesandAncillaries» ЖШС және «ЮтарияLtd» ЖШС. Арнайы киімдер шығарумен аз кәсіпорындар шұғылданады. Олар: «СШТФ «GalexPlus», «Азия Тех» ЖШС, «Бірге» ЖШС, ЖК Гайсина Л.В. Бөлшек саудада төмендегі ұйық-шұлық фабрикаларының өнімдері кеңінен танымал: «Тэгам» ЖШС, «Еско» ЖШС, «Руми-Эн» ЖШС және «TemirtauAssociatesandAncillaries» ЖШС. Арнайы аяқ киім шығарумен «PersInternational» ЖШС және «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС айналысады .
Құрылыс индустриясындағы Қазақстан Республикасына танымал ірі өндірушілер– «CentralAsiaCement» АҚ және «Карцемент» АҚ. «Сантехпром» ЖШС және «Kaztherm» ЖШС панель радиаторлар шығарумен айналысады, «Караганданеруд» ЖШС және «Техноиндустрия» ЖШС куб тәріздес щебень өндіріп, шығарады, «Казтрансметалл» ЖШС, "NORD Пром НС" ЖШС және "Нурхан" ЖШС әр түрлі темір бетон бұйымдар шығарады, СП "Карал PLAST" ЖШС– пластмастан әр түрлі диаметрлердегі құбырлар, "Завод Металл Профиль" ЖШС – шатырлау жұмыстары үшін металлчерепица мен профиль бұйымдарын шығарады.
Тамақ және сусын шығару өндірісінде ең ірілері – «Қарағанды Кәмпиттері кондитер фабрикасы» АҚ, ИП «Қарағанды сыра зауыты» АҚ, «Евразианфудс» АҚ, «Қарағанды нан компаниясы» АҚ, «Қарағанды Нан Корпорациясы» ЖШС. «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС, "Апрель-Кулагер" ЖШС, "Балқашсүт" ЖШС, "Дамир АА" ЖШС, «Барракуда KZ» ЖШС, "Айза" ЖШС, «Бидай Нан ЛТД и Со» ЖШС негізгі қорлар модернизацияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |