Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің алқасы
Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Алқасы Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің жанындағы алқалы-кеңесші орган болып табылады. Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері және санитарлық қызмет бойынша ұйымдар мен органдардың басшылары Алқа мүшесі болып табылады. Олар Алқа отырысында тұрғын халық арасында қалыпты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды анықтап, оған баға бере отырып, талқыға салады.
Алқа өз отырыстарында облыстың мемлекеттік санитарлық қызметінің мәселелерін қарайды, және оның басшыларының есебін тыңдайды.
Алқа жұмысының мақсаты – органдар мен ұйымдардың көкейкесті мәселелері, жұмыс қорытындылары, атқарушылық тәртібінің жайы, кадр және басқа да мәселелерді талқылап, ол бойынша шешім қабылдайды.
Алқа жұмысы Департаменттің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады, жоспардан тыс мәселелерді қарау және Алқа жұмысының күн тәртібіне өзгерістер енгізу, Алқа төрағасының шешімімен ғана жүзеге асырылады.
Алқа отырысы тоқсан сайын өткізіледі.
Нақты орган мен ұйымның мәселелерін талқылау үшін көшпелі Алқа отырысы өткізіледі.
Орындалу мерзімі нақты көрсетілген Алқа отырысының қаулысы бақылауға қойылады. Жедел түрде қарауға жататын қаулыны Алқа мүшелерінің пікірін тыңдай келе, оны талқылау барысында қабылдануы мүмкін.
2007 жылдың Алқа отырысында келесі мәселелерді қарау жоспарланған:
- облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысына (2006 жыл, 2007 жылдың 1 тоқсаны, 2007 жылдың 1 жартыжылдығы, 2007 жылдың 9 айы) талдау;
- Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандарында антропоноздық жұқпалар бойынша шаралар ұйымдастырып өткізу;
- Қарағанды облысы бойынша иммунопрофилактика шараларының жайы;
- кәсіптік парентералдық гепатит және аурухана ішілік жұқпаларға профилактикалық шаралар ұйымдастыру; облыстың емдеу - профилактикалық ұйымдарында қан және оның компоненттерін құюға байланысты туындаған ауру-сырқаулар;
- Қарағанды, Теміртау қалаларындағы балалар стационарларында санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы залалсыздандыру-зарарасыздандыру режімдерінің орындалысы жөнінде;
- Қарағанды облысында аумағында радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйі;
- Шет, Қарқаралы аудандары бойынша басқармаларда кешенді тексеріс қорытындылары бойынша мемсанэпидқадағалау шараларының ұйымдастырылуы (көшпелі Алқа)
2007 жылдың 2 ақпанында өткен алқа отырысында Қарағанды облысының санэпидқызметінің 2006 жылы атқараған жұмысына талдау жасалды және 2007 жылдың міндеттері қаралды.
2006 жылдың қорытындысы бойынша облыстығы жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал «қанағаттанарлық» жағдайда деп баға берілді. Дифтерия, сіреспе полиомиелит қызылша, егілгендер арасында ВВГ, «А» және «В» сүзек-қылау аурулары тіркелген жоқ, қызамық ауруы бойынша ахуал біршама тұрақтанды, эпид. паротит, көкжөтел аурулары бірен-саран ғана тіркелді, мұны жоспарлы иммундау шараларының нәтижесі деп қарау қерек.
Вирустық гепатит ауруы 42,4%, эпид паротит 35,5 есе, қызамық 28,6 есе, туберкулез 13,4 % мерез 5,6% педикулез 23,7% қышыма 25,7%, ЖРВЖ 9,4% төмендеді
Есептегі жылы іш сүзегі, сүзек-қылау ішек жұқпалары және сонымен қатар сауда және қоғамдық тамақтану орындарындағы тамақтан улану тіркелген жоқ.
Менингококк жұқпасы көпжылдық орта деңгейде тұрақтанып келеді, тіркелгені 24 оқиға, көрсеткіш 1,7, яғни 2005 жылмен салыстырғанда 4 оқиға төмен.
Есептегі жылы АВГ ауруы 1,7 есеге төмендеді. Мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде «А» вирустық гепатит ауруының алдын алу үшін облыстық бюджеттен 6089,4 мың теңге бөлініп, оған АВГ қарсы егілетін 3079 доза вакцина сатып алынды. 1989 адам егіліп, ол өз кезегінде облыс бойынша АВГ ауруын тұрақтандыруға өз әсерін тигізді.
2006 жылы Қарағанды облысының санэпидқызметінің бақылауында 1278 ЕПБ болды, оның 106 – 8,3% (2005ж.-8,4%) санитарлық нормаға сәйкес келмеді. Талапқа сай емес емдеу орындары Қаражал, Саран, Приозерск, Қарағанды қ. Қазыбек би ауданы, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Осакаров аудандарында тіркеліп отыр, осыған байланысты бұл мәселе Денсаулық сақтау департаментінде де қаралды, ЕПБ басшыларына айыппұлдар салынды, ескертулер жасалды және жұмысын тоқтату жөнінде қаулылар шығарылды.
Есептегі жылы облыс бойынша иммундау шараларын жүргізуде ДДҰ ұсынған 95% кем емес межені қамуға қол жеткізілді.
Тұмауға қарсы егу жұмыстарын жүргізу үшін 17488 доза вакцина сатып алынды. Тұмаудың өршу кезеңінде ол «халықтың қауқарсыз тобын», тұмауға қарсы егу жұмыстарына пайдаланылды (сәбилер үйі мен балалар үйі, медицина қызметкерлері, ҰОС ардагерлері).
Туберкулезге қарсы жүргізілген шаралардың арқасында облыс бойынша туберкулез ауруы 2006 жылы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанды 13,4% төмендеді. Фтизиатриялық қызмет пен емдеу орындарының бірлесіп, туберкулез ошақтарына жүргізген індетке қарсы шараларының арқасында туберкулездің контакті арқылы жұғуы көрсеткіші 85,2 % азайды.
Халықтың еңбек етуі мен тұрмыс жағдайына, қоғамдық тамақтандыру, сауда орындары, білім беру орындарына, ауыз сумен жабдықтау шараларына жүргізілген тұрақты санитарлық қадағалаудың арқасында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын бір қалыпта ұстап тұруға қол жеткізілді.
Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және су құбырларын жөндеп қалпына келтіру мақсатында аймақтық 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы жұмыс жасайды және оның орындалысы тұрақты бақылауда болып келеді.
Жұмыс жасамайтын су құбырларының саны біршама азайды. Халықтың орталықтандырылған су жүйесін пайдалану дәрежесі өсті.
Орталықтандырылған су жүйесіндегі ауыз судың сапасы да біршама жақсарғаны байқалады, су сапасын тексерген кездегі сапасыз сынамалар микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 0,6%, санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша – 1,8% құрайды, бірақ орталықтандырылмаған су жүйелерінде санитарлық нормаға сай емес сынамалар микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 2,4%, санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша– 14,1% болып отыр.
Қаражал, Шахан қалаларын ауыз сумен тұрақты қамту мәселесі әлі де болса толық шешімін таппай келеді.
Су құбырларындағы тұрбалардың тозуы, әсіресе үлкен қалаларда, су жүйесінің жиі істен шығуына әкеліп соғады.
Ауа бассейнінің таза болмауы да қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп отыр. Ауа құрамында зиянды заттардың болуы сол жерде тұратын тұрғын халықтың денсаулығына кері әсерін тигізері сөзсіз.
Ауаның ластануының көрсеткіштері 2006 жылы 12,8% болса, яғни ШРК сынамасынан жоғары, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 12,5 % болған. 2007 жылы сыртқы ортаның адам ағзасына әсері туралы мәселені талқылау, соның ішінде ауа бассейнінің халық денсаулығына әсерін талқылау жоспарланып отыр.
«Йоджетіспеушілік ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 14.10.2003 жылғы №489 Заңының жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша йоджетіспеушіліктен туындайтын ауруларды азайту және жою бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда.
Санитарлық қызмет тамақ өндіру кәсіпорындарымен бірлесе отырып тамақ құрамын йодтты калиймен байытуға арналған жаңа технологияны енгізу жұмысын жүргізуде.
Санитарлық талаптарға сай келмейтін тамақтандыру объектілерінің саны 2006 жылы 197 немесе 3,4%, (2005 жылы - 292 немесе 5,4% болып) талапқа сай емес объектілер саны 2,0% ға төмендеді.
Санитарлық талапқа сай емес базарлар саны облыс бойынша 10,3% (2005ж. – 13,7%) Санитарлық қызметтің талап етуімен базарлар аумағында көркейту жұмыстарын жүргізу біршама шешімін тапты, кейбір базарлар күрделі жөндеуден өткізілді және қайта жарақтандырылды (Қарағандыдағы «Good Will», «Арай», «Ғасыр», «Коммунальная» ЖШС базарларында).
Облыстығы 406 мектеп (69,4%) 01.01.2007ж мәлімет бойынша талапқа сай типтік ғимараттарға орналасқан, оның ішінде ыңғайластырылып салынған мекендерде 169 (29,3%) орналасақан. Орталықтандырылған су жүйесі, кәрізі, жергілікті жылыту жүйесі бар мектептердің саны біршама өсті.
Мектептің 1-11 сынып оқушылары арсындағы ауру-сырқаулық 499,1 ден 427,9 азайды.
2006 жылы 1820 кәсіпорын тексерістен өтті, тексерістер саны 3595, тесеру жиілігі 1,94 болды.
Облыстың өндірістік кәсіпорындарында кәсіптік аурулардың 236 оқиғасы тіркелді ( адамдардың тірек – қозғалыс мүшелерінің ауруы - 55,5%, тыныс жолдары аурулары 19%, вибрациядан болатын ауру 6 % басқа да аурулар 19%). Ауру-сырқаудың негізі бөлігін түсті металлургия кәсіпорындары құрап отыр, («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - 60,6%, Сәтбаев қ. Шығыс – Жезқазған, Оңтүстік – Жезқазған, Анненский кеніштері, тау-кен құралдары зауыты) және көмір өнеркәсібі («Миттал Стил Теміртау» АҚ - 30,9%, Қазақстан, Тентек, Ленин атын. шахталар). Ол жерлердегі еңбек жағдайын, тұрмысын жақсарту және ауру – сырқаулықты азайту шараларының жоспары жасалды.
Қарағанды облысындағы радиациялық жағдай бірқалыпты деңгейде. Атасу - Жәйрем өндірістік аумағындағы Шалқия кентіне таяу орналасқан бұрынғы Қарасай уран өндіру кенішін жабу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу 2006 жылы басталды.
СЭС орталықтары зертханаларында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының мемлекеттік тапсырмасы бойынша зерттеулер жүргізуге 2006 жылы үлкен көңіл бөлінді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша зерттеулер жүргізу 6,7% өсті.
2007 жылдың 16 сәуірінде Мемсанэпидқадағалау Департаментінің 2007 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша Алқа отырысы өтті.
2007 жылдың 1 тоқсанында облыстың санитарлық қызметі мынадай жұмыстар атқарды:
- санитарлық қызметтің бастамасымен қалалармен аудандар әкімдерінің 31 шешімі шықты (2006 жылы –28 шешім).
- қалалық және аудандық санитарлық қызметтің бастамасымен 44 объектінің жұмысы тоқтатылды. (2006 жылдың 1 тоқсанында 29 объекті).
- 1004 айыппұл ықпал ету шаралары жасалып 3512496 теңгенің айыппұлы салынды, (2006 жылдың 1 тоқсанында 594 айыппұл ықпал ету шаралары жасалып 2181657 теңгенің айыппұлы салынды), оның ішінде 515 айыппұлдан 1829547 теңге өндіріліп алынды немесе 88 %
-
1669 ұйғарым дайындалып, орындалуы 92,5 % құрады,
-
жұмыстан 508 адам шеттетілді,
-
5 қызметкер аттестаттаудан өтіп санатқа ие болды (2 қызметкер – жоғары санат, 3 қызметкер – 1 санат),
-
өзінің кәсіптік біліктілігін 12 маман көтерді,
- мемлекеттік қызметкерлерді қайта даяларлау және біліктілігін көтерудің аймақтық орталығынан 63 қызметкер біліктілігін көтерді.
-
Санитарлық қызметтің 2007 жылғы бюджеті 909 млн теңге болды, соның ішінде:
-
материалдық-техникалық базаны нығайтуға –10 млн. теңге,
-
иммундау шараларын жүргізуге арнап вакцина сатып алуға – 52 млн. теңге,
1 тоқсанда бюджет қаржысын игеру 94,7 % құрады.
Жұқпалы ауруларға байланысты эпидемиологиялық ахуал “қанағаттанарлық” дәрежеде деп баға берілді. Таралуы вакцина арқылы тежеліп отырылатын жұқпалар: дифтерия, сіреспе, қызылша, көкжөтел, қызамық, полиомиелит тіркелген жоқ.
Жіті ішек жұқпаларымен ауру өткен жылдың осы мезгіліндегі көрсеткішкпен деңгейлес, алайда 9 оқиға аз тіркеліп отыр, яғни 299 оқиға (2006 жылы – 308 оқиға тіркелген болатын).
Облыс бойынша 2007 жылдың 1 тоқсанында вирустық гепатитпен ауру біршама төмендеп 28 % құрап отыр.
Дифтерия мен сіреспеге қарсы халықтың егде тобын қамту мақсатында біршама шаралар атқарылды, 2007 жылдың 1 тоқсанында 21740 адам жоспарланған болса, иммундау шаралары 49349 адамға жүргізілді.
Жыл сайынғы жүргізілетін флюоротексеріс шараларының арқасында туберкулез ауруы біршама тұрақтанып және төмендеп келеді, облыс бойынша жас нәрестелерді вакцинациялау дәрежесі 95,7% жетті, ал ДДҰ ұйымының көрсеткіші 95 % болып отыр.
Аса қауіпті және карантиндік жұқпалар бойынша эпидемиолгиялық ахуал біршама тұрақтанып келеді.
Қарағанды облысы аумағын аса қауіпті жұқпалардан, соның ішінде құс тұмауынан санитарлық қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында халықаралық “Сарыарқа” әуежайында және темір жол бекетінде санитарлық-карантиндік пункттер жасақталды. 2007 жылдың 3 айында “Сарыарқа” әуе жайы арқылы мемлекеттік шекарадан өткен 4120 тексерілді.
Облыстық санэпидсараптама орталығына “құс тұмауы” ауруының диагностикасын жасайтын жоғары дәлдіктегі ПЦР зертханалық құрал-жабдығы алынды
МСЭҚ департаменті адамдар арасында құс тұмауы тарай қалған жағдайда қолданылатын 1000 капсул “Тамифлю” дәрісін сатып алды.
Облыстың санитарлық қызметі маусымдық тұмау ауруының алдын алу шараларын жүргізді:
- бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 15389440 теңге бөлініп, 17488 адам егілді.
- қаржы төлеу арқылы 12952 адам егілді.
Облыстың 1287 емдеу-профилактикалық мекемесі облыстық санэпидқызметінің бақылауында тұр, олардың 82 (6,4%) санитарлық нормаға сай келмейді, негізінен бұлар ауылды жерлердегі объектілер – фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік учаскелер, олардың көбісі ыңғайластырылып жасалған үй-жайларда, тұрғын үйлерде, контораларда орналасқан.
Облыс бойынша 2 ЕПБ апатты жағдайда тұр – “Приозерск қалалық ауруханасы” КМҚК (күрделі жөндеу 2007 жылға жоспарланған) және Осакаров ауданының Батпақ селосындағы ОДА (ағымдағы жылы ОДА типтік ғимаратқа көшіріледі, селолық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы 2006 жылы басталған).
Қан дайындаумен шұғылданатын денсаулық сақтау мекемелеріндегі донорлық қанның қауіпсіздігін (МСЭҚД, ЖҚТБ орталығы, КОУ, ККСОМУ) және қан құю шарасының негізділігін және оның компоненттерін дайындауда індетке қарсы залалсыздандыру-зарарсыздандыру шараларындың сақталуын бақылау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізудің кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді.
2007 жылдың 1 тоқсанында облыстық алқа отырысы өтті, онда ауруханаішілік АҚТҚ жұқпаларын және паренталдық гепатитті облыстың ЕПМ болдырмау талқыланды, АҚТҚ/ЖҚТБ ауруының алын алу шаралары 2 облыстық санэпидкеңесте талқыланды.
2007 жылдың 1 тоқсанындағы ақпар бойынша Қарағанды облысының 222 елді – мекенінде сұр егеуқұйрықтар мекендейді. Бұл кеміргіштердің жаңа елді - мекендерден көрініс беруі 1 тоқсанда тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында облыс бойынша кеміргіштерге қарсы жаппай бұқырлау шаралары өткізілмек. Қарағанды облысы Мәслихатының 28.12.2006 жылғы ХХV сессиясында облыс аумағында жаппай бұқырлау шараларын жүргізуге 30 млн. теңге бөлінді. Кеміргіштерге қарсы бұқырлау шаралары облыстың Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және оларға таяу жатқан елді –мекендерінде, сонымен қатар Абай, Осакаров, Бұқар жырау және Нұра аудандарында жүргізіледі.
Тұрғын халықты ауыз сумен жабдықтауға, қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, сауда орындары мен базарларға, білім беру мекемелеріне жұмысшылардың еңбегі мен тұрмыс жағдайларына мемлекеттік санитарлық қадағалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізудің арқасында қалыпты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қалыптастыруға қол жеткізілді.
821 жаңадан салынып жатқан объекті және 363 қосымша салынып жатқан объекті қазіргі таңда санитарлық қызметтің бақылауында тұр. Құрылыс жұмысы жүріп жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектілерге 30 ұйғарым ресімделді, жауапты тұлғаларға 10 хаттама жасалынды, құрылыс жұмысын тоқтату туралы 2 қаулы шығарылды.
ҚР Президентінің 01.03.2007 жылғы Жолдауына сәйкес облыс аумағына 30 объекті салу жоспарлануда, соның ішінде – 7 денсаулық сақтау объектісі, 8 - білім беру объектісі, 12 – сумен жабдықтау объектісі, 3 – құрылыс объектісі.
Санитарлық қызметтің бақылауында 196 су құбырлары бар, бірақ оның ішінде 8 су құбыры жұмыс жасамайды яғни 4 %. Санитарлық талаптарға сәйкес емес 3 су құбыры бар – 1,5%.
Сумен жабдықтау объектілеріне жүргізілген тексеріс барысында 1 тоқсанда 14 айыппұл салынды, 1 іс сотқа берілді, 2 материал тергеу орындарына жіберілді, 69 ұйғарым жасалды, 12 адам жұмыстан босатылды.
2007 жылдың 1 тоқсанында ауаға зиянды қалдықтар шығаратын 212 кәсіпорынның 83 тексерілді, ол 39,4% құрайды. Ауадағы зиянды қалдықтардың негізгі бөлігін көміртегі оксиді 96,2 %, күкіртті газ 19,2 %, күйе 30,5% құрайды. МСЭҚД басқармалары ауа бассейнін бұзу фактілері бойынша 19 ескертулер жасап, 2 айыппұл салды.
Облыстың елді – мекендерінде тазалық шараларын сақтау мақсатында күн сайын, қалалық, аудандық әкімдіктер өкілдерімен бірлесе отырып аптаның бейсенбі күндері бекітіліп берілген аймақтарда тазалық шаралары жүргізіледі.
Тұрмыстық қатты қалдықтар арнаулы ТҚҚ полигонына шығарылады. Облыс бойынша 200 тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаратын полигон бар, олардың 21 нормативтік талаптарға сай емес, яғни 10,5%
2007 жылдың 1 тоқсанында анықталған кемшіліктер бойынша 282 жауапты тұлғаға 325684 теңгенің айыппұлы салынды 1500 ескертулер жасалынды және объектілерге жалғасып жатқан жерлер мен жеке тұрғын үй иелеріне 180 ұйғарым шығарылды.
Облыстың санитарлық қызметінің бақылауында тағам өнімдерін өндіретін және сататын 5655 кәсіпорын бар. 2007 жылдың 1 тоқсанында тағам өнімдерінің микробиологиялық көрсеткіштері біршама төмендеп ол 1,4% тен 1,1% ге түсті.
Тағам өнімдерін өндіретін және сататын кәсіпорындарға кезектен тыс тексеру жүргізген кезде оларға кемшілікті қалпына келтіру жөнінде 234 ұйғарым жасалып 715850 теңгеге 139 хаттама ресімделді, медициналық тексерістен өтпеген 97 адам жұмыстан шеттетілді.
Мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушыларын сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыру шаралары одан әрі жүргізілуде. 2007-2008 жылдары 8 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Балалараға медициналық көмек көрсету жұмысы жақсарып келеді. Мектептердің медициналық кабинеттермен қамтылуы – 88,5 % құрайды. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы 2007 жылдың 1 тоқсанында -65,1 % құрады.
Мектептерді компьютерлендіру 100 пайызды құрайды. Жаңа типтегі компьютерлер барлық мектептерге қойылған.
Білім беру мекемелері мен МДБМ санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмауы фактілері бойынша 1 тоқсанда 126 айыппұл салынып, 322 мемсанэпидқадағалаудың ұйғарымы шығарылды, жұмыстан 17 адам босатылды.
Санэпидқадағалау бақылауында 172695 адам, олардың ішінде 57254 немесе 33% әйелдер жұмыс жасайтын 1879 өндірістік кәсіпорын бар. 2007 жылдың 1 тоқсанында ауаға, шаңға, газға, және аэрозолдарға 8736 зерттеулер жүргізілді, оның ішінде ШРК -532 (6% ) құрайды
Зиянды еңбек жағдайында, газ мөлшері жоғары, шулы, қолайсыз микроклимат және ауыр еңбек жағдайында 80916 адам, оның ішінде 15929 әйел жұмыс жасайды.
Зиянды жұмыс орнында еңбек етіп жатқан адамдардың барлығы мед.тексеріс өтуі қажет, 2007 жылдың 1 тоқсанында мед. тексерістен 9054 адам өтті немесе ол 95,5 пайызды құрайды.
2007 жылдың 1 тоқсанында 49 айыппұл шаралары ресімделіп, 283490 теңге айыппұл салынды, 2 объектінің жұмысы тоқтатылды, 1 іс құқық қорғау орындарына берілді.
Қарағанды облысы аумағындағы радиациялық ахуал қалыпты жағдайда, ионды сәуле көздерін қолданатын (ИСК) 249 объекті тіркеуге алынды, оларда 776 ионды сәуле көздері бар. Барлық ИСК радиациялық қауіпсіздік талаптарына сай.
Облыс аумағында 199 сәулемен диагностика жасайтын кабинет бар, оның ішінде 7 рентген кабинеті санитарлық талапқа сай емес. Ағымдағы кезеңде 2 кабинет санитарлық ереже мен норма талаптарына сай келтірілді.
2007 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген кешенді шаралар Қарағанды облысының тұрғындары арасында қалыпты санитарлық – эпидемиологиялық ахуалды қалыптастыруға жағдай жасады.
Облыстық санитарлық қызметтің 2007 жылы атқарар негізгі шаралары мыналар:
- Қарағанды, Шахтинск, Қаражал, қалалары, Абай және Бұқар жырау аудандарында «ауру-сырқаулықтың жоғары» мекендерін, яғни аурулардың су арқылы және тамақ арқылы жұғу қауіпі бар аумақтарын анықтау;
- «Мақсатты» топтар арасында профилактикалық егу жұмыстарын жүргізуді 95 % кем емес дәрежеде қамтамасыз ету;
- 20 мен 29 жастағылар арасында ВВГ қарсы иммундау шараларын аяқтау;
- Дифтерия мен сіреспеге қарсы егілмегендеріне 10 және одан артық жыл болған, адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын және егде адамдар арасында егу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу;
- Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Қаражал, Шахтинск қалалары мен Абай ауданында тұғын халықтың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін үнемі бақылауда ұстау;
- ЕПМ медициналық қызметкерлері арасында қолданыстағы заңдарға сәйкес семинарлар өткізу, соңынан оларды жұмыс орындарында аттестациядан өткізу;
- Сальмонеллез ауруы бойынша ахуалдың одан әрі нашарлауын болдырмау мақсатында кешенді шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
- Қалалар мен аудандардағы фтизиаторлармен бірлесе отырып тұрғын жайы жайсыз туберкулезбен ауыратындарды тұрмыс жайын жақсарту шараларын жүргізу;
-Флюоротексеріс, туберкулинодиагностика шараларының ұйымдастырылып жүргізілуіне қатаң бақылау орнатуды қамтамасыз ету. Флюоротексеріс, туберкулинодиагностика шараларының 100 % жүргізілуіне қол жеткізу;
- Туберкулезге қарсы вакцинация және ревакцинация шараларын жүргізуде балаларды неғұрлым көбірек қамтылуына қол жеткізу (вакцинация 95 % кем емес, ревакцинация 100 % кем емес), медициналық ұйымдардың жұмысына бақылау орнату;
- Бруцеллез ауруы бойынша жайсыз аудандардағы мал шаруашылығында жұмыс жасайтын адамдарды және жануарларды 2 рет медициналық тексерістен ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз ету;
- Қарағанды облысы әкімдігінің « Адамдар мен жануарлар арасында құтырма ауруын болдырмау шаралары туралы 18.05.04ж №10/04 қаулысының жүзеге асырылуын бақылауда ұстау;
- Ветеринарлық зертханалар мамандары арасында күйдіргіге қарсы егу жұмыстарын жүргізілуіне бақылау орнату;
- Тұрақты және көшпелі дезкамераларды сатып алу мәселелерінің шешілуіне қол жеткізу;
- Әкімшілік аумақтардағы әкімдер арқылы елді мекендерде моншаның және санитарлық арнаулы орындардың болуына қол жеткізу;
- Жаңадан салынып жатқан объектілерде қолданылатын полимерлік және басқа да өңдеу материалдарының қолданылуына, сонымен қатар жаңа технологиялық құрал-жабдықтардың қолданылуына бақылау орнату;
- МАИ қызметкерлерімен бірлесе отырып, ауа ластануы жоғары болып келетін Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған сияқты қалаларында «Таза ауа» айлығын өткізілуіне белсенді араласу;
- Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларында йоджетіспеушілік ауруының алдын алу мақсатында тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда жаңа технологияның енгізілу жұмыстарын жалғастыру;
- Теміртау, Қарағанды, Саран, Шахтинск, Балқаш, Қаражал, қалалары мен Абай, Жаңаарқа аудандарында ауру патологиясы ерекше балаларды сауықтыру шараларына баса назар аудара отырып, оны денсаулық сақтау ұйымдарында талқылау;
- Саран, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Нұра аударында ыстық тамақтың ұйымдастырылуына бақылауды күшейту;
- Теміртау, Қарағанды қалалары мен Қарқаралы ауданыныда мектепке дейінгі балалар мекемесінде балалардың мөлшерден көп болуы туралы мәселенің оң шешімін табуға қол жеткізу;
- Еңбеке уақытша жарамсыздыққа душар ететін ауру-сырқаулыққа талдау жасау, аурудың себебін анықтай отырып еңбек жағдайына нақты санитарлық-сауықтыру шараларын әзірлеу;
- Нормативтік құжаттарға сай барлық номенклатуралық зерттеулер жүргізетін зертханалардағы құрал-жабдықтардың жаңартылуына шаралар қолдану;
- Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын жетілдірудің үшінші кезеңін өткізу мақсатында Облыстық СЭСО және қалалар мен селолық аудандардағы сараптама орталықтарының осы заманғы құралдармен жабдықталуына қол жеткізу;
- Заман талабына сай стандарттар тұрғысында жұмыс жасайтын зертханаларды қалыптастыру үшін жоғары сапалы мамандарды дайындау шараларын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |